161
10. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ
БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАРДЫҢ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі
ҚР ИЖТМ жүйесінде ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті
келесі ғылыми және ғылыми-технологиялық ұйымдар атқарады:
Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік
2010-2013 жылдары 8 технопарктен, 5 салалық конструкторлық
бюродан, 21 коммерциялау кеңсесінен және 4 өңірлік коммерциялау
орталығынан, 4 халықаралық технологиялар трансферті орталығынан
тұратын тиімді инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылды.
Жобалық
және
венчурлық
қаржыландыруды,
инновациялық
гранттарды,
технологиялық
бизнес-инкубациялау
қызметтерін,
коммерциялау кеңселерінің қызметтерін, салалық конструкторлық бюролар
қызметтерін, халықаралық технологиялар трансферті орталықтарының
қызметін және инновациялық конкурстарды қамтитын инновацияны қолдау
құралдары жүйесі жолға қойылды.
Инновациялық гранттар
Инновациялық
грант
индустриялық-инновациялық
қызмет
субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары аясында
индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін өтемсіз негізде
берілетін бюджет қаражаты болып табылады.
Мемлекет инновациялық гранттарды бірлесіп қаржыландыру негізінде
береді және жобаны жүзеге асыруға жұмсалған шығындарды қайтарады, бұл
өтінім берушінің жобаның жүзеге асырылуының табыстылығына
жауапкершілігін арттырады.
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
Заң қабылданғаннан кейін 2012 жылы инновациялық гранттар тізімі
кеңейтіліп, нақтыланды.
Технологиялық бизнес-инкубация
Шағын және орта инновациялық компаниялар мен жобаларды дамыту
мақсатында технологиялық парктерге 2010 жылдан бастап технологиялық
бизнес-инкубация қызметі ұсынылады.
Технологиялық
бизнес-инкубация
қызметтерін
ұсыну
заңдық,
бухгалтерлік, маркетингтік, экономикалық сүйемелдеу, инфрақұрылым
ұсыну, жобалық менеджер қызметтері, бизнес-жоспар әзірлеу, бизнес-
жоспарлау және инновациялық менеджмент негіздерін оқыту және басқа да
қызметтер көрсетуді көздейді.
2010-2013 жылдары осы құралдың аясында 116 жобаға қолдау
көрсетілді.
162
Салалық конструкторлық бюролар индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне жаңа немесе жетілдірілген тауарлар өндіруді
ұйымдастыруда жәрдемдеседі.
Қазақстанда мұнай-газ, ауылшаруашылық және көліктік машинажасау
және тау-металлургия жабдығы және аспапжасау салаларында 5
конструкторлық бюро жұмыс істейді. Бұл конструкторлық бюролар
еліміздегі
ең
күшті
3D-технологияны
пайдаланатын
инженер-
конструкторлар ұжымының бірі саналады.
2010-2013 жылдар аралығында машинажасау кәсіпорындарының
тапсырыстары
бойынша
салалық
конструкторлық
бюролар
419
конструкторлық-технологиялық құжаттама кешенін әзірледі және 69
құжаттама кешенін сатты. Жасалған жұмыстар нәтижесінде ағымдағы сәтте
кәсіпорындар 198 жаңа өнім атауын өндіруді игерді.
Технологияларды коммерциялау
2011 жылдан бастап өңірлік коммерциялау кеңселері желісін
қалыптастыру басталды. Мысалы, еліміздің жетекші ҒЗИ мен жоғары оқу
орындары базасында 21 коммерциялау кеңсесі құрылды.
2012 жылы Қазақстан Республикасының өңірлерінде Алматы,
Қарағанды, Орал, Өскемен және Астана қалаларында бес өңірлік
коммерциялау орталығы құрылды.
3 жыл ішінде ғалымдардың 400-ден астам өтінімі қаралды, іріктеген 120
жоба/технология бойынша жобалар тұжырымдамасының негіздемесі
әзірленді, әрі қарай коммерциялауға тұжырымдамалардың 50 негіздемесі
іріктелініп алынды.
«ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық
орталығы» РМК-ны (ҚР МШКҚӨ ҰО РМК) халықаралық деңгейде
мойындалған патенттер санын арттыруға, жаңа өндірістер құруға, жаңа
технологиялар әзірлеу мен оларды коммерциялауға бағытталған ғылыми-
зерттеу жобаларын орындау арқылы индустриялық-инновациялық дамуды
ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді іске асырады.
2013 жылы ҚР МШКҚӨ ҰО төмендегідей маңызды нәтижелерге қол
жеткізді:
«Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия кешенін дамытуды
ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» жобасы бойынша төмендегілер
әзірленді:
– беріктігі Х80 сыныпты болат алу технологиясы, «АМТ» ККЦ
өнеркәсіптік жағдайларында құбыр жасайтын болатты еріту және пешсіз
өңдеу бойынша технологиялық регламент;
– Аят, Арал маңы, Лисаков кен орындарының кендерін қайта өңдеу
бойынша бастапқы қондырғыны жасауға арналған технологиялық
регламент;
– төменфосфорлы арнаулы коксқа сынақ жүргізілді және тәжірибелік
партиясы әзірленді, Шұбаркөл көмірінен алынатын арнаулы кокс өндірудің
технологиялық регламенті;
163
– Батамшы кен орны тобының кондициялық емес тотыққан никель
кендерінен алынған агломераттар, брикеттер мен окатыштерден алынған
хром-никель шойынды еріту бойынша сынақ жүргізілді, болаттың
қосындыланған және арнаулы маркаларының жекелеген түрлерін ерітуге
жарамды, 3-6% аралығындағы никель қосылған шойын алудың мүмкіндігі
көрсетілді;
– Бестөбе кен орнында жартылай өнеркәсіптік жағдайларда кенді
электрхимиялық жолмен шаймалаудың толық технологиялық сұлбасын
сынақтан өткізуге арналған қондырғыны жобалауға тапсырма берілді;
– Аяқ Қожан кен орнының тотыққан мыс кенін қайта өңдеу бойынша
зауытты жобалауға арналған регламент түзетілді;
– Ангренсор кен орнының технологиялық сынамасы мысалында
тотыққан
никель-кобальт
кенін
қайта
өңдеудің
кешенді
гидрометаллургиялық технологиясы сынақтан өткізілді, бұл сынақтар
бағалы компоненттерді сұйық фазаға алудың жоғары дәрежесін көрсетті,
(%): Ni – 99,74, Co – 98,30, Fe – 99,23, Cu - 99,53, Mg - 94,40; бастапқы
кобальт өнімі және Н-4 маркалы металл никель алынды; технологиялық
регламент түзетілді;
– темір-көміртекті қалдықтарды брикеттеу бойынша және өздігінен
қалпына келетін брикеттерді пайдалана отырып, болат балқытатын пештерде
болатты еріту бойынша технологиялық регламенттер әзірленді; «Арселор
Миттал Теміртау» АҚ болат балқыту өндірісінің қожынан тәжірибелік
брикеттер партиясын (3 т) алу арқылы өнеркәсіптік брикеттеу бойынша
сынақтар жүргізілді;
– темір-марганец кендерінен марганец концентраттарын алуды
магнитпен күйдіріп байытудың технологиялық регламенті әзірленді;
– қуаты аз электрпештерге қолданылатын Fe-Mn-Si-Al лигатурасын
алудың технологиялық регламенті әзірленді;
– тәжірибелік-өнеркәсіптік жағдайларда Құрымсақ кен орнының кенін
гидрометаллургиялық қайта өңдеу торабының оңтайлы параметрлері
жасалды: ванадий алу дәрежесі - V
2
O
5
– 90%. Технологиялық регламент
әзірленді.
«Польшаның
шикізат
көздерінен
ферросиликоалюминий
алу
технологиясын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу» жобасы
бойынша Польшаның Нижнесилез көмір алқабынан тәжірибелік көмір
шикізатына металлургиялық бағалау жүргізілді.
Қуаты 200 кВА және 5МВА пештерде ФС45А15, ФС55А15 және
ФС55А20 маркалы құрамдар құймаларының тәжірибелік партиялары
әзірленді.
Кремний мен алюминий алу коэффициенттері ФС45А15 маркасы үшін
79% және тиісінше 74%, ФС55А15 және ФС55А20 маркалары үшін орташа
кремний үшін 77%, алюминий үшін 73% болды;
«Бразилияда «Қазақстандық» (ферросиликоалюминий) құймасын еріту
технологиясын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу» жобасы
Достарыңызбен бөлісу: |