Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет23/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68

 
67 
бағдарламалық  жүйе.  Базалық  курстың  шеңберінде  оның  қызметін 
және құрамын жете түсіндіру мүмкін емес. Әйтсе де, жүйелік БҚ-сыз 
компьютер  жұмыс  жасай  алмайтындығына  оқушылардың  көзін 
жеткізу - мұғалімнің міндеті.   
Басында оқушыларға мектепте қолданылатын ОЖ атауын  айту 
керек.  Мысалы:  «Біздің  компьютерлер  Windows  XP  операциялық 
жүйенің  басқаруымен  жұмыс  жасайды».  Сөйлемді  дәл  осылай  құру 
керек,  сонда,  компьютерлер  операциялық  жүйенің  «...басқаруымен 
жұмыс жасайды» – дегенге ерекше көңіл аударылады. Одан соң «ОЖ 
басқарады» түсінігін былай ашуға болады: 
Операциялық  жүйе  (ОЖ)  –  компьютердің  ресурстарын 
басқаруды  жүзеге  асыратын,  қолданбалы  бағдарламаларды  қосып
олардың  жұмысын  сыртқы  құрылғылармен,  басқа  бағдарламалармен 
үйлестіретін
деректерді 
қорғайтын
пайдаланушы 
және 
бағдарламаның 
сұранысы 
бойынша 
сервистік 
қызметтерді 
орындайтын бағдарламалар жиыны. 
Операциялық 
жүйе 
компьютердің 
бағдарламалық 
жасақтамасының 
қажетті 
құрамасы 
болып 
табылады. 
Ол 
компьютердің  барша  аппараттық  құрамдас  бөліктерінің  жұмысын 
басқаруды  қамтамасыз  етеді.  Сонымен,  тұжырымдай  келе  ОЖ 
компьютердің  барлық  аппараттық  құрамдас  бөліктерінің  жұмыс 
жасауын,  өзара  байланысын  қамтамасыз  етеді  және  пайдаланушыға 
оның аппараттық ресурстарына қатынасуға мүмкіндік береді.  
Кез  келген  операциялық  жүйелердің,  қай  типі  болмасын,  үш 
негізгі қызмет атқарарады:   
1)  компьютердің құрылғыларын басқару; 
2)  пайдаланушымен әрекеттестік жасау; 
3)  файлдармен жұмыс жасау. 
ОЖ төрт модульді құрайтын бағдарламалардан тұрады: 
1)  файлдық жүйені басқаратын, негіздік модуль; 
2)  командалық процессор; 
3)  сыртқы құрылғылардың драйверлері;  
4)  графикалық интерфейсті қамтамасыз ететін модульдер.  
Компьютердің  жұмыс  үрдісі,  оның  құрылғыларының  арасында 
файлдарды  алмастыруға  түйінделеді,  яғни  файлдық  жүйені  басқару 
болып  табылады.  Файлдармен  жұмысты  –  негіздік  модуль  деп 
аталатын арнайы бағдарлама қолдайды.  
Әр  құрылғыға  өзінің  драйвері  сәйкес  келеді.  Пайдаланушы 
компьютермен  пернетақта  және  тінтуірдің  көмегімен  тілдеседі.  Әр 
перненің  немесе  тінтуірдің  батырмасының  басылуы  процессорға 
қайсыбір  бұйрық  болып  ұсынылады.  Бұйрық  енгізілген  соң,  арнайы 


 
68 
бағдарлама  –  командалық  процессор  оның  шифрын  ашады  және 
орындайды. 
Сыртқы  құрылғылар  компьютердің  жүйелік  блогына  арнайы 
келістіруші  тақшалар  (контроллер)  арқылы  қосылады.  Әр  құрылғы 
ерекше  бағдарлама  бойынша  жұмыс  істейді  және  ақпаратты  әртүрлі 
жылдамдықта  өңдейді,  сондықтан  олардың  жұмысын  процессордың 
жұмысымен үйлестіру қажет. Құрылғылардың келісушілік жұмысына 
ОЖ  құрамына  кіретін  арнайы  программалар  –  құрылғылардың 
драйверлері жауап береді. 
Пайдаланушыға  компьютермен  тілдесу  үрдісі  ыңғайлы  болуы 
қажет.  Қазіргі  ОЖ  құрамына  міндетті  түрде,  графикалық 
интерфейсті жасайтын модульдер кіреді. 
ОЖ  жүктеу  үрдісі.  ОЖ  файлдары  әдетте  қатты  –  жүйелік 
дискіде тұрады. Жедел жадыға әуелі ОЖ орындалатын бағдарламасы 
жүктеледі.  ОЖ  барлық  файлдары  қатарынан  жедел  жадыда  түруы 
мүмкін емес, себебі олар ондаған мегабайт орын алады. 
Компьютерді қосқан соң жедел жадыға ОЖ жүктелуі басталады, 
яғни  жүктеуші  программа  (загрузчик)  орындалады.  Жүктелу 
кезеңмен өтеді. Тұрақты сақтау  құрылғысында (ТСҚ) тұрған, бірінші 
кезеңдегі  жүктеуші  және  компьютерді  тестілеу  бағдарламалары, 
компьютерді қосқан кезде жұмыс жасай бастайды. 
Бұл  үрдістің  барысы  туралы  ақпарат  экранда  шығып  отырады. 
Процессор  жүктеуші  дискінің  басынан  кішкентай  жүктеуші 
бағдарламаны  іздейді  де,  ол  бағдарламаны  жедел  жадыға  көшіріп 
жазып, басқаруды соған береді. 
Одан  әрі,  дискіден  ОЖ  негіздік  модулін  іздейді  және  жедел 
жадыға жүктейді де, басқаруды соған береді.  
Негіздік  модульдің  құрамына  кіретін  басты  жүктеуші,  ОЖ 
басқа модульдерін іздейді де, оларды жедел жадыға жүктейді. 
Бұл  тәртіп,  әрдайым  компьютердің  қоректену  блогын  қосқан 
сайын орындалады (орысша “холодный" старт).  
Көбінесе  қайтадан  жүктелу  тәртібі  (Reset  пернесі  басылғанда) 
жиі 
қолданылады, 
бірақ 
бұл 
жағдайда 
компьютердің 
құрылғыларының тестіленуі орындалмайды (орысша горячий” старт).  
ОЖ  жүктелуі  аяқталған  соң,  басқару  командалық  процессорға 
беріледі де, экранға жұмыс істеуге шақыру хабарламасы шығады. 
Файлдарды  ұйымдастыру.  Оқушыларға  баяндалатын  негізгі 
түсініктер:  файлдың  атауы,  файлдың  типі,  файлдық  құрылымы, 
логикалық диск, каталог, файлға баратын жол, каталогтар  ағашы. 
Файл  атауы  –  файл  атынан  және  нүктемен  бөлініп  жазылған 
файл кеңейтімінен тұрады. Мысалы: sys.com, io.sys, norton.exe. 


 
69 
Файлдың  кеңейтімі  (типі,  заты)  –  сақталған  ақпараттың  затын, 
яғни  қай  программада  құрылғанын  және  қандай  файл  (орындалушы, 
архивтік, т.б.) екенін көрсетеді.  
Дискінің  файлдық  құрылымы  —  ол  дискідегі  файлдар 
жиынтығы және олардың өзара байланыстары. 
Логикалық  диск  —  ол  меншік  атауы  берілген  нақтылы  диск 
немесе нақтылы дискінің бөлігі. Логикалық дискілердің атаулары қос 
нүкте  жалғасқан  латын  алфавитінің  бірінші  әріптерімен  беріледі. 
Әдетте  қатты  диск  бірнеше  логикалық  (С:,  D:  т.с.с.)  дискілерге 
бөлінеді.  
Каталог  (директорий)  –  белгілі  бір  ортақ  қасиеттеріне  қарай 
магниттік  дискіде  бір-бірімен  қатар  орналастырылған  файлдар,  ішкі 
каталогтар жиынына қойылған атау.  
Түбірлі  каталог  деп  –  C:\,  D:\  т.с.с.  дискілерінде  орналасқан, 
немесе басқа каталогтардың ішіне жатпайтын, ең жоғарғы деңгейдегі 
негізгі каталогты айтады.  
Файлға жол — түбірлі каталогтан бастап тікелей файл сақталған 
каталогқа  дейінгі  «\»  символымен  бөлініп  жазылған  каталогтар 
атауларынан тұратын тізбек. 
Мысалы,  C:\SIMP\SET\REM.EXE  жазуында  REM.EXE  файлы  
C:  дискіде  SIMP  каталогындағы  ішкі  SET  каталогында  тұрғанын 
көрсетеді. 
Файлдың  толық  аты  –  файл  адресінің  толық  маршруты,  яғни 
«\»  символымен  бөлініп  жазылған  дискінің  аты,  түпкі  каталогтың 
аты,  ішкі  каталогтардың  аты,  ең  соңында  файлдың  өзі  атауы 
тұрады. Мысалы: D:\STUDENT\IF-11\Docum.doc.  
Бір 
каталогқа 
аттары 
бірдей 
бірнеше 
файлдарды 
орналастыруға болмайды. Әртүрлі каталогта ондай болуы мүмкін. 
Файлдар  және  каталогтармен  жасалатын  әрекеттер:  жаңадан 
құру; көшірме жасау; орнын ауыстыру; атын өзгерту; өшіру, жою. 
Каталогтар  «ағашы»  –  бір  каталогтың  ішінде  екінші,  оның 
ішінде  үшінші  каталогтың  сатылы,  ағаш  (ағаш  және  оның 
бұтақтары)  түрінде  орналасуы.  Төменгі  деңгейдегі  каталог 
жоғарғысына  бағынышты  болады.  Ағаш:  дискідегі  иерархиялық 
файлдық құрылымның графикалық бейнесі. 
Пайдаланушының  операциялық  жүйемен  жұмыс  жасауы  мына 
негізгі дағдыларды игеруге тіреледі: 
 
қажет бағдарламаны табу және оны орындауға жіберу; 
 
файлдармен  негізгі  амалдарды  орындай  білу,  олар:  көшірме 
жасау,  орынын  ауыстыру,  жою,  атауын  өзгерту,  мазмұнын  қарау, 
сақтау, іздеу; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау