Жоба атауы: Web – сайт құру технологиясы Бағыты



жүктеу 4,71 Mb.
Дата26.05.2018
өлшемі4,71 Mb.
#18057

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Өтес орта мектебі

Жоба авторы: Әбіш Наурызгүл

10 – cынып оқушысы
Жоба атауы:

Web – сайт құру технологиясы


Бағыты:Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу
Секция: Информатика
Ғылыми жетекші: Сланбекова Асылзат Ермановна
Жетекшісі: Досмагамбетова Арайлым Абусагтивна


Ақтау – 2011ж

10 – сынып оқушысы Әбіш Наурызгүлдің орындаған «Web – сайт құру технологиясы» тақырыбындағы ғылыми жұмысына



П І К І Р
Ғылыми жұмыста интернет технологиялар, HTML тілі, FrontPage бағдарламасы, HTML тілінде жиі қолданылатын тег пен қазақ әріптерінің кодтары туралы құнды мағлұматтар берілген. Жалпы сайт құру технологияларының маңыздылығы туралы, сайт құрған кезде қандай мәселелерді басқа алу керекті нақты айтылған.

Ғылыми жұмыстың практикалық бөлімінде «Гүлдер әлемі» атты сайт құрды. Бұл сайтта мектебіміздің «Жылы жайында» - өсетін гүлдер туралы мәліметтер берілген. Гүлдердердің видеороликтері жасалынған, фотокөрмелері берілген.



Оқушы ғылыми әдебиеттер мен интернет желісін, HTML тілі, FrontPage бағдарламасы, MovieMaker бағдарламасында жұмыс жасай білетін қабілетін көрсетті. Болашақта бұл оқушы ғылыми жоба сайыстарына қатысып, үлкен жетістіктерге жетіп, Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ ел болып қалыптасуына өз үлесін қосады деген сенімдемін.

Жетекші:_______________информатика пәнінің мұғалімі

Досмагамбетова Арайлым





Тақырыбы: «Web – сайт құру технологиясы»
Абстракт

Зерттеудің мақсаты: HTML тілі мен FrontPage бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып Web-сайт құруды үйрену. Өзін-өзі дамытуға, әлемдегі және басқа адамдар арасындағы өзінің орнын анықтауға, сондай-ақ өздері өмір сүріп жатқан қоғам заңдылықтарын терең түсінуге қабілетті, қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру жүйесін дамыту барысында ақпараттық қоғамды басқара алатын және телекоммуникация саласында қызмет ететін жеке тұлға болып қалыптасу.

Зерттеудің гипотезасы: HTML тілі мен FrontPage бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып Web-сайт құруды үйрену.
Зерттеу кезеңдері: теориялық материалдар, суреттер жинақтап, слайдтар, видеороликтер жасадым. HTML тілі мен FrontPage бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып Web-сайт жасап шығардым.


Зерттеудің жаңалығы: HTML тілінің тегтерін, FrontPage бағдарламасының түрлі дизайндарын пайдаланып, жаңа Web-сайт құрастырдым.

Жұмыстың нәтижесі: «Гүлдер әлемі» атты сайт құрдым. Осы сайтта Өтес мектебінің жылы жайында өсетін гүлдер жөнінде ақпарат бердім.
Қорытынды: сайтты құру технологияларын қолдана отырып тұтынушы қызықтыра білу керек.

Абстракт

Цель научно-исследовательной работы: Пользуясь возможностями языка НТМL и программы FrontPage научиться создавать Web – сайт. Утвердиться как личность способная к саморазвитию, определению своего места в мире и среди других людей, а также понимающая законмерности общества в котором проживает, умеющая управлять обществом в ходе развития информационных систем и работать в сфере телекоммуникаций.
Гипотеза исследования: Пользуясь возможностями языка НТМL и программы FrontPage научиться создавать Web – сайт.
Этапы исследования: сделала видеоролик, слайды, собрав теорический материалы и ресунки. Создала Web – сайт используя возможности языка НТМL и программы FrontPage.
Новшество исследование: используя теги языка НТМL и разнообразный дизайн программы FrontPage создала новый Web – сайт.
Результат работы: создала сайт под названием «Мир цветов». На этом сайте дала информацию о цветах, растущих в теплице школы села Отес.
Заключение: используя технологии создания сайта уметь заинтересовать потребителя.


Жұмыстың мазмұны:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 1

Кіріспе 8

Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар 10

HTML негіздері 13

Құжаттың структурасы 13

Мәтінді форматтау тегтері 14

Web беттегі графика 16

Сілтеме 16

HTML-де кесте жасау 17

Front Page бағдарламалық жабдығы және олармен жұмыс 18

Жұмыс барысы 21

Практикалық бөлімде мен «Гүлдер әлемі» атты сайт құрастырдым. Сайт 6 сілтемеден: Жылы жай, Гүлдер әлемі, Қызықты мәлімет, Мекен-жай, Жоба авторы, Фотокөрме. 21

Жылы жай web-парағында 3 сілтеме бар: Презентация, Бейнематериал, Бас бетке. Презентация сілтемесін басқанда жылы жайдағы гүлдер туралы мәліметтер. Бейнематериал сілтемесін басқанда жылы жайдың ашылу тарихы мен гүлдер туралы бейнематериал келтірілген. Бас бетке сілтемесін шерткенде сайттың бас бетіне барамыз. 21

Гүлдер әлемі web-парағында гүлдер туралы барлық мәліметтері мен суреттері берілген және «Артық болмас білгенін», «Бас бетке» атты сілтемелерден тұрады. Артық болмас білгенін сілтемесінде өсімдіктердің адам денсаулығына пайдасы туралы құнды мәліметтер берілген. 21

Қызықты мәлімет web-парағында «Гүл тілінде сөйлесе егер жүректер...» атты видеоролик орналастырылған. Бұл видеороликті MovieMaker бағдарламасында жасадым (ұзақтығы 4 минут). 21

Мекен-жай web-парағында мектебіміздің мекен-жайы, суреті, электрондық поштасы берілген. 21

Жоба авторы web-парағында сайт авторы, жетекшім, ғылыми жетекшім туралы ақпарат бердім. 22

Фотокөрме сілтемесінде жалпы гүлдердің фотоларын орналастырылған видеоролик жасадым (ұзақтығы – 4 минут). 22

Қорытынды 22

Түйін сөздер мен түсініктер 23

HTML тілінде жазуда қолданылатын қазақ әріптерінің кодтары: 24

Қолданылған әдебиеттер: 25

Ұсыныстар, пікірлер 26

ТҮЙІН 27


Information education systems of republic – one of the basic directions of strategic development of the country, because ХХІ a century – a century of information education systems. An occasion to a writing of the presented scientific work. I offer this scientific work with confidence in it that in the future it will become the cause for creation of the big projects within the precincts of school with application of technologies of creation Web – a site. 28

Қосымша А 28

Қосымша Ә 30

31


31

32


32

33


33

34


34

35


35



Кіріспе


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Мектеп бітірушілер компьютерлік сауаттылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруді талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қорытындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.



Өзектілігі: Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатын әдістемелік жұмыс.

Осы жобаны таңдау себептері:

      • Web сайт құруда қажетті технологияны таңдай алуы;

      • ақпараттық жүйелер ұғымы;

      • HTML тілінің тег ұғымы.

Жобадағы қарастырылған мәселелердің артықшылығы:

  • Web сайт құруда HTML тілінің мүмкіндіктерін пайдалануын қамтамасыз ету;

  • қоғамды ақпараттандыруды қалыптастыру.

Мақсаты:

HTML тілі мен FrontPage бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып Web-сайт құруды үйрену. Өзін-өзі дамытуға, әлемдегі және басқа адамдар арасындағы өзінің орнын анықтауға, сондай-ақ өздері өмір сүріп жатқан қоғам заңдылықтарын терең түсінуге қабілетті, қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру жүйесін дамыту барысында ақпараттық қоғамды басқара алатын және телекоммуникация саласында қызмет ететін жеке тұлға болып қалыптасу.



Міндеттері:

  • Ақпараттық ағынды басқару жолдарын жинақтау;

  • Web сайт құру технологияларын игеру;

  • HTML тілінің мүмкіндігін пайдалана білу;

  • Интернет мәні мен мүмкіндігін ұйымдастыру.

Зерттеу нысанасы: Web сайт құру технологиялары туралы түсініктерін қалыптастырып, HTML тілі мен FrontPage программасының мүмкіншіліктерін пайдалана отырып жұмыс істеу қабілеттерін дамыту

Зерттеу пәні: Информатика

Болжам:

  • ақпараттандыру кезеңіндегі жаңа технологияны қолдана білсе,

  • HTML тілінің тэг қызметтерін біліп, қолдана алса,

  • өз бетінше сайт құра алса,

  • шығармашылықпен айналыса білсе,

  • сайтқа кіріп, өз қажеттерін ала алатын және өз ұсыныс-пікірлерін жібере алар еді.

Күтілетін нәтиже:

  • Web сайт құру технологияларын игерді;

  • HTML тілі мен FrontPage программасының мүмкіндіктерін пайдалану;

  • Интернет мәні мен мүмкіндігін ұйымдастыру.


Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар

Web-сайт бұл дүниенің кішкетай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайтты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.

Не себептен мектеп курсына Интеренет технологиясын оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр.

Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:



  • Web-технологиялар;

  • Сайт жасау экономикасы;

  • Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;

  • Адам ресурстары және т.б.

Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:

  • Жоспарлау;

  • Элементтерді жасақтау;

  • Бағдарламалау;

  • Тестілеу;

  • Жариялау;

  • Жарнамалау;

  • Бақылау.

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

  1. Сайттың орны.

  1. Сайттың аудиториясы кімдер.

  1. Қандай ақпарат жарияланады.

  2. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.

Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

  1. Навигациялық құрылымын жасау.

  1. Беттің дизайнын жасау.

  1. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

Бағдарламау

Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.

Тестілеу

Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:


  1. Сілтеменің жұмысы;

  1. Мәтіндегі қателер;

  1. Навигацияның тиімділігі.

  2. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.

  3. Графикалық файлдардың ашылуы.

  4. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

Жариялау

Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.



Жарнамалау

Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:



  1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;

  1. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;

  1. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;

  2. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.

Бақылау

Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.




HTML негіздері


HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі.

HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.

HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.

Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,



тегтiң жұмысын ашады да келесi тегi оны жабады. ашылуы, жабылуы.

Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, т.с.с.

Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.

Құжаттың структурасы


HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:




</p> <p>… <br /> <br />





тегімен басталынатын негізгі бөлімнен.



Тақырып бөлімі міндетті емес, бірақ ол жерде браузерге қажетті көп ақпарат болуы мүмкін.

, тегтерінің арасында құжаттың аты жазылады, сол сөз терезенің тақырып жолына шығады.

Мысалы:


Моя первая страница

бөліміне тағы тегтерді қолдануға болады, олар сайтты интернет желісінде тез табылу үшін пайдалынады.
- сайт тілі

- сайт авторы

- іздеу қызметіне арналған сөздер

- қай программада жасалынды
тегімен Web-беттің негізгі бөлімі басталады. Бұл бөлімге мәтін, графика, кесте, аудио және видео ақпараттар енгізіледі.

Мәтінді форматтау тегтері


Құжатта тақырыптар , тегтерімен жасалынады, бұл жерде і=1 болғанда ең үлкен тақырып жазылады, і=6 болғанда – ең кіші.

Мысалы,



Көрінетін мәтін

HTML де жазылуы

Заголовок1

Заголовок1



Заголовок2

Заголовок2



Заголовок3

Заголовок3



Заголовок4

Заголовок4



Заголовок5

Заголовок5


Заголовок6

Заголовок6

Абзац енгізу үшін


,
тегтерін қолданады, мәтіннің сол жақ, ортада, оң жақта орнату үшін align атрибуты пайдалынады.

Мысалы:

Менің бірінші бетім

«Менің бірінші бетім» сөйлемі беттің ортасына орналасады.

Align дің мәні тағыда left (сол жақ), right (оң жақ) болуы мүмкін.

тегінің көмегімен біз мәтіннің шрифтің, көлемін, түсін белгілейміз. Ол үшін атрибуттарды пайдаланамыз. Мысалы:


Менің бірінші бетім

Осындай жол жазғанда Web бетімізде arial шрифтімен, 5-көлемде, көк түсті «Менің бірінші бетім» деген сөйлем шығады.

Жолды бөлү үшін
тегін қолданса болады, мысалы:

Ана тілін – арың бұл,

Ұятын боп тұр бетте
Қаратырылған әріптерді пайдалану үшін мәтінді , тегтерінің ортасына аламыз, қиғаш әріптер үшін - ,.

Мысалы:


Көрінетін мәтін

HTML де жазылуы

Менің бірінші бетім

Менің бірінші бетім

Менің бірінші бетім

Менің бірінші бетім

Менің бірінші бетім

Менің бірінші бетім

,
тегтері мәтін редакторда қандай жазылған болса, сол бойынша браузерге шығарады, мысалы:

Ана тілін – арың бұл,

Ұятын боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте

Web беттегі графика


Бұл бөлімде Web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенменде сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге тегі src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose.jpg суретi С дискасының My img папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады:

width және heigth атрибуттармен суреттің көлемін өзгертуға болады, биіктігі және ені.

alt атрибутымен суретке қосымша мәтін түрде қосымша мәлімет шығаруға болады.


менің
Web графика туралы айтқанда төмендегі атрибуттарды ұмытпау керек: background – бұл атрибут сайтқа суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді.

Сілтеме


HTML дің негізгі қасиеті ретінде оның басқа құжаттарға сілтемеу жасау мімкіндігі айтуға болады. HTML құжатынан алысқа орналасқан компьютерге, құжаттың ішіндегі белгілі бір орынға, HTML құжатына, басқа бір сайтқа сілтеме орнатуға болады. Сілтемені ұйымдастыру үшін тегі қолданылады.

Мысалы,


Пенжим сайтына сілтеме

Бұл мысалда біз www.penjim.narod.ru сайтына сылтеме жасадық.

Сілтеме мәтін түрде және сурет (кнопка) түрде болуы мүмкін. Сурет түрде орнату үшін тегтерінің ортасына суретті тегімен орнату керек.

HTML-де кесте жасау


Web-құжатының негiзгi бөлiктерiнiң бiрi - кесте. Ол тiктөртбұрыш бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар жиыны түрiнде қарастырылады. Жол мен бағанның қиылысы ұяшық деп аталады. Бiр ұяшықта мәтiн, сурет немесе басқа бiр шағын кесте орналаса алады. Кесте келесi бөлiктерден тұрады:

• кесте тақырыбы;

• бағаналар тақырыптары;

•ұяшықтар.

Кесте жолдар тiзбегi бойынша бiртiндеп толтырылады (солдан оңға қарай жол соңына дейiн, сонан соң келесi жолға көшу). Әрбiр ұяшыққа мәлiметтер енгiзiледi. Боя ұяшық жасау үшiн бос орын таңбалары енгiзiлуi тиiс.

Қарапайын 2*3 кестесін жасау үшін төменгі тегтер жиынын қолдануға болады:












мәтін мәтін мәтін
мәтін мәтін мәтін

Бұл жерде border кесте сызықтарының ені.




Кестенің ұяшықтарының енін пайз арқылы өзгерту үшін width атрибутн қолданса болады, мысалы:



Front Page бағдарламалық жабдығы және олармен жұмыс


   

Егер бірінші ЭЕМ-нің бүгінгі күннен тек жарты ғасыр ғана бұрын құрылғандығын ескеретін болсақ, онда Internet компьютерлік әлемнің ардагері деуіміз дұрыс болар. Себебі Internet тарихы осыдан 30 жыл бұрын басталған. Алпысыншы жылдардың аяғында құрылған Internet АҚШ елдерінде көбінесе коммуникациялық желі ретінде қолданылған (ARPAnet деп аталған). Ол көбінесе жоғарғы оқу орындарында қолданылып, тек сексенінші жылдары ғана бұл желі өз қанатын бүкіл елге жайып, Internet — деген атау алады.

Бүгінгі күні бағдарлаушыларға Web-беттерді құру үшін жүздеген әр түрлі бағдарламалар, құралдар бар екендігі бәрімізге мәлім. Солардың ішінде HTML-редакторлары, графикалық пакеттер және осылардың ішіндегі ең мықтысы – Front Page бағдарламасы да Web-беттерді құру үшін құрылған. 
Web-беттерді құрудың ең оңай жолы – бұл мастер мен шаблондарды қолдану болып саналады.

Мастерлер мен шаблондарды құру. Шаблон каркас тәріздес, ол жаңа құжаттар құру кезінде қолданылады. Ал мастер бір немесе бірнеше экран беттерінен құрылған бірнеше сұрақ қою нәтижесінде, сіздің қажеттіктеріңізді анықтайтын және результат нәтижесінде қанағаттанған құжатты генерациялайтын (арттыратын) бағдарламалық модуль. Бұл жағдайда шаблоның мастерге қарағанда мүмкіншілігі аз, бірақ екі жағдайда да біз Web-беттің негізі бола алатын құжатты ала аламыз. 


Шаблондар дегеніміз – мүмкіндігіне орай Frontpage толтыруды ұсынатын сайттар мен беттердің үлгісі. Олар мастерлер секілді сайт пен беттерді құрудағы мәрелік (старттық) аудан болатын құрылымды құрайды. Бірақ мастерлер тапсырыс берілген сайт пен бет үрдісін ұсынады, сонда шаблонды таңдап алып, осы шаблонның нақты мәтін үлгісі бар сыңарын аласыз. Соңынан оны өзіңіз жасаған шаблонмен ауыстыруға болады. Frontpage шаблон беттердің көптеген түрлерін ұсынады, олар, таза бет каркасы тәріздес Normal Page – кәдімгі бет шаблоннан басталып, Three Column Staggered ең қиын үшбағанды бет шаблонына дейін өзгереді. Бар сайтқа шаблон арқылы құрылған жаңа беттерді қосқанда, өзіңіздің Web-бетіңізді тез және оңай түрде өзгерте аласыз.

Құрал - саймандар панелімен жұмыс жасау. Редактордың құрамына құралдыр панелі кіреді және оларды View менюі арқылы басқаруға болады, олар:



 
- Standard (Стандарттық);
- Format (Форматтау);
- Image (Сурет салу);
- Forms (Формалар);
- Table (Кестелер);
- Advanced (Қосымша).



Front Page бағдарламалысының интерфейсі
Сонымен қатар View менюінің құрамына Status Bar (Жолдар жағдайы) Format Marks (Символдарды форматтау) қосымша бөлімдер кіреді. 
Бұл бөлімдерде редактордың көмегімен беттерге қоюға болатын элементтердің көбі сипатталып жазылған. Олардың барлығы беттердің кәдімгі элементтері, мысалы, текст құжаттары, гиперссылкалар, тақырып аттары, кестелер (tables), фрейм (frames) және жылжымалы жолдар (marquees). Сонымен қатар редактордың көмегімен WЕВ-беттерге формаларды (forms) және компоненттерді (Components) қоюға болады. Меню, құралдар панельдері және элементтердің көбі Word бағдарламасында жұмыс істеуімен өте ұқсас болып келеді.

Web-беттермен графикалық жұмыс жасау. Web-беттермен графикалық жұмыс істеген кезде ең негізгі мәселенің (проблеманың) бірі болып, браузер бетінде пайда болған бейне суреттердің жылдамдығы файлдардың алатын жады көлеміне байланысты. Графикалық форматтар көбінесе сол форматпен байланысқан кеңейткіштер арқылы аталады. Ал олар өз алдына көптеген қиындықтарға әкеледі. Осындай форматтарға BMP, GIF, EPS, TIF, JPEG, WMF және т.б. жатады. Бірақ та Frontpage тілінде Web-беттермен жұмыс істеген кезде біз көбінесе екі түрлі бейне суреттерді ғана қолданамыз, олар: JPEG және GIF. Олардың екеуі де қысылған және Web-беттермен жұмыс істеген кезде ең жиі қолданатын графикалық форматқа жатады. Frontpage көп түрлі графикалық форматтарды импорттап алады, олар:

 
- JPEG (JPG); 
- CompuServe GIF (GIF);
- BMP файлдары;
- TIFF (TIF);
- Метафайлдар Windows (WMF);
- Sun Raster (RAS);
- Postscript (EPS);
- Paintbrush (PCX); 
- Targa (TGA).
Web-беттерге бейне суреттерді қойған кезде және егер олар сақталмаса, осындай бетті жабу немесе сақтау кезінде Frontpage олардың әрбіреуін тиісті сайт үшін сақтауды сұрайды. Frontpage GIF және JPEG форматтардан бөлек файлдарды автоматты түрде GIF форматта сақтайды. Ал егер сіз бейне суреттерді JPEG форматта сақтағыңыз келсе, онда Web-бетті сақтағанға бұрын Image Properties (Бейне қасиеттері) диалогтық терезеде сол форматты көрсету керек.

JPEG форматы (Joint Photographic Experts Group – фотосурет бойынша біріккен эксперттік топ) — бұл масштабталған, қапталған, жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасын аз ғана түсіретін формат болып табылады. Электрондық формада графикалық суреттерді бір форматтан екінші форматқа ауыстырған кезде бейнелер өзінің анықтығын біраз жоғалтады. Сол себепті, JPEG форматы жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасы жағынан да жоғары болғандықтан Web-сайттар үшін ең қолайлы. JPEG форматы фотосуреттер үшін және түсі 256-дан асатын бейне суреттер үшін өте қолайлы. 

GIF форматы (Graphics Interchange Format – графикалық мәліметтерді алмастыратын формат) — бұл 256 немесе одан да аз түсті бейне суреттер үшін арналған қапталған формат. GIF форматы көбінесе біркелкі түстерден тұратын бейне суреттерден құралған (мысалы, безендіру сияқты). Сонымен қатар, GIF форматы мөлдір және жолдық бейнелерге де қолданады. 




Жұмыс барысы

Практикалық бөлімде мен «Гүлдер әлемі» атты сайт құрастырдым. Сайт 6 сілтемеден: Жылы жай, Гүлдер әлемі, Қызықты мәлімет, Мекен-жай, Жоба авторы, Фотокөрме.

Жылы жай web-парағында 3 сілтеме бар: Презентация, Бейнематериал, Бас бетке. Презентация сілтемесін басқанда жылы жайдағы гүлдер туралы мәліметтер. Бейнематериал сілтемесін басқанда жылы жайдың ашылу тарихы мен гүлдер туралы бейнематериал келтірілген. Бас бетке сілтемесін шерткенде сайттың бас бетіне барамыз.

Гүлдер әлемі web-парағында гүлдер туралы барлық мәліметтері мен суреттері берілген және «Артық болмас білгенін», «Бас бетке» атты сілтемелерден тұрады. Артық болмас білгенін сілтемесінде өсімдіктердің адам денсаулығына пайдасы туралы құнды мәліметтер берілген.

Қызықты мәлімет web-парағында «Гүл тілінде сөйлесе егер жүректер...» атты видеоролик орналастырылған. Бұл видеороликті MovieMaker бағдарламасында жасадым (ұзақтығы 4 минут).

Мекен-жай web-парағында мектебіміздің мекен-жайы, суреті, электрондық поштасы берілген.

Жоба авторы web-парағында сайт авторы, жетекшім, ғылыми жетекшім туралы ақпарат бердім.

Фотокөрме сілтемесінде жалпы гүлдердің фотоларын орналастырылған видеоролик жасадым (ұзақтығы – 4 минут).

Қорытынды


Қорыта келгенде, сайтты құру технологияларын қолдана отырып тұтынушыны қызықтыра білу керек. Web сайт құруда бірнеше HTML құжатын қалыптастыру үшін, бірқатар қарапайым ережелерді басшылыққа алудың өзі жеткілікті:

  • Web–парақтағы мәліметтерді орналасуы қарапайым әрі логикалық түрде қарап шығуға, оқуға ыңғайлы болуы тиіс.

  • Бір суреттен кейін бірден екінші сурет орналаспағаны дұрыс, олардың ара қашықтарын біркелкі етіп, араларында мәтіндік ақпараттар берген дұрыс.

  • Ақпарат бөліктерге бөлініп берілсе, оларды оқу, түсіну жеңіл болады.

  • Егер Web–парақ үлкен болса онда құжат бөліктеріне жылдам ауысуға мүмкіндік беретін сілтемелер жасау қажет.

Web–парақтары кең ауқымды тұтынушыларға арналған, сондықтан HTML құжаттарын әзірлеген кезде осы ерекшеліктері ойдан шығармау керек.

Web–парақты серверге орналастыру және оны тестілеуден өткізу, жұмыстың соңғы қадамдамы деп есептеледі.



Серверге өз Web–парақтараңызды орналастыру алдында оларды тест арқылы тексеріп алған жөн. Жасалған құжат алғашқы тексеруді, яғни «жергілікті тексеруді» өзініздің қатті дискіңіздің аумағында өтуі тиіс. Тексеру кезінде әр түрлі броузерлерді пайдаланған абзал. Олардың бір-біріне айырмашылығы әжептеуір болуы ықтимал.

Web–құжатты тескеруден өткізу кезінде мынадай жайттар есте болсын:

  1. Емле қателерін тексеру;

  2. Навигацияны (ауысуларды) тексеру;

  3. Сыртқы файлдармен қатынасу тәсілдерінің дұрыстығын тексеру;

  4. Құжаттын жүктелу уақытының шамадан тыс ұзақ болмағанына көз жеткізу.

  5. Басқа кісілерден сіздер жасаған Web–парақтарды қарап шығуын қамтамасыз ету.

Сонымен HTML-файлдарының жетістігі деп мыналарды атап кетуге болады:

    • аз ақпараттық көлем;

    • кез келген дербес компьютерден көру мүмкіндігі;

    • интерактивтілігі.

Түйін сөздер мен түсініктер


Жие қолданылатын тег және атрибуттер тізімі


Тег

Мәні



Беттің басымен аяғы



Беттің тақырыбы



Беттің аты



Суретті фон ретінде орналыстыру



Фон түсі



Мәтін түсі



Сілтеме түсі



Өтілген сілтеменің түсі

TEKCT

Басқа бетке сілтеме

TEKCT

Осы беттегі мәтінге сілтеме



Маркірленен тізім



Маркер түрі



Номерленген тізім



Номер түрі



Тізімдің бірінші нөмірі



Анықтамалар тізімі


HTML тілінде жазуда қолданылатын қазақ әріптерінің кодтары:




Қазақ әріптері

HTML коды (бас әріп)

HTML коды (кіші әріп)

Ә, ә

Ә

|1;

Ң, ң

v6;

ң

Ғ, ғ

70;

71;

Ү, ү

98;

99;

Ұ, ұ

200;

201;

Қ, қ

78;

79;

Ө, ө

56;

57;



Қолданылған әдебиеттер:


Негізгі әдебиеттер:

  1. Балафанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мамырбек Ғ.Б. Интернетке кіріспе: «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: әдістемелік құрал. –Алматы.: ЖТИ, 2004. -24 б.

  2. Гаевский А.Ю., Романовский В.А. Создание Web-страниц и Web-сайтов. –Москва.: Технолоджи-3000, 2008г. -464с.

  3. Кадырова А.С. Основы создания Web-страниц. –Усть-Каменогорск.: Издательство ВКГУ, 2001 г.

  4. Гоффт В. Создание Web страниц –Москва: Прима, 2004.-900с.

  5. Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдiстемесi. Алматы, Бiлiм, 2000, – 196 бет.

  6. Бөрiбаев Б. Информатика және компьютер. Алматы, Бiлiм, 1995, – 247 б.

  7. Гриншкун В.В. Теория и практика применения иерархических структур в информатизации образования и обучении информатике. // М.: МГПУ, – 2004, 418 с.

  8. Бидайбеков Е.Ы., Абдраимов Д.И. Методы использования образовательных электронных изданий в системе профессионального образования // Вестник КазНПУ. Серия физико-математические науки. / Алматы, – 2005, №1 (12), С. 58-64.

  9. Информатика. /Под ред. С.В. Симоновича. - М., 2003

  10. Лапчик М.П., Рагулина М.И., Хеннер Е.К. Эволюция парадигмы прикладного математического образования учителей информатики / ИНФО, № 12, 2006, 6/2 стр.

  11. Лапчик М.П. ИКТ-компетентность педагогических кадров. Монография. Омск: Изд-во ОмГПУ, 2007. 144 с.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Антонов Б. Macromedia Flash 8 –Москва.:Лучшие книги, 2006. -208с.

  2. Белунцов В. Macromedia Flash 5: анимация в Интернете: [практ. рук. ] / В. Белунцов.- М.: Десс Ком, 2001.- 352 с

  3. Коцюбинский А.О., Грошев С.В. Современный самоучитель в сети Интернет. Быстрый старт.:Прак. пособ. –М.: Триумф, 1997. -464 с.

  4. www.gulstan.kz

Ұсыныстар, пікірлер


Ғылыми жұмыста келесі мәселелерді зерттедім:

Web-сайт құру технологиялары бойынша теориялық материалдар жинақтадым;

HTML тілі мен FrontPage бағдарламасын сайт құруда қолдандым;

HTML тілі мен FrontPage бағдарламаларын қолданып «Гүлдер әлемі» атты Web-сайт жасадым.

Ендігі ойым осы жасаған Web-сайттымды мұғалімдер мен оқушылар оқу процесінде қолданса екен.

ТҮЙІН


Республикамыздың білім беру жүйесін ақпараттандыру - еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Ұсынып отырған ғылыми жұмысты бастауға осындай ізгі мақсат түркі болды. Бұл жоба болашақта мектеп қабырғасында Web – сайт құру технологияларын қолданып, үлкен жобалар жасауына түрткі болар деген сеніммен осы ғылыми жұмысты ұсындым.

РЕЗЮМЕ

Информационные системы образования республики – одно из основных направлений стратегического развития страны, потому что ХХІ век – век информационных систем образования. Поводом для написания представленной научной работы. Я предлагаю эту научную работу с уверенностью в этом, что в будущем он послужит поводом для создания больших проектов в стенах школы с применением технологий создания Web – сайта.



SUMMARY

Information education systems of republic – one of the basic directions of strategic development of the country, because ХХІ a century – a century of information education systems. An occasion to a writing of the presented scientific work. I offer this scientific work with confidence in it that in the future it will become the cause for creation of the big projects within the precincts of school with application of technologies of creation Web – a site.

Қосымша А


Бас бет



Гүлдер Әлемі


Гүлдер Әлемі

 

 


 



Мазмұны:   

Жылы жай

Гүлдер Әлемі        

Қызықты

мәлімет

Мекен-жайы

Жоба авторы

Фотокөрме

 



 
 

 

 


 

Сүйіне білсең, табиғат - сұлулыққа тұнып тұр


 
Жылы жай





Презентация





Бейнематериал





Бас бетке

жүктеу 4,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау