Best Evidence. Бұл мәліметтер базасында жеке клиникалық сұрақтарды шешуге қажетті жүйелі шолулар мен түпнұсқа мақалаларды тез табуға болады. Ол компакт-дисктерде, сонымен қатар, интернетте қолжетімді және алдын ала өңделген ақпараттардан тұратын ACP Journal Club және Evidence-Based Medicine журналдарының біріктірілген электрондық нұсқасынан тұрады. 2000 жылдың қаңтар айында Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Америкада бұл журналдар бір басылымға ACP Journal Club біріктірілген болатын; сол уақыттан бастап Evidence-Based Medicine АҚШ-та шығарылмайды. Бұл баспалардың редакция алқасы жоғары әдістемелік сапасымен және клиникалық маңыздылығымен сипатталатын зерттеулерді 170 медициналық журналда (әсіресе, кең тараған аурулар мен жағдайларды диагностикалау және емдеуге арналған) үздіксіз және жүйелі түрде іздеу жүргізеді.
ACP Journal Club және Evidence-Based Medicine құрамына жоғары сапалы зерттеулердің құрастырылған рефераттары және алынған нәтижелерді практикада қолданудың болашағын арнайы мамандардың талқылауы мен сипаттамалары кіреді.
Best Evidence мәліметтер базасының Other articles noted («Басқа мақалалар») тақырыбында дәрігер жоғары әдістемелік сапалы зерттеулерден алынған, бірақ онша сенімге ие емес мәліметтерді таба алады.
Cochrane Library. Кокрандық әріптестік`(Cochrane Collaboration) - бұл әртүрлі медициналық іс-әрекеттердің қауіпсіздігін және тиімділігін бағалауға арналған жүйелі шолуларды дайындау, жүргізу, тарату, сонымен қатар, қажетті ақпараттарды іздеуді тез жүзеге асыратын электрондық мәліметтер базасын дайындаумен айналысатын халықаралық ұйым. Бұл базаның (Cochrane Library) құрамына емдеудің әртүрлі аспектілерін бағалауға арналған ең басты РКИ-лердің жүйелі шолуы кіреді. Онда басқа зерттеулердің нәтижелері (мысалы, болжам немесе диагностиканың жаңа әдістерін үйренуге арналған) болмайды. Cochrane Library компакт-дисктерде және интернет сайттарында жарыққа шығып отырады, әр тоқсан сайын жаңартылады және 3 негізгі тараудан құралған.
Бірінші тарау - Кокрандық жүйелі шолулардың мәліметтер базасына
(Cochrane Database of Systematic Reviews – CDSR Кокран әріптестігімен дайындалған барлық жүйелі шолулар, сонымен қатар, аяқталмаған шолулардың хаттамалары жайлы толық мәліметтер кіреді.
Екінші тарау іс-әрекеттердің тиімділігін бағалауға арналған шолулардың мәліметтер базасы (Database of Abstracts of Reviews of Effectiveness - DARE) Кокрандық әріптестікке кірмейтін авторлардың орындауындағы жүйелі шолулардан тұрады. Бұл тарау жеке ақпараттық ресурсқа ие және Cochrane Library тізімінде жоқ қолданушылар үшін мына электрондық пошта арқылы http://nhscrd.york.ac.uk қолжетімді; сонымен қатар, ол медициналық көмек көрсетудің экономикалық және технологиялық аспектілерін бағалауға арналған зерттеулерді іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Үшінші тарау - бақыланатын сынақ реестрі (Cochrane Сontrolled Trials Registry - CCTR), Кокрандық әріптестіктің мүшелері әртүрлі ақпарат көздерінен, сонымен қатар, MEDLINE және EMBASE/Excerpta Medica библиографиялық базасында анықталған және үздіксіз толықтырылып отыратын клиникалық сынақтардың тізімінен тұрады.
UpToDate. UpToDate оқытудың өте үлкен базасы, тек электрондық түрде ғана берілген, өйткені басылым түрде көлемі өте үлкен. Көптеген сайттар бар. Мысалы: Атеросклероз орталығы т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |