"Сейфуллин оқулары – 14: Жастар, ғылым, инновациялар: цифрландыру - жаңа
даму кезеңі» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары
= Материалы Республиканской научно-теоретической конференции «Сейфуллинские
чтения – 14: Молодежь, наука, инновации: цифровизация - новый этап развития». -
2018. - Т.І, Ч.2. – Б. 34-37
ЖОЛ–ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КӨТЕРГІШ-КӨЛІК
МАШИНАЛАРДЫҢ СЕНІМДІЛІГІ
Cағындық Т. Ж.
Ақаулылық-машинаның
техникалық
құжаттардағы
талаптардың біреуіне де болса сәйкес келмейтін күйі. Ақаулылық істен
шығаратын және істен шығармайтын болып бөлінеді. Жұмысқа
жарамдылығы бұзылып, жұмыс процесінің тоқтауын машинаның істен
шығуы (отказ) деп айтады.
Кемінде берілген бір параметр болсада анықталған дәлдік шегінен асып
кетсе бұны жұмысқа жарамдылығының бұзылу деп атайды.
Жол- құрылыс машиналарының бос тұрып қалуы 5 топқа бөлінеді [1]:
жоспар бойынша тұруы (2...3%); ауа райына байланысты (10...18%) тұруы;
кадрларға (6%) байланысты тұруы; атқаратын жұмыстың (17...18%)
жоқтығы; қор бөлшектердің (20...21%) болмауы.
Машинаның техникалық күйінің өзгеруіне ықпал жасайтын өндірістік
факторлар: құрылымдық ерекшеліктері; өндірістің біркелкілігі; сенімділік.
«Адам-машина-жұмысшы орта» жүйесіне ең көп әсер ететін фактор –
ауаның төмен температурасы. Төмен температурада ең көп істен
шығатындарға жататындар: жебелер, экскаваторлардың шөміштері,
бульдозерлердің қайырмалары, шынжыр табанды тізбектері, машиналардың
біліктері, өстері және жартылай өстері. Машинаның жұмыс қабілетіне
жоғары температура теріс әсерін береді.
Маусым жағдайы. Олар қоршаған ортаның температурасымен,
ылғалдылығымен, желдің күшімен, күн көзінің радиациясымен сипатталады.
Машинаның ең көп істен шығуы жылдың көктем-күз кезіндегі мезгіліне тура
келеді. Бұдан басқа, температура жоғарылаған кезде майдың тұтқырлығы
кеміп, майдың жұқа қабаты оңай ажырайды, бұл үйкелістің күшейіп,
үйкелетін беттердің тозуына себепші болады.
Қоршаған ортаның агрессивтігі коррозиялық тозумен байланысты.
Коррозиялық тозуды атмосфералық ауа ағынның әсеріндегі механикалық
тозуды айтады. Коррозиялық тозу машиналарға техникалық қызмет
көрсетуің (ТҚ) еңбек қажеттілігін, шығынын артады. Қосалқы бөліктер
қажеттілігі 10% дейін өседі.
Өндірістік-пайдалану факторларға жатындар: машинаның жас шамасы;
пайдалану материалдардың сапасы; жүргізушінің біліктілігі; техникалық
қызмет көрсету сапасы.
Пайдалану материалдардың сапасы. Октан саны төмен болатын жанар
майдан детонация пайда болады, ол қозғалтқыштың бұлғақ-піспек тобының
тез тозуына жағдай жасайды;
Машиналарға техникалық қызмет көрсету сапасы. Техникалық
қызмет көрсету режимін, яғни орындалатын жұмыстардың кезеңділігі мен
көлемін сақтауға, сондай-ақ ТҚ операцияларын мұқият өткізуге де
байланысты болады. Тиісті және дер кезінде жүргізілетін ТҚ жұмысы
бөлшектердің тозуын кемітуге және автомобильдің жоғары пайдалану
сапаларын сақтауға міндетті шарт болып табылады.
1а,б- суреттерде жылдың қысқы және жазғы кезеңінде экскаваторлар
гидрожүйеcінде жұмысшы сұйықтың тамуы Q (а) мен қысымның төмендеуі
(б) келтірілген. 1а,б суреттерден көріп тұрғанымыздай жазғы уақытта
жұмыстың 400 сағаттың маңайында гидрожүйедегі жұмысшы сұйықтықтың
(а) тамуы 0 ден 14 литрға дейін артады, қысым (б) 7,5 тен 5 МПа дейін
төмендейді [1].
а)
б)
1-жазғы уақыт; 2-қысқы уақыт
1 сурет –Экскаваторлар гидрожүйелеріндегі жұмысшы сұйықтықтың
(а) тамуы мен қысымының өзгеруі (б)
2 сурет машиналардың істен шығу санының пайдалану ұзақтығына
тəуелділігі көрсетілген.
1-гидрожүйе, 2-жұмысшы жабдық, 3-қозғалыс жабдығы, 4-күштік
қондырғы, 5-машина тұтасымен (толығымен)
2 сурет- Машиналардың істен шығу санының пайдалану ұзақтығына
тəуелділігі
Істеген жұмыс t көбейген сайын істен шығу саны Q арта бастайды (2
сурет).
3 суретте машиналардың тоқырау атқарымының пайдалану ұзақтығына
тәуелділігі көрсетілген [1].
1-жүріс қондырғы; 2-жұмыс жабдығы; 3-күштік қондырғы; 4-
гидрожүйе; 5- тұтасымен (толығымен)
3 сурет- Машиналардың тоқырау атқарымының пайдалану ұзақтығына
тəуелділігі
Графиктен көріп тұрғанымыздай -машиналардың пайдалану ұзақтығы
артқан сайын тоқырау атқарымы кемиді.
Жол-құрылыс машиналары үшін агрегаттардың ресурстары 1-кестеде
берілген. 20, 50, 80 процентиль дегеніміз бұл тексерілетін машиналардың
(агрегаттардың) 20% , 50% , 80% істен шыққандығын білдіреді және В
20
, В
50
,
В
80
деп белгіленеді [2].
1-кесте. Жол- құрылыс машиналары үшін агрегаттардың ресурстары
Атауы
В
20
В
50
В
80
1
2
3
4
Шынжыр табанды экскаваторлар (массасы 9 тоннадан көп)
Қозғалтқыш
7500
10000
12000
Гидравликалық
сорғылар
4000
8000
12000
Гидромоторлар
4000
8000
12000
Жүріс бөлігі
4000
6000
9000
Машинаның
жалпы тоқырау
атқарымы
6000
9000
12000
Маңдай алды доңғалақты жүк тиеуіштер (шөміштің
сыйымдылығы 1,5 м
3
)
Қозғалтқыш
8000
10000
15000
Трансмиссия
6000
10000
14000
Гидроцилиндрлер
4000
7000
10000
Шиналар (тозуға дейін)
2000
4000
7500
Машинаның жалпы
тоқырау атқарымы
6000
10000
18000
Шынжыр табанды бульдозерлер (қуаты 55 кВт-тан артық)
Қозғалтқыш
6000
9000
12000
Трансмиссия
5500
8000
10000
1-кестенің жалғасы
1
2
3
4
Гидростатикалық жетек
4000
7000
10000
Жүріс бөлігі
2500
4000
6000
Машинаның жалпы
тоқырау атқарымы
6000
9000
15000
Экскаватор-жүктеуіштер (қазу тереңдігі 4,3 м ден 4,6 м дейін)
Қозғалтқыш
6000
8500
12000
Трансмиссия
5000
8000
12000
Белдіктер
5000
9000
12000
Шиналар (тозуға дейін)
1750
3000
5000
Машинаның жалпы
тоқырау атқарымы
5500
8000
12000
Біріктірілген жүкті өзі түсіргіш (массасы 30 т. модельдер)
Трансмиссия
7000
10000
12000
Белдіктер
9500
10000
20000
Қозғалтқыш
9000
10000
12500
Шиналар (тозуға дейін)
2500
5000
6000
Машинаның жалпы
тоқырау атқарымы
7500
12000
18000
Кестеден көріп тұрғанымыздай шынжыр табанды экскаваторларда
(массасы 9 тоннадан көп) істен шығуы:
· қозғалтқыштарының үшін 20% -7500 мото-сағат, 50% - 10000 мото-
сағат, 80% - 12000 мото-сағат кейін;
· гидравликалық сорғылар үшін 20% -4000 мото-сағат, 50% - 8000 мото-
сағат, 80% - 12000 мото-сағат кейін;
· гидромоторлар үшін 20% -4000 мото-сағат, 50% - 8000 мото-сағат,
80% - 12000 мото-сағат кейін;
· жүріс бөлігі үшін 20% -4000 мото-сағат, 50% - 6000 мото-сағат, 80% -
9000 мото-сағат кейін;
· машинаның жалпы тоқырау атқарымы 20% -6000 мото-сағат, 50% -
9000 мото-сағат, 80% - 12000 мото-сағат кейін;
Сондай-ақ, жүк көтергіші 30 тонналық біріктірілген жүкті өзі
түсіргіштер қозғалтқыштарының 20% 9000 мото-сағаттан кейін істен
шығады екен.
Әдебиеттер тізімі
1
. Эксплуатация подъемно-транспортных, строительных и
дорожных
машин:
учебник
для
туд.высш.учеб.заведений/[А.В.Рубайлов,
Ф.Ю.Керимов,
В.Я.Дворковой си др.]; под ред. Е.С.Локшина.-М.:Издательский центр
«Академия», 2007.-512 с. .
2. Как продлить ресурс дорожно-строительных машин и их
компонентов (Часть 1). http://www.os1.ru/article/4526-kak-prodlit-resurs-
dorojno-stroitelnyh-mashin-i-ih-komponentov-ch-1/.
3. ГОСТ 25646-95 МЕЖГОСУДАРСТВЕННЫЙ СТАНДАРТ
Эксплутация строительных машин. М.1995
4. Zhi-weiYu. Fracture failure of a diesel engine piston-pin.
Engineering.Volunme 42, July 2014, Pages 263-273.
Достарыңызбен бөлісу: |