СҰРАҚ: МЕТА – АНАЛИЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Мета-анализ - бірнеше клиникалық сынаманың біріктірілген қорытындыларының сандық анализі;
жеке сынамалардың статистикалық анализі.
бірінші мета – анализ - ХХ ғасырдың басы, Karl Pearson, ішек қызбасының алдын алудың нәтижелілігін зерттеген.
Мета-анализ бірнеше зерттеулердің нәтижесін жалпылау және зерттеу нәтижелерінің дәлелділігін жоғарылату үшін қолданылады.
Мета-анализ бұл бір медициналық әрекетті бірнеше клиникалық зерттеулерден өткізіп, оның қорытындыларын біріктіріп, сандық талдау жүргізу. Талдаудың бұл түрі іріктеу көлемінің ұлғаюына байланысты әр жекеленген зерттеулерге қарағанда, статистикалық мүмкіндігі зор, сол сияқты емдеу, алдын-алу және диагностикалық шаралардың пайдалыларын таңдауда маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |