137
2003 жылы РФ денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша
емдік-профилактикалық мекемелер (аурухана, шипажай және т.б.) үшін
стандартты диеталардың жүйесі (стандартты диетаның 5 нұсқасы), сондай-ақ
хирургиялық, жеңілдетілген диеталар мен арнайы рациондар енгізілді.
Стандартты диеталардың нұсқалары негізгі
тағамдық заттектер және
энергетикалық құндылық, тағамдарды әзірлеу технологиясы және
тағамдарды орташа тәуліктік іріктеу мазмұны бойынша ажыратылады.
Нөмірлі жүйе диетасы ауру күрделілігінің сатысы, деңгейіне немесе түрлі
мүшелер мен жүйелер жағынан асқынуына байланысты түрлі кеселдерде
тағайындалатын стандартты диеталар жүйесімен бірігеді немесе қосылады.
Стандартты диета жүйесі олардың келесідегідей жіктелуін береді.
1.
Стандартты диетаның негізгі нұсқасы. № 1, 2, 3, 5, 6, 7, 9, 10, 13, 14
және 15 нөмірлік жүйесінің диеталарын қосады.
2.
Диетаның механикалық және химиялық есіркеулі нұсқасы № 1б, 4б,
4в және 5п (1-нұсқа) диеталарын қосады.
3.
Ақуыз мөлшері жоғары диета нұсқасы (ақуызы мол диета). № 4э, 4аг,
5п (2-нұсқа), 7в, 7г, 9б, 10б, 11, R-I және R-II диеталарын қосады.
4.
Ақуыз мөлшері төмендетілген диета нұсқасы (ақуызы аз диета). № 7а,
7б диеталарын қосады.
5.
Төмендетілген калориялық диета нұсқасы (төмен калориялы диета). №
8, 8а, 8о, 9а, 10с диеталарын қосады.
Еңбек қызметі зиянды заттармен байланысты
болатын адамның ауыру
мүмкіндігін ескерту үшін ұйымдастырылған
тамақтануды профилак-
тикалық деп атайды. Ондай тамақтану ең алдымен өнеркәсіп өндірістерінің
асханаларында ұйымдастырылады. Бірақ қызметкерлердің кейбір
категориясына берілуі мүмкін (мысалы, жоғары оқу орындарының химиялық
зертхана зертханашыларына және т.б.).
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары
емдік-профилактикалық
мекемелерге жатпайтындықтан, тағамдарды дайындау технологиясының
ерекшеліктерін біз нөмірлі диета жүйесіне сәйкес қарастырамыз (оған қоса,
ол толықтай күшін жойған жоқ). Оған қоса қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындарында тағамдарды тек кейбір диеталар бойынша әзірлейді.
Себебі тек емдік-профилактикалық мекемелерде
ғана тағайныдалатын
диеталар бар. Диеталық асханаларға бөлек рецептуралар жинағы
шығарылғанын атап өтейік.