166
КТМ разрядты камерасына жақын камераішілік модульге монтаждау
жасалды, сыртқы термотұрақтандыру жүйесі жөнделіп, қосылды. Газдың
қысымы және жылутасымалдағыштың шығыны анықталды, литий
диверторы макетінің жүйелерін баптау режімі ішінара жасалды.
КТМ токамакының вакуумды камерасына орналастыруға арналған
молекулалық шоқтың газдинамикалық көзінің негізінде плазманың
(плазманы қоректендіру немесе өшіру жүйелері) тығыздығының өзгеру
жүйесінің элементтері дайындалды.
2. «Ядролық физика институты» Республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (ЯФИ РМК), оның негізгі алаңы Алматы қаласында орналасқан.
ЯФИ РМК құрамына 2 филиал кіреді: Астана филиалы (Ауыр иондар
үдеткіші базасындағы пәнааралық ғылыми-зерттеу кешені) және Батыс
Қазақстан облысындағы Ақсай филиалы, сондай-ақ Атырау облысындағы
Азғыр ғылыми-өндірістік экспедициясы. Институт қызметінің мақсаты
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық және әлеуметтік-
экономикалық дамыту мүдделерінде атом энергиясын бейбіт пайдалану
саласында ғылым мен технологияларды дамыту және практикалық қолдану
болып табылады.
ЯФИ РМК ядролық және радиациялық физика, қатты дене физикасы,
материалтану, радийэкология, радийхимия, радийфармацевтика, зарядталған
бөлшектер үдеткіші физикасы мен атомдық реакторлар физикасы
салаларында кешендік ғылыми зерттеулер жүргізетін мамандандырылған
ұйым болып табылады. Институт ҚР-да рефератталған ғылыми
журналдардағы жарияланымдар саны бойынша алғашқы орындардың
бірінде тұрақты түрде орын алады.
Өзегін 4 ірі үдеткіш кешені мен зерттеу реакторы құрайтын бірегей
ғылыми инфрақұрылым іргелі және қолданбалы зерттеулерден ғылымды көп
қажет ететін технологияларды енгізуге дейінгі инновациялық әрекеттердің
толық циклін іске асыруға мүмкіндік береді.
ЯФИ РМК қызметінің нәтижелері тек ғылыми жарияланымдар ғана
емес, сонымен бірге және медицина мен өнеркәсіпке арналған сұраныстағы
радийизотоптық өнімдерді шығару үшін енгізілген және практикада
қолданылатын жаңа технологиялар мен әдістемелер, ерекше қасиеттері бар
материалдарды алу, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау болып
табылады.
Институт Қазақстандағы барлық жұмыс істейтін ядролық медицина
бөлімшелерін қажетті радийфармпрепараттармен қамтамасыз етеді, осындай
жаңа бөлімшелерді жобалау мен пайдалануға беруге қатысады,
Қарашығанақ мұнай-газ конденсаттық кен орындарында мұнай-газ
операцияларының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, Ядролық
медицина және биофизика орталығын және Ядролық қауіпсіздік бойынша
оқу орталығын құру бойынша жобаларды іске асырады, жетекші
университеттермен ынтымақтастықта атом саласы мен Қазақстан
167
экономикасының инновациялық секторы үшін білікті мамандарды
даярлауды жүзеге асырады.
3. «Геофизикалық зерттеулер институты» РМК, Курчатов қаласы,
ШҚО), құрамына ядролық-энергетика саласын және оны таратпау режімін
қолдау бойынша геофизикалық зерттеулерді жүзеге асыратын үш филиал
кіреді:
«Арнаулы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығы»
филиалы (Алматы қаласы) Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы
келісімшарт жөніндегі ұйым (ЯСЖТКҰ) деректерінің Халықаралық
орталығына қатысты Ұлттық деректер орталығының қызметін, ДВЗЯИ-мен
байланысты қолданбалы геофизикалық зерттеулер жүргізу, ерекше маңызды
объектілердің орналасу аудандарының геодинамикалық режімін зерттеу,
дерекқорлар құру жұмыстарын атқарады.
Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілету және ДВЗЯИ-ді күшіне
енгізу мақсатында:
- ядролық сынақтарға мониторинг жүргізу жүйесінің қазақстандық
ынтымақтасушы объектілеріне жаңғырту жүргізілді. Мемлекеттік комиссия
Курчатов қаласындағы инфрадыбыстық стансаны қабылдады, жұмыс
комиссиясы Курчатов қаласындағы жаңа инфрадыбыстық, магниттік,
сейсмикалық стансалардың деректерін жинау және оларды Алматы
қаласындағы Деректер орталығына беру жүйесін қабылдады; сонымен қатар
Ортау, Подгорное стансалары үшін деректерді нақты уақыт режімінде беру
ұйымдастырылды, Деректер орталығында инфрадыбыстық деректерді
өңдеудің бағдарламалық дестесінің жаңа нұсқасы орнатылды;
- сейсмикалық және инфрадыбыстық стансалар тіркеген оқиғаларды
локальдау мен танудың жеделдігі мен дәйектілігін арттыру үшін деректерді
өңдеудің жетілдірілген әдістемесі әзірленіп, енгізілді, бұл стансадан түсетін
ақпаратты көбейтумен қатар тіркелетін оқиғалар көздерінің, ең алдымен
Солтүстік Кореядағы ядролық жарылыстың (12.02.2013) және жақын
орналасқан Қытайдың, Үндістанның, Пәкістанның сынақ полигондарының
аудандарындағы оқиғалардың дәйектілігін арттыруға, жер сілкіністерін,
өнеркәсіптік жарылыстарды, ядролық жарылысты, микросейсмикаларды
және т.б. тануға мүмкіндік береді.
Атом саласы объектілерінің геофизикалық, соның ішінде сейсмикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
- Халықаралық төменбайытылған уран банкінің ықтимал орналасу
ауданында опырылу белсенділігін зерттеу үшін өңірлік, жергілікті
масштабтарды және тікелей телім аумағында (УМЗ) ГАЖ кешенді
дерекқоры жасалды;
- әртүрлі орталықтар мен стансалардың сейсмикалық деректерін бір
біріздендірілген тізімдемеге біріктіру әдістемесі әзірленді, атом саласы
объектілерінің сейсмикалық қауіпсіздігін бағалау үшін пайдаланылатын «ҚР
аумағын жалпы сейсмикалық зондтау» картасының жаңа редакциясы үшін
ақпараттық негіз жасалды;
Достарыңызбен бөлісу: |