Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі цифрлы технология Кілт сөздер



жүктеу 19,25 Kb.
бет1/2
Дата04.01.2022
өлшемі19,25 Kb.
#31663
  1   2
Жаңыл ...Доклад

    Навигация по данной странице:
  • Keywords

Дайындаған: Саматқызы Жаңыл

Тобы: 21БУХк

Тексерген: Нукебаева А.Б

Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі цифрлы технология

Кілт сөздер: цифрлы технология, цифрлық экономика, экономиканы цифрландыру.

Ключевые слова: цифровая технология, цифровая экономика, цифровизация экономики.

Keywords: digital technology, digital economy, digitalization of the economy.

Мақсаты: Қазақстан Республикамы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ болашақта цифрлы экономика құруды қамтамасыз ету.

Жоспары:


1. Цифрлы технология түсінігі

2. Цифрлы технология мүмкіндіктері және "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының жүзеге асу жоспары

3. Білім саласы

1. Цифрлы технология- болашаққа батыл қадам.

Цифрландыру - ақпаратты цифрландыру арқылы цифрлық технологияларды күнделікті өмірге енгізу.

Цифрлы технология – қысқа уақыт аралығында көптеген түрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін кодтау және ақпаратты беру әдістеріне негізделген дискретті жүйе.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өсіру қажеттігін атап көрсетті.

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында республика мектептерінде педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырып, дамытуға ерекше мән берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өсіру қажеттігін атап көрсетті.

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында республика мектептерінде педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырып, дамытуға ерекше мән берілді. Жаһандану заманында цифрлық қоғам мен білім беруді цифрландыру және электрондық оқыту (e-learning) жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу жағдайында педагогтердің қашықтықтан біліктілігін арттыру ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл мәселені шешу үшін кафедрамыз ЮНЕСКО халықаралық ұйымымен бірлесе отырып, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бойынша модульдік оқу бағдарламаларын жасады және оны MOODLE ортасында ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен бірге Білім және ғылым министрлігі жариялаған іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша грантты ұтып алу негізінде педагогтердің қашықтықтан біліктілігін арттырудың нормативтік-құқықтық базасы жасалып, республикадағы шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін сынақтан өткізіліп, тиімділігін айқындады. Мұндай жұмыстар педагогтердің бәсекеге қабілеттілігі мен білім сапасын арттыруға бағытталған. Облыс аумағында 2018 жылдан бері «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Smart city» тұжырымдамасы бойынша 40 жоба жүзеге асырылуда. Бұл бастамалардың құны 4,8 млрд теңге. Жаңа технологиялар негізінен білім, денсаулық сақтау, коммуналдық сала, транспорт және қауіпсіздік салаларында қолға алынған.

2. "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының жүзеге асу жоспарын ұсынамыз:

- Электронды сауда;

- Шағын және орта бизнес бағытын цифрландыру;

- Мемлекеттік мекемелерді цифрландыру;

- Киберқауіпсіздікті күшейту;

- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларға қолдау білдіру;

- "Ақылды қала" жобасын толыққанды жүзеге асыру;

- Бастауыш және орта білімді цифрландыру;

- IT-startup халықаралық технопаркін құру;

- Медициналық әлеуметттік сақтандыру қорының жүйесін қалыптастыру. Мәселен, өңірдегі 293 мектеп барлық қажеттіліктермен қамтылып, цифрлы технологияның игілігін көруде. Бір ғана мысал, электронды күнделік. Одан бөлек, 659 балабақша «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесіне қосылады. Бұрын бір бала бірнеше балабақшада кезекке тұратын, ол тізімде мектеп жасындағы балалар да кездесіп қалатын. Автоматтандырылған жүйе мұндай олқылықтарды болдырмайды. Елімізде жаңа технологияны жетік меңгере түсу үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды.

Ол төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру.

Екінші бағыт – көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендіру.

Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру.

Төртінші бағыт – IT-мамандарды даярлау болып табылады.

Қарап отырсақ, бұл жұмыстардың барлығы атқарылып жатыр. Интернет желісі қолжетімді болу үшін облыс, аудан орталықтарынан бөлек, шалғайдағы ауылдарға да қолайлы жағдай жасалуда. Мұның барлығы санды технологияны ендіру үшін жасалған қадамдар болатын. Айналасы бірнеше жылдың ішінде қазақстандықтар неше түрлі ұялы телефондарды ұстады. Жыл өткен сайын олардың функциялары өзгеріп, мүмкіндіктері де арта түсті. Алғашқыда тек байланыс құралдары үшін қолданылған қолақпандай телефондар бірте-бірте айфон, айпад, смартфондарға ауысты. Бүгінде ұялы телефоныңыз тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар, интернет желісіне еркін қосылатын компьютер іспетті. Адамдар ұялы телефондарына сан алуан әлеуметтік желілерді жүктеп, қоғамда орын алған оқиғаларға байланысты ой-пікірлерін білдіретін болды.

Бүгінде республикамызда 18 миллионнан астам адам болса, 25 миллион ұялы телефон бар екен. Олардың басым бөлігі интернет желісіне оңай қосыла алады. Көшеде кетіп бара жатсыз ба, үйдесіз бе, автобустасыз ба - бәрібір. Жаңа үлгідегі қалта телефондары қажетті функциялармен толық қамтылған. Еліміздегі әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың басым бөлігі осы ұялы телефондарды қолданады екен. Қазір әлеуметтік желіде үлкен де кіші де отырады. Сол жерде өз ойларын айтып, қоғамдағы түрлі жағдайларға байланысты пікірлерін білдіріп жатады.

3.Цифрлы мектеп-бұл білім беру процесінде цифрлық жабдықты, бағдарламалық қамтамасыз етуді саналы және тиімді қолданатын және сол арқылы әр оқушының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын оқу орны.

Сандық оқыту технологияларына ауысатын мектептер техникалық және ақпараттық жабдықталу, мұғалімдердің жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайындығы және білім беру ортасын басқару деңгейі жағынан түбегейлі ерекшеленеді.

Цифрлық экономика халықта оның жемістерін пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық дағдылардың болуын талап етеді. Бұл ретте, қазіргі кезде халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылығының деңгейі 76,2% құрайды, және алдағы жылдарда оның өсуі қажет. Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірқатар бастамаларды енгізуде:

1) 3-4 сыныптарда оқуда және күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудің жалпы базалық білімдерін қалыптастыратын "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні енгізілді;

2) робототехника шеңберінде бағдарламалаудың жалпы негіздеріне үйрететін робототехника бойынша 372 үйірме жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, жас ұрпаққа жаңа талаптарды ескере отырып, креативті ойлау мен техникалық дағдыларын дамыту арқылы орта білімнің мазмұнын қайта қарау қажеттілігі туындап отыр.

Техникалық және кәсіби, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша:

1) 3 (үш) мамандық базасында студенттерде таңдаған мамандық шеңберінде іс жүзінде АКТ пайдаланудың базалық білімдерін қалыптастыратын "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні енгізілді;

2) техникалық және кәсіби, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімде білім беру бағдарламалары үшін негізгі база болатын кәсіби стандарттар әзірленуде.

Негізгі міндеттері:

- арнайы қорларды сандық түрге көшірудің жиынтық жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық кітапханасының қорындағы құжаттарды сандық түрге көшіру;

- баспа басылымдарының электрондық нұсқаларын пайдалану құқықтарын алу жөнінде авторлармен келісім-шарт жасау;

- интернет жүйесіндегі еркін қолдануға арналып орналастырылған электрондық құжаттарды іздеу және пайдалану;

- электрондық құжаттарды сақтау және мұрағаттау.



жүктеу 19,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау