Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе


Мықтылық дәрежесiне байланысты



жүктеу 409,82 Kb.
бет12/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
МЖСТТ

Мықтылық дәрежесiне байланысты суармалы жүйелер тұрақты, жартылай тұрақты және жылжымалы болуы мүмкін.
Тұрақты жүйелерде барлық элементтер (суармалы тiзбек, суару техникасы және басқалара) тұрақты арынға ие болады.
Жартылай тұрақты жүйелерде суару үрдісiнде суару техникасы танаптарда ауысып отырады, ал жүйелердiң қалған элементтерi тұрақты арынға ие болады.
Жылжымалы жүйелерде барлық элементтер (сорап бекеті, жиналмалы суармалы тiзбек, суару техникасы) суару үрдісiнде бiр позициядан екiншi позицияға ауысып отырады.
Су айналу принципi бойынша суармалы жүйелер су айналмайтын және су айналатын болып бөлінедi.
Су айналмайтын жүйелер барлық сарқынды суларды тастайтын және коллекторлы-кәріздi сулары толығымен су қабылдағышқа тасталады.
Су айналатын (рециркуляция) жүйелерде барлық тасталатын сарқынды сулар тоғандарда шоғырланады (құйылатын кiшiгiрiм су қоймалары). Бұл сулар сорап бекеті (қондырғысы) арқылы арынды құбырлармен суармалы тiзбекке қайта берiледi. Кейбiр жағдайларда тиiстi дәлелдеулерiне байланысты кәріздi-коллекторлы судың бiр бөлігі де суармалы тiзбекке қайта берiледi (әлсiз минерализацияланған немесе таза сумен араластырғанда құмшауыт топырақтарда). Бұндай жүйелер жоғары су пайдалану коэффициентi қамтамасыз етедi.
Қызмет жасайтын ауданына және пайдаланудың күрделілiгiне байланысты суармалы жүйелер бес топқа бөлінедi. Қызмет жасайтын аудан үшін жүйелердiң келтiрiлген ауданы қабылданады.
Бiрiншi топ - суармалы жерiнiң келтiрiлген ауданы 90 мың га көбірек; екiншi - 60-90; үшіншi - 30-60; төртінші - 15-20; бесiншi - 15 мың га дейiнгi жүйелер.
Жүйелердiң келтiрiлген ауданы түзету коэффициенттерiнен баламаларының көмегі арқылы есептелiнедi. Жүйелі түрде суарылатын суармалы жүйелердiң 1000 га келтiрiлген ауданына: 625 га машинамен суарылатын (түзету коэффициентi 1,6); 667 га күріш ауыспалы егiсi (түзету коэффициентi 1,5); 2000 га көлтабан датып суарылатын; 10000 га каналдар және құбырлар арқылы суландырылатын және т.б. аудандар қабылданады.
Техникалық жағдайының деңгейiне байланысты суармалы жүйелердi төрт разрядқа бөледі:
бiрiншi - техникалық жағдайының деңгейi жақсы жүйелер. Бұндай жүйелер техникалық құралдардың барлығымен толық жинақталған. Олар барлық элементтердiң қажеттi сенiмдiлiгi (берiктiгi) бар және оларға жүктелген функцияларды берiлген шегiне жететiн дәлдікпенен орындалуын қамтамасыз етедi. Бұндай жүйелер қайта құруды керек етпейдi;
екiншi - суармалы жүйелердiң техникалық жағдайының деңгейi қанағаттанарлық, яғни, жүйенiң негiзгi қорының бағасының балансынан 25(-ға дейiн бағаға аздап қайта құруды қажет етедi;
үшіншi - техникалық жағдайының деңгейi қанағаттанарсыз жүйелер. Бұндай жүйелер жете басқарылмайды. Олар жүйенiң негiзгi қорының бағасының балансынан 25-50%-ға дейiн бағаға қайта құруды қажет етедi;
төртінші - техникалық жағдайының деңгейi қанағаттандырмайтын жүйелер. Бұндай жүйелерде жүйенiң негiзнгi қорының бағасының балансынан 50%-ден көбірек бағаға кешендi қайта құруды қажет етедi.
Қайта құрудан және жетiлдiруден кейiн жүйелердiң разрядтары көтеріледі, жүйелердi пайдалану және олардың тиiмдiлiгi жақсарады. Жүйелердiң техникалық жағдайы 2-шi тарауда қарастырылған көрсеткіштердiң көмегімен бағаланады.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау