168
- атом саласы объектілерінде электрөлшеу жұмыстарын Қазақстан
Республикасында қорғалған патенттермен, техникалық шешімдермен
жүргізу үшін аспаптардың экспериментальды үлгілері жасалды;
- өлшемін, морфологиясын, күндізгі беткі қабатқа қатысты орналасуын
және жақын маңдағы тектоникалық бұзылыстарды анықтай отырып,
тәуекелдерді бағалау үшін геология-геофизикалық деректер бойынша ССП-
дағы жерасты ядролық жарыстардың бірқатар ошақтық зонасына модельдеу
жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі
«Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
002 республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша 6 бағытта 23 жоба
орындалды.
Олардың
ішінен
неғұрлым
маңызды
нәтижелер
қатарына
төмендегілерді жатқызуға болады:
1 бағыт.
Ғарыштық кеңістікті зерттеуге арналған ғылыми-
эксперименттік базаны дамыту
Рентгенті дереккөздері бар қосарлы жұлдыздар жүйесіне, планеталық
тұмандықтарға, галактиканың белсенді ядроларына және Күнге жақындау
кезеңіндегі кометалардың ыдырауы үрдістеріне зерттеулер жүргізілді.
Геостационар орбитадағы кіші көлемді жасанды нысандарды іздеу және
бақылау әдістері мен алгоритмдері әзірленді.
Спектрдің көрінетін және инфрақызыл диапазондарындағы көптүсті
фотометрдің макеттік нұсқасы дайындалды және онда ауыспалы
жұлдыздарды тестілеу фотометриялық бақылаулары жүргізілді.
2 бағыт.
Ғарыш ауа райы мониторингі және болжаудың
қазақстандық көпдеңгейлі жүйесін құру.
Геостационар орбиталардағы ғарыштық аппараттардың жұмысына кері
әсерін тигізуші түрлі типтегі протонды оқиғаларды болжау әдістемесі
әзірленді. Ол күндегі дақтар тобының қуатын, орналасқан орнын, санын
және ерекшеліктерін, рентгендік фон деңгейін және протондық артулардың
алдын ала бақылау тарихын есепке алады.
Жер сілкінуінің ионосфералық белгілерін тіркеу үшін, ионосферадан
шағылысқан радиодабылдардың доплер жиіліктерін өлшеуге арналған
қабылдау пункті құрылды.
3 бағыт.
Қазақстан
жер
қыртысының
жерүсті-ғарыштық
геодинамикалық және геофизикалық мониторингі жүйесін, сондай-ақ
пайдалы қазбалар кен орындарын болжау жүйесін құру
Нақты
геологиялық-геофизикалық
деректерді
геомеханикалық
модельдеу жолымен, түрлі тереңдік көкжиектерінде Солтүстік Тянь-Шань
және Жетісу Алатауы аумағындағы жер қыртысының кернеулі-
деформацияланған параметрлері анықталды.
169
COSMO-Sky-Med жер серігінен алынған жоғары кеңістіктік шешімдегі
радарлы суреттерді өңдеу деректері бойынша Астана қаласы аумағындағы
жекелеген ғимараттардың, құрылыстық құрылымдардың және қаланың
оқшау учаскелеріндегі жер бетінің шөгуі заңдылықтары анықталды.
Бақылаудың жерүсті-ғарыштық әдістерін пайдаланып, Ботахан мұнай
кен орны мысалында жер қыртысының жоғарғы қабатының кеңістіктік
моделі әзірленді. Көмірсутегі шикізатын өндіруді одан әрі қарқындату
кезеңдеріндегі геодинамикалық бақылау тораптарын жетілдірудің бағыттары
негізделді.
4 бағыт. Жерді қашықтықтан барлау деректерін жедел қабылдау
және тақырыптық өңдеу технологиясын дамыту.
Жер серігі ақпараттары негізінде өрттен келетін болашақ шығындарды
болжауға арналған технологиялық кешен әзірленді және ол «Семей орманы»
мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ енгізілді. Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл, Солтүстік Казақстан облыстары мен Астана қаласында ғарыштық
мониторинг ситуациялық орталықтары құрылды.
Жайылымдық пайдалану жерлерінің негізгі сипаттамалары – өнімділігі,
түсімділігі, топырақ-өсімдік қабаттарының бұзылуы деңгейінің жер серігі
мен жерүсті деректерінің жоғары сәйкестігімен (80%-дан жоғары) сандық
бағалау технологиясы әзірленді. Солтүстік Қазақстанның түрлі табиғи-
климаттық аймақтарындағы астық дақылдары егістіктерін, оңтүстік
облыстардың тестілеу учаскелеріндегі қар қабаты мен кәдімгі жайылымдық
өсімдіктерді жерүсті биометриялық және спектрометриялық өлшеу және
бақылау ақпараттық базасы құрылды.
Мұнай өндіру және мұнай- және газ құбырлары өтетін аумақтардағы
топырақтың шөгуін дифференциалды интерферометрия әдісімен анықтау
технологиясы әзірленді.
5 бағыт. Қазақстан Республикасында ғарыштық техника мен
технологияларды құруды ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуді әзірлеу
Ғылыми-технологиялық бағыттағы ғарыштық аппараттың ғылыми
блогының ғылыми жабдықтары және бағдарламалық қамтамасыз ету
әзірленді, ғарыштық аппараттардың негізгі қызметтік кіші жүйелері мен
жұлдызды датчиктің оптикалық жүйесінің эксперименттік үлгілері
дайындалды.
Қазақстан аумағының барлық нүктелеріндегі техникалық және
стационар жылжымалы нысандардың мониторингін жүргізуге мүмкіндік
беретін ұтқыр ғарыштық байланыс пен жер серігі навигациясы негізінде
деректер жинау мен таратудың бірегей жүйесі әзірленді.
Геодезиялық, топографиялық және маркшейдер жұмыстарында
пайдалану үшін лазерлі дальнометрия мен инерциялы навигация
технологияларын пайдалану арқылы жаңа кластағы жер серігі геодезиялық
жабдығының эксперименттік үлгісі әзірленді.
6 бағыт. Ғарыш қызметін экологиялық нормалау жүйесін дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |