«Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты мвт және одан төмен, мвт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен



жүктеу 0,57 Mb.
бет1/6
Дата01.01.2018
өлшемі0,57 Mb.
#6682
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасының

Энергетика министрінің

2015 жылғы «__» ________

№ __ бұйрығына

3-қосымша

«Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшелері), сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорты не белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын қайтарып алу туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық, қағаз түрінде.





  1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

4.  «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестріңде № 11130 тіркелген) «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 киловольт және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсететін мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;

2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде қарар салады және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасы басшысының қарауына жібереді;

3-рәсім – басқарма басшысы 1 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды тапсырады;

4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған құжаттар толықтығы нысанына қарап шығады;

5-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, жауапты орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мерзімде жетіспейтін мәліметтер мен материалдарды ұсыну қажеттігі туралы жазбаша сұрауды дайындайды және оны басқарма басшысына жібереді;

6-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды толық көлемде ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 15 жұмыс күнінің ішінде материалдарды энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жагдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) енгізеді;

7-рәсім – Комиссия 5 жұмыс күнінің ішінде әзірлік паспортын алуға ұсынылған материалдарды зерделейді және мынадай дәлелді шешімдердің бірін қабылдайды:

1) әзірлік паспортын беру;

2) эзірлік паспортын ескертулермен беру;

3) эзірлік паспортын беруден бас тарту.

8-рәсім – Комиссияның әзірлік паспортын беру шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде әзірлік паспортын рәсімдейді және басқарма басшысына жібереді;

9-рәсім – Комиссия әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде Комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қоса беру арқылы дәлелді хатты дайындайды және басқарма басшысына жібереді;

10-рәсім – басқарма басшысы 15 минут ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының қол қоюына тапсырады;

11-рәсім – басшылық 1 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушы кеңсесінің маманына тапсырады;

12-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, электрондық түрде немесе пошта арқылы жібереді.

6. Өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде аумақтық бөлімше көрсететін мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;

2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және оған құжаттарды тапсырады;

3-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған құжаттар толықтығы нысанына қарайды;

4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушілер құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, жауапты орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мерзімде жетіспейтін мәліметтер мен материалдарды ұсыну қажеттігі туралы жазбаша сұрауды дайындайды және оны басқарма басшысына жібереді;

5-рәсім – көрсетілетін қызметті берушілер құжаттарды толық көлемде ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 15 жұмыс күнінің ішінде материалдарды энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жагдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) енгізеді;

6-рәсім – Комиссия 5 жұмыс күнінің ішінде әзірлік паспортын алуға ұсынылған материалдарды зерделейді және мынадай дәлелді шешімдердің бірін қабылдайды:

1) әзірлік паспортын беру;

2) эзірлік паспортын ескертулермен беру;

3) эзірлік паспортын беруден бас тарту.

7-рәсім – Комиссияның әзірлік паспортын беру шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде әзірлік паспортын рәсімдейді және басқарма басшысына жібереді;

8-рәсім – Комиссия әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде Комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қоса беру арқылы дәлелді хатты дайындайды және басшылыққа жібереді;

9-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманына тапсырады;

10-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, электрондық түрде немесе пошта арқылы береді.

7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын, белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 киловольт және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсететін мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген.

8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын, өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан аз энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі көрсететін мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

9. Әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешімін қабылдауға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген «Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру» стандарттың 9-тармағында көрсетілген кұжаттардың сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

Әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хат жіберіледі.





  1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

10. Белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 киловольт және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

2) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.

11. Өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

3) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.

12. Белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 киловольт және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипатамасы осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.

13. Өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан аз энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін қызметті беруші аумақтық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипатамасы осы регламентке 4-қосымшада келтірілген.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсім (іс-қимылдар) бірізділігі тәртібінің сипаттамасы.

1) көрсетілетін қызметті беруші рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);

1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

2-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы порталмен хабарламаны қалыптастыру;

3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректері туралы көрсетілетін қызметті алушы деректерінің «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) болуын тексеру;

4-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші деректерінің ЗТ МДҚ/ ЖТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

5-рәсім – құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы белгі бөлігінде сұрау нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау нысанына бекітуі;

6-рәсім – порталда сұрауды тіркеу және порталда қызметті өңдеу;

3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беруге арналған 3 талап пен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

7-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті беруші деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалану арқылы қалыптастырылады.

2) көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігі арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді (авторизациялау процесі) енгізу процесі;

1-шарт – порталда тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бұдан әрі – ЖСН/БСН) мен пароль арқылы тексеру;

2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды қосу арқылы оның құрылымы мен форматтық талаптарын есепке алып толтыруы (деректерді енгізуі);

4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;

2-шарт – порталда ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарылғандар (жойылғандар) тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

6-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);

7-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) порталда тіркеу және сұрауды порталда өңдеу;

3-шарт –көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беру талаптары мен негіздемелеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

8-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);

9-рәсім – электрондық құжатты порталда (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және сұрауды порталда өңдеу;

4-шарт – көрсетілетін қызметті алушының беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

10-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті алушы деректеріндегі бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы 5-қосымшада және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламентке 6-қосымшада келтірілген.

«Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру» бизнес кітапшасы осы регламентке 7-қосымшада келтірілген.




«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



1-қосымша


жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау