Рандомизирленген бақылаулы зерттеулердің артықшылықтары мен кемшіліктері:
рандомизирлеу – науқастарды сынақ және бақылау тобына кездейсоқ бөлуді қамтамасыз ететін процедура;
рандомизирлеу топтар арасында айырмашылықтың болмауын қамтамасыз етеді.
Артықшылықтары:
зерттеудің нәтижесі зерттеушілердің пікіріне тәуелді емес, жүйелі қатенің әсері айтарлықтай емес, топтар арасында айырмашылық болмайды;
зерттеудің ең сенімді, нақты әдісі;
барлық белгілі және белгісіз факторларға бақылау жасайды;
мета-анализ жүргізу мүмкіндігі жоғары.
Кемшіліктері:
бағасы қымбат тұрады;
жүргізу әдістемесі қиын;
этикалық проблемалар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |