Консервілер сапасына қойылатын талаптар
Құтылар таза болуы, аққан сұйықтықтың іздерінсіз, қабайған қақпақтарсыз, тот баспаған, қақпақтың және пішінінің қандай да бір деформациясынсыз, лакталған құтылар термотұрақты лакпен қапталуы тиіс. Шыны құтылар түссіз, ішкі және беткі көпіршіктерсіз, таза, қылаусыз және кетіксіз болуы тиіс. Құтының корпусы тегіс, томпайған, батық жерлерсіз және қабырғалардың қалыңдығы біркелкі болуы тиіс.
Сыртқы түрі мен консистенциясы еттен жасалған консервілермен субөнімдер сүйексіз, сіңірсіз және дәнекер тінді қабықшасыз: еті сөлді, өте езіліп кетпеген, банкадан алған кезде ыдырап, шашылып қалмауы керек.
Ет өнімдері – ашық қызғылт түстен қызыл түске дейін
Сорпасы – сары түстен ашық қоңыр түске дейін
Қызанақ пастасы – сарғыш түстен ашық қоңыр түске дейін
Қыртыс майы – ақ түсті, сарғаю болмауы керек
Достарыңызбен бөлісу: |