96
ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ
Сарсекенова А.Б.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Атырау облысы бойынша ПҚБАИ
Тасимова А.С.
Атырау қаласы, Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп мұғалімі
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған
мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның,
отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру. Осы жаһандық
мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: ерекше білім беруге
қажеттілігі бар балаларға білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның
ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу
және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына
қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын
белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік
мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған
тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру – негізінде
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық
адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру
идеологиясы жатыр. Инклюзивті бағыт балаларды жетістікке жетуге ықпал
етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Балалардың тең
құқығын анықтайды және барлық іс-әрекеттерге қатысуға, адамдармен
қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Ерекше
білім беруге қажеттілігі бар білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек
көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді,
жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері бар
балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық
мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін де
ескерген жөн. Ал, бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте балаға
психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет.
Баланың мектептегі қиындықтарының себептері баланың анасымен және
басқа жақын туыстарымен тілдесудегі ауытқуы болып табылады. Көптеген
ата-аналар орталық жүйке жүйесі іс-әрекетінің жеткіліксіз болған өз
баласының даму ерекшелігін сезінбейді, оған көмектесуге ұмтылмайды.
Қимыл-қозғалыс тежелуі, шектен тыс әлсіздік, басқа да белгілер жақын
адамдардың теріс көзқарасына алып келеді. Үйде мұндай балалармен әдетте
формалды-императивті түрде тілдеседі (айғайлау, бұйрық беру, жазалау)
немесе проблеманы шешуден қашады.
Әдетте ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар бейтаныс адамға
қауіппен қарайды. Ол адамның жанында балалар өздерін қысыңқы және
қобалжулы ұстайды. Ондай балалар жаңа әлеуметтік ортамен танысуға
ешқандай құлшыныс білдірмейді. Осылайша, төмен таным белсенділігі,