Тарих сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмаларды қолдану бағдарламасы



жүктеу 111,71 Kb.
Дата30.01.2018
өлшемі111,71 Kb.
#8176
түріБағдарламасы

Тарих сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмаларды қолдану бағдарламасы

Түсінік хат

Дарынды да талапты жастар-бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы.Осыған орай, Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі- шын дарындар, шығармашылдар.Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті», - деп жеткіншектер болашағына үлкен мән берген.Ал баланың бойындағы бұл дарындылықты, шығармашылықты ашып, оны дамытатын бүгінгі біздер, яғни ұстаздар қауымы. Оқушыға терең білім мен қоса, саналы тәрбие беру ұстаздың абыройлы борышы.Бүгінгі ұстаздың міндеті оқушының білімге деген құштарлығын арттырып, шығармашылық қабілетін шыңдау.Ал логикалық тапсырмалар ойлаудың дамуына, ерік пен қойылған мақсатқа жетудегі табандылыққа себі тиетін, өзіндік ой қорытуға қажетті бірден – бір әдіс.Логикалық тапсырмалар оқушыларды белдсенділікке , өз бетінше жұмыс істеуге, мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланады.

Логикалық шығармашылық тапсырмалар біріншіден, оқушы талабын шыңдап, білім дәрежесін көтеру болса, екіншіден, психологиялық жағынан қалыптасып, ұлттық мәдениетін көтеруге, есте сақтау қабілетінің артуына әсер етеді.Ендеше бұл бағдарламаның мақсат-міндеттері төмендегідей болмақ.

Бағдарламаның мақсаты: Логикалық тапсырмаларды қолдана отырып, оқушылардың танымдық-шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру және дамыту.

Міндеттері:

1.Оқушыларға белгілі түсініктен жаңалық көруге тәрбиелеу

2.Баланың шығармашылық ойлау қабілетін белсендіріп, өзбетімен ізденуге баулу;

3.Іздену-зерттеу тапсырмалары арқылы ойдың шапшаңдығы, ойдың икемділігі, дүниетанымдық сияқты шығармашылық қабілеттерді дамыту;

4.Оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта, шыңдай түсу бағытында логикалық тапсырмаларды жүйелі қолдану;



Қолданылатын әдіс-тәсілдер:Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты түрлендіріп, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта, шыңдай түсу бағытында әртүрлі әдістер қолданылады.Мысалы: түрлі сабақ түрлері- сайыс,семинар, сынақ, пікірталас, ауызша журнал, конференция, саяхат, баспасөз, панорама сабақ және т.б Сабақта қолданылатын жұмыс түрлері:Салыстыру, зерттеу, деректермен жұмыс, шығармашылық жұмыс, сайыс, іздену-зерттеу, жоба құру, тестілеу және т.б

Тарих сабағында логикалық тапсырмаларды қолданудың тақырыптық-күнтізбелік жоспары

Р/С

Тақырыбы

Түрі

Әдісі

1

Логикалық тапсырмалардың мақсат-міндеттерімен таныстыру

Дәріс сабақ

Баяндау

2

Сандық диктант тапсырмасын орындау

Диктант

Жазбаша жұмыс

3

Оқушының психикалық механизмдерін дамыту тапсырмалары (көру, есту қабілеттеріне арналған)

Психологиялық тест

Тест

4

Адамның пайда болуы туралы ғылыми болжамдар рас па, діни болжамдар рас па?

Пікір сайыс

Іздену арқылы пікір таластыру

5

Шешендер сайысы

Сайыс

Топтық әдіс

6

Тарихи тұлға сайысы

Сайыс

Топтық әдіс

7

Пресс-конференция

Баспасөз

Өзбеттілік әдіс

8

Жетпей тұрған дыбысты толтыр

Ойын

Көрнекілік

9

Тарихи даталар бойынша диктант

Диктант

Жазбаша жұмыс

10

Математикалық қобдиша

Ойын

Есептеу

11

Тарихи сынақхат

Сынақхат

Орнына қою

12

Графикалық диктант

Диктант

Кескін сызу

13

Менің тарихи қаһарманым!

Жұптасып

Әңгімелеу


Тарихи сынақхат

1.Сақ әйелдері ____________келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне __________көрсетіп ұрысқа араласады. (Ктесий).

2.Олардың өмірінде ағаштың маңызы өте зор болды.Қыста ___________жасалған үйлері кез-келген сәтте қалың тығыз ақ _________жабылады, ал жазда жабусыз да қалдырылады. (Геродот).

3.Соқа мен қамыт _______найза мен садақ _______жайпақ тостаған-абыздарға арналған. (Квинт Курций Руф).

4.Мен сендерді адастырып ______ұшыраттым, елімді _______алып қалдым, мен дегеніме жеттім.Енді ________келгендеррін істей беріңдер. (Шырақ).

Кілті:

1-Ержүрек, көмек

2- Ағаштан, киізбен

3- Егіншілерге, сарбаздарға

4- Қырғынға, аман, қолдарыңнан
Сандық диктант

Егер оқушы мұғалімнің айтқанын дұрыс деп есептесе өз парағына «1, егер дұрыс емес болса «0» қояды.Мысалы:

Қазақстан көп ұлтты мемлекет

Ең алғаш ұйғыр театрында қойылған пьеса «Анархан»

«Абай жолы» романының авторы М.Әуезов

Қазақстан унитарлы мемлекет

Қазақстанда мемлекеттік тіл-орыс тілі

Екінші дүние жүзі соғысы 22 маусым 1941 жылы басталды

Біз үшінші планетаның тұрғындарымыз

Жауаптары:1 1 1 1 0 0 1
Ойлану сұрақтары

Ұйғыр, дүнгендердің Жетісуға көшіп шыққан жылының соңғы екі санын атаңдар?

Вашингтон қайсы елдің астанасы?- деп емес, «Астанасы Вашингтон болған елдің есімі неше сөзден тұрады?».

Ұйғыр мектептері, театры бар мемлекет есімі неше сөзден тұрады? (Қазақстан)



Көру қабілетін дамытуға арналған логикалық тапсырмалар

Төмендегі сөздерді үш мәрте ұқыптылықпен оқып шығып есте сақтау керек, дәптерді жауып қойып сауал тапсырмаларын орындаймыз.



Астана Тыныштық Достық

1.Соңғы сөз неше әріптен тұрады?

2.Қанша сөз тек бір буыннан тұрады?

3.Қанша сөз «Т» әрпімен аяқталады?

4.Интернационал сөздер болды ма?

5.Әнұранда кездесетін сөздер болды ма?


Шешендер сайысы

Қазақ даласы шешендерге,ақындарға, дау-тартысты әділетті шешетін билерге, ақыл айтар ел ағаларына бай болған. Ел басына күн туған заманда, жаугершілік заманда, румен-ру, елмен-ел арасындағы тартыстарды әділетті шешіп ел мархабатына бөленген.Төніп келген қатер мен жауды сөзге тоқтатқан.Ойынға қатысушыларға тапсырма: Жаугершілік заман. Аулыңның үстіне ат ойнатып қатерлі жау келіп тұр.Қарсы шығып соғысқаннан пайда жоқ, жаудың күші басым.Сіздің міндетіңіз сөзбен, нақты дәйектермен өз ойыңызды байланыстыра отырып, жауды тоқтату керек.Ойында шешеннің тапқырлығы мен шешендік дауыс ырғағы міндетті түрде ескеріледі.



«Тарихи тұлға» сайысы

Бұл ойынға танымы мол оқушылар мен ұстаздардан сарапшылар тобын құрып, олар ойыншылардың жұмысына баға беріп, қорытынды жасайды.

Сыныпты бірнеше топқа бөліп, әр топқа алдын –ала даярланған бір тарихи тұлғаның мінездемесі беріледі.Әр топ мінездемемен танысып, мінездеме кімге берілгенін белгілі бір уақыт ішінде анықтау керек.
Жетпей тұрған дыбысты толтыр


  • Б – н. Түрік қағанатының негізін салушы

  • С – у. Түргештердің бірінші қағаны

  • Т - р. Түріктер табынған дін

  • У – й. Түріктердің әйел құдайы

  • Т – н. Монғолдардың бас билеушісі

  • Е – р. Қарлұқ тайпасының көсеміне берілген атақ

  • С – и Оғыз тайпасының әскер басы

  • С – б. Батыс-түрік қағанатының орталығы

  • О – а. Хан кеңесін өткізетін орын

  • У – с. Жеке дара билік ететін аймақ

  • Т – з. «Сақдагер қала» атанған сауда орталығы

  • А – з. Теңгедегі жазу

  • Д – р. Шығыстың алтын ақшасы

  • И – р. Ихта салығының иесі

  • Ц – ь. Ортағысырлық қаланың қорғаныс бөлігі

  • Т – н. Орхон жазуын алғаш оқыған ғалым

  • Я – т. Оғыздардың орталығы

  • Қ – й. Монғол әкімдерінің жиыны


Тарихи даталар бойынша диктант

1.Шыңғыс ханның билік құрған уақыты?

2.Монғолдардың ең алғашқы Ертіске келуі?

3.Шыңғыс ханның Жетісуды басып алуы?

4.Моңғолдардың Хорезм-шахқа жорығы?

5.Моңғолдардың Отырарды қоршап, қиратуы?

6.Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны алуы?

7.Моңғолдардың Дешті Қыпшақты бағындыруы?

8.Бату ханның билік құрған уақыты?
Математикалық қобдиша

Математикалық есепті шығар да шыққан санда қандай оқиға болғанын тауып жаз?



  • 0,552 * 100 =

  • 0,6 * 1000 + 3=

  • 1400/2+4 =

  • 20*5+60*3+120*2-330=

  • 1000/20+160/30+920=

  • 450*2+180/3=

  • 75*10+1=

  • 60*20+54/3=

  • 1000+(60*4+3) =

  • 0,1423+1000=


Графикалық диктант

9 сөйлем беріледі, оқушылар ия -, жоқ ^ деп жауап береді, нәтижесінде графика шығу керек.

1.15-17 ғ.ғ қазақтың дамыған ұлттық мәдениеті болды.

2.Жалпы мәдениет 4 салаға бөлінеді

3.Бала анасының құрсағында жатқанда атастыру дәстүрі –сүйек жаңғырту құдалығы деп аталады.

4.Қазақ қоғамында тұрған үйдің 2 түрі болды

5.Сүндетке отырғызған балға әкесі «сүндет аты» деп тай мінгізу – ежлгі ата дәстүріміздің бірі.

6.Халық күнтізбесі бойынша қазақтардағы жыл басы – қаңтар айы болып саналады.

7.Қазақ тілі- қазақ халқының қалыптасуына байланысты дамып отырады.

8.15 – 17 ғ.ғ қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.

9.16-17 ғ.ғ атақты ақын жыраулар Доспамбет,Марғасқа,Жиембет,Шалқиіз,Ақтамберді,Бұқар жыраулар өз халқы үшін сөз сөйлеп, үнемі солармен бірге болған.

Нәтижесінде төмендегідей графика шығу керек.-^---^-^-




Тарихи бас қатырғыш

Төменде тарихи тұлғалардың аты –жөні келтірілген.Онда әріптер тәртібі бұзылған.Сонымен бірге әрбір сөзде басы артық әріп бар.Белгілі адамдардың атына сәйкес әріптердің дұрыс тәртібін қалпына келтіру талап етіледі, ал артық әріпті оң жақтағы қатарға орналастыру керек, дұрыс орындалған тапсырма тігінен оқығанда тағы бір тарихи адамның аты шығады.



Ш

Ы

Р

А

Қ

- ИРКШ- КИР

-ИСИРМТОЫ-ТОМИРИС

-ПАСПАРГР-СПАРГАП

-АИРИАД-ДАРИЙ

-ҚРДАЛЕНАСК-АЛЕКСАНДР


Менің тарихи қаһарманым!

Жұптасып не жекедей отырып, өздері жақсы көретін тарихи қаһармандарын естеріне түсіріп, сол туралы айтып беруге тиіс.


Пресс-конференция

Алдын ала оқушылардға ескертеді. Сұрақтар дамытушы, репродуктивті болуы мүмкін.

Репродуктивті сұрақтар қызықсыз. Оларға жауап беру - өткенді қайталау.

Дамытушы сұрақтар – жаңаны білуге талпыныс туғызады, бірақ та тақырыпты күрделоендірмеу керек.



Өте қызықты, маңызды сұрақтарға жарыс өткізуге болады.

Оқушылар өзара сұрақтар қою арқылы, болашақ баяндаманың тақырыбын белгілеулері мүмкін.
жүктеу 111,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау