8 сыныптағы сабақ жоспары + презентация. Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың квадраттық функцияның дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін салудағы білімдерін бекіту және өз беттерімен ізденуге, қорытындылай білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушыларды ойлауға, шешім қабылдауға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды өз өмірі мен әрекетіне жаупкершілікпен қарауға және қойған мақсатына жетуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, компьютер, проектор, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация).
Сабақтың барысы:
I. Үйымдастыру кезені. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.
II. Теориялық материалды қайталау.Презентация.( 3-15слайдтар)
1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды?
2.Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?
у=5х2-6 4) у=4х2
2) у=7х-1 5) у=x3+x+1
3) у=-3х2+х+7 6) у=-9х2+4х
3. y=ax2 y= ax2+n y= a(x-m)2
функциялардағы а коэффициенті нені білдіреді?
4. y= ax2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?
5. y= a(x-m)2 функциясының графигін қалай салуға болады?
6. y= a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?
III. Ауызша есептер шығару( 16-19 слайдтар)
Сурет бойынша формуламен берілген функция мен графиктің сәйкестігін табу.
Квадраттық функция келесі формуламен берілген. Парабола төбесін анықтаңдар.
y = x2 -6
y = (x-5)2
y = (x-7)2 +4
y = (x+3)2 -1
3. y= 0,5(x-1)2+4 функциясының графигін y=0,5x2 функциясының графигінен қалай алуға болады?
IV. Үйге берілген шығармашылық тапсырманы тексеру( Geonext және MS Power Point программаларын қолданып, өздері слайдтар дайындаған
2 оқушы тақтаға шығып түсіндіреді) ( 20-24 слайдтар).
V. Практикалық жұмыс.( 25 слайд ) Екі оқушы тақтада орындайды.
1. y=x2 үлгісінің көмегімен :
а) y=-x2-2 ә) y=-(х+1)2 – 3 б) y=|-х2 +3| графиктерін салыңдар.
2. Салуды орындамай-ақ, функцияның графигінің х осімен және у осіменен қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар:
а) y=х2+2х ә) y=х2 +2х-8
VI. Тест ( 26-27 слайд)
1.Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?
А) 2х+3
В) х3 – х -7
С) х2-19х
Д) 3х2 -9х -1
2. х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер:
А)(х-1)(х-8)
В) (х+1)(х –9)
С) (х+1)(х+8)
Д )жіктеуге болмайды.
3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі қандай түске боялған?
А) қызыл
В) көк
С) жасыл
Д) басқа
4. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға
В) Ох осі бойымен 5 бірлік солға
С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен
Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.
5. y=3x2+4х-7 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінін абсциссаларын анықта:
А)1;-7/3
В) 1;7/3
С) 2;4
Д)8;1
VII. Оқушылар жұмыстарын өздері дайын жауаптармен тексереді.
VIII. Қорытыңды.
IX. Үйге деңгейлік тапсырма .№ 253, №257, №262 ( 28 слайд)
Достарыңызбен бөлісу: |