Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет51/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73

124 
 
орындаған  кезде  ғана  емес,  сонымен  қатар  қуыршақтар,  декорациялар 
дайындағанда  да  көрінді.Қуыршақтардың  түр-түрін,  шымылдықтар, 
декорация  жасау  кезеңдегі  ұжымдық  жұмыстар  балалардың  ұйымшылдығы 
мен  белсенділігін  арттырды.  Балалардың  шығармашылық  қабілеттерін, 
сөйлеу  мәдениеті  мен  ой-өрісін,  дүниетанымын  жетілдіруде  театр  ойындар 
түрі тиімді нәтиже береді. 
 
 
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ 
ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ: ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ 
Жетенова А.Ж. 
Ақтөбе облысы, Алға ауданы  
А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі 
 
 
Қазіргі  уақытта  дамуында  ақаулары  бар  балалар  саны  артып  отыр. 
Оларды  оқыту  кеңейіп,  түзетіп  қолдау  технологиялары  жетілдірілуде.  Білім 
беру  жүйесінде  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  айырықша  орын 
бөлінген.  Бұл  балаларға  қатысты  біздің  алдымызда  тұрған  негізгі  міндет  – 
олардың  әлеуметтік  ақталуы  мен  бейімделуіне,  қоғамдағы  толыққанды 
өмірге  дайындалуына  жағдай  жасау  және  көмек  көрсету.  Мүмкіндігі 
шектеулі  балаларды  жалпыға  білім  беру  ортасына  қарай  бейімдеу  2002 
жылдан  басталды.  Сол  жылы  Қазақстан  ТМД  елдерінің  38  арасында  алғаш 
рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық 
тұрғыдан  қолдау»  туралы  заңды  қабылдады.  Осы  заң  аясында  жарымжан 
балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, 
әлеуметтік,  медициналық  тұрғыда  қамтамасыз  ету  қарастырылған  [1,  17]. 
Инклюзивті білім беру– мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін 
мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. 
Инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын 
жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасты  қамтамасыз  ету, 
сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай 
қалыптастыру.  Тәжірибе  көрсеткеніндей  қатаң  білім  беру  жүйесінен 
балалардың  бір  бөлігі  шығып  қалады,  өйткені  қалыптасқан  жүйе  мұндай 
балалардың  даралық  қажеттілігін  қанағаттандыра  алмайды.  Инклюзивті 
бағыт  мұндай  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір 
сүру  мүмкіншілігін  қалыптастырады  [2,  19].  Инклюзивті  білім  беруді 
ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет:  
-
Ең  алдымен,    даму    мүмкіндігі    шектелген    балалармен    жұмыс    жасай 
алатын мамандар даярлау. 
-
Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою. 
-
Білім  мекемелерін  арнайы  тұтқалармен,  парталармен,  үстелдермен және 
басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, 
пандустар,  санитарлық  бөлмелердің  арнайы  қондырғыларын  орнататын  іс-
шаралар  кешенін  бастау  қажет.  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді 
дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында 


125 
 
инклюзивті  білім  беруді  жетілдіру  мақсатында  төмендегідей  мәселелерді 
қарастырады.  Инклюзивті  білім беру  шеңберінде жалпы  және  арнайы  білім 
берудің  өзара  әрекетінің  тетігі  әзірленеді,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды 
біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді, мүгедек балаларға 
қашықтықтан  білім  беруді  ұйымдастырудың  тәртібі  әзірленеді.  Осы 
жұмыстардың  барлығы  да  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы», 
«Бала  құқықтары  туралы»,«Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және 
медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарын және 
Ережелерді  басшылыққа  алады.  Білім  берудің  бұл  түрінде  мүмкіндігі 
шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылардың тарапынан 
өзіне  қолдау  бар  екенін  сезінеді,  бұл  баланың  өзін-өзіне  бағалай  білуіне, 
қоршаған  ортасына  сүйіспеншілікпен  қарауына,  өзін  қоғамның  толыққанды 
мүшесі сезінуіне жол ашады. 
XX  ғасырдың  басында  Жүсіпбек  Аймауытов:  «Сабақ  беру  үйреншікті 
жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген. Әр ұстаз 
өзінің  өмірлік  тәжірибесінде  баланы  субъект  ретінде  оқу  ісіне  өзінше 
қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын 
жетілдіру ретінде алдына мақсат етіп қоюы керек. Осы мақсатпен оқушының 
шығармашылық қабілетін дамытуды негізгі ұстаным ретінде қолдануы тиіс. 
Ондағы  басты  мәселе:  оқушылардың  дүниетанымдарын  кеңейту  және  жеке 
қабілеттерін  көре  біліп,  оны  дамытуға  толық  мүмкіндік  туғызу,  қабілетіне 
қарай  шығармашылық  жұмыспен  шұғылдануға  машықтандыру,  бойындағы 
қасиетіне  қарай  ізденуге  жол  көрсету,  өз  жұмысының  нәтижесін  көріп,  өз-
өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік 
беру.  Бүгінгі  күнде  қоғам  қойып  отырған  талаптардың  бірі,  міне,  осы 
шығармашылық  адамын  тәрбиелеу.  Ендеше,  осындай  шығармашылыққа 
баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. 
 
Оқушының  шығармашылық  әрекетінің  негізгі  сипатамаларын  және 
оларға  сәйкес  қалыптасатын  қабілеттіліктерін  Ю.Г.Юдина  мына  түрде 
қарастырады: 
1.
Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі:  
оқушылардың  ғылыми-практикалық  конференциясы  жыл  соңындағы 
шығармашылық  емтихан,  жылдық  мектептік  көрмеге  қорытынды  жұмыс 
тапсыру, т.б. 
2.
Оқушының   шығармашылық   іс-әрекетінің   пайда   болуының  жан- 
жақтылығы: жаңа ситуацияға байланысты білім, икемділіктерін қолдана білу, 
таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің баламасын 
таба  білу,  мәселенің  белгілі  шешіміне  қоса  шешімнің  жаңа,  тың  әдістерін 
таба білу. 
3.
Сыныптағы  ерекше  эмоционалдық  шығармашылық атмосфера және  
оқушының  қызығушылығы,  белгілі  эмоция,  сезімдердің  барлығы 
оқушылардың  шығармашылық  әрекетінің  шарты  ретінде  эмоциялық 
шығармашылық  атмосферасы  болып  есептеледі.  Кейбір  оқушылар  үшін 
эмоциялық  қызығушылық  белгілі-бір  пәнді  меңгеруге  деген  негіз  болып 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау