Тақырыбы: физиологиялық қызметтердің гормоналды реттелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері, жіктелуі. Апуд жүйесі туралы түсінік, гистогормондар



жүктеу 1,08 Mb.
бет1/3
Дата23.11.2023
өлшемі1,08 Mb.
#44431
  1   2   3
ЖВС-2022 каз (2)

Тақырыбы: физиологиялық қызметтердің гормоналды реттелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері, жіктелуі. АПУД жүйесі туралы түсінік, гистогормондар.

  • Дәрісті құрастырған
  • ҚазҰМУ қалыпты физиология кафедрасының
  • Доценті Рослякова Е.М.
  • Аударған кафедра дәріскері Шайхынбекова Р.М.

Жоспары:

  • Жоспары:
  • Ішкі сөлініс бездерінің ерекшеліктері.
  • Гормондардың жалпы қасиеттері.
  • Гормондардың әсер ету типтері.
  • Гормондардың жіктелуі.
  • Гормондардың әсер ету жолдары.
  • АПУД-жүйесі туралы түсінік, гистогормондар

ІСБ бұл -

  • бұл шығару өзегі жоқ, сөлдерін тек ағзаның ішкі ортасына (қанға немесе лимфаға) бөлетін көлемі өте кішкентай бездер.
  • Ішкі сөлініс бездерінен басқа, гормонға ұқсас заттарды (АПУД, энтериндік жүйелер), биологиялық белсенді заттарды (ББЗ - эндорфиндер, энкефалиндер, парагормондар және т.б.) бөліп шығаратын бездер бар.
  • Олардың шығару өзегі жоқ, сөлдерін (гормондарын) тікелей қанға бөледі.
  • Көлемі кішкентай.
  • Қантамырлармен және жүйке талшықтарымен жақсы торланған.
  • Гормондардың жалпы физиологиялық қасиеттері
  • Биологиялық белсенділігі өте жоғары.
  • Қашықтан әсер ету.
  • Әсері тез және қысқа.
  • Олар тез бұзылады және ағзада жинақталмайды.
  • Олар қызметіне ғана емес, құрылымдарға да әсер етеді (акромегалия).
  • Арнайы түрлік ерекшелігі болады (табиғаты белоктық гормондар).
  • Ферментативті белсенділігі жоқ.
  • Гормондардың жалпы физиологиялық қасиеттері
  • 8. Жасушадан тыс әрекет етпейді
  • 9. Нысана жасушаларына ғана әсер етеді
  • 10. Ағзаға рефлекторлық әсер ете алады
  • 11. Жүйке орталықтарының қозғыштығын өзгерте отырып, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
  • 12. Шартты рефлекстік маңызы болады.
  • Гормондардың әсер ету типтері
  • Метаболиттік әсері – зат алмасуды өзгертеді
  • Морфо-генетикалық – пластикалық процестерді, саралауды, өсуді реттейді.
  • Кинетикалық – мүшелердің белгілі бір қызметінің жылдамдығына әсер етеді.
  • Түзету – мүшелер қызметтерінің қарқындылығын өзгере алады.
  • реактогендік (пермиссивтік) – гормондардың нысана жасушаларына, басқа гормондар мен медиаторларға сезімталдығының өзгеруімен сипатталатын әсері.
  • Гормондардың метаболиттік әсері - тіндердегі зат алмасу өзгерістерін тудырады. Бұл үш негізгі гормондық әсерге байланысты болады
  • Гормондар жасуша мен органоидтарының мембраналары өткізгіштігін өзгертеді, бұл субстраттардың, ферменттердің, иондардың және метаболиттердің мембраналық тасымалдану жағдайларын өзгертезі, сәйкесінше метаболизмнің барлық түрлерін өзгертеді.
  • Гормондар жасушадағы ферменттердің белсенділігін өзгертеді, нәтижесінде жасуша құрылымы мен конфигурациясы да өзгереді, Бұл жасушаның кофакторлармен байланысын жеңілдетеді, фермент молекулаларының ыдырау қарқындылығын төмендетеді немесе арттырады, проферменттерінің белсенділігін ынталандырады немесе тежейді.
  • Гормондар нуклеин қышқылдары мен ақуыз синтезі процестеріне тікелей араласып, жасуша ядросының генетикалық аппаратына әсер ету арқылы олардың түзілуін қоздыратын немесе басатын ферменттерді өндіруін өзгертеді және жанама түрде осы процестерді энергетикалық және субстрат - ферменттік қамтамасыз ету арқылы өзгереді. Гормондар тудыратын метаболиттік өзгерістер жасуша, тін немесе мүшелер қызметтерінің өзгеруіне алып келеді.
  • Гормондардың морфогенетикалық әсері
  • Гормондардың құрылымдық элементтердің қалыптасу, ажыратылу және өсу үдерістеріне әсері.
  • Бұл процестер жасушаның генетикалық аппараты мен зат алмасуының өзгеруіне байланысты жүзеге асырылады.
  • Мысалы:
  • Соматотропиннің ағзаның және ішкі мүшелердің өсуіне әсер етуі,
  • жыныс гормондарының екіншілік жыныс белгілерінің дамуына әсер етуі.
  • Гормондардың кинетикалық әсері
  • Гормондар белгілі бір қызметтерді жүзеге асыра отырып, эффектордың қызметіне әсер ете алуы.
  • Мысалы:
  • окситоцин жатыр бұлшықеттерінің жиырылуын тудырады,
  • адреналин бауырдағы гликогеннің ыдырауын және қанға глюкозаның шығуын тудырады,
  • вазопрессин нефронның жинағыш түтікшелеріндегі судың кері сіңуін қамтамасыз етеді.
  • Гормондардың түзетуші әсері
  • Гормон бөлінбесе де мүшелер қызметін немесе үдерістердің өзгеруін қамтамасыз етуі.
  • Мысалы:
  • адреналиннің жүрек соғу жиілігіне әсері,
  • тироксинмен тотығу үдерістерін белсендіруі,
  • альдостеронның әсерінен бүйректегі калий иондарының кері сіңуінің төмендеуі.
  • Түзету әсерінің бір түрі гормондардың қалыпқа келтіретін әсері болып табылады, олардың әсері өзгерген немесе тіпті бұзылған үдерісті қалпына келтіруге бағытталған.
  • Мысалы:
  • ақуыз алмасуының анаболиттік үдерістері басым болса глюкокортикоидтар катаболиттік әсер етеді, бірақ егер бастапқыда ақуыздардың ыдырауы басым болса, глюкокортикоидтар олардың синтезін ынталандырады.
  • Гормондардың реактогендік әсері
  • Гормон тіннің қызметіне сол гормонның, басқа гормондардың немесе жүйке импульстары медиаторларының әсерін өзгере алу қабілеті.
  • Мысалы:
  • кальцийді реттейтін гормондар нефронның дистальды бөлігінің вазопрессин әсеріне сезімталдығын төмендетеді,
  • фолликулин прогестеронның жатырдың шырышты қабығына әсерін күшейтеді,
  • Қалқанша безінің гормондары катехоламиндердің әсерін күшейтеді.
  • Гормондардың реактогендік әсер етуі
  • Гормондардың реактогендік әрекетінің әртүрлілігі – пермиссивтік әсер етуі, яғни бір гормонның басқа гормонның әсерін жүзеге асыруға мүмкіндік беру қабілетуі.
  • Мысалы:
  • глюкокортикоидтар катехоламиндерге пермиссивтік әсер етеді, яғни. кортизолдың аз мөлшері адреналиннің әсерін күшейтеді,
  • инсулин соматотропинге (өсу гормонына) пермиссивтік әсер етеді және т.б.
  • Гормоналды реттеудің ерекшелігі - гормондар реактогендік әсерді рецепторлардың концентрациясы жоғары болатын нысана тіндерде ғана емес, сонымен қатар гормонның жалғыз рецепторлары бар басқа тіндер мен мүшелерде де жүзеге асыра алады.
  • Гормондардың жіктелуі
  • Химиялық құрылымы бойынша:
  • Стероидтық (бүйрек үсті безі мен жыныс гормондары).
  • Аминқышқылдарының туындылары (қалқанша және бүйрек үсті безінің гормондары)
  • Ақуыз-пептидтік (гипофиз, қалқанша маңы және ұйқы безі гормондары)
  • Әрекетінің бағыты бойынша:
  • Анаболиттік – заттардың түзілуін және олардың сақталуын ынталандырады (СТГ, инсулин).
  • Катаболиттік – заталмасуды, өндіру және энергия шығынын арттырады (тироксин).
  • Гормондардың жіктелуі
  • Қызметтері бойынша:
  • Эффектор – бұл нысана жасушаларға тікелей әсер ететін гормондар.
  • Троптық гормондар – эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуі (аденогипофиз гормондары).
  • Релизинг факторлары (статиндер, либериндер)– гипоталамустың жүйке жасушалары бөліп шығарады, аденогипофиздің троптық гормондарының түзілуі мен шығарылуын реттейді

Гормондардың әсер ету жолдары

  • 1. Тікелей.
  • Гормон ағзада арнайы рецепторлары бар мүшелер мен тіндерге әсер етеді. Рецепторлар – белгілі бір гормонмен байланысатын изоморфты құрылымды ақуыз.

Гормондардың әсер ету жолдары

  • Рецептор болуы мүмкін:
  • А. Мембрана бетінде
  • В. Жасуша ішінде

Гормондардың әсер ету жолдары

  • Мембрана бетіндегі рецептор.
  • Жасушаға енбейтін гормондар (ақуыздар мен полипептидтер) рецептормен өзара байланысады,
  • Олар мембранаға адсорбцияланады
  • Аденилатциклаза ферментінің көмегімен АТФ-тан циклдық АМФ түзілуін ынталандырады,
  • Циклдық АМФ өз кезегінде жасуша ішіндегі ферментативтік жүйені ынталандырады
  • Мембрана бетіндегі рецептор.

Гормондардың әсер ету жолдары

  • Рецепторлар жасуша ішінде орналасады
  • Гормондар цитоплазма рецепторларымен «рецептор+гормон» кешенін құрайды
  • Содан кейін олар жасуша ядросына тасымалданады, онда олар өздерінің негізгі әсерін көрсетеді
  • Жасуша ядросында олар ДНҚ-ны да, РНҚ-ны да белсендіреді, нәтижесінде ақуыз синтезі индукциясы пайда болады.
  • Мембрананың ішкі бетінен рецептор.

Гормондардың әсер ету жолдары

  • 2. Рефлектік әсер ету жолы - гормондардың қантамырлардың химорецепторларын тітіркендіру арқылы әсері (барлық ірі қантамырлар мен мүшелердің бифуркацияларында орналасқан тамырлы рефлексогендік аймақтар).

Гормондардың әсер ету жолдары

  • 3. Орталығы арқылы әсер ету жолы - гормондардың бір мүшенің қызметіне оның орталық жүйке жүйесіндегі орталығы арқылы әсер етуі.
  • Мысалы: Адреналин жүрекке тікелей әсер еткенде ЖЖЖ артады, орталығы арқылы (сопақша мидаға) әсер еткенде ЖЖЖ төмендетеді (Гейманс тәжірибесі)

Гормондардың әсер ету жолдары

  • 4. Шартты рефлекстік әсет ету жолы – шартты рефлекстердің қалыптасуы кезінде гормондардың әсер етуі. Ми қыртысында шартты және шартсыз тітіркендіргіштер орталықтары арасында шартты - рефлекторлық байланыс пайда болады.

жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау