Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет58/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92

132 
 
өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығында  тиімді  флокулянттар  оңтайлы 
флокулянтты құралдармен пайдаланылған.  
Су-мұнай  эмульсияларын  деэмульсациялау  үшiн  жаңа  химиялық 
реагенттi  синтездiң  өңделген  тәсiлi  мен  көп  парафинді  мұнайлардың 
реологиялық  параметрлерiн  жақсарту;  май  қышқылдары  мен  госсиполадан 
шайырды бөліп алу және мұнайды құрғату үшін деэмульгатордың синтезінің 
мүмкіндігі көрсетілген. Әртүрлі металлдардың иондарының сорылып шығуы 
үшін  көпфункциялы  макроторқабақты  иониттер  мен  үлкен  органикалық 
молекулалар алғаш рет синтезделді.  
Қаратаудың  төменгі  сортты  фосфориті  мен  марганец  қалдығынан 
алынған құрамында фосфорлы марганеці бар тыңайтқыштар алудың күкіртті 
қышқыл әдісімен қоспаны 115 ºС-та кептіріп, ыдыратып жіктеудің приципті 
мүмкіндігі  көрсетілген.  Марганецті  тыңайтқыш  алудың  бұл  тәсілі  еліміз 
үшін де, шетелдіктер үшін де жаңалық болып отыр.  
Тұрмыстық тұнба сарқынды су мен Қазақстан жерінен шығатын табиғи 
алюмисиликаттардан  минералды  органикалық  тыңайтқыш  кешені  жасалды 
және жартылай өндірістік сынақтан өтті. 
Күрделі  гуминді  тыңайтқыштарды  алудың  технологиясы  үш  түрлі 
өсімдіктің  өсуіне  себепші  болған;  үш  кальцийлі  антиоксидатты 
пирофосфатты  жоғары  деңгейде  игерілген  мегатыңайтқыш;  тиімділігі 
жоғары 
жаңа 
гуминді 
тыңайтқыштар 
алудың 
оңтайландырылған 
технологиялық  әдісі  белгіленді;  бұрғылау  ерітінділері  үшін  көмірсілтілі 
реагенттер  алу  әзірленді.  Көмірді  газға  айналдыру  өнімділігі  бойынша 
тәулігіне 5 тонна өнім алуға болатындығы туралы технологиялық регламент 
құрылды.  
Энергетика  секторын  жетілдіру,  қайта  қалпына  келетін  энергия 
көздерін  пайдалану,  энергияны  үнемдеу  бойынша  жел  электр  станциясы 
құрылды. Микроморфты кремний негізінде жұқапленкалы күн элементін алу  
технологиясы әзірленді.  
Тұрғынүй  және  әкімшілік  ғимараттарды  жылыту  үшін  әртүрлі  қуатты 
гидродинамикалық жылытқыштарды дайындау жұмыстары басталып кетті.  
Ақылды  желілер  (Smart  Grid)  негізінде  қайта  қалыпан  келетін  энергия 
көздерін  басқару  жүйесі;  эксплуатация  жағдайында  аса  энерготиімді  және 
құрылымы  қарапайым  жаңа  ионисторлар  мен  гибридті  аккумуляторлар 
әзірленді.  Жоғары  экономикалық  тиімділікте  жұмыс  істейтін  ионисторлар 
мен  гибридті  аккумуляторларды  дайындауда  жаңа  құрамдас  материалдар 
енгізілуде. 
Аз  жылдамдықтағы  желге  арналған  қалақшалары  динамикалық  түрде 
өзгермелі  пішінге  ауыса  алатын  тәжірибелік  нұсқа  гидротурбиналық  сорғы 
құрылғы өз аналогтарымен салыстырғанда 3,6 есе артығымен береді.    
Тұрмыстық  органикалық  қалдықтарды  плазмохимиялық  жолмен  өңдеу 
арқылы  синтез-газ  алуды  жүзеге  асырудың  техникалық  үдерісінің 
нұсқалығы  әзірленді.  Бұл  қатты  оксидті  отын  элементі  негізінде  электр 
генераторларын пайдалануда тиімді. Органикалық қалдықтарды гелио қайта 


133 
 
өңдеуді  жобалау,  дайындау,  сынақтан  өткізудің  тәжірибелік  нұсқамасы  күн 
сәулелерінің  шоғырлану  дәрежесі  100-1000,  бұл  кез  келген  органикалық 
қалдықтарды гелио-пиролиздеуге жетеді. 
Машина  жасау  саласында  бұрғылау  құралдарын  электролитті-
плазмалы  бекітудің  тиімділігі  жоғары  технологиясы  әзірленіп,  тәжірибелік-
өндірістік  құрылғы  дайындалған.  Оның  қаттылығы  2  есе  көбейіп,  бастапқы 
жағдайға  қарағанда  18ХН3МА-Ш  үлгісінің  төзімділігі  3  есе  жоғарылаған; 
кескіш  құралдар  беріктігі  электролитті-плазмалы  өңдеу  тәсілі  негізінде 
қаттылығы 2 есеге артып, түрпілі Р6М5 болаттың төзімділігі 25%-ға артқан. 
Бұл кескіш құралдардың қаттылығы мен беріктігін қамтамасыз етеді.  Темір 
жолдардың көшпелі құрамындағы бөлшектер мен теміржол торабын оңалту 
үшін  жаңа  қоспаларды  ерітіп  дәнекерлеу  тәжірибе  жүзінде  сыналып, 
жасалды және алғашқы тәжірибелік үлгілері де бар. 
Аса  жоғары  пластикалық  деформация  кезіндегі  қоспаның  сапасының 
үлгісін  болжау  және  жоғары  температурадағы  деформация  кезіндегі 
экспериментальді  деректерді  өңдеудің  компьютерлік  бағдарламасының 
үлгісі әзірленді. Алғаш рет интенсивті пластикалық деформация (ИПД) әдісі 
комформ үдерісі+ бұрандалы экструзия ретінде іске асырылып, өнеркәсіптік 
жүзеге асатын әдісі қолданылып, жетілдірілді. Перспективалық аллюминий, 
мыс,  темір  қоспаларынан  дайындап  құйып  алу  технологиясының  аяқталу 
кезеңі  жүзеге  асырылу  үшін  тәжірибелік-өнеркәсіптік  алаң  құрылды. 
Аталған  металлдардан  интенсивті  пластикалық  деформация  әдісімен 
алынған  көлемді  наноқұрылымды  жартылай  фабрикатты  өнімдердің  сапасы 
анағұрлым жақсырақ болады. Олардан жасалған бұйымдар пневмоқалыптау, 
штамптау әдістерімен жасалады.   
Жынысты 
рентген-радиометрикалық 
зерделеуге 
негізделген 
автоматтандырылған  каротажды  станция  жасақталды.  Осы  орайда  барлық 
үдерістер  автоматтандырылып,  заманауи  робот  техникасы  жетіктіктері, 
ақпараттық және компьютерлік технологиялар қолданылады. 
Ауыспалы  құрылым  мен  автоматтандырылған  электр  желілері 
механизмдеріне  негізделген  мобильді  желпуішті  бұрғылау  роботтары 
жасалды.  
Ауыл  шаруашылығы  кешені  саласында  –  ауыл  шаруашылығы 
дақылдарының  42  сорты  мен  буданы  шығарылды  және  мемлекеттік  сорт 
сынауға  берілді.  Қазақстан  Республикасында  пайдалануға  рұқсат  берілген 
селекциялық  жетістіктердің  мемлекеттік  реестріне  ауыл  шаруашылығы 
дақылдарының қазақстандық 20 жаңа сорты енгізілді.  
Молекулалық  биология  саласында  кешенді  тот  басуға  шыдамды 
бидайдың 282 сорт түрі, септориоз ауруына шыдамды 19 түрі шығарылды.  
Қолданбалы  ғылыми  зерттеулер  саласында  55  ұсыныс;  ауыл 
шаруашылығы  саласы  үшін  машина  және  құрал-жабдықтардың  жаңа 
үлгілеріне  арналған  12  техникалық  құжат  әзірленді.  Сонымен  қатар 
арамшөптерге  қарсы  құралдардың  тәжірибелік  үлгілері,  егіс  алқабы 
кешенінің  салушылары,  жерді  дайындаудағы  фрезерлі  үлгілердің 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау