5.6.
Су кәсібінің балық емес өнімдерін өңдеу
5.6.1.
Су кәсібінің балық емес өнімдерінің
тамақтанудағы маңызы
Дүниежүзілік мұхит біздің ғаламшарымыздың 70%-дан жоғары бөлігін
алып жатыр, бірақ адам тамақтануындағы теңіз өнімдерінің үлесі тек 1%-ды
құрайды. Сол уақытта дүниежүзілік мұхит жануарларының салмағы
шамамен 30млрд. т, соның ішінде балықтар мен ірі теңіз жануарлары
шамамен 3млрд. т тартады. 1,5млрд т-дан жоғары салмақты балдырлардың
биомассасы құрайды. Егер бұл байлықтарды су құнарлылығын азайтып емес,
көбейтіп ақылмен пайдаланатын болсақ, дүниежүзілік мұхит миллиардтаған
адамды тамақтандыра алады. Бүгінде су кәсібінің балық емес өнімдері
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында кеңінен пайдаланылуда.
42
5.1-
кестеде су кәсібінің кейбір балық емес өнімдерінің химиялық құрамы
көрсетілген.
Теңіз өнімдері ақуызының құрамында лизин, триптофан секілді таптыр-
майтын аминқышқылдары бар. Мөлшері – сүт казеині, жұмыртқа альбумині
құрамында болуымен салыстырмалы түрде. Мидия майында көп қанықпаған
май қышқылдары 24-30%-ды құрайды. Теңіз өнімдерінің минералды құрамы
әртүрлі, оған қоса, олар В тобының дәрумендеріне бай.
Бұл өнімдердің емдеу-профилактикалық маңызын да атап өткен жөн.
Теңіз қырыққабаты нутриенттердің әртүрлі кешенінің арқасында қалқанша
безі, атеросклероз ауруларына профилактикалық және емдік әрекет жасайды
және ішек қызметін реттейді. Трепангтарды Корея, Қытай елдерінің жағалық
аудандарында тұратын халқы «теңіз адамтамыры» деп атайды. Қиыр Шығыс
ғалымдары трепанг мәйегінен шын мәнінде адамтамыр тамырында да
кездесетін және оның адам ағзасына деген пайдалы әсерін анықтайтын затты
тапқан.
Кесте 5.1. Су кәсібінің кейбір балық емес өнімдерінің химиялық
құрамы, %
Теңіз өнімдері
Су
Ақуыз Липидтер Гликоген Күл
Теңіз ирекшелері (бұлшықет)
75,9
18,9
0,7
2,9
1,6
Қиыр Шығыстық мидия
(
бұлшықет)
80,2
14,3
0,4
3,3
2
Қара теңіздік Мидия (бүтін)
87
8,1
0,9
2,3
1,3
Қиыр Шығыстық устрица
(
бұлшықет)
78,1
17,6
0,6
1,5
2,2
Тынық мұхиттық кальмар
(дене)
79,5
17,9
0,3
0,9
1,4
Сегізаяқ ( дене )
74,4
16,5
7
0,5
1,6
Қиыр Шығыстық трепанг (дене
қабықшасы)
88,5
6
0,5
1,6
3,4
Кукумария ( дене қабықшасы )
88,6
7,2
0,4
1,5
2
Камчатка теңіз шаяны (аяқ-қол)
81,2
16,4
0,6
1,9
—
Асшаян
75,5
20
1,2
1,5
1,8
|