164
бойынша қуаты 12 МВА рудатермиялық электрпеште «Ligas Gerais
Eletrometalurgia
Ltda»
(Бразилия,
Сан-Жуаль-Дель-Рей
қаласы)
ферробалқыту
зауытында
ферросиликоалюминий
еріту
бойынша
тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ өткізілді.
Кремний мен алюминий алу коэффициенттері ФС55А15 маркасы үшін
орташа 77-78% және 75-76%-ды құрады.
110 тонна ФС55А15 маркалы конденцаттық ферросиликоалюминий
балқытылды; Бразилияның көмір шикізатынан ФСА алудың технологиялық
регламенті түзетілді.
2013 жылғы негізгі жетістіктер:
- «KSPSteel» ЖШС-да (Павлодар қаласы) ферросиликоалюминий
өндіру цехы пайдалануға берілді;
- Zhuzhou Smelter Group Co. (ҚХР) қорғасын зауыты іске қосылды;
- Jiangxi Copper Corporation (ҚХР) компаниясының қорғасын зауыты
өнеркәсіптік пайдалануға тапсырылды-қабылданды;
- Портовезмдегі (Италия) КИВЦЭТ жаңғыртылған кешені өнеркәсіптік
пайдалануға тапсырылды-қабылданды;
- «Efficient
technologies
in
ferroalloy
industry»
INFACONXIII
ферробалқытушылардың
Он
үшінші
Дүниежүзілік
Конгресі
ұйымдастырылды және өткізілді;
- құрамында рений бар қождарды қайта өңдеу гидротелімдері жасалды;
- Металлургия Орталығының 1-кезегі іске қосылды;
- Ligas
Gerais
Eletrometalurgia
Ltda (Бразилия) компаниясында
ферросиликоалюминийді еріту технологиясы сынақтан өткізілді;
- RWSiliciumGmbh
(Германия) және Posco (Оңтүстік Корея)
зауыттарында рексиль сынақтан өткізілді;
- Астана қаласында («Тау-Кен Алтын» ЖШС) аффинаж зауыты іске
қосылды.
ҚР МШКҚӨ ҰО стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа
жүйелері, мемлекеттік стандарттарды әзірлеу саласында қолданбалы
ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы техникалық реттеу және метрология
жүйелерін дамытуға жәрдемдеседі.
27 өтінім беруші ұйымдардан түскен 100 Химиялық өнімдердің
қауіпсіздік паспортына, 49 химиялық өнімнің Қазақстан Республикасының
химиялық өнімдердің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына
сәйкестігіне сараптама жасалды. 60 оң қорытынды берілді.
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» РМК
(ҚР ҰЯО РМК, Курчатов қаласы, ШҚО), құрамына атом ғылымы мен
техникасы және радиациялық қауіпсіздік пен экология салаларында ғылыми
зерттеулер жүргізетін екі филиал кіреді:
«Атом энергиясы институты» филиалы атом және термоядролық
энергетика объектілерінің қауіпсіздік проблемалары бойынша ғылыми-
зерттеу
және
тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстар
атқарады,
персипективалы ядролық және термоядролық реакторлардың жекелеген
165
тораптары мен элементтерін әзірлеу және сынақтан өткізу, қатты дене
радиациялық физикасы және реакторлық материалтану, радийактивті
қалдықтарды (РАҚ) және иондаушы сәулелеу көздерін (ИСК) қолдану
бойынша,
атом
саласының
объектілерін
жобалау,
Қазақстан
Республикасының атом саласы үшін кадрлар даярлау жұмыстарын атқарады.
«Радиациялық қауіпсіздік және экология» филиалы радиациялық-
қауіпті объектілерге радиоэкологиялық мониторинг жүргізу, бұрынғы Семей
сынақ полигонының (ССП) аумағында радиациялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, сәулелену мөлшерін есепке алу және бақылау әдістерін,
радийталдамалы әдістемелерді әзірлеу, радиациялық ластанған аумақтарды
ремедиациялау, бұрынғы ССП проблемалары бойынша ақпараттық-ағарту
жұмыстарын атқарады.
ҚР МШКҚӨ ҰО республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
төмендегі екі ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйым болып
табылады:
– «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту»;
– «Қазақстандық Токамак термоядролық материалтану реакторын жасау
мен пайдалануға ғылыми-техникалық қолдау көрсету».
«Қазақстан
Республикасында
атом
энергетикасын
дамыту»
бағдарламасының негізгі мақсаты атом энергетикасын дамытуға ғылыми-
техникалық
қолдау
көрсетуді
қамтамасыз
ету
және
ядролық
технологияларды дамыту болып табылады.
Бағдарлама
бойынша
ғылыми-зерттеу
жұмыстары
атом
энергетикасының
қауіпсіздік
мәселелерін,
реакторлардың
активті
аймағының конструкциялық материалдарын зерттеуді, ядролық физика,
ядролық
технологиялар
саласындағы
зерттеулерді,
радийактивті
материалдармен және пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс істеу
жүйесін құруды, радиоэкологиялық зерттеулердің әдістемелік және
аппаратуралық базасын дамытуды, радиоизотоптық өнім шығарудың
технологиялық негіздерін жасауды, ядролық қауіпсіздікке геофизикалық
мониторинг жүргізу технологияларын дамытуды қамтиды. Бұдан басқа,
аталған бағдарлама шеңберінде Қазақстанда атом энергетикасы мен
өнеркәсібін дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстары атқарылуды.
Литий капиллярлы-кеуек құрылымды (ККҚ) үлгісі бар реакторлық
ампула үшін нейтронды-физикалық және жылуфизикалық есептер жасалды,
олардың негізінде үлгіні ИВГ.1М реакторында сынақтан өткізу параметрлері
есептелді. Үлгінің 200-ден 500 °С дейінгі аралықтағы температура кезінде
реактордың қуаты 1, 2 және 6 МВт болғанда сәулелену жағдайларында
литий капиллярлы-кеуек құрылымды үлгіде тритий мен гелий өндірілу және
бөліну үдерістерін зерттеу бойынша реакторлық эксперимент жасалды.
Реактор қуатының, зерттелетін литий капиллярлы-кеуек құрылымды үлгінің
температурасындағы
және
газдың
үлгіге
қатысты
парциальдық
қысымындағы өзгерістердің уақыттық тәуелділігі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |