|
Тақырып 33. Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы
|
бет | 4/6 | Дата | 12.05.2023 | өлшемі | 24,95 Kb. | | #42534 |
| f6090f4b6204240Британдық мұражай – Ұлыбританияның басты тарихи-археологиялық мұражайы. Бұл келушілердің саны бойынша, Луврдан кейінгі екінші мұражай. Ол Лондонда Блумстери ауданында орналасқан.
Британдық мұражай 1753 жылы үш коллекция – белгілі натуралист Хэнс Слоунның, граф Роберт Харлидің, сондай-ақ антиквар Роберт Коттонның коллекциялары незігінде құрылды. Мұражай құру Британ актісімен бекітілді. Мұражай бастапқыда Блумсберидегі Монтегю-Хаус ақсүйектік сарайда орналыстырылды және келушілер үшін 1759 жылы ашылды.
Британдық мұражай ХІХ ғасырда жедел өсті. Жинақтар бөлімдерге бөлінді нумизматикалық бөлімге: мұнда әртүрлі елдер мен дәуірлердің монеталары мен медальдары жинақталды. Виктория ханым кезінде зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және минералогиялық бөлімдер жаратылыстанудың ерекше мұражайы болып бөлініп, 1845 жылы Оңтүстік Кенсингтонға ауыстырылды. Монтегю-Хаустың орнында 1823-1847 жылдары мұражайдың қазіргі классицизм стильдегі ғимараты салынды.
ХХ ғ. бірінші жартысында британдық мұражай өз жинақтарын британдық археологтердің Месопотамияда жүргізген қазба жұмыстарының есебінен таяушығыстық өнер туындыларымен кеңейтті. Британдық мұражай 1926 жылдан бастап «British Museum Quanterly» тоқсан сайынғы журналды шығарып келеді. Бастапқыда мұражайдың басты қазыналарының бірі оның кітапханасы болды, ол Ұлыбританиядағы ең ірі кітапхана еді. Британдық мұражайдың оқу залы 1850 жылдардан бастап жеке ғимарат ротондада орналасты. ХХ ғасырда кітапханаға ежелгі замандағы баспа кітаптары мен сирек кездесетін қолжазбалар келіп түсті. 1972 жылы Британдық парламент кітапхананы мұражайдан бөліп, оны жеке ғимаратқа орналастырды.
Метрополитен мұражайы – дүниежүзіндегі ең ірі және келушілер жағынан 4-орынды иеленетін көркемсурет мұражайы. Ол Нью-Йоркте орналасқан. Оның негізін 1870 жылы америкалық кәсіпкерлер мен өнерді қадірлеушілер тобы қалады. Көпшілік үшін 1872 жылы ашылды. Мұражай негізін үш жекеменшік коллекция – еуропалық кескіндеменің 174 шығармасы қалады, олардың ішінде Хальс, Ван Дейктің, Тьеполо мен Руссен шығармалары болды.
Бүгінгі күні тұрақты коллекцияда өнердің 2 млн-нан астам туындылары бар. Дүниежүзіндегі Египет өнерінің толық жинағы осы мұражайда деп есептеледі. 2013 жылы коллекционер Леонард Лаудер мұражайға құрамында кубизмнің 78 туындысы бар өз коллекциясын сыйлады, оның ішінде Пикассоның 33 жұмысы бар болатын. 2017 жылы ақпанда мұражай өз коллекциясында көркемсурет жұмыстарының 375 000 цифрланған бейнелерін жалпыға қолжетімді етті.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|