Жұмбақ:Қанаты жоқ – ұшады,Аяғы жоқ – қонады.(Жел)
Қимылды ойын:«Қол ұстасып жүру»
Белгі бойынша ортаға қозғалуға, екі шеңбер құра білуге үйрету(орталар қарама қарсы жаққа айналады, қолдарын ұстамай бір жағына) . Ұжымдық сезімге тәрбиелеу.
Еңбек «с-әрекеті»: Үй өсімдігін отырғызу
Үй өсімдігін отырғызуға қатысу. Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын өз бетінше жинауға үйрету.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Ойлан, асықпа»
Тәрбиеші тапсырмасы бойынша сөз табу. «Күннің көзі» сөзіне- айқын, ыстық,жарық...; «аспан» сөзіне- бұлт,көгілдір,жаңбыр сәйке келетін сөз табу.
Тапсырма. Су бойынша желдің күштілігін анықтау.
Өзіндік іс-әрекеті:Ойында балалардың өз бетінше бір бірімен араласа білуін, өзінің іс әрекетімен қылығын білдіруге, өз пікірінде тұруға, құрдасының ұсынысымен келісе алмайтынын көрсетуге үйрету.
Карточка№146Жауын, бұршақты бақылау
Бақылау:Жауынның алғашқы белгілерін байқау: бұлттар бұл қараңғы, қалың бұлттар. Жауынның қалай құрылатыны жөнінде түсініктемені бекіту(су тамшысынан құрылатын бұлт аспанда ұзақ тұрмайды, жерге жауын болып құлайды; егер тамшылар кішірек болса -жауын сіркірейді,ірі тамшылар - жауын жиі құяды; әр бағыта болса- тікелей, қисық).Көктемде жауын әр түрлі болатынын түсіндіруді қалыптастыру. Жылдың жылы уақытында жауынның орнына бұршақ жаууы мүмкін –бұл мұз жауынның қатқан тамшылары. Егер бұршақ өте ауыр болса, олар жерге түседі. Қорытындылай келе, бұл ауа температурасына байланысты болатынын атаған жөн. Жерден жоғары ауа өте суық, ол жер буынын суытады. Көктем жансыз табиғат құбылысына қызығушылығын дамыту.
Мақал-мәтел:
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Қимылды ойын: «От- су»
Жүргізушінің есептеуді таңдау талабын нығайту; белгі бойыша әрекет етуге үйрету«От» бәрі отыра бастайды,«Су» айналым бойынша бір жаққа ағады.Ойында жолдастарының және өзінің ойын нәтижесін дұрыс бағалауға үйрету.
Еңбек іс-әрекеті:Қажеттілік бойынша(аквариумда судың ауысуы)
Аквариумдағы суды ауыстыруда ересектерге көмектесу.қолайсыз жұмыстан қашпай, белсенді орындау.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер:«Қайсысы ұқсайды»
Белгісі мен айырмашылығы бойынша пәндерді топтастыру; өз жауабын түсіндіре білу.
Эксперимент.Құм мен балшықтың су өткізуін көрсету.
Қорытынды. Құм арқылы су тез өтті және балшық арқылы өтпеді,
Өзіндік іс-әрекеті
3-4 адамнан құралатын ойын тобының бастапқы кеңістікті жағдайды ұйымдастыруға, рөлді бөлуге, ойын тақырыбын алдын ала келісуге балаларды дайындау.
Карточка№148 Күннің күркіреуін, найзағайды бақылау
Бақылау: Найзағайдың жарқылдауын бақылау, найзағай- бұл бұлт пен жердің арасында, бұлт арасында пайда болатын үлкен электр шашуы.Найзағайдың жекеленген гуілін тыңдап, ысқырыққа айналатынын байқауға болады; күннің күркіреуін елестетуді нақтылау, күннің күркіреуді табиғат құбылысы екенін түсіндіру, яғни қалың аспанда найзағай пайда болады, ол одан соң күн күркіреуге ұласады. Күн күркіреу әрбір найзағайдан соң болып отырады, одан кейін жауынның құюына ұласады, одан соң табиғат жанданады, ауа тазарады, ал өсімдіктер таза және жарқырайды. Қауіптіліктен құтылу үшін, күн күркіреу кезінде балаларға өздерін қалай ұстау керек екенін түсіндіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |