150
тәуекелдерге бара отырып потенциалы жоғары нәтижелерге қол жеткізуі
тиіс.
G7 деп аталатын «Үлкен жетілік» тобына енетін көшбасшы елдер
ғылымның барлық спектрін дамытуды көздеп отыр. Бұл топқа Канада,
Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания және АҚШ кіреді.
Талдау нәтижесі АҚШ-тың 11 ғылым саласы бойынша, әсіресе
экономика және бизнес, химия, физика, материалтану, компьютерлік
ғылымдар саласында жетекші ел екендігін көрсетеді. Ұлыбритания 7 ғылым
саласы бойынша, атап айтқанда, фармакология, өсімдік пен жануарлар
туралы ғылымдар, ауыл шаруашылығы, Жер туралы ғылымдар бойынша
бірінші орында тұр.
Германия биохимия, өсімдік пен жануарлар туралы ғылымдар,
экология, геоғылымдар және ғарыш саласында табысты жетістіктерге
жеткен. Канада клиникалық медицина, өзге елдермен тиімді әріптестік
қарым-қатынасының арқасында ғарыш саласында көшбасшы елге айналған.
Франция математика, өсімдік пен жануарлар жайлы ғылымдар, инженерлік
салада өз мықтылығын танытқан. Италия клиникалық медицина, психиатрия
ғылымдары бойынша табысты елдердің бірі.
Жапония иммунология саласында жақсы нәтижеге қол жеткізгенімен
өзге салаларда тұйықталған. Бұл G7 елдері нәтижесімен салыстырғанда
соншалықты төмен деңгей емес, десе де жапон ғалымдары өз зерттеу
жұмыстарын ағылшын тілінде жазуда қиындықтардың бар екендігін ескеру
қажет.
Ұлыбритания АҚШ-тан сәл артта демесеңіз, аталған 20 негізгі ғылым
саласының 8 саласы бойынша озық. Бұл ретте басқалай да көзқарас бар:
шын мәнісінде ғылымда артта қалушылықты бір ғана көрсеткіш бойынша
жалпы факторды ескермей баламалы түрде салыстыру мүмкін емес.
Әлем елдерінің ғылым саласындағы басымдықтарын салыстыра келе,
олардың
қатарына
энергетика,
ауыл
шаруашылығы,
медицина,
биотехнология, ақпараттық технология, қоршаған ортаны қорғау секілді
салалардың енгендігін көреміз. Осыған қарамастан, әрбір ел табиғи
байлықтары, қоғамның сұранысы мен мүмкіндігі, құрылған және жұмыс
істеп жатқан ғылыми мектептері мен ғылымды дамытуда жеткен
жетістіктері негізінде өз ғылымының барлық саласында ғылыми саясат
қалыптастырады, дамытады.
Шетелдік мекемелермен ынтымақтастық қатынас.
Халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларында Қазақстандық
ғалымдар белсене қатысады. 2013 жылы Халықаралық ғылыми-техникалық
орталықтың (ХҒТО) қызмет аясында 12 ғылыми-техникалық жоба жүзеге
асырылды. Олардың қатарында АҚШ, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия,
Еуропа елдері, Ресей және өзге де ТМД елдерімен қатар Қазақстанның да
жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінің қызметкерлері бар.
151
Жобаның салалық құрылымы 7 бағытта: химия/аналитикалық химия;
биотехнология; медицина; ядролық реактор; термоядролық синтез; қоршаған
орта.
Еуропалық Одақтың 2010-2013 жылдар аралығындағы 7-ші шекті
бағдарламалар аясында қазақстандық ғалымдар 26 жобаны орындаған. 7-ші
шекті бағдарламалар шеңберінде шетелдік әріптестер 22-25 жобаға дейін
орындаған, жалпы орындалған жобалардың орташа көрсеткіші – 12.
Халықаралық ғылыми ынтымақтастың тақырыбы әртүрлі бағыттық
сипатқа ие. Зерттеулердің басым бөлігі биотехнологиялар аясында жүзеге
асырылды, содан соң ядролық физика бойынша зерттеулер және одан кейін
экология және қоршаған орта мәселелері бойынша зерттеулер. Сол себепті
қазақстандық ғылымдардың халықаралық ғылыми бағдарламаларға қатысу
аясы айтарлықтай тар және негізінен қазақстандық ғылымның барынша
белгілі және тұрақты мамандандырылған саласына сәйкес келеді.
«Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығы» АҚ республикада
жүзеге асырылатын бағдарламаларға мемлекеттік тіркеу өткізеді, оның
ішінде халықаралық ұыймдардың қатысуымен.
2011
жылдан
бері
қоғамдық-гуманитарлық
ғылымдарды
бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру (ҚР БҒМ ҒК-мен 2011 жылдың 25
сәуіріндегі №247 шарт) түркі халықтарының тарихи-мәдени құндылықтары,
түркі мемлекеттерінің ықпалдасу үрдісін жетілдіру, жаһандану үдерісіндегі
өз ерекшелігін сақтап қалудағы ролі мен орнын ғылыми негізде анықтауға
бағытталған іргелі зерттеулер жүргізіледі.
Аталмыш зерттеулер екі бағдарлама аясында жүзеге асырылады:
1. Ф.0614 "Түркі мәдени кешенін қалыптастыру негізінде ежелгі
түіктердің монументальді және декоративті қолданбалы өнерін зерттеу
".
2. Ф.0615
"Тарихи-мәдени мұра және түркі халықтары мен
мемлекеттерінің ықпалдасу үдерісі ".
Бағдарламада қарастырылған негізгі міндеттер мен кезеңдердің басты
орындаушысы «Түркі академиясы» жеке міндеттерді орындауға Қазақстан
Республикасындағы ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-ның өкілдері
(А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, М. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты, Мемлекет тарихы институты, Р. Сүлейменов
атындағы Шығыстану институты, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және
этнология институты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ Ұлттық өнер
академиясы және т.б.), сонымен бірге таяу және алыс шетелдер: Қырғызстан,
Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Швеция, Германия,
Венгрия, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея елдерінің жетекші түркологиялық
орталықтары жұмылдырылды.
О. 0570 2011-2014 жылдарға арналған дәрілік шикізаттарды қайта
өңдеу жаңа технологиясын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету
Басты ұйым: «Фитохимия» «Халықаралық ғылыми-өндірістік
холдингі» АҚ.
Достарыңызбен бөлісу: |