|
Алгоритм түсінігі – бұл информатикадағы ең негізгі ұғымдардың бірі.
|
Дата | 11.12.2017 | өлшемі | 24,49 Kb. | | #3933 |
| - Алгоритм түсінігі – бұл информатикадағы ең негізгі ұғымдардың бірі.
- «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы ұлы математик аль-Хорезмнің латындық үлгідегі - algorithmi деген атынан шығады, ол арифметикалық амалдарды орындау ережелерін тұжырымдайды.
- Алгоритм дегеніміз – бастапқы мәліметтерді пайдаланып іздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегі.
- Ондағы әрбір әрекет оның қадамы, қандай да бір әрекетті аяқтау туралы нұсқау алгоритм командасы, ал атқарушы жүзеге асыра алатын командалар жиынтығы атқарушының командалар жүйесі деп аталады.
- Алгоритмдік процесс дегеніміз – шешілетін есептің нақты бастапқы берілгендеріне алгоритмді қолдану процесі.
- Алгоритмді ұсыну құралдары:
- ауызша (алгоритмдік тілде);
- блок-схема түрінде;
- бағдарламалау тілінде.
- Алгоритмдеу – ЭЕМ-де есепті шығаруға арналған алгоритмдер мен бағдарламаларды құру техникасы.
- Алгоритмнің блок-схемасы дегеніміз – алгоритмнің логикалық құрылымын графикалық бейнелеу.
| - Басын және соңын білдіретін тоқтату блогы
| | - Берілгендерді енгізіп, нәтижелерді шығаратын енгізу-шығару блогы
| | - Арифметикалық амалдарды орындайтын процесс блогы
| | | | | - Блок-схема алгоритм командаларының орындалу ретін көрсетуге арналған бағытталған граф болып табылады; мұндай графтың шыңы үш түрлі болуы мүмкін:
- функционалдық шың
- предикаттық шың
- біріктірілген шың
-
- 1 сурет – Граф шыңдарының бейнеленуі
- Кез келген күрделі алгоритмдер үшін үш блок-схема құруға болады:
- композиция немесе қозғалыс, сызықты алгоритм;
- альтернатива немесе тармақталған алгоритм;
- итерация немесе цикл, қайталанатын алгоритм.
- Бірінші негізгі құрылым. Композиция немесе қозғалыс алгоритмі әр кезеңі тізбектей, яғни сызықты орындалатын есептеу процесін бейнелейді және ондағы операторлар бір рет қана орындалады.
- Оператор деп қандай да бір әрекеттер тізбегін орындауға арналған жазбаларды айтады.
- Екінші негізгі құрылым. Бұл - альтернатива немесе тармақталу. Тармақталған алгоритм есептеуді таңдау бастапқы шарттан немесе аралық нәтижеден тәуелді болатын есептеу процесін бейнелейді.
- Алдын ала қарастырылған бағыттар тармақтар деп аталады.
- Шартты тексеру нәтижесі келесі мәндердің бірін қабылдайды
- ақиқат немесе жалған
- иә немесе жоқ
- 1 немесе 0.
- Тармақталған алгоритм құрылысы:
- 2 сурет – Тармақталған алгоритм
- Егер – Онда – Әйтпесе
- құрылымы
- Үшінші негізгі құрылым. Қайталанатын алгоритм бір типті, бірнеше рет қайталанатын есептеу аймағынан тұратын есептеу процесін бейнелейді.
- Циклдер қайталану саны белгілі және қайталану саны белгісіз болып бөлінеді.
- Қайталану саны белгілі циклді итерациялық цикл деп аталады.
- Бұл құрылымның үш түрі бар:
- "цикл - әзірше"
- "цикл - дейін"
- қайталану санымен.
- Циклде қайталанатын операторлар тобын цикл денесі деп атайды.
Қайталану саны белгісіз алгоритм құрылысы: - Қайталану саны белгісіз алгоритм құрылысы:
- Блок-схема – алгоритмді графикалық түрде көрсету.
- Алгоритмнің графиктік кескінін блок-схема түрінде беру - берілген есепті шешуді жолдарын көрнекті етіп көрсетеді.
анықталғандық – алгоритм, алгоритмді өңдеушіге де және алгоритмді орындаушыға да бір мағынада түсінікті түрде берілуі; - анықталғандық – алгоритм, алгоритмді өңдеушіге де және алгоритмді орындаушыға да бір мағынада түсінікті түрде берілуі;
- нәтижелілік – міндетті түрде нәтижелер алынуы (сандар, кестелер, дыбыстар, кескіндер) немесе берілген алгоритмді қойылған есепке қолдануға болмайтыны туралы сигналдар;
жалпылық – біртипті есептер класын шешуді қамтамасыз ететін алгоритм қасиеті; - жалпылық – біртипті есептер класын шешуді қамтамасыз ететін алгоритм қасиеті;
- дискреттік – бір-бірінен ажыратылған ұйғарымдардың реттелген жиынтығы түрінде алгоритмнің жазылу ;
- түсініктілік- орындаушының командалар жүйесіндегі ғана командалар түрінде көрсетілетін алгоритм қасиеті.
Алгоритмнің өз-өзіне қосымша ретінде қатынасы болуы мүмкін, бұл жағдайда оны рекурсивтік қатынас деп атайды. - Алгоритмнің өз-өзіне қосымша ретінде қатынасы болуы мүмкін, бұл жағдайда оны рекурсивтік қатынас деп атайды.
- - Егер алгоритмнің өз-өзіне қатынасы командасы алгоритмнің өзінде болса, онда мұнда рекурсия тура рекурсия деп аталады.
- - Егер берілген алгоритмді шақыру осы алгоритмге қатынасы бар қосымша алгоритмнен болса онда мұндай рекурсияны жанама деп атайды.
Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді біркелкі, дәл жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілде пайдаланылатын сөздер қызметші сөздер деп аталады. - Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді біркелкі, дәл жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілде пайдаланылатын сөздер қызметші сөздер деп аталады.
- 1. АЛГ – қызметші сөзі. Алгоритмнің басында, оның атауының алдында жазылады.
- 2. БАСЫ және СОҢЫ – қызметші сөздері (begin, end). Алгоритмнің басы мен соңында жазылады.
- 3. АРГ и НӘТ – аргументті және алгоритм нәтижесін жазу үшін қолданылады.
- 4. ЕНГІЗУ және ШЫҒАРУ – берілгендерді енгізу және шығару үшін қолданылады.
- 5. ЕГЕР, ОНДА, ӘЙТПЕСЕ, БІТТІ – қызметші сөздері (if, then, else, end). Тармақталған командаларды жазу үшін қолданылады (бітті – команданың соңы).
- 6. ӘЗІР, ДЕЙІН, ҚАЙТАЛАУ, ЦБ, ЦС – қызметші сөздері (while, do, repeat, until, for, to, do). Қайталау командаларын жазу үшін қолданылады.
- Қарапайым есептерге мысал
- Мысал. Штаттағы жұмыскер айына 45000 теңге жалақы алады. Ол 25 жұмыс күнінің 15 күнінінде жұмыс істеді. Алатын жалақысын есептеу керек.
- Алгоритм тілінде: Блок- схемасы
- алг pr1
- арг S,D,D1;
- нәт Sum
- басы
- енгізу S, D,D1
- Sum=S/D*D1
- шығару Sum
- соңы
- Бағдарламаның құрамдас бөлігі
- Паскаль тіліндегі бағдарламаның жалпы түрі:
- PROGRAM аты;
- VAR айнымалылар бөлімі;
- BEGIN
- оператор 1;
- … …
- оператор n;
- END.
- Бағдарлама стандартты тақырып Program сөзінен басталады.
- Тақырыбын енгізгеннен кейін берілгендерді сипаттау орындалады. Var сөзінен кейін бағдарламада кездесетін барлық айнымалылар көрсетіледі және олардың типі (integer, real, boolean) көрсетіледі.
- Әрі қарай Begin және End сөздерінің арасында операторлар орналасады.
- Математикалық түрде жазылу
| | | | | | | | | | | | | | | | - Арифметикалық өрнектерді жазу мысалдары:
-
- 1)
-
- Y:=A+B*T1/T2 - 2.3*SQRT(X)
- 2)
-
- (A1*X1+B2*X2+5*A3*X3)/(25*D-14*F)
-
- 3)
- Y:=ln(x)/ln(a)+exp(1/5*ln(a+x))
- Мысал. Штаттағы жұмыскер айына 45000 теңге жалақы алады. Ол 25 жұмыс күнінің 15 күнінінде жұмыс істеді. Алатын жалақысын есептеу керек.
- Паскаль тілінде:
- Program pr1;
- var S, D,D1,Sum : real; {айнымалыларды сипаттау}
- Begin
- write(‘жалақы S=‘); Read(S);
- write(‘жұмыс күні D=‘); Read(D);
- write(‘жұмыс жасаған күні D1=‘); Read(D1);
- Sum:=S/D*D1;
- Writeln(Sum); {алатын жалақыны шығару}
- End.
- Пернетақтадан енгізілген Х санынын экранға шығару егер ол 5-тен кіші немесе тең болса.
- Алгоритманің блок-схемасы мына түрде болады .
- 1-ден N-ге дейінгі бүтін сандардың қосындысын экранға шығару.
- N саны пернетақта арқылы енгізіледі.
- Алгоритманің блок-схемасы мына түрде болады .
- Егер Х = 8 болса, S айнымалысы қандай мәнге ие болады?
- Алгоритм жұмысының қортындысында А және В қандай мәндерге ие болады?
- Алгоритмге түсініктеме беріңіз.
- Алгоритмнің негізгі қасиеттерін атаңыз .
- Алгоритмнің дискреттілігі дегеніміз не?
- Алгоритмнің жалпылығы дегеніміз не?
- Алгоритмнің анықтылығы дегеніміз не?
- Алгоритмнің берілу тәсілдерін атаңыз.
- Алгоритмнің негізгі құрылымдық базаларын атаңыз.
- «Циклдік» құрылым туралы айтыңыз.
- «Тармақталған» құрылым туралы айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|