Тақырып 1 Криминалистиканың пәні, жүйесі, әдістері мен міндеттері. Криминалистикалық идентификация және диагностика



жүктеу 3,46 Mb.
бет6/15
Дата22.05.2018
өлшемі3,46 Mb.
#16416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

6. Бұл сұракта Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасындағы, Құқықтық статистика және арнайы есептер Комитетінің жүйесімен жүзеге асырылатын міндеттерді айта кеткен жөн. Оларға:

-белгісіз аурулармен ауыратын тұлғаларды, жеке басы аныкталмаған мәйіттерді және хабар-ошарсыз кеткен тұлғалардың тіркеуі;

-қылмыс үшін ұсталғандарды, іздеу жарияланғандарды, сотты болған тұлғалардың алфавитті-дактилоскопиялық тіркеуі;

- нөмірленген үрланған және алынған заттардың тіркеуі (ұрланған қарулардың мәліметі, түрмыстықтехника, антикварлы заттар, медальдар және ордендер және т.б.);

-ТМД-ның автоматтандырылған іздеу жүйесі (ұрланған және үрлау мақсатынсыз айдап кеткен автокөлік кұралдарының мәліметтері).

Ақпараттарды беретін негізгі субъектілердің қатарына келесілер кіреді:

1. ҚР Бас Прокуратурасы;

2. ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитеті;

3. ҚР Ішкі істер министрлігі;

4. ҚР Қаржы полициясы;

5. ҚР Кеден комитеті;

6. ҚР Әділет министрлігі;

7. ҚР Төтенше жағдай министрлігі.

Криминалистикалық тіркеулердің түрлеріне карай әркайсысы жеке тұрғыда төмендегіше ашылады.

Бас Прокуратураның, облыстық (қалалық) прокуратураларының жузеге асырылатын ОҚС (Орталандырылганқщықтық статистика) тіркеуінің жүйесі.

І.Белгісіз аурулармен ауратындарды, хабар-ошарсыз кеткені тұлғаларды және жеке басы анықталмаған мәйіттерді тіркеу.

Хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларға қатысты тіркеу карталарын екі данада тергеуші немесе жедел-іздестіру қызметкері толтырған. Оның ішіне жоғалып кеткен уакыты мен мән-жайларды, араласқан ортасын, әдетін, өмір сүру сипатын анықтап толтырған. Картотекаға жоғалу уақыты, мән-жайлары, жоғалған немесе хабар-ошарсыз кеткен тұлғаның демографиялык белгілері де көрсетіледі. Оның жоғалар алдында соңғы рет көрген куәлардың айтуы бойынша үстінде болған кимі, аяқкиім, бет әлпеті мен сыртқы пішіні жайлы мәліметтер, сезді портрет тәсілімен толтырылып сипатталады.

Жеке басы анықталмаган мәйіт табылған жағдайда екі дана танымдылық картасы толтырылады. Оның ішінде табылған жері, уақыты, жынысы, бойы, тағы да баска сипаттаушы белгілері көрсетіледі, дәлірек айтканда оның тіс құрылысынын ерекшеліктері, ерекше және көзге түсетін белгілері, аяккимінің, баскимінің, үстіндегі кимінің белгілері. Сонымен катар карау барысында және сот-дәрігерлік сараптамасы арқылы айқындалған өлімнің түсу уақыты, себебі, канының тобы мен түрі (типі), тірі уакытында ауырған аурулары жайлы мәліметтері көрсетілуі қажет.

2.Қылмыс үшін ұсталғандар, іздеу жарияланғандар, сотты болған тұлғалардың алфавитті-дактилоскопиялық тіркеуі.

Тіркеудің бұл түрі бір-бірімен параллельді тығыз байланысты алфавитті және дактилоскопиялық картотекалар түрінде жүзеге асырылады. Тіркеудің барлық тұлғалары арнайы үлгідегі екі бланкқа тіркеледі және дактилоскопиялық картаға екі колының он саусактарының папиллярлы өрнектерінің таңбалары алынып тіркеледі. Алфавитті картада тіркеліп отырылған тұлғаның, анкеталық мәліметтерімен коса (аты-жөні, туған жері, уакыты), қамауға алынғандығы, сотты болғандығы, жазасын өтеу мерзімі және жаза етеген жері жайлы деректер енгізіледі.



ІІББ, ІІБ, жүргізілетін тіркеулер:

1) ашылмаған қылмыс орындарынан алынған қол саусак іздер картотекасы;

2) Ішкі істер органдары үшін жедел қызығушылық тудыратын адамдардың дактилоскопиялық карталары;

3)бұзу кұралдарының іздері;

4)аяқкиім табанының іздері;

5) автокөлік құралдары дөңгелектері (шиналары) протектор-ларынын, іздер картотекасы;

6) жедел кызығушылық тудыратын адамдардың фото және бейнетекасы;

7) ашылмаған қылмыстар бойынша фонотекалар;

8) анықталмаған қылмыскерлердің субъективтік портреттерінің фонотекасы.

ІІМ-нің техникалық қамтамасыз ету бөлімінің департаментінде және ІІББ-ы мен ІІБ-ың техникалық қамтамасыз ету бөлімінің тіркеулері:

- ұрланған және алынған нөмірлі заттар;

- жоғалған немесе заңсыз сақтау жерінен алынған атыс кару-ларының тіркеулері;

- ТМД-ның автоматтандырылған іздеу жүйесі (ұрланған және ұрлау максатсыз айдап кеткен автокөлік күралдары тура-лы мәліметтер).



Ішкі істер органдарының ЖКБ-нің (жедел-криминалистикалық бөлімдер) дактилоскопиялық есептері:

1. Оқиға болған жерде қол саусақ іздерін калдырған тұлғалардың тізімі;

2. Бір адаммен бірнеше окиға болған жерде қол іздерін қалдыру фактілері;

3.Егер ҚҚО-да бұрын есепте тұрған болса, қайтыс болған тұлғаның жеке басын анықтауға арналған.



Тақырып 7 Криминалистикалық тактиканың жалпы ережелері. Тергеу қарауының тактикасы.

1. Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері.

2. Тергеу қарауының түсінігі, мәні және түрлері

3. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы міндеттері

4. Окиға болған жерді карау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

5. Окиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері.

6. Куәландыру
1. Қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жургізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін колайлы, ұтымды тергеу әрекетінін нәтижелілігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.

Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстын ашылуына кедергі жасау үшін колданып отырған айла-әрекеттерін әшкерелеп, іс бойынша объективті дәлелдемелер жинау.

Криминалистика ғылымының тергеу үстінде әркилы ситуациялық жағдайларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді колдану және тергеуді ұйымдасқан түрде, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағидаларды оқытатын негізгі бір бөлімін криминалистикалық тактика дейді.

Сонымен, криминалистикалық тактика дегеніміз - тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы

Криминалистикалық тактиканың осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны қамтитын тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты дұрыс, ықшамды позиция ұстауы, ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұтымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлау.

Кейбір оқулықтарда криминалистиканың бұл бөлімін тергеу тактикасы деп те атайды.

Криминалистикалық тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тығыз байланысты. Айталық, криминалистикалық құрал-саймандарды тергеу үстінде қолданып, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа криминалистикалық құрал-саймандар пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін жүргізгенде колдану әдістері криминалистикалық тактикада қаралады. Сонымен катар, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде колданылатын тәсілдер тергеліп жатқан кылмыстын түріне байланысты.

Криминалистикалық тактика бөліміне тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың түрлері, тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сұрақтар да кіреді.

Криминалистикалық тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі — ол тактикалық әдіс.

Жоғарыда айтқандай, тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына коятын негізгі мақсаты — тергеуді жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру. Қойылған максатқа жету үшін әр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туындап түрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сыйымды айла-әрекеттер колдану арқылы объективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын әдіс-айланы тактикалық әдіс дейміз. Әрине, ақылға салмайтындай кез келген әдістерді қолдана беруге болмайды. Сондықтан қолданатын тактикалық әдістер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Тактикалық әдістерге қойылатын негізгі талаптар:

- оның заңға кайшы келмеуі, жеке адамның не заңды түлғалардын құқығын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы;

- тактикалық әдістің объективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелденгендігі, оның ғылымның бір саласына немесе логика, психология, педагогика т.б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі (тактикалық әдістің ғылымилық кағидасы).

Осы ай-тылғанды тұжырымдайтын болсак, тактикалық әдіс дегеніміз ол - заңға, этикалық талаптарға кайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері. Тергеу әрекетінің шеңберінде қолданылатын тактикалық әдістердің бірнеше түрі болады. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты тиімді және ыңғайлы әдіс колданылады.

Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір тұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі арнайы кезекпен қолданылады. Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді.

Тактикалық әдістердің, олардың комбинациясының колданылуы тергеу ситуациясына байланысты. ондықтан тергеу ситуациясы деген криминалистикалқ санаттың ұғымына, түсінігіне тоқталайық.

Тергеу ситуациясы дегеніміз — тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән-жайын анықтау мүмкіндігіне байланысты қалыптасатын жағдай. Тергеу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері қылмыстық іс жүргізу заңында керсетілген, сондықтан оларды тактикалық әдістер деп санауға болмайды. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай, ол заңда көрсетілген ережелердің көбі тергеу тәжірибесінде пайда болып, алғашқыда тактикалық әдіс есебінде колданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу әрекеттерінің өзі де басында тергеу үстінде тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Атап айтқанда: объектілерді тану үшін көрсету, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау деген тергеу әрекеттері алғашқыда тергеу тәжірибесінде жауап алудың тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Кейіннен ғана заң жүзінде бекітіліп, тергеу әрекеті есебінде жүргізілетін болды.

Өзінің шешетін тактикалық міндетіне байланысты тактикалық тәсілдер: танымдық, басқарушы, ұйымдық-техникалық деп үш түрге бөлінеді.

Тергеп жатқан қылмысты ашуға керекті, былайша айтқанда, криминалистикалық, дәлелдемелі ақпараттарды алуға бағытталған және осы үшін қолданылатын әдіс-айлаларды танымдық тактикалық әдістер дейміз.

Тергеу әрекетін жүргізу барысын дұрыс басқарып отыруға, оның нәтижелілігін арттыру үшін тиімді әдістерді қолдануға бағытталған тәсілдерді басқарушы тактикалық әдістер дейді.

Мысалы, беттестіріп жауап алғанда, беттестіріп отырған адамдар айтысып, сөз жарыстырып, тергеу әрекетін жанжалға айналдырып жібермеу үшін, оларды белгілі бір кезекпен сөйлетіп, жауап алу тактикасы колданылады.

Тергеудің бастапқы, кей жағдайда соңғы кезендерінде туындаған ситуациялық жағдайларға байланысты тергеу және жедел-іздестіру әрекеттерін белгілі бір кезектілікпен жүргізу тактикалық жағынан алып қарағанда тиімді. Сондықтан тергеу жоспары жасалғанда тергеудің ұтымдылығын камтамасыз ететін тактикалық әдістер негізге алынады.

Мұнымен катар тергеу әрекеттерін жүргізгенде, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде алынған мәліметтерді орынды және белгілі бір әдіспен пайдалану да тергеудің нәтижелілігін арттырады. Айтылған жұмыстарды бәрін бірімен-бірі жалғасып жатқан бүтін процесс деп есептеп, осы жұмыстардың жиынтығын тұжырымдап, оны бір ұғыммен тактикалық комбинация (операция) деп атаймыз. Ал кейінгі айтылғанды кейбір авторлар тактикалық не криминалистикалық операция дейді. Былайша карағанда, осы екі ұғымға да қолданылатын сөздер бірімен-бірі тепе-тең де емес, біріне-бірі қайшы да келмейді. Комбинация дегеніміз қиыстыру, кисындастыру, немесе қиыстырудың айласы. Операция дегеніміз күрделі әрекет. Біздіңше тергеу үстінде жүргізілетін жүмыстарға келетін болсақ, оларды белгілі айламен қиыстырып жүргізу керек. Сондықтан бұл жұмыстарды тұжырымдап, оған толық сипат беретін болсақ, оны тактикалық комбинациялық операция деп атағанымыз дұрыс болар еді. Сонымен тактикалық комбинациялық операция дегеніміз тергеу үстінде ситуацияға байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау ұшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және оларды белгілі кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі.

Тактикалық комбинациялық операцияның түсінігін анықтап, айқындайтын болсақ, ол негізінен екі түрлі жүмыстардың жүргізілуімен сипатталады — тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары. Сондықтан тергеу үстінде жүргізілетін мұндай операцияның табысты және нәтижелі өткізілуі операцияны жүзеге асырушы мен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың арасында калыптасатын қарым-қатынастардың іскерлігіне тікелей байланысты.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы әр козғалған іс бойынша қылмыстың мән-жайын аныктап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірак тергеуші өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың кызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау женінде бұл органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда керсетіліп, бекітілген. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіндіктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырган кылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы кылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толық жинап алуға болады. Қандай кылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет - ол қылмыстың алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану.



Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасыныц түсінігі - қылмыстық істі тергегенде бір-біріне әкімшілік түрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жүмыстары.

Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-қатынас қылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметгер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабыддауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ кұрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нактылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы қажет. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады.

Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органның кызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.
2. Тергеу қарауы - кылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, құжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және қылмыстық істің мән-жайларын зерттеу мақсатында тергеушінің кез келген объектілерді тікелей кабылдауы мен зерттеуінен тұратын тергеу әрекеті.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қарау - қылмыс ізін, әзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті.

Криминалистикалық оқулықта тергеу қарауының келесідей мақсаттары көрсетілген:

- тергеушінің жеке объектіні, объектілердің жиынтығы немесе кешенін тікелей зерттеу;

- оқиғаның, қылмыстың механизмі, жері орны, қылмыскердің және жәбірленушінің жеке басы және де қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын өзге де мән-жайлар туралы типтік, жалпы және жеке болжауларды ұсыну үшін бастапқы ақпаратты алу;

- қылмыстың суымаған ізі бойынша қылмыскерді іздестіруді және қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтерді алу;

- тергеу барысында кейінгі әрекеттерді (кезектегі шараларды) жоспарлау үшін мәліметтерді алу;

- тергелетін қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау.



Тергеу қарауының түрлерін әр түрлі негізер бойынша жіктеуге болады: қарау объектісі бойынша, жүргізу кезектілігі бойынша, көлемі бойынша.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеу қарауының келесі түрлері керсетілген:

-оқиға болған жерді;

- заттай дәлелдемелер;

- мәйіт;

- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесін карау.

Криминалистикада тактикалық мағынасы жағынан қарау объектілеріне:

- үй-жайдағы оқиға болған жер;

- ашық жердегі оқиға болған жер;

- мәйіт;


- қылмыстың қаруы және құралы;

- құжаттар, фото, бейне-жазбалар, киноқұжаттар сонымен қатар, пошта-телеграфты хат-хабар;

-жануарлар;

- көлік құралдары;

- компьютерлер; - сезіктінің, айыпталушыньщ, жәбірленушінің, куәгердің денесі.

Кезектілігі бойынша тергеу қарауының екі түрін ажырата-мыз:

- алғашқы;

- қайталама.

Қайталама қарауды жүргізу жағдайлары әр түрлі болуы мүмкін: алғашқы карауды сапасыз жүргізу (қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, түнгі уақыт және т.б.), кажетті техникалық құрал-жабдықтарды қолданбау, тергеу барысында қайталама қарауды жүргізу кажет екендігін көрсететін мәліметтердің алынуы, алғашқы карауды толық, егжей-тегжейлі жүргізілмесе және дұрыс жүргізілгендігінде күмән туындаса, сонымен қатар, прокурор мен тергеу бөлімі бастығының тікелей нұсқауымен жүргізіледі.

Көлемі бойынша тергеу қарауы негізгі және қосымша деп бөлінеді. Алғашқы қарау көп жағдайда негізгі карау болып табылады. Сондыктан тергеуші қараудың жан-жақты, толық жүргізілуіне тырысып, қосымша қарау жүргізу қажеттілігін болдыртпауы қажет. Бірақ кей жағдайларда қосымша қарау жүргізу ситуациялары да кездеседі: негізгі қарау кезінде жекеленген учаскелерге, объект элементтеріне карау жүргізілмеген жағдайларда.

Барлық объектілерге қарау жүргізуде жалпы процессуальдық және тактикалық талаптар қойылады.

Тергеу қарауы екі куәгердің міндетті қатысуымен жүргізіледі, ал оқиға болған жерді қарау кезінде өзге жағдайлар да болуы мүмкін.

Куәгер болып әрекет қабілеттілігі бар, іске мүдделі емес, заң талаптарын мүлтіксіз орындайтын азаматтардың болуы қажет. Олардың міндетіне тергеушінің барлық әрекеттерін, сонымен қатар, хаттаманың толтырылуын объективті бағалауы мен куәландыруы жатады. Куәгерлер мақсатты түрде тергеушінің, криминалист-маманның барлық әрекеттеріне бақылау жүргізуі керек.

Тергеуші қарау әрекетіне жәбірленушіні, сезіктіні, куәні, айыпталушыны олардың келісімімен қатыстырта алады.

Қарауға сонымен катар, тергеуші мамандарды шақыра алады.Қаралатын объектінің түріне байланысты криминалист-маман, дәрігер (медицина кызметкері), экономист, инженер, химик және т.б. шақыртылады.

Тергеу ситуациясына, қаралатын объектіге байланысты участковый, патруль, жол полиция қызметкерлері карауға қатысады.

Тергеу тәжірибесі қарауының бірнеше тактикалық нұсқауларын ұсынады:

1) қараудың кейінге қалдырылмай, дер кезінде жүргізілуі;

2) мақсатты түрде жүргізілуі, қараудың барысы мен нәтижесіне талдау жасау;

3) криминалистикалык техника талаптары мен ережелерінің сақталуы;

4) қараудың бір бастамамен жүргізілуі;

5) тергеу қарауының барлык нәтижелерін толық және объективті бекіту.
3. Қылмыстық істерді тергегенде әр түрлі объектілерді карауға тура келеді. Жеке заттарды, мәйітті және басқа да объектілерді қарау бірде дербес тергеу қарауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар оқиға болған жерді қараумен қамтылады. Егер айтылған объектілер оқиға болған жерден тыс жерде қаралса, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде саналады.

Мұндай жағдайлар, әрине сирек кездеседі, көбінесе жоғарыда айтылған объектілер оқиға болған жерде қаралады.

Оқиға болған жерді қарау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмыстық іс қозғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Көп қылмыстардың тергеуі окиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуға керекті, ете құнды дәлелдемелер жинап алуға болады. Қылмыстық оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет-қимылдарынан тұратындықтан ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.

Оқиға болған жерді қараудың тергеу әрекеті есебіндегі маңызын дұрыс ұғу үшін алдымен оның түсінігіне тоқталайық. Біріншіден, оқиға болған жер дегенге не жатады, оның ұғымын талдайық. Оқиға болған жер деген түсінікке оқиға болған жер және осы қылмыстың іздері табылған жерлер жатады. Сондықтан бұл ұғымға тек қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мұнымен қатар бұл ұғымға қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауға қолданған қару және басқа да заттай дәледдемелер тапқан жер де жатады. Ол - жеке үй, пәтер, ашық алаң, су айдыны, вагон, тағы баска да объектілер болуы мүмкін. Бір кылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін.

Айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, оқиға болған жер дегеніміз қылмыстың жасалған жері және де сол қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер.

Енді тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау деген түсінігіне талдау жасайық.

Криминалистикалық оқулыктарда бұл тергеу әрекетінің мағынасына әр түрлі түсінік, ұғым беріледі.

Оқиға болған жерді қарау дегеніміз іздерді, заттай дәлелдемелерді іздеп табуға, оларды бекітуге, алуға және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау максатымен кідіртпей жүргізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.

Осы түсінікте оқиға болған жерді қараудың міндеттері де көрсетілген. Атап айткднда, оқиға болған жерді қарау үстінде іздер, заттай дәлелдемелер белгілі криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, арнайы құрал-саймандарды пайдалану арқылы ізделіп, бекітілуі зерттелуі керек. Сонымен қатар қарау үстінде объектілердің орналасуы және жалпы жағдайы бойынша қылмыстың мән-жайы жөнінде деректі мәліметтер алу қажет, оқиға болған жерді қарауда бұл мәліметтердің маңызы зор. Оқиға болған жерді қарау тергеудің ең бастапқы кезеңінде, кылмыс болғаннан кейін іле-шала жүргізілетіндіктен, бүл тергеу әрекетін жүргізу арқылы өте құнды деректер, дәлелдемелер жинап алуға болады. Қарау мезгілінде табылған заттай дәлелдемелер, іздер арқылы қылмыстың механизмін, қылмыс жасау әдісін анықтауға, қылмысты жасауға қатынасқан адамдар жөнінде және істің басқа да мән-жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады.


жүктеу 3,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау