Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет40/62
Дата07.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#3421
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62

 
116 
баяндама  дайындау,  талдау,  зерттеу,  материалдар  жинау,  жоба  құру 
және т.б.  
Информатика  пәнін  оқыту  барысында  өзіндік  жұмыстарды 
жоғарыдағы 
айтылған 
талаптарды 
ескере 
отырып, 
келесі 
принциптерге сәйкес ұйымдастыру керектігі анықталды: 

білім  берудің  іргелендірілуі  мен  стандарт  талабына  сай 
маман даярлау; 

оқу-тәрбие мен ғылыми - зерттеу процестерін үйлестіру, яғни 
оқу процесін ғылыми зерттеушілік жұмыстарға барынша жақындату; 

арнайы  пәндерді  мәселелік  жағдаймен,  компьютерлік 
технологиялар негізінде оқыту. 
Осыдан,  оқытушының  оқушылардың  өз  бетінше  орындалатын 
жұмыстарын 
ұйымдастыруға, 
дидактикалық 
тапсырмаларды 
орындауы  нәтижелі  болуы  үшін  соларды  басқаруға  компьютерді 
пайдалана отырып жүзеге асыруға болады.  
Сонымен  қатар,  информатика  пәнінен    өзіндік  жұмыстардың 
ұйымдастырылуы,  басқарылуы,  оның  компьютерлік  технология 
негізінде іске асырылуы өзіндік жұмысқа психологиялық кедергі бола 
алмайды.  Себебі  информатика  пәнін  оқытудағы  ерекшеліктің  бірі 
компьютерді әрдайым сабақта қолдану болып табылады.  
Өзіндік 
жұмысты 
компьютерлік 
технология 
негізінде 
ұйымдастыру  барысында  студенттердің  келесі  кәсіби  біліктері 
артады:  

өз білімін өздігінен үнемі жетілдіріп отыруға үйрену; 

зерттеу  жұмыстары  мен  оқыту  әдістемесінің  мазмұны, 
құрылымы туралы қажетті біліммен қарулану; 

әрбір  студенттің  зерттеу  жұмыстарына  деген  біліктілігі  мен 
оған дағдылану компоненттерінің қалыптасуы; 

алдыңғы айтылған ойлар негізінде зерттеу және практикалық 
жұмыстарға деген қызығушылықты жоғарылату; 

байыпты ойлау қабілетінің даму мүмкіндіктерін ашу. 
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда жұмыстың міндетін түсіндіру, 
орындар алдында бағыт – бағдар, түсінік – нұсқау беру, оқушылардың 
мақсатты  түрде  жұмыс  істеп,  оның  нәтижелі  жемісті  болуына  ықпал 
етеді.  Дұрыс  ұйымдастырылған  өзіндік  жұмыстардың  оқу  тәрбие 
процесіндегі мәні ерекше. Атап айтқанда: 

өзіндік  жұмыс  тапсырмалары  арқылы  оқушылардың 
информатика пәніне  деген қызығушылықтарын арттыру; 

оқушылардың  алған  білімдерінің,  дағдыларының  алдағы 
өмірлеріне қажеттілігі мен оны қолдана алуларына көздерін жеткізу; 


 
117 

оқушылар  істейтін  жұмыстардың  мақсатын  айқындап, 
жұмысты өз еркімен, ерік – жігерімен, қалауымен орындауы; 

оқушылар  істейтін  жұмысының  қорытындысын  шығарып, 
нәтижесін алады, ал бұл оқушы бойында жинақылық, белсенділік пен 
саналықты қажет етеді; 

мұғалімнің  нақты  тапсырмалар  беріп  жұмысты  орындаудың 
және  аяқтаудың  уақытын  белгілеуі  оқушыларға  өз  міндеттеріне 
жауапты  қарауға,  өз  уақытын  есептей  білуге,  жұмысын  жоспарлай 
білу дағдыларын дамытады. 
Өзіндік  жұмыстарға  оқушыларды  белсеңді  жұмылтыруға 
мұғалім меңгеруге тиісті үлкен шеберлік қажет. 
Карточкамен  жұмыс  жүргізу.  Карточка  көрнекіліктердің  бір 
түріне  жатады.  Онымен  жұмыс  істеген  өте  қолайлы.  Карточка 
негізінен  жеке  бір  оқушынының  білім  деңгейін  бақылауға  қолайлы, 
бірақ  оны  топпен  жұмыс  жасағанда,  нұсқамен  жұмыс  жасағанда  да 
қолдануға  болады.  Оқушы  карточкамен  жұмыс  орындағанда 
шығармашылық  жеке  тұлғасын  қалыптырады  және  ынтасын 
дамытады  және  алға  шығуға,  тапсырманы  дұрыс  орындауға 
талпынады. 
3.8. Информатикада білімді бағалау критерийі 
Оқушылардың білімін бағалау мәселелері  
Білімдерді,  ептіліктер  мен  дағдыларды  бағалау  –  бұл 
оқушылардың  қол  жеткізген  нәтижелерін  оқу  бағдарламасында 
сипатталған  түсінік  эталонымен,  балдың  шартты  белгісі  -  бағамен 
салыстыру үрдісі.  
Кесімді баға оқушының аралық немесе аяқталған жетістіктерін, 
сабақтағы  ұқыптылығы  мен  тәртібін  білдіреді.  Әдетте  5  балдық 
шаманың бір мәнімен қойылады. 
«5» - толық біледі  (үздік) 
«4» - жеткілікті біледі (жақсы); 
«3» - жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық); 
«2» - білмейді (қанағаттанарлықсыз). 
Білімді  рейтинг  жүйесімен  бақылау  арқылы  теңдеулі  оқу 
жүйесінің  жағымсыз  тұстарын  түбімен  жоюға  болады.  Нәтижесінде 
үздіктердің,  жақсы  оқитындардың  және  т.б.  орташаланған  топтары 
жойылады.  Олардың  орнына  «бірінші»,  «бесінші»,  «жүзінші»  пайда 
болады.  Рейтингтің  көмегімен  оқылған  тақырып  бойынша  лайықты 
емес 
(лайықты) 
баға 
алу 
мүмкіндігі 
жоғалады, 
себебі 
қорытындылаушы баға оқушының оқу барысындағы барлық кезеңінің 
жұмысын ескереді (реферат жазуы, олимпиадаға қатысуы және т.б.).  


 
118 
Баға  қою  критерийлері.  Оқушылардың  білімін  бақылау 
бағамен  тығыз  байланысты.  Тіпті,  баға  оқушылардың  білімін 
бақылауға  аса  қажетті  элемент.  Оқушының  жалпы  көңіл-күйі  әділ 
бағаға,  оң  нәтижеге  тәуелді,  демек,  оның  бұдан  кейінгі  оқуға  деген 
талпынысы, алатын білім сапасы да бағаға байланысты.  
Білімді  бағалау  кезінде  оқу  материалын  меңгерудегі  негізгі 
сапалық  сипаттамасын  ескерген  жөн:  оқушылардың  білімі  мен 
ептілігі,  олардың  толықтығы,  беріктігі,  оларды  алуан  түрлі  жағдайда 
пайдалана  білуі,  терминологияны  және  белгілеп  жазу  арнайы 
тәсілдерін игеруі.  
Бағалау нәтижелері ауызша жауап беру немесе жазбаша жұмыс 
жасау  кезінде  жіберілген  кемшіліктердің  болуына  және  олардың 
түрлеріне 
байланысты. 
Кемшіліктердің 
ішінде 
қателерді, 
толықсыздықты және ұсақ кемшіліктерді атап кетуге болады.  
Баға қоюды келесі критерийлермен нақтылауға болады:  
«5»-тік бағасы оқушыға келесі жағдайларда қойылады:  
-  материалды ауызша да, жазбаша да қателіксіз айта білсе; 
-  бағдарламаға  сәйкес  білімді,  ептілік  пен  практикалық 
дағдыларды толық мөлшерде игерген болса; 
-  материалды  ауызша  да,  жазбаша да тиісті  орындап,  мәтіндегі 
негізгі  тұстарды  бөліп  бере  алса,  өзгертіліп  қойылған  сұрақтарға 
кідірмей жауап бере алса; 
-  материалды  түгелдей  орындап,  жазбаша  жұмыстарда  қателік 
жібермесе; 
-  алған білімдерін тәжірибеде еркін пайдалана алса.  
«4»-тік бағасы оқушыға келесі жағдайларда қойылады:  
-  бағдарламалық материалдан білім алса; 
-  материалды  саналы  түрде  орындап,  бірақ  оның  негізгісін 
үнемі бөліп айта алмаса;  
-  алған  білімін  тәжірибеде  пайдаланып,  бірақ  өзгертіліп 
қойылған сұраққа жауап беруге қиналса; 
-  ауызша  және  жазбаша  жауап  беру  кезінде  нақтылықты 
жоғалтып, мұғалімнің ескертулерін лезде жоя білсе.  
«3»-тік бағасы келесі жағдайларда қойылады:  
-  бағдарламалық  материалдан  білім  алып,  бірақ  оны  өздігінен 
орындауда  қиналып,  мұғалімге  қосымша  нақтылаушы  сұрақтарын 
қойса; 
-  еске түсіретін сұрақтарға жауап беруді ұнатса; 
-  өзгертілген сұрақтарға жауап беруге қиналса; 
-  ауызша да, жазбаша да жауаптарында қателіктер жіберсе. 
  «2»-лік бағасы келесі жағдайда қойылады:  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау