39
Күлі көп көмірлерді қалдықсыз жағу, күлді құрылыс материалдары мен
жаңа отын түрлеріне айналдыру және жою, көмір газификациясы мен
пиролизі, көмірді байыту бойынша технологиялар ұсынылды. Қатты отынды
белсендірудің плазмалық технологиялары, қуаттың желіде жоғалып кетуін
төмендету, автоматты басқарылатын энергия жинаушы жаңа жүйелерді
енгізу негізінде жылу және электр қуатының энергетикалық тиімділігін
арттыру әдістері жобаланып жатыр.
«Шикізат пен өнімді терең өңдеу» басымдығы
Аталған басымдық аясындағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары
келесілер:
– минералдық шикізатты қайта өңдеу (байыту, флотация, агломерация,
тауарлық өнімдер);
– металлургия саласы бойынша зерттеулер (қара және түсті
металлургия, байыту үдерістері, электрліктазарту, металды электролизбен
өңдіру, асыл, сирек және сирекжер металдары);
– тау-кен ісі саласы бойынша зерттеулер.
2012-2013 жылдары ШҚӨ басымдығы бойынша ғылыми жобаларды
гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін 918 өтінім тапсырылып,
олардың 253-і мақұлданды.
Соның ішінде 2013 жылы 450 өтінім конкурсқа ұсынылып, 64 жоба
мақұлданды.
Басымдық бойынша 2013 жылғы аса өзекті мәнге ие жобалар мен
бағдарламалар келесілер:
– минералды-шикізаттық базаны толтыру технологиялары мен әдістері
бойынша – тау-кен өндірістерін бекітуге арналған анкерлік өзектердің жаңа
силикат бекіткіштері; үстіңгі беттердегі көмір қабаттарынан метан өндіру,
электр магнитті резонанс әдісі арқылы көмір қабаттары орналасуының
геологиялық жағдайын зерттеу;
– шикізат пен өнімді өңдеу технологиялары бойынша – күн батареялары
үшін кремний өндірісін жасақтау бағдарламасы, кремний моно оксидінен,
жаңаратын өсімдік шикізатынан (күріш кеуегінен) күн сапалы кремний алу
технологиясы, күн батареясының фотоэлектрлік өзгерткіштері мен
модульдерін дайындау;
– фармацевтикада – Қазақстанның табиғи және техногенді минералдары
негізінде оларды минералдық-технологиялық, химиялық-минералогиялық
зерттеу арқылы синтез бен импортты алмастыратын дәрілік заттар
өндірісінің ғылыми-эксперименталды негіздері;
– Қазақстанның негізгі мұнай кеніштерінің мұнайларының (мұнай
қоспалары) құрамын, қасиетін, түзілісін кешенді зерттеу;
– пайдалы қазбаларды дайындау технологиялары бойынша –
Қазақстанның минералды және техногенді шикізаттарынан сирек және сирек
жер металдарды алу.
40
«Ақпараттық
және
телекоммуникациялық
технологиялар»
басымдығы
«Ақпараттық
және
телекоммуникациялық
технологиялар»
басымдығының негізгі бағыттары:
– экономиканың түрлі салаларының технологиялық мәселелерін
шешудегі ақпараттық және есептеуіш технологиялар;
– жоғары өндірістік кластерлердегі тарату және есептеу жүйелерін түзу;
шынайы уақыт жүйелерін жасау; суретті өңдеу теориясы; геоақпараттық
жүйені жасақтау;
– жасалған бағдарламалық құралдарды анықтау және тестілеу;
мәліметтер базаларын жобалау және қолданысқа енгізу; ақпараттық және
есептеу үдерістерін виртуалдандыру.
2012-2013 жылдары АТТ басымдығы бойынша ғылыми зерттеулерді
гранттық қаржыландыру конкурсына 495 өтінім беріліп, олардың 191-і
мақұлданды. Соның ішінде 2013 жылы 210 өтінім тапсырылып, 63 жоба
қабылданды.
«Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» басым
бағыты аясында 2013 жылы жалпы бюджеті 2 105 119,2 мың теңгені
құрайтын 174 гранттық жоба орындалды. Олар іс жүзінде заманауи
ақпараттық технологиялардың озық үлгілерін қолданатын экономиканың
барлық жұмыс салаларын қамтиды.
Аталған салада келесі бағыттар бойынша ғылыми-техникалық зерттеулер
сәтті жүргізіледі:
1) экономиканың түрлі салаларындағы технологиялық мәселелерді
шешуде пайдаланылатын ақпараттық және есептеу технологиялары;
2) ресурстық негіздегі мәселелерді шешуде тармақты жоғары өнімді
есептеуіштерді пайдалану;
3) әлеуметтік аядағы ақпараттық технологияларды жасау;
4) мультиагенттік
жүйелер пайдаланылатын мобильді зияткерлік
платформалардағы қызметтің композиттік әуелері;
5) ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі.
Ақпараттық технологиялардың даму перспективасы келесі факторлармен
сабақтастықтағы әлемдік және оқшау трендтерге негізделеді:
– елді коммуникациялық барша түрлерімен қамтамасыз ету, республика
аумағында ақпараттың жалпыға бірдей қолжетімді болуы;
– адамның компьютерлік желіге барынша кірігуі;
– жасанды интеллект технологияларының барлық өнеркәсіп салаларына,
мемлекеттік басқару мен әлеуметтік өмірге кеңінен енгізілуі.
Жоғарыда аталған факторларға табиғи минералдар мен отын
ресурстарының азаюына байланысты экологиялық, ресурстық сипаттағы
мәселелер жүктеледі. Осының салдарынан туындайтын энергия мен ресурс
үнемдеуші ғылымға негізделген және «жасыл» технологиялар заманауи
ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларға сүйенетін болады.
41
«Өмір туралы ғылымдар» басымдығы
Негізгі бағыттар:
– медицина саласы бойынша зерттеулер (хирургия, онкология және
радиология, пульмонология, кардиология, иммунология және т.б.);
– фармация, экология және антиэйджинг (дәрілік жабдықтар, жаңа
биопрепараттар, ауа және су қауіпсіздігі, биологиялық және азық-түлік
қауіпсіздігі және т.б.);
– аграрлық ғылымдар (мал шаруашылығы және ветеринария, ауыл
шаруашылығы, егін шаруашылығы, өсімдік зерттеу ғылымы, аграрлық
химия, аграрлық өнеркәсіптікте гендік инженерия және т.б.).
2012-213 жылдары «Өмір туралы ғылымдар» басымдығы бойынша
ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына 1072 өтінім
тапсырылып, оның 378-і мақұлданды. Соның ішінде 2013 жылы 370 өтінім
тапсырылып, жалпы сомасы 1 113 255 мың теңгені құрайтын 111 жоба өтті.
«Өмір туралы ғылым» басымдығы бойынша 2013 жылы келесі маңызды
бағыттарда
зерттеу
жұмыстары
жүзеге
асырылды:
өнеркәсіптік
биотехнологиялар, Қазақстан Республикасындағы жаңа және қайталанатын
вирустық инфекциялар, өсімдіктерден алынатын жаңа биологиялық белсенді
қосылыстар және олардың синтетикалық аналогтары, Арал маңы халқының
денсаулық жағдайын басқарудағы кешенді ыңғайлар және т.б.
Жоғарыда аталған бағдарламалар аясында келесі нәтижелерге қол
жеткізілді:
– тағам және қайта өндіру өнеркәсіптеріне арналған биопрепараттар;
– өсімдік өсіру, мал өсіру салаларының өнімділігін арттыруға арналған
технологиялар мен баламалық және жаңаратын шикізат көздері негізінде
биоотын алу технологиялары;
– бидай мен картоптың фузариозға төзімділігі бойынша ақуыз
маркерлері (хитиназ және глюканаз изоформалары);
– адам, құс және доңыз тұмауларын, Ньюкасл дерті вирусын, Конго-
Қырым геморрагиялық безгек вирусы мен Батыс Ніл безгек вирусын және
т.б. ерте кезеңде анықтайтын тест-жүйе.
«Елдің зияткерлік әлеуеті» басымдығы
Негізгі бағыттар:
– химия және мұнайгаз технологиялары саласы бойынша зерттеулер
(органикалық химия және полимерлер, бейорганикалық химия және
тыңайтқыштар, мұнайхимия және катализ, электрхимия және коррозия және
т.б.);
– биология саласы бойынша зерттеулер (микробиология және
вирусология, генетика, физиология, ботаника және биоэкология және т.б.);
– математика
саласы
бойынша
зерттеулер
(дифференциалдық
теңдеулер, ықтималдық теориясы және математикалық статистика, есептеу
математикасы, механика және т.б.);
Достарыңызбен бөлісу: |