Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет67/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92

152 
 
Орындаушы-ұйымдар  ретінде  бағдарламаны  жүзеге  асыруға  ресейлік 
жетекші зерттеу орталықтары («Артлайф» ЖШС, Томск қ.; «Биолит» ЖШС, 
Томск қ.); «Сібір мемлекеттік медициналық университеті Денсаулық сақтау 
және  әлеуметтік  дамуының  Федералды  агенттігі»  ЖКБ  МББМ,  Томск  қ.; 
«ВИПС–Мед»,  Санкт-Петербург  қ.)  атсалысты.  Бағдарлама  мақсаты:  GMP 
стандартына  сай  бәсекеге  қабілетті  фармацевтикалық  өнім  өндіруді 
ұйымдастыру  үшін  дәрілік  шикізаттарды  қайта  өңдеу  жаңа  технологиясын 
ғылыми-техникалық қамтамасыз ету. 
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бағдарламалар:  
- О.0566  «Қазақстан  Республикасы  денсаулық  сақтау  туберкулезге 
қарсы вакцина зерттемесі» (2011-2014 жж.); 
- О.0600  «Мүйізді  ірі  қара  мал  бруцеллезі:  эпизоотологиялық  ахуал 
мониторингі,  диагностика  және  сақтандыру  құралдарын  талдау»  (2012-
2014); 
- О.0601  «Қазақстан  Республикасы  территориясын  мекендейтін  киік 
үйірлеріндегі  жұқпалы  аурулардың  алдын  алу  тәсілдерінің  зерттемесінің  
эпизоотологиялық мониторингі» (2012-2014). 
Биотехнологиялық бейінді бағдарламаларды жүзеге асыруда шетелдік 6 
ғылыми  зерттеу  орталықтарымен  әріптестік  байланыста  бірлесе  жұмыс 
істеуге мүдделі. Олардың қатарында Вена медицина университеті (Австрия), 
Санкт-Петербург 
қаласындағы 
Ғылыми-зерттеу 
институттары 
мен 
«ЭПИДБИОМЕД»  компаниясы  ЖАҚ  (Мәскеу)  бар.  Зерттеудің  бағыты: 
туберкулез  індетіне  қарсы  инфекцияның  дәрілік-тұрақты  түрінің 
қарқынды 
таралуынан 
сақтандыру 
және 
емдеудің 
тиімділігін 
арттырудағы  жаңа  зерттемелер;  туберкулезге  қарсы  вакцинаның 
қауіпсіздігі  мен  сапасын  бақылауды  ұйымдастыру  және  өткізу;  вирустық 
инфекциялардан  келетін  залалдың  салдарын  төмендету;  жануарлардың 
инфекциялық  аурулары  диагностикасының  тәсілдері  және  заманауи 
құралдар;  елімізде  тиімділігі  жағынан  шетелдік  аналогтардан  кем 
түспейтін  отандық  препараттармен  қамтамасыз  ету  және  тірі  вакцина 
алу технологиясының зерттемесі; ауру пайда болған жағдайда эпизотикаға 
қарсы  сақтандыру  іс-шараларын  жүргізуде  ғылыми-негізді  ұсыныстар 
білдіру.  
2012  жылы  Денсаулық  сақтау  саласындағы  ҒТБ-ға  мамандандырылған 
жетекші медициналық мекемелер, аталған бейінге ғылыми-зерттеуді басқару 
және  ұйымдастыру,  ұйымдастырушы-әдістемелік,  емдеу-диагностикалық, 
кеңес  беру  жұмыстары  бойынша  26  ұйым  қатысты.  Аталған  жалпы 
қатысушы  ұйымдардың  ішінде  алтауы  бірнеше  ғылыми-техникалық 
бағдарламаларға  қатысқан  (Ұлттық  ғылыми  медициналық  орталық, 
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы, Радиациялық медицина және 
экология  ҒЗИ,  Республикалық  жедел  медициналық  жәрдем  ғылыми 
орталығы,  Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  проблемалары  Ұлттық 
орталығы).  
Бағдарлама аясында Мәскеу, Санкт-Петербург, Қорған секілді Ресейдегі 
және  алыс  шетелдердегі  (АҚШ,  Германия,  Австрияның  медициналық 
университеттері) ғылыми орталықтар бірлесе қатысты.  


153 
 
9. ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ. 
(Технологиялар  мен  ғылыми  және/немесе  ғылыми-техникалық 
қызмет  нәтижелерін  коммерцияландыру  механизмдері,  ғылым, 
өндірі  және  бизнес-қауымдастық  интеграциясы,  ғылымның  ел 
экономикасының  дамуына  қосатын  үлесі  мен  ғылыми  және/немесе 
ғылыми-техникалық  қызмет  нәтижелерінің  ішкі  жалпы  өнім 
өсіміне әсері негізінде) 
 
Қазақстан  Республикасының  үдемелі  индустриалды-инновациялық 
дамуы 
бойынша 
2010-2014 
жылдарға 
арналған 
Мемлекеттік 
бағдарламасының  (ҮИИДМБ)  жүзеге  аса  бастауы  инновациялардың 
дамуына  жаңа  тыныс  берді.  Осы  кезеңде  ұлттық  инновациялық  жүйе 
қызметінің  институционалды  негізі  қаланып,  инновациялар  мен  жаңа 
технологияларды жасап шығару мен енгізуге дем беретін тиісті заңнамалық 
база (ҚР «ҮИИДМБ туралы», «Ғылым туралы» Заңдары) қалыптастырылды, 
даму  институттары  сапалық  тұрғыда  реформаланды.  Инновациялық 
қызметке  қолдау  көрсету  құралдары  сынақтан  өтіп,  қоданысқа  енгізілді 
(инновациялық  гранттар,  технологиялық  бизнес-инкубациялау,  салалық 
конструкторлық бюро және т.б. қызметтер). 
Қазақстанда  отандық  кәсіпорындарға  жаңа  әрі  жетілдірілген  өнім 
өндіруді  ұйымдастыруда  жәрдемдесетін  салалық  конструкторлық  бюролар 
(көліктік  және  ауылшаруашылық  машинажасау,  тау-металлургия  жабдығы, 
мұнай-газ  жабдығы,  сондай-ақ  аспапқұрастыру  КБ  тіркелген).  Мысалы, 
машинажасау  кәсіпорындарының  тапсырыстары  бойынша  салалық 
конструкторлық  бюролар  тиісінше  483  және  69  конструкторлық-
технологиялық құжаттама кешенін әзірледі және сатты. 
Оңтүстік  Корея,  Франция,  Норвегия  және  АҚШ  мемлекеттерімен 
бірлесіп  технологиялар  трансфертінің  4  халықаралық  орталығы  құрылып, 
жұмыс  істеуде.  Бұлардан  кез  келген  кәсіпорын  технологиялар,  әріптестер 
іздеу  және  осы  елдерде  жобаларды  іске  асыру  кезінде  басқа  да  қолдау 
қызметін ала алады. 
ҒЗИ  мен  жоғары  оқу  орындары  базасында  21  коммерциялау  кеңсесі 
құрылды,  олар  жалпы  сомасы  95,6  млн  теңге  болатын  әзірлемелер 
тұжырымдамасының  122  негіздемесін  дайындады,  олардың  ішінен  55  жоба 
технологияны әрі қарай коммерциялау үшін іріктеп алынды. 
Технологиялық 
бизнес-инкубациялау 
бағдарламасы 
аясында 
технопарктер желісі арқылы 116 жобаға қолдау көрсетілді, 975 млн теңгеден 
астам сомаға қызмет көрсетілді. 
«Инновациялық  технологиялар  паркі»  АЭЗ  аумағында  77  компания 
орналасқан және 13 өндірістік жобалар іске асырылуда. 
Қазақстанда  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  саласында 
құрылымдық және сапалық өзгерістер орын алды. 
Төртінші  буын  (4G  стандарты)  желілерін  құру  бойынша  жобаны  іске 
асыру  басталды.  Бұл  –  ұялы  байланыстың  деректерді  беруде  жылдамдығы 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау