KZ
6th Sense Fresh Control функциясы
Құрылғының ішіндегі температура мен ылғалдылыққа
қатысты оңтайлы сақтау жағдайларына жылдам қол жеткізу
үшін пайдалануға болады. Ол дұрыс жұмыс істеуі үшін,
желдеткіш қосулы болуы керек.
Eco night функциясы
Eco night функциясы құрылғының қуат тұтыну деңгейін электр тарифі (әдетте, түнгі) ең арзан болған кездегі сағаттарда іске қосады (электр қуаты тегін болған кезде және күндізгі
уақытпен салыстырғанда арзанырақ болғанда (күн уақыты негізінде бірнеше тарифтік жүйені пайдаланатын елдерде ғана; электр қуатының тарифін жергілікті электр қуатымен
қамтамасыз ету компаниясы арқылы тексеріңіз)). Бұл функцияны іске қосу үшін, Eco night түймесін арзан тарифтің басталу уақытында басыңыз (арнайы тарифтер жоспарына
байланысты). Мысалы, арзан тариф кешкі сағат 8-де басталса, осы түймені сол уақытта басыңыз. Eco night жарық диоды ҚОСУЛЫ болған кезде, осы функция белсенді болады. Бұл
функция іске қосылған кезде, құрылғы қуаттың тұтынылу мөлшерін таңдалған уақытқа сәйкес автоматты түрде бейімдейді, яғни, түнге қарағанда, күндіз азырақ қуат тұтынады.
МАҢЫЗДЫ: Бұл функция дұрыс жұмыс істеуі үшін, ол күндіз-түні қосулы болуы керек.
Бұл функция әдейі ажыратылғанға дейін жұмыс істеп тұра береді (немесе ол ұйқы режиміне кеткен соң немесе құрылғы өшірілген соң өшеді). Функцияны өшіру үшін, түймешігін
қайта басыңыз. Eco night жарық диоды ӨШІРУЛІ болған кезде, бұл функция жұмыс істемейді.
Ескертпе: Мәлімделген құрылғыдағы қуаттың тұтынылу мөлшері Eco Night функциясының өшірілгендегі жұмысына қатысты.
400010812812
Ит
ал
яд
а
ба
сы
лд
ы
06
/1
5
- W
hi
rlp
oo
l®
–
W
hi
rlp
oo
l к
ом
па
ни
яс
ын
ың
А
ҚШ
-т
а
тір
ке
лг
ен
с
ау
да
б
ел
гіс
і
Stop Alarm (Дабылды тоқтату)
Дыбысты сигналдарды өшіру үшін, "Stop Alarm" (Дабылды
тоқтату)түймесін басыңыз.
On/Standby
Құрылғыны өшіру үшін 5 секунд басып
тұрыңыз. Күту режимінде болған кезде,
дисплейде ешбір белгіше жанбайды және
тоңазытқыш бөліміндегі шам жанбайды.
Өнімді қайта іске қосу үшін, осы түймені
басып қалсаңыз болғаны.
Ескертпе: бұл әрекет құрылғыны қуыт
көзінен ажыратпайды.
Жылдам мұздату
Қатырғыш бөліміне үлкен мөлшердегі
тамақты қою алдында 24 сағат бұрын
"Freezer" (Қатырғыш) түймесін 3 секунд
басыңыз. Бұл функция іске қосулы болған
кезде, дисплейде суретте көрсетілген рет
пайда болады. Бұл функция 48 сағат ішінде
автоматты түрде ажыратылады немесе
оны "Freezer" (Қатырғыш) түймесін қайта
басу арқылы қолмен ажыратуға болады.
Ескертпе: Жас тағамды бұрыннан қатып
тұрған тағамға тікелей тигізіп қоймаңыз.
ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ
Келесі жағдайларда не істеу керек...
Мүмкін себептері:
Шешімдері:
Басқару панелі өшірулі, құрылғы жұмыс істемейді.
Құрылғы Қосулы/Күту режимінде тұрған болуы мүмкін.
Құрылғыны қуатпен қамтамасыз етуде мәселе бар болуы мүмкін.
Құрылғыны On/Standby (Қосулы/Күту режимі) түймесімен іске қосыңыз.
Келесілерді тексеріңіз:
- қуат іркілісінің жоқтығын
- айыр электр розеткасына дұрыс енгізілгенін және желілік розетканың екі полюсты қосқышының (бар болса)
дұрыс позицияда тұрғанын (яғни, құрылғыға қуат алуға мүмкіндік беретінін)
- тұрмыстық электр жүйесін қорғау құралдары жұмыс істейтінін
- қуат кабелі бұзылмаған.
Ішкі шам жұмыс істемейді.
Шамды ауыстыру қажет болуы мүмкін.
Құрылғы Қосулы/Күту режимінде тұрған болуы мүмкін.
Шамы бар үлгілер: құрылғыны электр көзінен ажыратыңыз, шамды тексеріңіз және қажет болса оны жаңасымен
ауыстырыңыз ("Шамды немесе жарық диодын ауыстыру" бөлімін қараңыз).
ЖД шамдары бар үлгілер: өкілетті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Құрылғыны On/Standby (Қосулы/Күту режимі) түймесімен іске қосыңыз.
Бөлімдердің ішіндегі температураның төмендігі жеткіліксіз.
Мұның себептері әртүрлі болуы мүмкін ("Шешімдер" бөлімін қараңыз).
Келесілерді тексеріңіз:
- есіктердің дұрыс жабылғанын
- құрылғы жылу көзінің жанына орнатылмаған
- орнатылған температура сәйкес
- құрылғы астындағы желдету саңылаулары арқылы жасалатын ауа циркуляциясы бөгелмегенін.
Тоңазытқыш бөлімінің астында су жиналды.
Ерітілген судың науасы бөгелген.
Еріген суды ағызу саңылауын тазартыңыз ("Құрылғыға техникалық қызмет көрсету және тазалау" бөлімін қараңыз).
Есік таянышының тығыздауышындағы құрылғының алдыңғы шеті ыстық.
Бұл ақаулық емес. Бұл конденсаттың түзілуін болдырмайды.
Жөндеу қажет емес.
Қызыл шам
жыпылықтайды және дыбысты сигнал шығады.
Ашық есік дабылы
Есік ұзақ уақыт бойы ашық қалған кезде іске қосылады.
Дыбысты сигналды өшіру үшін өнімнің есіктерін жабыңыз.
Егер дыбысты сигнал өшпесе, онда бұл – қуат ақаулығының дабылы (Қуат ақаулығы дабылы бөлімін қараңыз).
Қызыл шам
жанады, сигнал дыбысы шығады және тоңазытқыш бөлімінің
температурасы суретте көрсетілгендей жыпылықтайды:
Ақаулық дабылы
Дабыл техникалық құрамдастағы ақаулықты көрсетеді.
Өкілетті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Дыбысты сигналдарды өшіру үшін, "Stop Alarm" (Дабылды
тоқтату)түймесін басыңыз.
Қызыл шам жыпылықтайды
және сигнал дыбысы есік жабық тұрса да
естіледі. Қатырғыш бөлімінің температурасы индикаторлары жыпылықтайды.
Өшірілу дабылы
Қатырғыш бөлімі температурасын көтеретіндей қуат ұзақ уақытқа ажыраған кезде іске
қосылады.
Дыбысты сигналдарды өшіру үшін, дабылды тоқтату түймесін басыңыз. Егер мұздатқыш бөлімі тағамды сақтауға
арналған оңтайлы температураға әлі жетпеген болса, қатырғыш бөлімі температурасына арналған дабыл іске қосылуы
мүмкін (қатырғыш бөлімінің температурасына арналған дабыл бөлімін қараңыз). Тамақты пайдаланбас бұрын тексеріңіз.
Қызыл шам жанады (жыпылықтамайды) , сигнал дыбысы шығады және
қатырғыш бөлімінің температурасы индикаторлары жыпылықтайды.
Мұздатқыш бөлімінің температурасына арналған дабыл
Температура дабылы бөлімнің оңтайлы температурада емес екендігін көрсетеді. Бұл мынадай
жағдайларда болады: ол бірінші рет қолданылғанда, ерітуден және/немесе тазалаудан кейін,
қатырғышқа үлкен тамақ мөлшерлері қойылса немесе қатырғыш есігі дұрыс жабылмаса.
Дыбысты сигналдарды өшіру үшін, дабылды тоқтату түймесін басыңыз. Оңтайлы температура шарттарына қол
жеткізілген кезде, қызыл белгіше автоматты түрде өшеді. Егер температура дабылы кетпесе, өкілетті қызмет
орталығымен хабарласыңыз.
Мұздатқыш бөлімінің температурасы
"Freezer" (Тоңазытқыш) түймесін басу арқылы басқа
температураны орнатуға болады.
Бес реттеу орындауға болады,
Тоңазытқыш бөлімінің температурасы
"Fridge" (Тоңазыту) түймесін басу арқылы басқа
температураны орнатуға болады.
Бес реттеу орындауға болады,
Желдеткіш (жабдықталса)
Желдеткіш зауыттан ҚОСУЛЫ күйіне
орнатулы болады.
Корпустағы түймешікті (суретте
көрсетілгендей) басу арқылы
желдеткішті өшіруге болады. Егер бөлме температурасы
27°C-тан асқанда немесе шыны текшелерде су тамшылары
қалыптасса, тамақты дұрыс сақтауға кепілдік беру үшін
желдеткішті қосу керек. Желдеткішті өшіру қуаттың
тұтынылуын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Тоңазытқыш бөлімі
A. Желдеткіш және бактерияға қарсы иісті
болдырмайтын сүзгі (үлгіге байланысты)
B. Шам немесе жарық диодты шамдар (үлгіге
байланысты)
C. Сөрелер
D. ЖД шамдары (үлгіге байланысты)
E. Арнайы бөлім жапқышы ("Ет және балық"
немесе "Нөлдік градустар") (егер болса)
F. Арнайы бөлім ("Ет және балық" немесе "Нөлдік
градустар") (егер болса)
G. Мұздатқыш жапқышы
H. Мұздатқыш(тар)
I. Техникалық паспорт (мұздатқыштың жанында
орналасқан)
L. Басқару панелі
P. Сүт өнімдері бөлімі
Q. Есік науалары
R. Бөтелке ұстағышы (егер берілсе)
S. Бөтелке текшесі
Салқындығы төмен аймақ
Аралық аймақ
Аса суық аймақ
Жеміс/көкөніс аймағы
Мұздатқыш бөлімі
M. Жоғарғы тартпа немесе есік (қатыру аймағы)
N. Ортаңғы және түпкі тартпалар (қатқан және
қатты қатырылған тамақты сақтау аймағы)
O. Мұз кубигінің науасы (қамтамасыз етілген
жағдайда)
Ескертпе: Барлық сөрелер, есік науалары мен
текшелерді алып тастауға болады.
Тағамдарды сақтаудың оңтайлы
температуралары - алдын ала зауытта
орнатылған мәндер.
Сонымен қатар, құрылғыны пайдаланбас бұрын,
онымен бірге берілген нұсқауларды оқып алыңыз.
Сипаттар, техникалық деректер және кескіндер
үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
D
KZ
F NL E
P
I
GR
UKR
N DK FIN PL
GB
SK H RUS BG RO
CZ
S