2-тақырып. Салық есебі және оның есеп жүйесінде алатын орны
Жоспар:
1. Салық есебі жеке ақпараттық жүйе ретінде
2. Жеке (бөлек) есеп түсінігі және оны жүргізудің тәртібі
3. Салық есебінің пәні мен әдісі
4. Салық есебінің объектілері.
Тапсырма 1. Есептің екі түріне: салық және бухгалтерлік есепке қысқаша салыстырмалы сипаттама беріңіздер.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы кесте түрінде орындау. Онда мынадай басты критерилері анықталу керек:
а) негізгі заң актілері;
б) есеп әдістері;
в) есеп беру;
г) есеп объектілерін көрсету әдістері.
Әдебиеттер:1,2,3
4-тақырып. Есептік және салықтық саясаты
1. Салықтық төлемдердің экономикалық мазмұны: белгілері, қағидалары, қызметтері
2. ҚР-ның қазіргі салық жүйесінің сипаттамасы
3. ҚР Салық Кодексі, оның құрылымы мен мазмұны
Тапсырма 1. Салық, баж, алымдарға анықтама беріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар: Жауапты Салық Кодексінің 12 бабына сәйкес беру және тезис түрінде орындау.
Әдебиеттер:1
5-тақырып. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі
Жоспар:
1. Патент негізіндегі арнайы салықтық тәртіп
2. Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салықтық тәртіп
3. Кәсіпкерлік әрекеттің жеке түрлері үшін арнайы салықтық тәртіп
Тапсырма 1. Жеке кәсіпкер Жеңлдетілген декларация негізінде арнайы салықтық тәртіп бойынша салықтық төлемдерді анықтайды. 2009 жылдың үшінші тоқсанына табыс 7000,0 мың теугені құраған. Салықтық кезеңдегі жұмыскерлердің орта тізімдік саны 28 адам болған, ал жалдамалы жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы 22,0 мың теңге құраған. 3 тоқсанға салықтарды есептеңіз.
Әдістемелік нұсқаулар: Салық Салық Кодексінің 436 бабына сәйкес есептелетінін ұмыстпай керек. Салық сомасын түзету тек шекті орта тізімдік санға және шекті табысқа жүргізіледі. Жеке кәсіпкерге жалпыға бекітілген салық салу тәртібіне өту бойынша ұсыныс жасау керек.
Әдебиеттер: 1,7
7-тақырып. Қосылған құн салығының (ҚҚС) салық есебі: ҚҚС бойынша есепке тұру және есептен алып тастау
Тапсырма. 1 Келесі сұрақтарды талқылау
1) ҚҚС объектілері
2) Экспорт және импорт бойынша ҚҚС есепке алу ерекшеліктері
Әдебиеттер:1,5
8-тақырып. Қосылған құн салығы салынатын объектілердің салықтық және қаржылық есебі
Тапсырма. «Искра» ЖШС ай бойы келесі шаруашылық операциялар жүргізілген:
сатып алушыға 1780000 теңге (ҚҚС с.і.) сомасына дайын өнім тиелген, соманың 20% аванспен төленген;
510000 теңге (ҚҚС с.і.) сомасына қолма-қол ақшаға дайын өнім өткізілген;
қойманы жалға бергені үшін табыс есептелінді 130000 теңге;
басқа ұйымнан 180000 теңгеге ақысыз негізінде автокөлік алынды.
Ұйымның жүргізілген шаруашылық операциялары бойынша шоттар корреспонденциясын құрастырыңыз, есептеу әдісін қолданып, табыстар мен шегерімдер сомасын анықтаңыз.
Әдебиеттер:1,5
10-тақырып. Заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысының салық есебі
Жоспар:
1. Корпоративті табыс салығының жалпы сипаттамасы: салық салу объектілері мен субъектілері
2. Салық салынатын табыс: оны анықтау тәртібі
3. Кәсіпкерлік әрекеттен табыстар және олардың түрлері
4. Жиынтық жылдық табысты түзету
5. Жиынтық жылдық табысты қалыптастырудың ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі
Тапсырма. Жиынтық жылдық табысты анықтаңыз, егер тауарларды өткізуден табыс 28,0 млн. теңге, ғимаратты өткізуден табыс 258,0 млн. теңге, ал ЖБТ салықтық кезең соңына 230,0 млн. теңге құрайтын болса.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындаған кезде ЖЖТ-қа құн өсімшесінен табыстың қосылатынын есте сақтау қажет.
Әдебиеттер:1
11-тақырып. Шегерімдердің түрлері және олардың есебі.
Жоспар:
1. Салық Кодексіне сәйкес шегерімге қатысты шығындар түсінігі
2. Нормалар шегінде шығындарды шегерімдерге жатқызу тәртібі
3. Жиынтық жылдық табыстан шегерімге жатпайтын шығындар
4. Жиынтық жылдық табыстан шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі
Тапсырма 1. Шегерімдер мен шығындар арасында айырмашылық бар ма? Егер бар болса, мысал келтіріңіздер.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырма бойынша жауапта кесте түрінде көрсетіңіздер, онда шығындар мен шегерімдерді бағалау критерийлерін атаңыздар.
Тапсырма 2. Шикізаттың келесі сатып алулары мен шығарылулары 6 ай ішінде орын алды. ТМҚ ФИФО және орта өлшенген құнымен бағалау қажет.
Кесте – Тапсырманы орындау үшін мәліметтер
Мерзімі
|
Көрсеткіштер
|
Саны, бір.
|
Бірліктің бағасы, теңге
|
02.04.13
|
Сатып алынды
|
5000
|
11
|
11.05.13
|
Сатып алынды
|
900
|
10
|
15.06.13
|
Жіберілді
|
3450
|
|
28.06.13
|
Сатып алынды
|
1450
|
10
|
17.07.13
|
Сатып алынды
|
980
|
15
|
25.07.13
|
Жіберілді
|
3200
|
|
14.08.13
|
Жіберілді
|
500
|
|
08.09.13
|
Сатып алынды
|
850
|
11,5
|
23.09.13
|
Жіберілді
|
400
|
|
Тапсырма 3. Қабылданған уақыт нормаларына байланысты құрал-жабдықты қамтамасыз ету бойынша слесарь өзінің жұмыс сменасы ішінде 10 станоктың жөнге келтіруін және тексеруін жасау қажет. Жұмыс сапасына қауіпсіз өзінің біліктілігінің күшіне ол өзінің жұмыс сменасында 15 станокқа қызмет етуге алады. Слесарьдің айлық тарифтік ставкасы – 10630 теңге, мерзімді-сыйақылы төлем. Жеке еңбек шартына және бұйрыққа қатысты ұйымдастыру бойынша оған қызмет көрсету зонасын үлкейткені үшін 50 % қосымша төлем айлық тарифтік ставкасына 30 % сыйақы бекітілген. Еңбекақыны төлеу туралы ережеге қатысты еңбекақыға сыйақы қызмет көрсету зонасын үлкейту есебімен есептеледі. Қажет: қызмет көрсету зонасын үлкейту бойынша қосымша төлемнің мөлшерін, сыйақы және жұмысшыға еңбекақының дәлелді есептелуін анықтау.
Әдебиеттер: 1,3
12-тақырып. Тіркелген активтер бойынша шегерімдердің салық есебі
Жоспар:
1. Тұрақты активтер түсінігі, олардың түрлері
2. Амортизацияланбайтын тұрақты активтер
3. Тұрақты активтер бойынша топтың және шағын топтардың құндық балансын анықтау тәртібі
4. Шекті нормаларға сәйкес жиынтық жылдық табыстан шегерімге жататын амортизациялық аударымдар есебі
5. Тұрақты активтер бойынша олардың шығуы, жалға берілуі нәтижесіндегі өзге де шегерімдер
6. Тұрақты активтерді сатып алуға, сонымен қатар құрылысына алынған несиелер үшін сыйақылар
7. Жиынтық жылдық табыстан шегерілуге тиісті негізгі құралдарды жөндеуге шығындардың салық есебі
8. Тұрақты активтер бойынша амортизация мен басқа да шегерімдер бойынша ағымдағы салық есебін есептеу мен жүргізу
9. Тұрақты активтер бойынша жөндеуге шығындар мен басқа да шегерімдердің КТС бойынша декларацияға қосымшада көрсету тәртібі.
Тапсырма 1. Наурыз айында 644 мың теңгеге 5 компьютер сатып алынды (ҚҚС-пен). Қазан айында 3 компьютер жанып кетті. Олардың 2-уі жөнделді, шығындары – 20 мың теңге құрады (ҚҚС-сыз), ал 1 компьютер есептен шығарылды (бір компьютердің баланстық құны – 97 мың теңге).
Барлық компьютерлер сақтандырылмаған.
Анықтау керек:
1. Есептік кезеңнің басына топтың құндық балансын
2. Есептік кезеңнің соңына топтың құндық балансын
3. Тұрақты активтер бойынша шегерімдерді
4. Жөндеуге шығындар шегерімі
5. Келесі есептік кезеңнің басына топтың құндық балансын
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындаған кезде ІІІ топ бойынша амортизациялық аударымдардың шекті нормасын қолдану қажет.
Әдебиет:1,3
13-тақырып. Салық салытатын табысты азайту және залалдарды ауыстыру
Жоспар:
1. Салықтардың салық есебі
2. Айып-пұлдардың салық есебі
3. Қосымша ақы шығындарының салық есебі
4. Теріс бағамдық айырмашылықтың салық есебі
5. Кәсіпкерлік әрекеттен зияндардың салық есебі және оларды ауыстыру тәртібі
Тапсырма 1. «Самал» Компаниясының жабдықтаушысының бірі ресейлік «Маяк» компаниясы болып табылады. Олар 2009 жылдың 1 желтоқсанына тауарға 5 000 АҚШ доллары көлемінде алдын ала төлем жасады (1 АҚШ долларының бағамы = 132 теңге). Жыл соңына дейін жабдықтаушыдан тауар келмеді. Есеп айырысу кезеңінің соңына қарай нарықтық бағам 1 АҚШ долларына 125 теңгені құрады. Бағамдық айырмашылықтар бойынша шегерімдерді анықтау керек.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындағанда есеп объектісіне: дебиторлық қарызға айрықша көңіл бөлген жөн.
Негізгі әдебиет:1,7
14-тақырып. Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
Жоспар:
1. Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді анықтау тәртібі
3. Бюджетке корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімі мен тәртібі
4. Төлем көзінен салықты ұстау ерекшеліктері
5. Әкімшілік корпоративтік табыс салығы
Тапсырма 1. Салықтық кезең — 2012 ж.
ЖШС «АВС» Қазақстанның резиденті болып табылады, салықтық кезеңде келесі ақпарат алынған:
1. ЖШС «ABC» құрылғыларды жөндеу бойынша 12000 теңгеге (ҚҚС ескеріп) қызмет көрсетті;
2. 6 ай аралығында ғимарат-қойманы жалға берді. Жал құны келісім шартқа сәйкес айына 100 мың теңге;
3. 31 желтоқсанға ұйымның балансында 120 мың теңге сомасына 2 жыл бұрын қалыптасқан кредиторлық қарыз бар;
4. ЖШС қолданысында болған станок 840 мың теңгеге өткізілді (ҚҚС-сыз). Станоктың баланстық құны – 500 мың теңге. Салықтық кезеңнің басына ІІ «Машиналар мен жабдықтар» тобының құндық балансы – 1500 мың теңге құрады;
5. Өндірістік ғимарат 100000 мың теңгеге (ҚҚС-сыз) сатылды. Ғимараттың бастапқы құны – 18000 мың теңге. Ғимараттың қалдық құны – 9000 мың теңге. Салықтық кезеңнің басына «Өндірістік ғимарат» топшасының құндық балансы – 8000 мың теңге құраған;
6. «Ғимарат-қойма» топшасының құндық балансы салықтық кезеңнің басына 6000 мың теңге құрады. Қойманың ағымдағы жөндеуі 950 мың теңге сомасына жүргізілді;
7. Еңбекақы бойынша шығындар – 5000 мың теңге.
Анықтау керек: Корпоративтік табыс салығының сомасы
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы бірнеше кезеңде орындаңыз:
Жиынтық жылдық табысты анықтау керек;
Салық салынатын табысты анықтау керек;
3) Корпоративтік табыс салығының сомасын анықтау керек.
Әдебиеттер:1,7
15-тақырып. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (ставкалар, салық кезені, төлеу мерзімдері)
Жоспар:
1. Салықтық есеп беру: түсінігі, құрамы және мақсаты
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация
3. Декларацияға қосымшалар және оларды толтыру тәртібі
4. Аванстық төлемдер бойынша есеп айырысу
Тапсырма 1: 11 «Корпоративті табыс салығын есептеу тәртібі және төлеу мерзімі» тақырыбындағы 1 тапсырманың мәліметтері бойынша декларация жасау керек
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындау үшін типтік нысаны 100.00 корпоративтік табыс салығы бойынша декларация болу керек.
Әдебиет:1,7
8. Өздік жұмыс тапсырмалары
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары шегінде сабақтарды жүргізу нысандарына әдістемелік нұсқаулар. ОСӨЖ бойынша сабақтар келесі нысандардың біреуінде жүргізіле алады:
еркін – алдын ала тақырып бөлінбей, студенттердің талқылауы немесе сөз сөйлеуі түрінде;
рефераттық - студенттер арасынан алдын ала өз рефераттарын талқылауға ұсынатын баяндаушылар тағайындалады;
аралас – баяндамаларды талқылау мен баяндау тақырыптары бойынша және берілген тақырыпқа байланысты сөз сөйлеу қатар болады.
1-тақырып. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Тапсырма 1. Келесі сұрақтарға толық жауап беріңіздер:
- Қазақстан Республикасының салықтық заңдылықтарына не жатады?
- Салықтық агенттің міндеттері қандай?
- Салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін құрайтын жеке элементтерін кім жүзеге асырады?
- Салықтық міндеттемелерді орындаудың қандай нысандары бар?
- Салық төлеушінің қандай құқықтары бар?
- Мерзімінде орындалмаған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің әдісі?
Тапсырма 2. Салықтарға толық анықтама беріңіз.
Тапсырма3. Салық қызметтерін атаңыздар және мысал келтіріңіздер
Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тақырыпты оқымас бұрын, ҚР салықтық жүйесіндегі және салықтық заңнамасындағы өзгерістерді білу қажет.
Өткізу нысаны:аралас
Әдебиеттер:1,4
2-тақырып. Салық есебі және оның есеп жүйесінде алатын орны
Тапсырма 1. Жеке (бөлек) есепті жүргізуді қалай түсінесіз?
Тапсырма 2. Салық есебіне анықтама беріңіз.
Тапсырма 3. Салық есебінің пәніне анықтама беріңіз
Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тақырыпты оқымас бұрын, салықтық есеп міндеттерін білу қажет.
Өткізу нысаны:аралас
Әдебиеттер: 1,7
3-тақырып. Салық есебін жүргізу ережелері
Тапсырма. Ұсынылған сұрақтарды зерттеу
1) Салықтық есептік саясатының құрамы, сипаттамасы, құрастыру тәртібі.
2) Салық есебінде қолданылатын әдістер
3) Шағын бизнес субъектілері қолданылатын арнайы салық режимдер
Әдебиеттер:1
4-тақырып. Есептік және салықтық саясаты
Тапсырма. Өндірістік тәжірибе өткен ұйымның есептік саясатын талдау және талқылау
Әдебиеттер: 1
5-тақырып. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі
Тапсырма 1. ЖШС «АВС» шағын бизнес субъектісі салық төлемін арнайы салықтық тәртіп декларациясы бойынша анықтайды. 2006 жылғы бірінші тоқсандағы кіріс 7500,0 мың теңге құрады. Салық кезеңі бойынша ортатізімде жұмыскерлер 58 адам болды, ал жалдамалы жұмыскерлердің орта айлық төлем ақысы 17,0 мың теңге. 4 тоқсан бойынша салықты есепте
Әдістемелік нұсқаулар: Көңіл аударыңыз, салық есебі Салық Кодексінің 377 бабы бойынша есептеледі. Салық соммасы ортатізім және табыс жөндеуіне байланысты. ААҚ «АВС» жалпы құрылған тәртібіне көшуіне ұсынысын беру керек.
әдебиет:1,7
7-тақырып. Қосылған құн салығының (ҚҚС) салық есебі: ҚҚС бойынша есепке тұру және есептен алып тастау
Тапсырма. Ұсынылған сұрақтарды зерттеу
1) Қосылған құн салығының Қазақстанда даму тарихы
2) Импортқа салынатын ҚҚС
3) ҚҚС босатылған айналымдар
Әдебиеттер: 1
8-тақырып. Қосылған құн салығы салынатын объектілердің салықтық және қаржылық есебі
Тапсырма. Ұсынылған сұрақтарды зерттеу
1) Шот-фактура.
2) ҚҚС бойынша нысаны 300 декларацияны толтыру тәртібі
2. ҚҚС бойынша шоттар корреспонденциясын құрастыру
Әдебиеттер:1
9-тақырып. ХҚЕС (IAS) 12 «Пайдаға салынатын салықтар» (ЖЖТ үлгісі). ХҚЕС сәйкес корпоративтік табыс салығының есебі
Тапсырма 1. 100 тонна көлеміндегі жұмсалған шикізаттың нақты өзіндік құнын анықтау керек, егер:
1) ай басына қалдық 200 тонна 20000 теңгеден
2) 1 декадада 25 тонна 19000 теңгеден
3) 2 декадада 100 тонна 21000 теңгеде (ФИФО әдісін қолдану керек)
Тапсырма 2. ТМҚ қалдығы – 10 бірлік 100 теңгеден. Келіп түсті: 10.10.2009 ж – 20 бірлік 150 тг., 20.10.2009ж– 30 бірлік 200 тг. 2009 жылдың қазанында жұмсалғаны – 40 бірлік. Шегерімге жатқызылатын орташа салмақтандырылған құн әдісін қолдана отырып, жұмсалған ТМҚ құнын есептен шығару керек.
Әдістемелік нұсқаулар: ТМҚ бойынша шегерімдер салықтық есеп пен қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Өткізу нысаны: рефераттық
Әдебиеттер:1,4
10-тақырып. Заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысының салық есебі
Тапсырма 1. Есептік кезеңде «Самал» өндірістік кәсіпорнында келесідей көрсеткіштер бар:
- Өнімді өткізуден түсім - 1 9 780 мың теңге;
- Қоймалық бөлмелерді жалдауға бергеннен табыс - 2900 мың теңге;
- Делдалдық қызметтерді өткізуден түсім - 1 760 мың теңге;
- 20 желтоқсан 2008 жылғы сот шешімі бойынша АҚ «Айбат» жабдықтаушысымен мерзімінде жабдықтамағаны үшін төленген айып-пұлдар мен тұрақсыздар - 1000 мың теңге.
- АҚ «Вымпелге» қатысқаны үшін дивидендтер - 1340 мың теңге;
- ЖШС «Далельге» жіберілген тауарлар үшін қарызгерге айып-пұлдар - 780 мың теңге;
- Мәдениет үйінің қызмет етуінен түскен кіріс - 890 мың теңге;.
- Ағымдағы кезеңде 3700 мың теңге мен 1200 мың теңгеге сатып алынған жер телімдерін сәйкесінше 4300 мың теңге және 1890 мың теңге сомасына өткізді.
- 2006 жылы сатып алынған өнім үшін АҚ «Ақсайға» кредиторлық қарыз 6500 мың теңгені құрады (ҚҚС-пен).
- Қайтарымсыз негізде ЖШС «Веста» бухгалтерия үшін 1750 мың теңге сомасына компьюрлік бағдарлама жасады;
- 2008 жылы күмәнді қарыз ретінде шегерімге жатқызылған, 3000 мың теңге сомасына өнімді өткізуден түсім келіп түсті.
- «АССА» фирмасы 2005 жылы алған 25000 АҚШ доллары (доллардың нарықтық бағамы – 123 теңге) мөлшеріндегі қарыздың 1/2 бөлігін есептен шығарды;
- Жүк көтерімділігі 40 т.-дан асатын карьерлік автосамосвал өткізілді -200 мың теңге
«Самал» өндірістік кәсіпорнының жиынтық жылдық табысын анықтау керек.
Әдістемелік нұсқаулар: Жиынтық жылдық табысқа барлық табыс түрлері тек Салықтық Кодекстің 85 бабына сәйкес қосылады.
Өткізу нысаны:аралас
Әдебиеттер:1,5
11-тақырып. Шегерімдердің түрлері және олардың есебі.
Есептік кезеңде «Самал» өндірістік кәсіпорнында келесідей көрсеткіштер бар:
1.Шикізат, материалдар, қорлардың қалдығы: жыл басына - 2000 мың теңге
жыл соңына - 3 110 мың теңге;
2. Қарасытырлып отырған кезеңде кәсіпорын сатып алды:
-шикізат пен материалдар - 6110 мың теңге;
-компьютерлер мен оргтехника - 1 120 мың теңге;
- екі жеңіл автокөлік - 5500 мың теңге
- Жабдыққа арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандар - 1140мың теңге
- көліктік қызметтер - 670 мың теңге
- кеңселік жиһаз - 330 мың теңге
- ксерокс - 100 мың теңге
3. Ағымдағы кезеңде келесідей шығындар болған:
- кеңсені жөндеуге материалдар жұмсалды - 340 мың теңге
- еңбекақыға шығындар - 3990 мың теңге
- норма шегіндегі іс-сапарлық шығындар - 995 мың теңге
- уақытша еңбекке жарамсыздық пен басқа да әлеуметтік төлемдер бойынша шығындар - 54 мың теңге.
- 10000 мың теңге сомасына, 21 % жылдықпен қайта қаржыландырудың 12 % мөлшерінде алынған несиеге пайыздар төленді;
- меншікке салықтар есептелді - 900 мың теңге, ал төленгені - 850,0 мың теңге
-тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды орындаумен байланысты шығындар жұмсалды - 560 мың теңге
-Мәдениет үйін ұстаумен байланысты нақты шығындар – 1200 мың теңге;
- кеңсені жөндеуге нақты шығындар -1230 мың теңге
Салықтық кезеңге шегерімдерді анықтау керек.
Әдістемелік нұсқаулар: Шегерімдер әрдайым нақты шығындарға тең бола бермейтінін есте сақтау керек.
Өткізу нысаны:аралас
Әдебиеттер:1,5
12-тақырып. Тіркелген активтер бойынша шегерімдердің салық есебі
Тапсырма 1. Салықтық кезеңнің басына 3 топтың құндық балансы 675 мың теңге құраған (ксерокстың 5 данасы). Мамыр айында 4 ксерокс 290 мың теңгеге өткізілген (ҚҚС-сыз).
Қыркүйек айында 1 ксерокс бұзылып есептен шығарылды. Бір ксерокстың баланстық құны 75 мың теңге. Ксерокс сақтандырылған еді және сақтандыру ұйымы 65 мың теңге төледі.
Анықтау керек:
1. Ұйым қандай шегерімдерді жүзеге асыра алады?
2. Қандай мөлшерде?
Тапсырма 2. «Компьютерлер және ақпаратты өндеуге арналған жабдық» тобының құндық балансы салықтық кезеңнің басына 1800 мың теңге құрады (20 дана компьютер).
-1 сәуірде жалпы құны 260 мың теңге болатын 2 компьютер сатып алынды (ҚҚС-сыз);
- 25 маусымда жалпы құны 160 мың теңге болатын 4 компьютер сатылды (ҚҚС-сыз);
- 4 тамызда - 3 компьютер қайтарымсыз коммерциялық емес ұйымға берілді. Бір компьютердің баланстық құны - 90 мың теңге;
- 6 қазанда - 1 компьютер тоқтың өзгеріп тұруынан бұзылып, есептен шығарылды. Бір компьютердің баланстық құны - - 90 мың теңге. Мүлік сақтандырылған еді және сақтандыру компаниясы – 70 мың теңге төледі.
Анықтау керек:
1 Салықтық кезеңнің соңына топтың құндық балансы;
2 Тұрақты активтер бойынша шегерімдер;
3 Келесі салықтық кезеңнің басына топтың құндық балансы.
Тапсырма 3. «Машиналар мен жабдықтар» тобының құндық балансы салықтық кезеңнің басына - 2500 мың теңге. (үш жеңіл автокөлік).
- ақпанда 1 жеңіл автокөлік сатып алынды - 900 мың теңге, (ҚҚС-пен). Жеңіл автокөлік негізгі құрал ретінде қолданылды.
- маусымда 3 автокөліктің жөндеуі жүзеге асырылды, шығындар 400 мың теңгені құрады.
Көліктік құралдар бойынша шегерімдерді анықтау керек.
Әдістемелік нұсқаулар: Тұрақты активтер бойынша шегерімдер салық есебінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Өткізу нысаны:рефераттық
Негізгі әдебиет:1,3
14-тақырып. Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
Тапсырма 1. Есеп беру кезеңінде (2009 жыл) өндірістік кәсіпорын “Самал” келесідей көрсеткіштерді көрсетеді:
- өнімді өткізуден түскен түсім: -19780 мың теңге
- қоймалық бөлімдерді арендаға беруден түскен табыс- 2900 мың теңге,
- мердігерлік қызмет көрсету бойынша түсім – 1760 теңге
- 20 қаңтар 2009 жылдың сот шешімі бойынша ЗАО «Айбат» жабдықтаушысымен мерзімінде жеткізбегені үшін төленген айыппұлдар мен тұрақсыздар – 1000 мың теңге
- АҚ «Вымпел»ге қатысы үшін дивидендтер – 1340 мың теңге
- ЖШС «Далель»ге жүктелген тауар үшін қарызгерге айыппұлдар мен пұлдар – 780 мың теңге
- Мәдениет үйін функциялаудан түскен табыс – 890 мың теңге
- Ағымдағы периодта екі жер учаскесін іске қосу сомасы – 4300мың теңге және 1890мың теңге қолға алу бойынша 3700мың теңге және 1200 мың теңге.
- АО «Ақсай»-дың 2007 жылы алынған өнім үшін кредиторлық қарызы 6500 мың теңге
- Өтемсіздік негізде фирма «Бета» бухгалтерия үшін компьютерлік программа шығарды – 1750 мың теңге
- өнімді өткізуден түскен түсім 3000 мың теңге,
- «АССА» фирмасы 2007 жылдың қарызын екіден бір бөлігін өтеді – 25000 мың доллар ( бір доллар 123 теңге)
- 40 тоннадан асатын жүк көтеретін карьерлік автосамосвал сатып алынды- 200 мың теңге
-шикізаттың, материалдың, қосымша бөліктің қалдығы, жыл басына – 2000 мың теңгені құрады,
Жыл соңына – 3110 мың теңге
- компьютерлер және оргтехника – 1120 мың теңге
- екі жеңіл машина – 5500 мың теңге
- қосымша бөліктер және құрылғыға кіретін – 1140 мың теңге
- көлік қызметі – 670 мың геңге
- кеңселік жиһаз – 330 мың теңге
- ксерокс – 100 мың теңге
Ағымдағы кезеңде келесідей шығындар жасалды:
- кеңсе жөндеуіне жұмсалған материалдар – 340 мың теңге
- еңбек ақы бойынша шығындар – 3990 мың теңге
- іскерлік сапарлар – 995 мың теңге
- уақытша жұмыссыздық бойынша және басқа да әлеуметтік төлембер – 54 мың теңге
- несие үшін пайыздар төленді – 10000 мың теңге 21 пайызбен, қайта қаржыландыру ставкасы 12 пайыз;
- меншікке салық есептелді – 900 мың теңге, ал төленгені – 850,0 мың теңге
- тәжірибе-құрастырушылық жұмыс бойынша шығындар – 560 мың теңге
- Мәдениет үйін қаржыландыру шығындары – 1000 мың теңге
- кеңсе жөндеуіне шығындар – 1230 мың теңге
Корпоративті табыс салығын анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар: Корпоративті табыс салығын анықтаған кезде 20 % салық ставкасын қолдану
Өткізу нысаны: рефераттық
Негізгі әдебиет:1,7
15-тақырып. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (ставкалар, салық кезені, төлеу мерзімдері)
Тапсырма 1. Декларацияны тапсырғанға дейін корпоративті салық бойынша ағымдық төлем есебін құру. Декларацияны тапсырғаннан кейін де “Корпоративті табыс салығын төлеу мерзімі мен тәртібі” тақырыбындағы 1 тапсырмадағы берілген мәліметтерді пайдалана отырып құру.
Әдістемелік нұсқаулар: № 100,00 формасын қолданғанда қосымшасын да қолдану.
Өткізу нысаны: №100,00 нысанды қолдана отырып, орындарында есептерді шығару
Негізгі әдебиет:1,7
9. ОСӨЖ кеңестерінің кестесі (СӨЖ-дің 25% ОСӨЖ құрайды)
Барлық сұрақтар бойынша кеңестер ағымдағы семестрге арналған ОСӨЖ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
10. Білімалушылардың білімін тексеру кестесі
Дәрістерге қатысу және тәжірибелік жұмысты орындау 0-100 балмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрлері
|
Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиет
|
Орындау мерзімі
|
Бақылау нысаны
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Талдау жүргізу
|
Салық есебі және оның есеп жүйесінде алатын орны
|
1,2
|
1-апта
|
жазбаша
|
2-апта
|
2
|
910 ныс. декларация толтыру
|
Арнайы салық режімдері
|
1
|
1-апта
|
жазбаша
|
4-апта
|
3
|
300 ныс. декларация
|
ҚҚС салық есебң
|
1,4
|
2-апта
|
жазбаша
|
6-апта
|
4
|
Межелік бақылау
|
1-8 тақырыптар
|
|
|
тест
|
8-апта
|
5
|
реферат
|
Корпорациялық табыс салығы
|
1,5,7
|
2-апта
|
жазбаша
|
10-апта
|
6
|
Кешенді есеп
|
ЖЖТ және шегерімдердің салық есебі
|
1,5,7
|
2-апта
|
жазбаша
|
12-апта
|
7
|
100 ныс. декларация
|
КТС салық есебі
|
1,5,7
|
2-апта
|
жазбаша
|
14-апта
|
8
|
Межелік бақылау
|
9-15 тақырыптар
|
|
|
тест
|
15-апта
| 11. Білімалушылардың білімін бағалау критерийлері
Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспармен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес Сіздер келесі аудиториядан тыс жұмысты орындауға міндеттісіз:
әрбір тәжірибелік сабаққа дайындалу, яғни тапсырмаларды орындау;
әрбір тәжірибелік жұмысты орындау үшін қажетті оқу материалдарын оқу;
тапсырмаларды дербес түрде орындау;
дәрістік материалдарға кірмеген, зерттеуге міндетті курс тақырыптарын өндеу және конспект құрастыру.
Тәжірибелік сабақтарға дайындалу және пән бойынша қосымша материалдарды өндеу үшін тапсырмалар, оларды рәсімдеу талаптары мен орындаудың әдістемелік нұсқаулар алдағы сабақта берілетін болады.
СӨЖ орындау мерзімдері сабақтардың кестесіне сәйкес өзгеру тиіс.
Егер Сіздер барлық сабақтарға уақытысында келіп, барлық сабақтарға белсенді қатысып және дайындалып келіп , тапсырмаларды сапалы орындап, белгіленген мерзімде тапсырсаңыздар, онда бақылау шаралар кестесінің күнтізбелік кестесіне белгіленген максималды баллды аласыз.
Тәжірибелік сабақтарға дайындалу дәрежесі сұраумен, үй тапсырмалардың орындалуын тексеру, топта жұмыс істеу, бақылау шаралар кестесінің күнтізбелік кестесіндегі бөлек тақырыптары бойынша тексеру жұмыстарын жазу арқылы тексеріледі. Тәжірибелік және дәріс сабақтарына қалмай келгенінің үшін Сіз 1 балл аласыз. Сабаққа қалып келгені үшін аптасына 0,5 балл шегеріледі. Ал егер дайындалмай келсеңіз, тек қана келуіңіз бағаланады.
Пәннің тараулары бойынша оқыған материалды игеру деңгейін тексеру үшін екі межелік бақылау өткізіледі.
Егер Сіз межелік бақылауға дәлелді себептермен қатыспасаңыз, онда Сіз оқытушы белгілеген уақытысында жеке тапсырманы орындау арқылы сәйкес баллды ала аласыз.
Жұмыс істеу нәтижелері бойынша екі рет ағымдағы үлгерімінің қортынды балы (рейтинг) анықталады. 50 баллдан төмен баға қанағаттанарлық болып саналады.
Межелік бақылау 100 балға тең. Межелік бақылауға ағымды үлгерім балдары болған студенттер жіберіледі.
Қортынды бақылау тест бойынша жазбаша түрде өткізіледі. Пән бойынша баллдағы қортынды баға келесі формула арқылы анықталады:
Қ=ЖР*ЖРСҮ+ҚБ*,
осында ЖРСҮ, ҚБСҮ – бақылауға жіберу және қортынды бақылау үшін Университеттің Ғылыми Кеңесімен жылсайын бекітілетін салмақтық үлестер
0,6 және 0,4 - университеттің ғылыми кеңесімен белгіленген сәйкес салмақтық үлестер.
Емтихан тест түрінде өткізіледі. Әр нұсқауда 40 тест тапсырмалары ұсынылған, дұрыс жауап 2,5 баллмен бағаланады. Емтиханда алынатын максималды балл - 100 балл.
Егер де сіз емтиханда қанағаттанарлақ баға (50 баллдан төмен) алсаңыз, онда пән бойынша сіздің қорытынды рейтингіңіз анықталмайды, ал ведомостқа «қанағаттанарлық» бағасы енгізіледі.
12. Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV
2 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы
3 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №50 бұйрығымен бекітілген Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарты
4 Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары
Қосымша
5 Қосылған құн салығы бойынша Декларацияны құрастыру Ережелері
6 Корпорациялық салық бойынша Декларацияны құрастыру Ережелері
7 Бухгалтер бюллетені
8 Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане
Достарыңызбен бөлісу: |