4. Ұйымның негізгі және негізгі емес қызметiнде
қамтылған қызметкерлер
25. Ұлттық есептер жүйесiне сәйкес, тауарлар мен қызмет көрсету өндiрiсi процесiнде өндiрiстiк бiрлiктер негiзгi және екiншi (негiзгi емес) қызметтi бiр жағынан, және екiншi жағынан қосымша қызметтi жүзеге асырады. Сондықтан еңбек бойынша есептiлiкте ұйымдар қызметкерлер санын негiзгi қызметте қамтылған қызметкерлер және екiншi (негiзгi емес) қызметте қамтылған қызметкерлер деп бөледі.
26. Негiзгi ұйымның қызметтегi қамтылған қызметкерлерге тiкелей негiзгi өнiм (тауарлар немесе қызмет көрсету) және басқа ұйымдарда немесе кәсiпорындарда өткiзiлуi мүмкiн негiзгiмен қатар сөзсiз алынатын жанама өнiмдер өндiрiсiнде қамтылған қызметкерлер жатады.....
5. Қызметкерлер құрамының санаттары
29. Еңбек бойынша статистикалық есептiлiкте қызметкерлер саны негiзгi екi санатқа бөлiнедi: жұмысшылар және қызметшiлер.
30. Жұмысшыларға тауарлар (қызмет) өндiру процесiне тiкелей қатысатын, сондай-ақ жөндеу, жүк алып өту, жолаушылар тасымалдау, материалдық қызмет көрсетумен айналысатын тұлғалар жатады.
31. Әкiмшiлiк-шаруашылық, басқарушылық функцияларын, сондай-ақ инженерлiк-техникалық, экономикалық және басқа жұмыстармен айналысатын адамдар жатады.
32. Ұйымдағы жұмыспен қамтылған барлық қызметкерлер Қазақстан Республикасының қазiргi күшi бар заңдарына сәйкес жұмыс топтары бойынша бөлiнедi.
6. Жалақы қоры
35. Ұйымдар еңбек жөнiндегi есептерiнде қызметкерлер еңбегiне ақы төлеу үшiн есептелген жалақы қорын көрсетедi.
36. Жалақы қоры (еңбегiне ақы төлеу) - Қазақстан Республикасының заңнамаларға сәйкес және олардың қаржыландыру көзi мен оларды нақты төлеу мерзiмiне байланыссыз, салықтар мен басқа да ұстап қалулар (табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарнасы) ескерiлген, ұйымның қызметкерлердiң еңбегiне есептелген ақы төлеу үшiн ақшалай және заттай нысандағы жиынтықты ақшалай қаражаттары (лауазымдық айлықақылар (тарифтiк мөлшерлемелер), қосымша төлемдер, үстеме ақылар, сыйлықақылар және өзге де ынталандыру мен өтемдiк сипаттағы төлемдер).
Жалақы қорында ақша да, сондай-ақ ақша бiрлiгiне ауыстырылған заттай ақы төлеу нысанындағы да барлық төлемдер ескерiледi.
7. Жалақы қорында есепке алынбайтын төлемдер
мен шығыстар
42. Ұйымның (заңды тұлғаның) тарауына, жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметiн тоқтатуына, қызметкерлердiң санын немесе штатты қысқартуға байланысты жеке еңбек шартын бұзу нәтижесiнде оларды шығару (босату) кезiнде төленетiн өтем сомалары.
43. Осы ұйымда жұмыс iстемейтiн адамдарға (зейнеткерлерге, мүгедектерге, қаза тапқан қызметкерлердiң отбасына) көрсетiлетiн материалдық көмек.
44. Қызметкердiң орындаған жұмысына байланысты емес жағдайларда, қызметкерге: үйлену тойына, нәрестелi болған кезде, ақылы медициналық операция жасатуға, жерлеуге бiр жолғы ретте көрсетiлетiн материалдық көмек және құжатпен дәлелденген жағдайда жаппай сипаты жоқ басқа да төлемдер.
45. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен алған жарақатына немесе денсаулығына өзге де зақым келсе келтiрiлген зиянды өтеуге қызметкерге сақтандыру өтемi төленбейтiн кезде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiп пен жағдайларда қызметкерге төленетiн төлемақылар.....
.........63. Жалпы пайдаланудағы көлiкпен, арнаулы маршруттармен, ведомстволық көлiкпен жұмыс орнына бару ақысын төлеу.
64. Жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен ұйымдар өз қызметкерлерiнiң пайдасы үшiн жасасқан жеке басты, мүлiктi және өзге де сақтандыру шарттары бойынша ұйымдар төлейтiн сақтандыру төлемдерi (жарналары).
Үлгі №3
Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімиятының 2005 жылғы 3 қазандағы N 1276 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қалалық әділет басқармасында 2005 жылғы 17 қазанда N 9-1-25 тіркелді
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабының негізінде Қостанай қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулығы бекiтiлсiн.
2. Қостанай қаласы әкiмдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N№207 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (тiркеу нөмiрi 2794, "Қостанай" газеті 2004 жылғы 11 наурыздағы N 32, Қостанай қаласының әкімдігінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 653 "Қостанай қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 207 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен, тіркеу нөмірі N 2981; Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 01 наурыздағы N 232 "Қостанай қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 207 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен, тіркеу нөмірі 3383; Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 07 маусымдағы N 660 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен, тіркеу нөмірі 9-1-14, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) қаулысының күші жойылған деп есептелсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкiмiнiң орынбасары А. Нұрғазиновқа жүктелсiн.
Қала әкімі
Әкімдік мүшелері
Үлгі №4
Қостанай қаласы әкiмдігінің
2005 жылғы 03 қазандағы
N 1276 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн анықтайды, әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн немесе қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеудi қаржыландыру тек қана жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ұйымдардан басқа ұйымдармен есеп айырысу жүйесi мен негiзгi талаптарды реттейдi.
2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс берушiлердiң жұмысқа қабылданған қызметкерлерге еңбекақы төлеген шығынын қалалық бюджет қаражаты есебiнен iшiнара өтеп, халықтың нысаналы топтарының iшiнара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушiлердiң жазбаша келiсiмiмен берiлетiн жұмыс орны;
2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгiленген адамдар тобы;
3) жастар тәжірибесі - жұмыс тәжірибесі жоқ, бастауыш, орта және кәсіптік жоғары оқу орындарының бітірушілерін, алған мамандықтары бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, жұмыстарын, тәжірибелік білім, шеберлік, дағдыларын алу мақсатында уәкілетті органның жолдауы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру; <*>
4) ең төменгі еңбекақы - тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшері. <*>
Ескерту. 2-тармақ 3)-тармақша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 108 қаулысымен.
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалары тарайды.
4. "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседi.
2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа
орналастыру және ұйымдастыру тәртiбi
5. Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы шығынын қалалық бюджет қаражаты есебiнен iшiнара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушiлермен анықталады немесе құрылады.
6. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және оларға еңбекақы төлеуге арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссия жазбаша арыздары негізінде халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктейді. <*>
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 108 қаулысымен.
7. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру Уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
8. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасуда нысаналы топтарға кiретiн күнкөрiстерi төмен жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын
қаржыландыру талаптары және көздерi
9. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделiлiгi мен сапасына, санына байланысты жұмыс берушiмен ай сайын жүзеге асырылады.
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу yшін жұмыс берушінің шығындарының елу пайызы көлемінде, бірақ ең төменгі жалақысынан аспайтын, жастар тәжірибесіне - алты айдан аспайтын мерзімге ең төменгі жалақы көлемінде оларға еңбекақы төлеуге жұмыс берушілердің шығындары қалалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі. <*>
Ескерту. 10-тармағы жаңа редакцияда жазылды - Қостанай облысы Қостанай қалалық Әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 931 қаулысымен.
11. Бюджет қаражатын аудару жөнiндегi есеп айырысу жұмыс берушiнiң есеп шотына жүргiзiледi.
12. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға қалалық бюджет қаражатынан төленетiн еңбекақыға заңнама белгiлеген тәртiппен салық салынады....
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртiбiн бақылау
15. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын сақтауға бақылау жасауды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Үлгі №5
Кәсіпорын атауы
Бұйрық
00.00.0.№ __________
_____________қаласы
Қабылдау туралы______________________________________________
(қызметкердің аты-жөні)
Жұмысқа ____________________________________________________
________________цехына______________қызметіне________________________________
«___»_________2007ж. бастап, ________________ЖЕШ-да белгіленген жалақымен жұмысқа алынсын.
Диретор ____________ ___________________
(қолы) (аты-жөні)
Белгілер Бұйрықпен таныстым ______________
(қолы)
10. Оқу, өндірістік машықтанулардан өтудің әдістемелік ұсынымдары (Курс бойынша қарастырылмаған)
11. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау бойынша материалдар
Пән бойынша білімді бағалау кестесі
|
«Қазақстан Республикасының нотариаты» пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
№
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
апта
|
Бағалау түрі
|
апта
|
Жұмысы үшін%
|
Барлығы
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Жұмысы үшін %
|
барлығы%
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Тақырып бойынша есебі (сем)
|
3,3% - 1б.
|
23,1% - 7б.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
3,3% - 1б.
|
23,1% - 7б.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
|
СӨЖ
|
3,3%
|
10%+/-1,9%
|
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
3,3%
|
10%+/-1,9%
|
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
|
|
СОӨЖ
|
5% - 5б.
|
35%-10,5б
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
5% - 5б.
|
35%-10,5б
|
+
|
+
|
+
|
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
I аралық бақылау
|
|
30%- 9б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
II аралық бақылау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
30%- 9б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Р1
|
|
100%-30б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Р2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100%-30б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
емтихан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100%-40б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100%-100б
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |