Мұғалімнің көмекшілері
|
Құзырлы мұғалімге тән белгілер
|
Бас
|
Кәсіби түсінік
|
|
Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болу- ын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.
|
Қол
|
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
|
|
Бұл оқытуды іске асыру, түзету және бағалау барысында түйінді кәсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық және тәжірибелік дағдыларын, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтарды, сондай-ақ оның жекелеген кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.
Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасын артты- рып, тиісті және одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындайқолайлыортақалыптастырып, оныңтұрақтылығын қамтамасыз етері анық.
|
Жүрек
|
Кәсіби-өнегелілік тұтастық
|
|
Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.
Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы мамандықтың басқа иелері де бөліседі.
|
1-кесте. Шульман ілімі
Табысты оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланысты. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» оты- рады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Табысты оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байла- ныс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Табысты оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру
Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады.
Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылып, оқыту үдерісіне тәуелді бол- майды.
Оқыту сапасын бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі, көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерек- ше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де сара- лай білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып туралы мәнмәтіндік мәлімет қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |