Орта мектептің 9-сыныбына арналған „Қазіргі дүние жүзі тарихы“
оқулығы әлемдік тарихтың ең жаңа кезеңі – адамзат қоғамының 1914 – 1918
жылдардағы Бірінші дүние жүзілік соғыстан бастап күні бүгінгі дейінгі
оқиғаларын қамтиды.
Еуропа және Америка, Азия және Африка, Латын Америка елдерінің қазіргі
тарихы осы елдерде тән әлеуметтік – экономикалық, саяси және рухани даму
жолдарының жиынтық мәселелеріне коңіл аударады. Хранологиялық шеңберде
әлемдік тарихтың кәзіргі кезеңі - өзінің ішкі жағынан ХХ ғасырдың
құбылыстарымен тығыз байланысты. Ең ірі өзгерістер адамзат қоғамының
экономикалық даму жолы мен адам баласының өмір сүруі жағдайынан басталады.
Дүние жүзінің дамудың жаңа сатысына көтеріледі. Хақаралық байланыспен
коммуникатция, көлік түрлерінің ойдағыдай дамуы бұрын қол жетпейтін
аймақтарды емін-еркін игеруге жол ашады.ХХ ғасырдың басын бөлігі бір топ
дамыған (Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Ақш,Жапония, КСРО
(Рессей Федератциясы)) басқалардан артықшылығымен айқындалады.“Қазіргі
дүние жүзілік тарихын“ сөздер бағдарлама бойынша 2 үлкен кезеңге бөлініп
оқисындар.1914-1945 жылдарды қамтитін бірінші кезең – Еуропа қоғамның
әскери – соғыс топтарына бөлінуі мемлекеттік монополистік капитализмнің
қалыптасып, одан әрі нығаюы, тоталитарлық қоғамдық жүелердің басқа
жүелермен қатар өмір сүруі туралы материалдарды кеңінен қамтыған.
ХХ ғасырдың басында империалистік елдердің отаршылдық жүйесі
біржолата турақтанды. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өнеркәсібі
дамыған мемлекеттердің неше турлі шырмауына оралып, отарлық тепкіге
ұшырады. Патриархалды – феодалдық құрылыстың ыдырауы, жаңа әлеуметтік
топтардың қалыптасуы, жеке меншіктік капиталистік шаруашылықтың пайда
болуы аталған елдер халықтарының өте кушті ұлт-азаттық қозғалыстарына
алғышарттар әзірледі.
Екінші дуниежузілік соғыстың аяқталуы әлемдік саяси кеңістікке сапалы
өзгерістер туғызып, „ қырғи қабақ соғыс „ ылаңын өршітіп, социалистік және
капиталистік әлемнің арасындағы арпалысты тудырды, халықаралық
қатынастарды биополярлық екі жақтық қарама-қайшылықа итерді.
1945 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі уақытты „ Қазіргі дүние жүзі
тарихының „ екінші кезеңі деп қарастырамыз. Бұл кезеңнің ерекшелігі –
индустриялық өркениет толық дамып, сапалық
қбылыстарын молайтып , жаңа қоғам құрылысына бет бұрыс жасады. Бұл кезең
– ғылымый –техникалық револютция кезеңі деп аталады.
Соғыстан кейінгі 1940-1970 жылдар аралығында Батыс Еуропа қоғамы
британ ғалымы Джон Кейнстің ой-пікіріне сұйеніп . өзінің әлеуметтік-
экономикалық тәжірбиесінде шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа үлгісін
пайдалануға тырысты. Бұл үлгінің ерекшелігі –қоғамның әлеуметтік-
экономикалық даму барысында „кірісті теңестіру“ саясатын іске асыруға күш
салды. Мемлекет салық арқылы ауқатты , бай топтардың кірісін кедей
топтармен қайта бөлісіп, қоғамды теңестіруге талпынды. Батыстағы көптеген
капиталистік мемлекеттер муниципалдық ұй салу , білім беру және денсаулық
сақтау жөнінде кедейлерге көмек көосету бағдармаларына ерекше көңіл
бөлінді. Мемлекет органдары жалақының төменгі мөлшеріне кепілдік орнатып
, жұмыс аптасы мөлшерін максималды шектеп , еңбеккерлерді жұмыстан
жөнсіз шығару әркеттерінде бақылау орнатты.
XX ғасырдың 80- ж бпстап АҚШ және Батыс Еуропа қоғамы
шаруашылықты ұйымдастырудың басқа үлгісіне көшті. Реформалардың негізгі
міндеті – экономикалық қатынастарға мемлекеттің араласуын бәсеңдетіп
барлық дамыту іс-әрекетін жеке меншік кәсіпкерлікке тапсыру болды. Сөйтіп
, мемлекеттікм кәсіпорындардың акциялары жеке меншік иелеріне сатылды,
жеке меншік кәсіпкерлікке арналған салықтың қысымы жұмсарды , баға
белгілеу және тауар шығару ісіндегі мемлекеттің бақылау тәртібі жұмсарды ,
сауда-қаржы саларында фирмалар еркіндігі жарияланды.
„Қазіргі дүние жүзі тарихының“ екінші кезеңінде социалистік жүйе
эволюциялық өрістеу жолында терең дағдырысқа ұшырып, ыдырады.
Социалистік елдердің тірегі болған еуразиялық алып мелекет – КСРО,
сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Еуроазиядағы бір топ социалистік елдер ыдырап
кетті.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазіргі заман тарихы қай уақыт аралығын қамтиды?
2. Қазіргі заман тарихын оқытуда қандай әдістер қолдану тиімды?
Тақырып№13: Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар
Дәріс мақсаты: Тарихты оқытудағы жаңа технологиялармен таныстыру
1. Тарихты оқытудағы инновациялар
2. Оқытудың модульды технологиясының сипаттамасы және ерекшелігі
Соңғы жылдары тарих сабақтарында оқушылардың өз бетімен іздену,
зерттеу, басқаның пікірін тыңдай білу дағдыларын, шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту жолында жұмыс
жүргізілуде. Оның мақсаты - оқушыларды белсенділікке, өз бетімен білім
алуға, ізденуге, өздерін тұлға ретінде сезіне білуге үйрету.
Педагогикалық әдістемедегі оқыту кезендерінде қайталау тәсілін
пайдалансақ, оқыту құрлымы ортақ, мазмұны әртүрлі жекелеген блоктардан
тұратын модульдік сипат алады.
Модульдік технологиямен окыту нұсқасында білімді толық игеруді
негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес балаларды оқыту ғана
емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтық
қарым-қатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі мен мұғалімнің
жқмысына кейбір өзгерістер туғызады. Оның жалпы нұсқасы мынадай:
1. Оқушыларды оқу мақсатымен таныстыру.
2. Сыныпты мазмұндары ұқсас бірнеше тақырыптан түратын (тарау)
блок модулімен таныстыру.