24
дейтін дөңгелек таңба да болды. Мұндай қосымша белгілер
қойылмайынша, тек дауыссыз дыбыстардан тұратын түбірдің
мағынасын аңғару өте қиын еді. Мысалға,
ктб
дейтін үш әріп-
тен тұратын түбірді сөйлемдегі айтылып отырған ойдың ретіне
қарап,
китабун
деп те,
катибун
деп те оқуға болатын. Алғаш-
қысы кітап деген мағына білдірсе, соңғысы кітаптарды түсін-
діретін көп оқыған адам дегенді ұғындырды. Жүре келе, әлгін-
дей түбір сөздің мағынасын түрліше құбылтатын дауысты ды-
быстардың әрқайсысына тұрақты әріптер ойлап табылды.
Авеста, ұйғыр, моңғол, манжұр жазулары бірден сондай қағи-
даға бас ұрды. Арамей тілі еврей, сирия, иран, араб тілдері деп
төртке бөлінді. Бұл иудаизм, сириялық христианшылдық, зо-
роастризм, мұсылман діндерінің дәуірлеуіне байланысты еді.
Әсіресе, зороастризм мен шығыс христианшылдыққа бірдей
қызмет еткен арамей тілі мұсылман діні шыққанға дейін бүкіл
шығыс елдеріне мейлінше кең тарады. Ол парсы-арамей, пех-
леви-аршак, пехлеви-сасан, авеста, хорезм, соғда жазуларына
жіктелді. Қиыр Шығыс пен Сібірде иероглиф және сына жазу-
лары өрістеді. Кейін ислам дінінің дәурендеуіне байланысты,
Қиыр Шығыс иероглиф жазуынан басқасын араб жазуы мүлдем
жұтып жіберді.
Мамандардың айтуынша,
араб жазуы арамей жа-
зуының набатей тармағынан тарайды. Оның ең ескі үлгілеріне
біздің жыл санауымыздан бұрынғы 300-ші жылдар шамасын-
дағы үш графит тақтайшаға жазылған көнелікті мәтіндер жат-
қызылады. VІІ ғасырда араб жазуы баданадай ірі және доғал
әріптерден тұратын куфа және нәзік те әсем шиырылып түсетін
насх жазу түрлеріне жіктелді. Арабтар жаны бар мақұлықтар-
дың суретін сала алмайтын болғандықтан кесте тіккендей қып
әдемі ирекше әшекейлерге көбірек мән берді. Оларды кейде тым
шиыршық атқызып, қырық құйқылжытып жіберетін. Бұлары
көруге келісті болғанымен, түсінуге қиын түсетін еді. Ал
б.ж.с.д. VIII-VII ғасырларда пайда болған грек әліпбиі жазылуы
жағынан финикия жазуына ұқсағанымен, дыбысталуы жағынан
бабыл, ассирия, арамей, иудей, халдейлерге тән флективті семит
тілдерімен емес, ежелгі санскрит, қазіргі үндіеуропалық тілдер-
мен төркіндес еді. Аглюнативті тілдер тобына жататын. Семит
тобындағы флективті тілдердегі мағына дауысты дыбыстардың
25
өзгеруіне байланысты құбылса, үндіеуропа тобындағыдай
агглюнативті тілдердегі мағына түбірдің алды-артынан тіркеле-
тін қосымша, жалғау, жұрнақтарға байланысты түрленетін. Сон-
дықтан гректер финикия жазуына айта қаларлықтай өзгерістер
енгізіп бақты. Дауысты әріптермен бірге бұрын жоқ
Достарыңызбен бөлісу: