Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68

 
74 
натурные)  және  ақпараттық  деп  бөлуге  болады  [26].  Ақпараттық 
модельдеу өз алдына былай бөлінеді: 

объектілер мен процестерді модельдеу; 

білімді модельдеу. 
Білімді 
модельдеу 
тақырыбы 
жасанды 
интеллект 
тақырыбымен  байланысты  болғандықтан,  информатиканың  базалық 
курсында  тек  іздеу,  зерттеу  түрінде  ғана  жүреді.  Сонда  да, 
оқушыларға жасанды интеллектпен мына жағдайларда: компьютерде 
терілген 
мәтіннің 
орфографиялық 
қателері 
автоматты 
тексерілгенде,  машиналық  аударма  жасалғанда,  оқу  және  бақылау 
бағдарламаларымен  жұмыс  жасағанда  кездесетіндерін  айта  кеткен 
жөн.  Бұл  мәліметтер  оқушылардың  ой-өрісін  кеңейтеді,  білімді 
жүйелеуге және кәсіптік бейімдеуге мүмкіндік береді. 
Объектілердің және процестердің модельдері – ұсыну пішіндері 
бойынша  жіктеледі.  Бұл  белгі  бойынша  модельдер  –  графикалық
вербальдік  кестелік,  математикалық,  объектілі-ақпараттық  болып 
бөлінеді.  
Математикалық 
және 
объектілі-ақпараттық 
модельдер 
компьютерлік 
технологияларда, 
объектілі-бағытталған 
бағдар-
ламалауда,  қазіргі  жүйелік  және  қолданбалы  БҚ-да  пайда  болып, 
дамуда. 
Бөлінген сағат санына және  оқушылардың дайындық деңгейіне 
байланысты  модельдеу  және  формализациялау  сұрақтары  әртүрлі  
дәрежеде оқытылуы мүмкін: 
 
бірінші  - минималды; 
 
екінші – толықтырылған; 
 
үшінші – тереңдетілген деңгей. 
Модель_ұғымы._Ақпараттық_модельдердің_типтері.'>Модель  ұғымы.  Ақпараттық  модельдердің  типтері.  Базалық 
курстың  алғашқы  минималды  деңгейінде  тақырыптың  негізгі 
ұғымдарының  жүйесі  қарастырылады.  Бұл  тақырыпты  оқушылармен 
әңгіме түрінде өткізуге болады. «Модель» термині көбіне таныс. Олар 
өз  беттерімен  әртүрлі  модельдердің  мысалдарын  келтіре  алады. 
Сондай  мысалдарды  келтірулерін  сұрап,  мұғалім  «автомобиль 
моделі», «ұшақ моделі», т.б. деген жауаптарды естуі мұмкін. 
Информатика  ақпараттық  модельдерді  қарастырады.  Әйтсе  де, 
материалдық  және  ақпараттық  модельдері  ұғымдарының  арасында 
ұқсастықтар  баршылық.  Материалдық  модельдердің  мысалдары 
оқушыларға  таныс  және  көрнекі.  Осындай  мысалдар  арқылы 
модельдердің  кейбір  қасиеттерін  талқылаған  соң,  ақпараттық 
модельдердің қасиеттеріне көшуге болады.  


 
75 
Материалдық  (заттық)  модельдердің  тізімін  кеңейтіп  (глобус, 
манекен,  қаланың  құрылысын  салу,  т.б.),  оқушылармен  олардың 
бәріне  ортақ  қасиеттерді  талқылаған  жөн.  Осы  модельдердің  бәрі 
түпнұсқа-объектіні  қарапайым  түрде  көрсетеді.  Объектінің  кейбір 
қызметін  жаңғыртатын  модельдер  болады.  Мысалы,  кеменің  моделі 
жүзеді,  бұрамалы  кішкентай  автокөлік  жүреді.  Айтылғандарды 
қорытындылай келе, оқушыларды мынадай анықтамаға әкелу қажет:   
Модель – нақты объектінің немесе процестің қарапайым ұқсас 
түрі.  «Модель»  термині  латынның  «modelium»  –  шара,  кейіп,  сипат, 
әдіс,  т.с.с  сөзінен  шыққан.  Оның  алғашқы  мәні  құрылыс  өнерімен 
байланысты  болды,  ол  еуропа  тілдерінің  баршасында  дерлік  кейіпті
образды немесе елесті, немесе басқа зат іспеттес затты белгілеу үшін 
қолданылды.  
Модель  –  нақты  объектіні  зерттеу  үшін  натуралды 
экспериментті  жасау  мүмкіндігі  болмай,  әрі  қымбат,  ұзақ,  қауіпті 
болған  жағдайда,  сол  объектіні  ауыстыру  тәсілі.  Көбінесе  зерттеу 
үрдісінде  объект  –  түпнұсқаны  ауыстыратын  модель  ретінде  басқа 
материалдық немесе ойша елестетілетін объект ұсынылады.  
Модель  және  модельдеу  –  бұл  бесаспап  (орысш.  – 
универсальный) ұғымдар, кез келген кәсіби аймақта, объектіні
1

үрдісті 
құбылыстарды  танудың  ең  бір  қуатты  әдістерінің  анықтауышысы 
(атрибуты). 
Модельдеу  мақсаты.  Модельде  нақты  объектінің  тек 
келешекте  қолданысқа  ие  болатын  негізгі  қасиеттері  ғана 
қайталанады. Сондықтан, модельдеуде ең маңызды ұғым – модельдеу 
мақсаты  болып  табылады.  Модельдеу  мақсаты  –  келешек  модельдің 
атқаратын  қызметі.  Мақсат  –  нақты  объектінің  (түпнұсқаның) 
моделінде болатын қасиеттерді анықтайды.  
Материалдық  объектілерді  ғана  емес,  процестерді  де 
модельдеуге  болатынын,  ерекшелеп  айта  кеткен  жөн.  Сондықтан 
модельдеу ұғымын кең мағынада түсіну керек. Мысалы, синоптиктер, 
атмосфералық  процестерді  қуатты  компьютерлерде  модельдеп,  ауа 
райы  болжамын  береді,  физиктер  зертханаларда  әртүрлі  физикалық 
процестерді  модельдейді,  авиациялық  конструктор  аэродинамикалық 
моржаны,  ұшақтың  моделін  ауа  ағынымен  айналу  процесін  
модельдеу  үшін  қолданады.  Мұндай  модельде  ұшақтың  тұлғасына 
түсетін  күш  өлшенеді,  ұшақтың  беріктігі  зерттеледі.  Физикалық 
процестердің  модельдерімен  экпериментші-физиктер  жұмыс  істейді. 
                                                 
1
 Объект  (лат.  objectum—  бұйым,  зат,  нәрсе)  —  бақылаушының  (зерттеушінің)  танымдық  және 
практикалық іс-әрекеті соған бағытталған – құбылыс немесе процесс, жалпы кез келген зат.
 


 
76 
Мысалы, зертханалық жағдайда олар: мұхитта, жер қойнауында және 
т.б.  болып жатқан процестерді модельдейді.  
Ары  қарай,  «модельдеу  объектісі»  –  терминін  кең  мағынада 
түсіну  қажеттігін  ескерту  қажет.  Себебі  кейбір  заттық  объектілер 
(нәрсе,  зат,  бұйым,  жүйе)  немесе  процестерде  модельдеу  объектісі 
болуы мүмкін. 
Оқушылардың  санасында:  «модельдеу  объектісі  —  модельдеу 
мақсаты — модель» тізбесінің мәнін бекітіп алған соң, ақпараттық 
мадельдер  туралы  баяндауға  ауысуға  болады.  Оның  ең  жалпы 
анықтамасы:  
Ақпараттық  модель  –  модельдеу  объектісін  сипаттау. 
Басқаша  айтқанда,  бұл  модельдеу  объектісі  туралы  ақпарат.  Ал 
ақпаратты  әртүрлі  пішінде  ұсынуға  болатыны  белгілі,  сондықтан 
ақпараттық  модельдердің  типтері  де  әртүрлі  болады.  Оның  ішінде  
ауызша  немесе  вербальдік,  графикалық,  математикалық,  кестелік 
модельдер.  Бұл  тізімді  толық  деп  айтуға  болмайды.  Ғылыми 
еңбектерде  ақпараттық  модельдердің  әртүрлі  классификациясы 
келтіріледі.  Мысалы,  алгоритмдік,  имитациялық,  статистикалық
динамикалықпсихологиялық  және т.б.  
4.1-сурет. Модельдеу құрылымы және модельдердің типтері 
Ақпараттық  модельдер  –  ақпараттық  үрдістерді  (ақпараттың 
пайда  болуын,  жіберуін,  түрлендіруін  және  пайдалануын)  табиғаты 
әртүрлі  жүйелерде  сипаттайтын  таңбалы  модельдер  топтары 
[21,138-б.].  
Модельдерді  құру  және  қолдану  жанды  және  жансыз 
табиғаттанудың  барлық  ғылымдарында,  қоғамтануда  танымның 
вербальдік 
Модельдеу мақсаты 
Модельдеу 
объектісі 
Ақпараттық модель 
Заттық модель 
графикалық 
математикалық 
кестелік 
Алгоритм бойынша модель құру 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау