Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет46/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73

114 
 
Құмсай жалпы білім беретін орта мектебі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 
  
Инклюзив–сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын 
тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті 
білім  берудің  мақсаты:Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  қалыпты 
балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне 
қарамастан  тең  құқылы  жеке  тұлға  ретінде  білім  беру  жүйесі  болып 
табылады. 
Инклюзивті  білім  беру–мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытып-
үйретудің  бір  формасы.  Бұл  арнаулы  білім  беу  жүйесінде  дәстүрлі  түрде 
қалыптасқан  және  даму  үстіндегі  формаларды  ығыстырмайды.  Нағыз 
инклюзивті  білім  берудің  2  жүйесін  жалпы  және  арнаулы  жүйелерді  бір-
біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі 
оқушыларды  бірлесіп  (интеграциялы  түрде)  оқуын  ұйымдастыру  боп 
табылады.Қазақстан  Инклюзивті  оқыту–даму  мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың  қалыпты  дамыған  балалармен  бірге  әлеуметтендіру  және 
интеграция  процестерін  жеңілдету  мақсатындағы  жеңілдетілген  оқыту 
жүйесі. 
Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –
тобында  оқиды  және  дефектолог  мұғалімнің  жүйелі  көмегін  алады), 
жартылай  (жеке  балалар  күннің  жарты  бөлігі  арнайы  топтарда,  ал  екінші 
бөлігі)  қарапайым  топтарда  өткізіледі.  Уақытша  арнайы  топтардағы  бала 
бірлескен  серуендерді,  мерекелерді,  сайыстарды,  жеке  істерді,  өткізу  үшін 
біріктіріледі.  Инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір 
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын 
қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға 
арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. 
Оқытуды күшейту құралы ретінде танымдық іс-әрекетті дамыту туралы 
құнды  пікірлер  Ф.Бэкон,  Д.Локк,  Я.А.Коменский,  Ж.Ж.Руссо,  К.Гельвеций, 
И.Г.Песталоцци,  И.Кант  және  т.б.  еңбектерінде  айтылды.  Я.А.Коменский 
«Ұлы  дидактика»  деген  еңбегінде:  «Заттың  не  құбылыстың  түп  тамырына 
жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу 
қажет»,-деп  ерекше  атап  көрсетті.  И.Г.Песталоцци  оқыту  әдісінің  жалпы 
психологиялық қайнар көзін іздеді, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге 
асыруға болады деп есептеді. Ол алғаш рет  баланың танымдық іс-әрекетіне 
әсер ететін оқытудың эвристикалық әдістемесін жасайды. Н.Г.Чернышевский 
еңбектерінде  оқу  процесінде  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетіне  арқа 
сүйеудің  маңыздылығы  туралы  көптеген  пікірлер    айтылады.  «Егер  біздің 
балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе, - деп жазды ол, - өз 
бетінше  ізденіп,  оқу  арқылы  білім  алуы  тиіс».  В.Г.Белинский  баланың 
танымдық  әлемін  кеңейтудегі  индуктивті  әдістердің  маңызына  тоқталды. 
Оқушының  танымдық  ой-өрісін  дамытуда  маңызды  оқыту  әдістемесін 
жасауда  К.Д.Ушинский  зор  үлес  қосты.  Материалдың    көлемін,  сипатын 
және оқыту әдістерін анықтауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-өрісі 


115 
 
мен қабілеттерін қатаң еске алуды, материалдың біртіндеп және тізбектеліп 
берілуін  әрдайым  сақтап  отыруды,  мазмұндауда  да,  анықтамалар  мен 
қорытындылар,  тұжырымдарды анықтап дәл айтылуын талап етті. Сондай – 
ақ  шәкірттердің  ойлай  білуін  дамытудың  және  өздігінше  білім  алуда 
маңызды  біліктері  мен  дағдыларын  меңгеру  мәселесіне  зор  маңыз  берді. 
Қазақ  мектептерінде  оқыту  мәселесін  жетілдіруде  Ы.Алтынсарин  көп  үлес 
қосты.  Ол  оқу-тәрбие  жұмысымен  тек  сабақ  уақытында  ғана    шұғылдану 
жеткіліксіз  екенін  айтып,    мұның  кластан  тыс    түрлерін  көрсетіп  берді. 
Алтынсариннің    пікірінше,  педагогикалық  жұмыстағы  ең    шешуші  нәрсе: 
мұғалімнің  ең  жақсы  оқыту  әдістерін  таба  білуінде,  балалармен  дұрыс 
сөйлесе  білуінде.  «Үлгілі  жолға  қойылған,  дұрыс  тәртібі  бар  жаңа  типті 
мектеп  оқушыларды  қызықтырып,  оларды  мәдениетке,  жұмысқа  және 
айналасын,  өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіс», - деп атап көрсетті. 
Қазақ  мектептеріне  байланысты  дидактикалық  міндеттерді  қоя  білу,  
танымдық  іс-әрекет  жолдарын  табу,тиімді  әдіс-тәсілдерді  жетілдіру 
саласында  Алтынсарин  еңбектері  маңызды  болып  табылады.  Алтынсарин 
мұғалімнің міндеттері  туралы  нұсқаулары - оларға қалай оқыту  керектігі,  
оқушылармен  болатын  байланыс,  олардың  қалай  оқу  керектігі  –  оның  өз 
заманындағы    оқыту  әдістемесін  терең  және  жан-жақты  білгенін  көрсетеді. 
Ол:  «Баланың  әрбір  еңбегі  құр  босқа  жаттауға  жұмсалмай,  мағыналы  және 
жүйелі болуы  керек»,  -  деп  жазды. Ы. Алтынсарин  шәкірттің  танымдық  іс-
әрекетінде  оқыту  әдістері  мен  тәсілдерінің  маңыздылығына  ерекше 
тоқталды:  «...  оқыту  әдістері–балалардың  жүре  келе  мектепке,  сабаққа 
кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол», - деп атап 
көрсетті.  Әсіресе,  танымдық  іс-әрекетте  мұғалімнің  басшылық  роліне  мән 
берді.  Ол:  «Мұғалім  балалармен  істес  болады,  егер  олар  бір  нәрсені 
түсінбесе,  онда  мұғалім  шәкірттерді  кінәламай,  оларға  дұрыс  түсіндіре 
алмағаны  үшін  өзін-өзі  кінәлауы  керек.  Мұғалім  балалармен  сөйлескенде 
ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп,  шұбалаңқы сөздер мен 
керексіз  терминдерді  қолданбастан,  әрбір  затты    ықыласпен  қарапайым 
тілмен түсіндіру керек», - деп  жазды. 
Ш.Құдайбердиев  білім  беруде  шәкірттің  ойлау    белсенділігін,  ақыл- 
парасатын  дамытуды  басты  бағдар  деп  таныды.  Берілетін  білім  мен  оның  
тәлімдік – тәрбиелік ғибрат жолын бөлмей бірлікте қарауға ерекше мән берді. 
Оқытудың әдіс - тәсілдеріне уақыт деңгейі тұрғысынан қарап, білім алудың  
өнегелі жолын дұрыс көрсетті. Демек,  берілетін  білім де, тәрбиелік тәлім де 
шәкірттің  шамасына    үйлеспесе,  нәтиже  шықпайтынын  дөп  баса  айтқан: 
«Оқыту  мен  үйрету  зорлау,  күштеу  емес,  баланың  дербес  ерекшелігі  мен  
бейімділігіне  қарай  жүргізілсе  дұрыс  болады»,-деп  көрсетті.Сондай-ақ, 
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, сынды қазақ педагогтары да танымдық әрекет 
туралы  құнды  пікірлер  айтты.  А.Байтұрсынов:  «Бала  білімді  тәжірибе 
арқылы  өздігінен  алуы  керек.  Мұғалім  балаға  жұмысты  әліне  қарай 
шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек», - 
деп  жазды.  М.Жұмабаев  өзінің  «Педагогика»  деген    еңбегінде:  «...Бала  


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау