Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет45/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68

 
132 
Жұмыс кітабы  бірнеше парақтардан тұрады (Лист1, Лист2, 
Лист3  …).  Бір  құжатты  немесе  файлды  Книга  деп  атайды.  Неше 
файл құрамыз десеңізде ол өз еркіңізде.  
Әдетте  бір  кітаптағы  парақтар  арасындағы  ақпарат  логикалық 
байланыста болады. Жұмыс кітабының мысалы ретінде бір ұжымның 
құжаттар  жиынын  келтіруге  болады  –  бухгалтериялық  формалар, 
налогтар,  кадрлар,  т.б.  Басқаша  айтсақ,  Жұмыс  кітабын  –  бұл 
парақтар тігілген тезтікпе (орысш. – скоросшиватель) деуге болады, 
парақтарды  қосуға,  жоюға,  орындарын  ауыстыруға,  құжаттарды 
өзгертуге және т.б. әрекеттер жасауға болады. 
ЭК  ұяшықтарындағы  деректер.  Кестелік  процессор  үшін 
деректер  –  айқындалған  символдық  пішінде  үсынылған,  кестенің 
ұяшығында  тұрған  ақпарат.  Мұнда,  тұрақты  және  айнымалы 
ұғымы,  арифметикалық  және  логикалық  өрнектер  ұғымы,  адрестеу 
ұғымы  қарастырылады.  Электрондық  кестенің  ұяшығында  формула 
немесе  мәтін  тұруы  мүмкін.  Формуланың  дербес  жағдайы  сандық 
тұрақты  немесе  айнымалы  болады.  Жалпылау  жағдайы  – 
арифметикалық немесе логикалық өрнек. 
Деректердің  типтері.  Кестелік  процессор,  нақты  ұяшықта 
деректің  қандай  типі  сақталып  тұрғанын  «білуге»  тиіс.  Деректердің 
типтері  кестелік  процессордың  өңдейтін  объектілері  болып 
табылады.  Электрондық  процессорда  деректер  типтерінің  негізгі 
жиыны мынадай:  

сандық  (яғни  цифрлар,  ондық  бөлгіш,  ,  #,  %,  +,  -)  –  әртүрлі 
пішімдерде  болуы  мүмкін,  атап  айтқанда:  денежный  (ақшалық), 
процентный (пайыздық),  финансовый (қаржылық), экспоненциальный 
(экспоненциалдық); 

символдық (мәтіндік, барлық басқа символдар); 

мерзім және/немесе уақыт 

логикалық. 
Деректердің  құрылымы.  Электрондық  кестеде  ұсынылған, 
деректердің  минималды  құрылымдық  элементі  –  ұяшық.  Негізгі 
жұмыс 
ұяшықтармен 
жүргізіледі: 
олар 
толтырылады
редакцияланадытазаланады
Ұяшықтардан  тұратын  –  тұтас  деректердің  құрылымы  – 
бағана және жолдар болып бірігеді. Сондықтан кестелік процессорда 
жолдармен  немесе  бағандармен  тұтастай  –  жою/кірістіру 
амалдардын жасауға болады. Мысалы, жаңа бағанды кірістіру тәртібі: 
кестеде  баған  қойылатын  тұстағы  бағанды  ерекшелеу 

  Вставка 

 Столбцы.  


 
133 
Электрондық  кестелерде  базалық  құрылымдық  ұғым  – 
ұяшықтар диапазоны (блок) ұғымы.  
Ұяшықтар  диапазоны  –  қос  нүктемен  бөлініп  жазылады, 
мысалы,  А2:А5  жазылымы  –  А2,  А3,  А4,  А5  ұяшықтар  жиынын 
көрсетеді.  Мысалы:  A2:C3  жазылымы  –  жоғарғы  сол  жақ  А2 
ұяшығынан  бастап  төменгі  оң  жақ  С3  ұяшығына  дейінгі  ұяшықтар 
диапазонын  көрсетеді,  яғни:  A2,  B2,  C2,  A3,  B3,  C3  ұяшықтарына 
сәйкес. 
Сандық  тұрақтылар  бүтін  және  нақты  деп  бөлінеді.  Нақты 
тұрақтыларды  екі  әдіспен  жазуға  болады:  тиянақты  нүктелі  және 
экспоненциалды (жылжымалы нүктелі) пішінде.  
Мысалы,  -6,1514  сандық  тұрақтысы  нүкте  арқылы  жазылады:  -
6.1514, әйтсе де Excel-де  үтір арқылы жазыла береді. 
Сандық  тұрақтыны  экспоненциалды  пішіне  жазғанда  алдымен 
мантисса,  одан  соң    –  Е  латын  әрпі  (үлкен  немесе  кіші  әріп),  одан 
кейін – реті жазылады. Мантисса бүтін тұрақты немесе  тиянақты 
нүктелі  тұрақты  түрінде,  ал  реті  –  тек  қана  екі  орынды  тұрақты 
түрінде  жазылады.  Экспоненциалды  пішіндегі  сандық  тұрақты,  ол 
мантиссаны, рет санына тең дәрежеге шығарылған 10-ға көбейту деп 
түсініледі.  Мысалдар:  а)  0,0001  саны  былай  жазылады:  1Е-4  немесе 
0.1Е-3; б) 1000000 саны: 1Е6 немесе 1Е+6.  
Айнымалылар.  Кестенің  әр  ұяшығын  кестелік  процессордың 
жады  ұяшығы  деп  түсінетін  боламыз.  Әрбір  ұяшықтың  –  бағанның 
атауынан  және  жолдың  нөмірінен  құралған,  өз  атауы  (адресі)  бар. 
Әр  ұяшықта  тек  қана  бір  типті  деректер  сақталады.  Мұнда 
бағдарламалау  тілдеріндегі  айнымалы  ұғымымен  тікелей  ұқсастық 
байқалады. 
Айнымалы  –  мәнді  жазуға/сақтауға  арналған  аты  аталған 
жадыдағы  орын.  Айнымалылар  типі  белгіленген  әртүрлі  мәндерді 
қабылдайды.  Әр  айнымалы  символдық  атаумен  (идентификатормен) 
белгіленеді.  Кестенің  ұяшығын  айнымалы  деп  қарастыруға  болады. 
Демек,  A1,  B7,  C3,  G10  және  т.с.с.  ұяшықтардың  адрестері    – 
айнымалылардың атаулары болады. 
Өрнектер  (формулалар).  Электрондық  кестелерде  өрнектердің 
екі түрі қолданылады: арифметикалық және логикалық. 
Арифметикалық  өрнек  –  математикалық  формула  бойынша 
кейбір  сандық  мәнді  есептеу  әдісін  белгілейтін  формула
Арифметикалық өрнектерді жазудың анықталған ережелері бар. Олар 
бағдарламалау тілдерінде қолданылатын ережелерге ұқсас.  
Өрнек  математикалық  амалдардың  белгілерімен  қосылған, 
сандық 
тұрақтылардан, 
айнымалылардан
функциялардан, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау