108
тән ортақ белгі бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманның
талап-тілектерін ескере отырып жүргізілуі керек.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды
мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет
болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны
жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен
құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар
қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі
көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны
жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық
ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы
мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға
берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде
жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу
мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық
әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде
пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен
балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты–тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту.
Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады.
Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1.
Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4.
Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7.
Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту
А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі
жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы
балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың
құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында
бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам
баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың
бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте
байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды
ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын
білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол
сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше,