170
1999 және 2007 жылдары Қарағанды облысы мен оған шекаралас
аумақтарда «Протон-М» ЗТ апатты құлауы ауданындағы экологиялық және
эпидемиологиялық-санитарлық зерттеулер мен халықтың денсаулығы
күйінің нәтижелеріне кешенді баға берілді.
Эксперименттік зерттеулер жүргізіліп, оның барысында керосин Т-1
(Acinetobacter calcoaceticum-18, Bacillus sp.-20, Micrococcus roseus-25,
Candida sp.-12/5) зымыран жанармайын жақсы сіңіретін төрт микроорганизм
культурасынан тұратын ассоциация анықталды.
Т-1 керосинімен залалданған топырақты детоксикациялау бойынша
табиғи сынақтар жүргізу әдістемесінің жобасы әзірленді.
«Зенит» ЗҒТ (РП №226) бірінші сатысының құлау ауданы мен
Қарағанды облысының Ақтоғай, Шет және Қарқаралы шекаралас
аумақтарында зымыран-ғарыштық қызметінің әсеріне ұшыраған табиғи
экожүйенің төзімділігіне баға беру жүргізілді.
Жер қыртысындағы гидразиннің ШРК гигиеналық көрсеткіші жобасы
жете зерттелді. Жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-
эпидемиологиялық сараптамасынан өтті және бекітуге ұсынылды.
Масса-селективті детектірлеуші газды хроматография әдісімен жер
қыртысындағы тетраметилтетразен (ТМТ массалық концентрациясын
өлшеуді орындау әдісінің жобасы зерттелді. Әдіс қолданыстағы әдіске
қарағанда біршама елеулі.
Жалпы, «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми
зерттеулер» 002 РББ бойынша әзірленді:
- түрлі тұрпаттағы протондық оқиғалардың ықтималдығын болжау
әдістемесі;
- геостационар орбиталардағы ғарыштық қоқыстарды табу әдістемесі
және ПЗС-матрицалы «Карл-Цейс Йена» класты 1-м телескопта пайдалануға
арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету;
- қараңғы материяны есепке алып, еселі галактикалар эволюциясының
моделі;
- геологиялық-геофизикалық деректер кешенін есепке алып, Солтүстік
Тянь-Шань мен Жетісу Алатауы аумақтары жер қыртысының кернеулі-
деформацияланған күйі параметрлерін екіөлшемді және үшөлшемді бөлу
карталары;
- Алматы қаласы аумағы жер қыртысының жоғарғы қабатының
кернеулі-деформацияланған күйі параметрлерінің аномальді мәндерін
екіөлшемді және үшөлшемді бөлу карталары;
- Ботахан кен орнын қоса, жер қыртысы блогындағы тығыздықтың
біртексіздік пен кернеулі-деформацияланған күйі параметрлерін бөлудің
кеңістіктік моделі;
- жер серігі ақпараттары негізінде өрттерден келетін болашақ
шығындарды болжауға арналған технологиялық кешен;
- ірі масштабтағы жерүсті нысандарының 3D модельдерін құру
бағдарламалық-техникалық кешенінің дальномерлі кіші жүйесін құрудың
171
техникалық жобасы;
- GlobalStar, Inmarsat ұтқыр ғарыштық байланысы және жер серігі
навигациясы негізінде деректер тарату бірегей жүйесі терминалының
эксперименттік үлгісі.
Жер серігі ақпараты негізінде өрттен келетін болашақ шығындарды
болжауға арналған технологиялық кешен «Семей орманы» МОТР» РММ
енгізілді (2013 жылғы 28 қазандағы №1 енгізу акті).
Ірі масштабтағы жерүсті нысандарының 3D модельдерін құру
бағдарламалық-техникалық кешенінің лазерлі қашықтық өлшеуіш жүйесі
дала жұмыстарын жүргізу кезінде қашықтықты дәл өлшеу үшін
«Точприбор» ЖШС енгізілді (2013 жылғы 29 қазандағы енгізу акті).
Қазіргі уақытта іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелері
төмендегі салаларда колданылады:
1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін егістіктер мен өсімдік
шаруашылығы өнімдерінің ғарыштық мониторингі орындалуда;
2) ҚР АШМ Су ресурстары комитеті үшін – су нысандары, суару
жүйелерінің ғарыштық мониторингі технологиясы кешенін әзірлеу;
трансшекаралық өзендер бассейнінде төтенше жағдайлар қатерінің
ғарыштық мониторингі және бағалау кешенін құру;
3) «Қазагроинновация»
АҚ
үшін
–
жайылымдық
пайдалану
аумақтарының экологиялық-мелиоративтік ғарыштық және жерүсті
мониторингі
технологиясын
әзірлеу,
ирригация
жүйелері
мен
гидротехникалық құрылыстардың техникалық күйін бағалау әдістерін
әзірлеу;
4) «Теңізшевройл» ЖШС үшін – Каспий теңізі солтүстік-шығыс
жағалауын ғарыштық мониторинг деректерімен ақпараттық қамтамасыз ету
және жағалау мен өсімдік қабаты күйі флуктуациясын бағалау;
5) Қазақстанның 11 облысы үшін төтенше жағдайлардың ғарыштық
мониторингі жүргізіледі;
6) «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ тапсырысы
бойынша жоғарыдәлдікті жер серігі навигациясы жүйесіне арналған базалық
дифференциалды түзету станциясының сынақ үлгісін құру бойынша
конструкторлық-сынақ
жұмыстары
жүргізілді,
сынақ
өндірісі
ұйымдастырылды және 50 базалық дифференциалды түзету станциясы
дайындалды.
Одан басқа, ҚР БҒМ ҒК шарты бойынша 2012-2014 жж. грантты
қаржыландыруға ашық конкурс қорытындылары бойынша 14 жоба, 2013-
2015 жж. – 10 жоба орындалуда, олардың жалпы сомасы 407 620,0 мың
теңгені құрайды.
ТМД Үкіметтері басшыларының 2013 жылғы 31 мамырдағы шешімімен
ТМД
қатысушы-мемлекеттерінің
Халықаралық
инновациялық
ынтымақтастық
бағдарламасының
2020
жылға
дейінгі
пилотты
жобаларының тізбесі бекітілді, оған сәйкес екі инновациялық жобаны іске
асыру жаспарланған:
172
- болжау мониторингі көпмақсатты аэроғарыш жүйесін (БМКАЖ)
әзірлеу және сертификаттау, сондай-ақ оның негізінде семантикалық және
геокеңістіктік деректермен қатар табиғи және техногенді сипаттағы төтенше
жағдайлар туралы алдын ала ақпарат ұсынудың кешенді сервистерін құру;
- қазіргі
заманғы
ақпараттық
және
телекоммуникациялық
технологиялар негізінде ТМД қатысушы-мемлекеттері аумақтары бойынша
өтетін халықаралық көлік дәліздерін басқару аппараттық-бағдарламалық
кешенін құру.
Солтүстік-Шығыс Каспий ғарыштық мониторингінің геоақпараттық
жүйесін құру жоспарлануда, ол мұнай жайылуларының алдын алуға, сондай-
ақ су айдыны мен жағалау аймақтарында мұнаймен ластану көздерін, немесе
соған қабілетті болашақ көздерді бақылауға алуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама бойынша 191 мақала жарияланды, оның ішінде 76 – алыс
және жақын шетелдерде. 10 монография мен жинақтар, оның ішінде – 6-уы
Германияда басылып шықты.
ҚР 2 патенті алынды, өнертапқыштыққа 5 ұсыным тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Соңғы жылдары медициналық ғылым ұйымдардың жүйесін дамыту
бойынша нақты қадам жасалған. 2008 жылы медициналық ғылым
ұйымдарының көлемі 18% (28-ден 33-ке дейін) өскен, соның ішінде Ұлттық
медициналық холдинг шеңберінде 4 ғылыми ұйымдар құрылып және
дамыды.
2013 жыл бойынша денсаулық сақтау саласы ғылыми-зерттеу қызметінің
инфрақұрылымында 25 ғылыми-зерттеу ұйымдар (18 ғылыми орталық, 7
ғылыми-зерттеу институттар), 6 медициналық ЖОО-дар және 2 дипломнан
кейінгі білім ұйымдары ұсынылған. Осы 25 ғылыми-зерттеу ұйымдардың 20-
сы клиникалық профиль, 5 клиникалық емес болып табылады. Көптеген
ғылыми ұйымдар жеке жоғарылату мақсатында жаңа жеке құқықтық-
ұйымдастыру формасына көшті: олардың ішінде 9-ы акционерлік қоғам, 13-і
республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығында, 11 -
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университеті және
Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті базасында 2 ғылыми
молекулярлы-генетикалық зертханалар ұжымдық қолданыста жұмыс
атқаруда, заманауи құралдарға рұқсат және студенттердің, магистрлердің,
докторанттардың
жас
ғалымдардың
және
медициналық
ғылыми
ұйымдарының қызметкерлері және ЖОО-ның зерттеулерін орындауына
қамтамасыз етеді.
Басты ғылыми ұйымдарда тәжірибелік ғылыми «қол шатыр» астындағы
ғылыми ұйымдарының орындаушыларымен бірігіп қажеттілікке байланысты
және бағдарламалық- нысаналы қаржыландыруды енгізуде консорциумдарды
құру дами бастады. Қазақстан Республикасы медициналық экология
Достарыңызбен бөлісу: |