Шомылу маусымында су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігі туралы ата-аналарға арналған жадынама



жүктеу 23,41 Kb.
бет1/2
Дата07.06.2022
өлшемі23,41 Kb.
#38869
  1   2
судағы қауіпсіздік


Шомылу маусымында су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігі туралы ата-аналарға арналған жадынама

Құрметті ата-аналар! Теміртау қ. ТЖБ жазғы демалыс қарсаңында алдағы шомылу маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігі туралы еске салады. Өздеріңіз білетіндей, балаларды қорғау және олардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың басты міндеті және жаздың басталуымен және ыстық ауа-райының орнауымен адамдардың, әсіресе балалардың сүйікті орындарының бірі су айдындарында шомылу болып табылады


Алайда судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамау салдарынан және ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауы салдарынан жыл сайын облыстың су айдындарында балалардың өлімі орын алуда
Осылайша соңғы 5 жылда Теміртау қаласының су айдындарында 16 адам суға батты (оның ішінде 4 бала), облыс бойынша соңғы 5 жылда 147 адам суға батты «оның ішінде 19 бала), республика көлемінде соңғы 5 жылда 605 бала суға кетті.
Адамдардың суда қаза болуының негізгі себептері алкогольдік мас күйде суға шомылу, жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде суға шомылу, балаларды қараусыз қалдыру, абайсызда суға құлау (оның ішінде ойын кезінде) болып табылады.
Адамдардың, әсіресе балалардың өлімінің алдын алу мақсатында құтқарушылар полициямен бірлесіп күн сайын су айдындарында рейдтер жүргізеді, оның барысында балалардың ересектерсіз болу фактілері жыл сайын анықталады.
Жабдықталмаған және стихиялық жағажайларда шомылу, онда тереңдік пен су асты ағындары бар, балалардың ересектерсіз (өздігінен) жүріп ойын-сауық іздеуі сөзсіз үлкен қайғылы жағдайға әкеледі. Көбінесе ата-аналар балаларының су қоймаларында шомылатындығын, бұған қоса су қоймаларында бөтен ересектер де мас күйінде жиі кездесетінің білмейді және аңғармайды. Бұл ерекше алаңдаушылық тудырады!
Осыған байланысты, алдағы жазғы демалыста су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында балалар мен ересектерге судағы қауіпсіздіктің қарапайым қағидаларын мүлтіксіз сақтау қажеттігі туралы ескертеміз:

  1. Тереңдіктің ауытқуы мен жарақаттану қаупі бар су түбі болғандықтан тыйым салынған жерлерде және стихиялық жағажайларда шомылмаңыз;

  2. Балалардың су айдындарында ересектердің қарауынсыз болуына тыйым салынады;

  3. Көпірлерден, айлақтардан, қайықтардан және осы мақсаттарға арналмаған басқа да жерлерден суға секіруге болмайды;

  4. Өтіп бара жатқан қайықтар мен кемелердің жанына жүзіп бармаңыз;

  5. Су төсеніштері мен үрленетін шеңберлерді пайдаланбаңыз, өйткені олар көбінесе жағадан алыстатып әкетеді және үрленетін шеңберлер жағдайында аударылып шыға алмай қалу қаупі бар;

  6. Тәуліктің қараңғы уақытында шомылуға болмайды.

Естеріңізде болсын, балалардың судағы қауіпсіздігі - бұл ата-аналардың жауапкершілігі! Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және оқиғалар болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар.



жүктеу 23,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау