Тақырыбы: Қазақстан Республикасы білім беру және бағалау жүйесіндегі құқықтық-нормативтік құжаттар («insert» әдісі және «Блок-схема» арқылы талдау) Орындаған



жүктеу 370,51 Kb.
бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі370,51 Kb.
#36999
түріСабақ
1   2   3
2-тапсырма

р/с

Құжат атаулары

V

Білемін

+

Жаңа ақпарат

алдым

̶

Менің ойла-

ғаныма қарама-қайшы

«?»

Келісе алмаймын

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты

Осы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және бастауыш білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды. Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылатыны туралы бұрыннан білемін.

Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына қойылатын талаптар туралы ақпарат алдым

Қарама – қарсы ойым жоқ

Жоқ

2

Оқу бағдарламасы

Оқу бағдарламасы – мұғалімнің белгілі бір пәнді оқытудың әдістемесін, ғылыми маңыздылығы мен рухани бағыт-бағдарын, теориялық құндылығын анықтап, белгілейтін басты құжаты. Бағдарламада оқу жылына сәйкес оқу материалдарының құрылымы көрсетіледі. Оқу үдерісінің тиімділігі мен табыстылығы білім алушылардың оқу бағдарламасын толық та жемісті меңгеруімен айқындалады.

Авторлық оқу бағдарламасы да мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, оның талаптарына сәйкес жасалынады. Алайда, авторлық бағдарламаның құрылымында автордың көзқарасы мен инновациялық сипатына байланысты оқу пәнін құрастыру логикасында ерекшелік болатыны туралы білдім.

Жаңартылған бағдарламаны жасаушылар өздерінше «жаңалық» ашып оқытудың сатылы-сабақтастық жүйесін ұмытқан. Оған дәлел, орфографияға қатысты тақырыптардың оқу мақсатында да, тілдік бағдарда да аражіктерінің анық көрсетілмегендігі



Байқауымша жаңарған бағдарлама мектепте оқытудың тұғырнамалық негізінсіз, концептуалдық бағытты айқындайтын тұжырымдамасыз жасалған.


3

Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі

Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім

беру стандартына сәйкес білім беру ұйымдарында білім алатын білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталған.



Құжат

төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі:

• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;

• жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;

• тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері.


Жоқ

Жоқ

4

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық

Бұл нұсқаулықта критериалды бағалау жүйесінің терминдері мен анықтамалары, қағидалары берілген. Білім алушылардың оқу жетістіктерін,

қалыптастырушы, жиынтық бағалаудың үдерістерін жоспарлау, ұйымдастыру кезінде мұғалімге көмек болатындай, тәжірибелік ұсыныстар мен тоқсандық, жылдық баға қою механизмдері көрсетілген.




Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша бал қою туралы жаңа ақпарат алдым.

Менің ойымша оқушыларды бағалаған кезде балаға комментарий айтқанның орнына баға қойылғаны жөн болар еді.

Жоқ

5

Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық

Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық педагогикалық өлшеуге қатысты білім беру

саясатын дамыту, оны мектеп, облыс, өңір деңгейінде жүзеге асырудың негізгі қағидаттары (принциптері) мен тәсілдерін көрсететін құжат болып табылады. Нұсқаулықта критериалды бағалау жүйесінің терминдері мен анықтамалары, үйлестірушілерге көмек ретінде білім алушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы, жиынтық бағалау үдерісін басқару, ұйымдастыру, жоспарлауға қатысты тәжірибелік ұсыныстар берілген.

Нұсқаулық мектеп әкімшілігіне, аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру басқармалары мен педагогикалық қауымға арналған.


Үйлестірушілердің іс-әрекеттері нәтижесінде критериалды бағалау

жүйесі:


– білім алушылардың оқу жетістігін әділ бағалауға;

– білім алушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, әр білім

алушының дамуының жеке траекториясын анықтауға;

– күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін білігі мен дағдысын дамыту бойынша

білім алушылардың ынтасын арттыруға;

– оқыту мен сабақ беру сапасын жақсартуға;

– білім беру бағдарламаларының сапасын жетілдіруге;

– оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен оқу материалдарын

меңгеру сапасын анықтау үшін мұғалім – ата-ана – білім алушы

арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру бойынша жұмыс жүйесін

құрастыруға мүмкіндік береді.


Жоқ

Бағалау үдерісін түсіну, талдау жүргізу үшін жинақтау механизмін,

бірыңғай үлгіде мәліметтерді өңдеуді реттеу қажет



6

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге

көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды

өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып

табылады.


Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін

есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге,



бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Жоқ

Жоқ

7

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналғанын және әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылатыны туралы ақпарат алдым.


Жоқ

Жоқ




жүктеу 370,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау