Табиғат пайдалану құқығының субъектілері, мазмұны мен объектілері



жүктеу 21,3 Kb.
бет1/2
Дата09.01.2022
өлшемі21,3 Kb.
#31898
  1   2
Табиғат пайдалану құқығының субъектілері, мазмұны мен объектілері


Табиғат пайдалану құқығының субъектілері, мазмұны мен объектілері

Табиғат пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат пайдаланушылар жеке және занды түлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, үлттық және шетелдік табиғат пайдаланушылар болып бөлінеді. Ұлтгық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға — шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.

Табиғат пайдаланушылар:

Тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін си- патта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белғілі бір мерзіммен шектелғен);

Бастапқы табиғат пайдаланушылар (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықган айыру тәртібімен алынған) және қайталама табиғат пайдаланушылар (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақгап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт неғізінде алынған) болуы мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығының мазмұны табиғат пайдаланушының құқықгары мен міндеттері болады.

Табиғат пайдаланушыл ардың:

—  заңмен белгіленген шектерде қоғамдық қажеттерін қанағат- тандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалануға;

—  өзінің шаруашылық және өзге де қызмет әдісін дербес таңдап алуға;

— жүзеге асырылуы экологиялық зиянды ықпалмен байланысты шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;

— шартты мерзімінен бұрын бұзуымен байланысты, сондай-ақ мемлекет қажетіне алып қоюмен байланысты ысырап пен залалды өтеуге құқығы бар.

Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады.

Занда көрсетілген негіздер бойынша болмаса, ешкімді де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды.

 

Табиғат пайдаланушылардың құқықтарынан басқа жалпы міндеттері де болады. Мысалы, ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес табиғат пайдаланушылар:



Табиғи ресурстарды нысаналы қызметіне және олардың берілу шарттарына сәйкес пайдалануға;

Шаруашылық және өзге қызметке белгіленген экологиялық нормативтерді және экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалықшарттарды сақгауға;

Берілген табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ор- таға нұқсан келтірмеуге және басқа да табиғат пайдаланушылар құқықгарының бүзылуына жол бермеуге;

Қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды молайтуды ұтымды пайдалануға бағытталған шараларлы жүзеге асыруға;

—  Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны ұшін төлемдерді дер кезінде төлеуге;

—  қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап етуі бойынша қажетті ақпарат беруге;

— шаруашылық қызметтің экол огиялық тұрғыдан қауіпі түрлерін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның өндірістік мониторингі мен бақылауын жүргізуге міндетті.

Табиғат пайдалану құқығының объектілері ретінде табиғи ре- сурстар - жер, су, орман, жер қойнауы және т.б. қатысады.

Табиғат объектілеріне қарай табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге бөлінеді:

— жер пайдалану құқығы;

— су пайдалану құқығы;

— орман пайдалану құқығы;

— жер қойнауын пайдалану құқығы;

— жануарлар дүниесін пайдалану құқығы;

—    атмосфералық ауаны пайдалану немесе атмосфералық ауаны ластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы.

Өзінің нысаналы мақсатына қарай табиғат пайдаланудың жо- ғарыда көрсетілген түрлерінің өзі топтастырылуы мүмкін.

Мысалы, жер пайдалануда былайша бөлінеді:

1)  ауыл шруашылығы мақсатындағы жер;

2)   елді мекендер (қалалардың, поселкелердің және селолықелді мекендердің) жері;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл ша- руашылығынан өзге мақсатқа арналған жер;

4)    ерекше қорғалатын табиғи аумақгардың жері, сауықгыру, рекреациялықжәне тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5)   орман қорының жері; су қорының жері;

6)   босалқы жер.

ҚР Су Кодексіне сәйкес су объектілері мыналар үшін пайдала- нылуы мүмкін:

1) ауыз сумен және шаруашылық-түрмыстық сумен жабдықгау;


жүктеу 21,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау