91
жаңа
түзету
педагогикалық
технологияларын
(А.Т.Баймуратова,
В.В.Воронкова, А.М.Змушко, Л.Р.Муминова, Л.И.Солнцева және т.б.) және
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды интеграциялау мақсатымен құрастырылған
жалпы білім беру кешендерін (Н.Н.Малофеев, Л.М.Шипицина, Т.В.Егорова,
Е.В.Резникова, Н.В.Щевцова, М.Л.Баранова және т.б.).
Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру нормативтері Стандарт
негізінде құрастырылған арнайы жалпыға білім беру мектептерінің Типтік
оқу жоспарларында құрастырылған. Оқу жоспарлары мектептерде оқыту мен
білімдерді меңгеру процестерін байланыстырады. Арнайы жалпыға білім
беру мектептерінің Типтік оқу жоспарлары келесі міндеттерді шешеді:
-
Стандарт талаптарының деңгейінде мүмкіндігі шектеулі балалардың білімін
дамыту, ал интеллект бұзылыстары бар оқушыларға, мүмкіндіктері мен
қажеттіліктеріне сай білім беру;
-
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің даму бұзылыстарын түзету немесе
орнын толықтыру;
-
білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне
сай дамуға жағдай жасау;
-
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің физикалық, психикалық және
әлеуметтік денсаулығын сақтау және шынықтыру.
-
Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің Типтік оқу жоспарларының
құрылымына, мүмкіндігі шектеулі балалардың даму бұзылыстарын жою,
алдын алу үшін, «түзету компоненті» енгізілген.
«Түзету компоненті»–арнайы жалпыға білім беру мектептерінің оқу
жоспарларының ерекше бөлігі. Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің
Типтік оқу жоспарларына, білім алушылардың даму бұзылыстарының
ерекшеліктеріне сай, түрлі «түзету компоненттері» қосылады.
Даму бұзылыстары бар оқушылардың психикалық іс-әрекетінің даму
ерекшеліктері
оқу
жоспарларын
модификациялауды,
ерекше
бағдарламаларды пайдалануды, оқу материалдарының көлемі мен оны өту
жылдамдығын өзгертуді талап етеді.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру
ұйымына қосу мүмкіндіктері (түрлері) білім беру жүйесінің қолданыстағы
нормативтік құжаттарымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген жалпы білім беру
ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік
қағидаларының 18-тармағында белгіленген: «Ата-аналардың немесе өзге де
заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару
органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі
шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір
сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс)
немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген
толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар
ашылуы мүмкiн. Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі
шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы
92
педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед)
жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі
балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады» [1]. Білім
бағдарламаларын бейімдеу жұмыс жалпыға білім беру мектебінің әкімшілігі
мен педагогтарының инновациялық іс-әрекеті болып қарастырылады.
Сонымен қатар, жаңашылдығы мен күрделігіне қарамастан, бұл жұмыс
барлық білім алушылардың құқықтарын теңестіреді. Жалпыға білім беру
мектептерінің мұғалімдері даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру
мазмұнын білулері тиіс, сондықтан арнайы жалпыға білім беру мектептерінің
«түзету компоненттеріне» жатқызылатын пәндерді қарастыру керек.
Типтік оқу жоспарын бейімдеу үшін мұғалім дайындық жұмысын
жүргізу керек.
Мақсатқа жету үшін инклюзивті мектептің мұғалімі келесі міндеттерді
шешуі керек:
1.Инклюзивті сыныптың барлық оқушылары білім беру бағдарламасын
меңгеруі үшін жағдайлар жасау;
-
білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай замануи
технологияларды, әдістерді, тәсілдерді, оқу жұмыстарын ұйымдастыру
түрлерін қолдану;
-
мүмкіндігі шектеулі балаға қажетті оқу материалын бейімдеу;
-
түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті оқу және
дидактикалық материалдарды бейімдеу немесе құрастыру.
2.Мектеп қоғамына, құрдастары тобында мүмкіндігі шектеулі баланың
бейімделуіне жағдай жасау:
-
интерактивті тәсілдер көмегімен сабақтар, сыныптан тыс сабақтар мен іс-
шаралар ұйымдастыру;
-
әр баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, өзін-өзі таныту
қажеттілігін іске асыруға, мектептің, сыныптың өміріне қатыстыруға
бағытталған жұмыс жүргізу;
-
балалардың оқу жетістіктерін, оқу және сыныптан тыс іс-әрекет нәтижелерін
адекватты бағалау тәсілдерін қолдану.
Инклюзивті білімнің сегіз қағидаты
-
Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес;
-
әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті;
-
әрбір адам қарым-қатынас жасауға және пікірін айтуға құқылы;
-
барлық адам бір – біріне қажет;
-
түбегейлі білім шынайы өзара қарым – қатынас негізінде жүзеге асады;
-
барлық адам бір – бірінің қолдауына, құрдастарының достығына мұқтаж;
-
әр алуандылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Оқуға жалпы қабілеттерін дамыту және дамуындағы жеке кемшіліктерді
жеңу.
Достарыңызбен бөлісу: |