Т. А. Ботагариев 200 ж



жүктеу 1,9 Mb.
бет6/23
Дата14.11.2018
өлшемі1,9 Mb.
#20015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

1 Қан айналым шеңберлері

Қан айналу жүйесі жүрек пен қан айналысынын, үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенін, кіндігі — жүрек насос тәріз-ді қанды сығымдап қан тамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамасыз етеді. Жүрек тоқтап қалса, табиғи ырғағы бұзылса, не әлсіресе, қан дене тіршілігіне қажет мөлшер-де тарамайды да, сан қилы өз қыз-метін атқара алмайды.

Қан айналысының үлкен шен,-бері жүректің сол қарыншасынан — қолқадан басталады. Қан қол-қадан артерияларға одан әрі ка-пиллярларға (қылтамырларға) же-теді. Онда қан құрамындағы от-тегі тканьге, тканьдегі көмір қыш-қыл газы канға өтеді де, артерия-лық қан вена қанына айналады. Вена қаны капиллярлардан жщіш-ке венулаларға, одан әрі венала-ларға, жоғарғы және теменгі вена-ға (v. саүа іпіегіог, v. сауа зире-гіог) жетеді де, сол арқылы жүрек-тің оң жүрекшесіне құйылады. Со-нымен қан айналысының үлкен шеңбері бітеді (27-сурет) .

Қан айналысының кіші шеқбері оң қарыншадан шығатын өкпе са-бауынан (ігипсиз риітопаііз) бао талады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындары қан көмір қыш-Қьіл газға бай веналық қан. Бүл өкпе көпіршіктеріне қарай артери-ялар арқылы ағып отырып өкпе капиллярларына жетеді,

отырып сол жүрекшеге құйылады. Сонымен қан айналысының кіші шеңбері 4 өкпе венасымен аяқталады. Адамда жүректен шыққан қан қан айналысының үлкен-кіші шеңберлерімен ағьщ отырып, 20—30 секунд ішінде қайтып оралады.

Қан айналысын қамтамасыз ететін бұл арнайы жүйенің аса күрделі қызметін және мұндағы түрлі физиологиялық процестер-ді жете түсіну үшін алдымен жүрек қызметін, содан соң қанньщ қан тамыры арқылы ағуын талқылаған жөн.



2 Жүректің қан айдау қызметі

Қай ағзаны алсақ та оның қызметі қүрылысына байланысты. Сондықтан жүрек қүрылысына, оньщ кейбір ерекшеліктеріне тоқ-тай кетейік.

Жүрек (лат. сог, грекше сатйіа) — қалың жолақты еттен тұ-ратын төрт қуысты, үлкендігі адамның жұдарағындай (250— 300 г) жұмыр ағза. Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығы-ның алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұ-рады. Оның ұзындығы 12—15, ені 8—11 см, ұзын білігі оңнае солға, жоғарыдан темен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек ұшы көкірек қуысында сол жақтағы бесінші қабырғаға не қа-бырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бе~ леді. Кейде жүректің осы екі бөлімін оң жүрек, сол жүрек деп атайды. Оң жүрек пен сол жүрек қуыстары бір-бірімен қатыспай-ды. Әр жүрек жүрекше (аігіит) мен қарыншадан (үепігісиіит) тұрады. Сонымен жүректе 4 қуыс бар, олардың екеуі жүрекше екеуі қарынша. Жүрекше мен қарынша арасында атривентрику-лярлық (жүрекше-қарынша) тесік болады. Бұл тесікті жабатыв екі, үш жақтаулы атриовентрикулярлық қақпақшалар бар. Жү-рек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі — эндокард, ортаңғы — миокард, сыртқы — эпикард.

Эндокард жүрек қуысын іштей көмкерген ариовентрикуляр-лық тесікке және қарыншалардан қолқа мен өкпе сабауы шыға-тын жерге жеткенде бұрылып қос қабат құрады да, сол тесіктер-ді жабатын екі не үш жақтауды және айшық тәрізді қақпақша-ларға айналады. Сонымеи әр қақпақша эндокардтың екі жапыра-ғынан тұрады. Миокард — жүректің ортаңғы қабаты, ол жолақ-ты ет талшықтарынан тұратын ең қалың қабат. Жүректің сырт-қы қабаты — эпикард оны сыртынан қаптап, жүректен шығатын не оған келетін ірі қантамырларына жеткен жерде кері бұрылып жүрек сыртын екінші рет қаптайды. Бүл эпикардтың сыртқы қа-баты, яғни перикард жүрек қабы. Эпикард пен перикард ара-сында жіңішке саңылау, ал онда аздаған серозды сұйықтық бо-лады, бұл сұйықтық эпикард пен перикардтың ішкі бетін майлап кажалудан сақтайды. Перикард жүрек қуыстарының қанға то-лып қатты керілуіне кедергі жасайды. Жүрекше мен қарынша арасындағы тесікті жауып тұратын қақпақшалардың оң жақта-ғысы үш жақтаулы (үаіүиіа ігісиз рісіаііз), ал сол жақтағысы қос жақтаулы (v. Ьісиз рісіаііз)—митральды. Қолқа мен өкпе артериясының қарыншадан шығатын жерінде айшық қақпақша-

лар (ү- зетііипагіз) орналасқан. Қақпақшалар жүрек жиырыл-ған сәтте (систола) қанның белгілі бір бағытта ағуын қамтама-сыз етеді. Қан жүрекшеден карыншаға, қарыншадан артериялар-ға (қолка мен өкпе сабауына) қарай ғана ағады, сау адамда қан кері ақпайды. Тек, жүрегі ауырған адамда қақпақшалар толық ясабылмай, соған байланысты қанның біразы негізгі бағытынан айырылып кері қарай ағуы мүмкін. Мұны жүректің негізгі тонда-оьша (дыбыстарына) шуыл араласуынан байқауға болады.

Жүрек қақпақшаларының қандай қызмет атқаратынын көр-сету үшіп мынадай тәжірибе жасалды. Жануар жүрегін оньщ де-несінен бөліп алған соқ, 4 ірі қан тамырының әрқайсысына шыны түтікше (ұзын канюля) кіргізіп, оны жіппен (лигатура) тамырға бекітеді. Одан кейін жүректі штативке іліп қояды да, сол жақ жартысы қызыл түске, оң жақ жартысы кек түске боялған фи-зиологиялық ерітіндіге толтырылады. Тәжірибе жасаушы адам жүрек қарыншаларын алақанына салып кысады. Сонда қарын-шадағы ерітінді қолқа мен өкпе сабауына бекітілген түтікше арқылы жоғары көтеріледі, ал жүрекшелермен байланысқан тү-тікше ерітінді деңгейі өзгермейді. Қысқан кезде қарыншалар-дьщ қуысы тарылады да ішіндегі ерітіндінің қысымы көтеріледі, сондықтан жүрек бөлімдері арасындағы жақтаулы қақпақшалар жабылады, ал айшық қақпақшалар керісінше ашылады. Қарын-шалардағы ерітінді қолқа және өкпе сабауымен байланысқан түтікшеге өтеді. Алақаңды жазып, жүректің қарыншаларын бо-сатқан соң қолқадағы, өкпе сабауындағы түтікшеде ерітінді дең-гейі көтерілген күйінде қалады, олардың үстіне ерітінді қүйып қысымын одан әрі күшейтсе де айшық қақпақшалар жабылған күйінде ерітінді деңгейін ұзақ уақыт сол Ікамада үстап түрады, Бұл тәжірибеден жүрек қақпақшалары қанньвд бір бағытта ағу-ын қамтамасыз ететінін көруге болады.

Жүректің ортаңғы қабаты (миокард) өзара жарыса орналас-қан жолақты ет талшықтарынан тұрады. Ет талшықтары түйіс-кен жерлерде қатар жатқан екі талшықты жалғастыратын дискі-лер (мембрананың жуандау жері) болады. Талшықтардың дис-кілер арқылы беттескен жерін нексус деп атайды. Нексустер ар-қылы миокардта қозу өте тез жайылады, ейткені қозу бір тал-шықтан екінші талшыққа медиатордын, қатысуынсыз-ақ әрекет потенциалы күйінде өтеді, сондықтан әр ет талшығы жеке қозып, жеке жиырылмайды, топтасып жиырылады, яғни жүрек еті Функциялық синцитий ретінде қызмет етеді. Биологияда құры-льімдық синцитий деген ұғым бар. Электрондық микроскоп бол-маған кезде жүрек етінің топ-тобымен жиырылуы, яғни қозу про-иесін жүрек етінде бір талшықтан еківшісіне өткізетін қүрылым т талшықтары арасындағы протоплазмалық кепіршелер деп есептелетін. Сөйтіп бұл құбылыс құрылымдык, синцитиймен тү-сіндірілетін. Қазір электрондық микроскоп арқылы жүрек етінде мұцдай плазмалы көпіршелер болмайтыны дәлелденді. Сондық-тан жүрек етін функциялық синцитий деген жөн.

Жүрек өмір бойы белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады, яғни соғып тұрады. Адамның жүрегі орта есеппен минутінё 65—80 рет соғады.

Жүректің жиырылуы систола, босауы диастола деп, ал систо-ла мен диастолара кететін мерзім жүрек қызметініқ айналымы (циклы) деп аталады. Айналым уақыты жүрек соғуыньщ жиілі-гіне байланысты. Айналым кезінде жүрекше мен қарынша белгілі бір тәртіппен (ретпен) жиырылады. Жүрек жиырылған сәтте ондағы қанның қысымы көтеріледі. Жүрек қуыстарындағы қан қысымының өзгеруі белгілі бір заңдылыққа бағынады. Осыған сәйкес қақпақшалар бір ашылып, бір жабылып отырады. Бұл айтылғандар канның бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді.

Жүректің әрбір бөліміндегі қан қысымын өлшеу үшін қан та-мыры арқылы резеңке түтіктің (катетордың) бір ұшын жүрек қуысына кіргізеді де, екінші ұшын қысым өлшейтін аспаппен жалғастырады. Осы әдіспен тұңғыш рет жылк,ының жүрек қуыс-тарындағы қан қысымын Шаво мен Марей тәжірибе түрінде өл-шеді. Тәжірибе былай жасалады. Жүрек жаньшдағы ірі артерия арқылы бір ұшына жұқа баллон бекітілген резеңке түтік жүрек-тің оң жақ қуысына енгізіледі де, оның сырттағы ұшы Марей капсуласымен жалғастырылады, сейтіп жабық түтіктер жүйесі ауаға толтырылады. Жүрек жиырылып, оның қуысындағы қысым арта бастаса түтік жүйесіндегі ауа баллонан капсулаға карай ығысып, оның қаламын көтереді. Жүрек еті босаңсыған кезде азаяды, сондықтан ауа керісінше, капсуладан баллонға етеді де қалам төмен қарай ығысады. Қысым мөлшері қаламның қағазға түсірген СЫЗЫРЫ арқылы анықталады.

1950 жылы хирургтер адам жүрегі қуысындағы қысымды арте-рия арқылы жүрекке катетор енгізу әдісімен өлшеуге болатынын көрсетті.



Жүректің жиырылу циклы

Жүрек минутына 70—72 рет соқса, жүрек циклы (айналымы) 0,8—0,9 сек-ке тең болады. Жүрек соғуы жиілесе не сиресе, оған орай айналым уақыты не ұзарады, не қысқарады. Айналым уақыты көбінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, яғни жү-рек соғуы жиілесе, оның дем алысы (диастоласы) қысқарады. Систолаға қажет уақыт мөлшері көбінесе өзгермейді.

Жүрек айналымы 0,1 секундке созылатын жүрекше систола-сынан басталады. Оң жүрекше жиырылуы 0,01 секундтей ертерек басталады. Өйткені онда жүректі қоздыратын синоатриалдық түй-ін орналасқан. Қозу осы түйінде туады да, оң қарыншаға бұры-нырақ жайылады. Систола кезінде жүрекшелерде қан қысымы с. б. б. 5—8 мм-ге жетеді. Бұл уақытта қарыншалар диастолада бола-ды, ал атриовентрикулярлық қақпақшалар ашық болғандықтан кан жүрекшеден қарыншаға құйылып тұрады.

3 Қан тамырлары

Қан тамырларының тұйық жүйесінде жүректің жиырылуъ^ сондай-ақ одаи тыс экстракардиялық факторлардьщ әсер етуі* нәтижесінде үздіксіз айналып жүреді.

Қан тамырлары құрылысы мен қызметіне қарай бірнеше топ-қа бөлінеді.

Қүрылым ерекшеліктерінв байланысты — қолқа, үлкен, орта-ша, кіші артериялар, артериолалар, капиллярлар венула, әр көлем-ді веналар, үлкеи қуысты веналар болып бөлінетіні морфологиялық ғылымдардан белгілі. Қан тамырлар функциялық маңызыңа қа-рай да жіктеледі. Б. Фольковтың жіктеуі бойынша амортизация-лық, резистивтік, сфинктерлі, зат алмасу, сыйымдық, артериола мен венуланы жалғастыратын дәнекер тамырлар (анастомоз) бо-лып жіктеледі.

Амортизациялық дацғыл-магистральды, қысылідық-компрес-сиялық тамырлар тобына кабырғаларыңда серпімді (майысқақ) талшықтары көп қолқа, өкпе т. б. жуан артериялар жатады. Олар қабырғаларындағы серпімді талшыктар арқасында жүректен си-стола кезінде шығатын қанның уздіксіз ағысын қамтамасыз ете-ді. Мәселен, жүректің сол қарыншасынан систола кезінде шығып, қолқаға құйылған қан қолқа қабырғасын кернеп кеңейтеді. Қол-қа қабырғасындағы созылып үзарған серпімді талшықтар қайта-дан бұрынғы қалпына келуге тырысады да, тамыр ішіндегі қан-ды қысып, қан қысымы төмен жаққа карай ығыстырады. Осының. нәтижесінде қолқадағы қан систола және диастола кездерінде уздіксіз толқынға айналып ағып тұрады.

Резистивтік кедергі тамырлар қатарына қабырғаларында қалың ет талшықтары бар жіңішке артериолалар мен прекапил-лярлық, посткапиллярлық сфинктерлер жатады. Еттің жиырылуы-на байланысты артериолалар әбден тарылады, мұнымен қатар капилляр алдындағы және капиллярдан кейінгі сфинктер жиы-рылып қан ағысына қатты кедергі болады. Капиллярлар мен жі-ңішке венулалар көптеген жіңішке түтікшелерге айналады, сайып келгенде бұлар да қан ағысына әжептәуір кедергі жасай алады.

Сфинктерлі тамырлар қатарына өн бойында сақина тәрізді ет талшықтары бар, сондай-ақ сфинктер құраған артериолалар мен прекапиллярлар жатады. Бұлардың жиырылып-жазылуы нәтиже-сінде капиллярлардағы қан айналысы реттеледі.

Зат алмасу тамырлары қатарына капилляр венулалар жатады. Бұлардың қабырғалары өте жұқа, капилляр бір-ақ қабат эндо-телийден түрады, сондықтан да сұйықтықтар меи ерітінділер, ко-ректік заттар каннан тканьге, тканьнен қанға диффузия, сүзгі ар-қылы өтеді.

Артериолалар мен венулаларды жалғастыратын көпірше та-мырдық бас жағында сфинктер болады. Ол жиырылса, кепірше 188

тамырдан қан өтпейді, барлық қан капиллярлар арқылы өтеді. дл сфинктер босаңсыса, қан көпірше тамыр арқылы артериоладаге венулаға өтіп венадағы қан ағысын тездетеді.



Қөлемді әрі сыйымды тамырлар капиллярлардан кейінгі өте усак вена тамырларынан тұрады. Кейбір ағзаларда (көкбауыр„ 5ауыр т. т.) венулалар кеңейіп синустар (қуыстар) құрады. Вену-ла қабырғасы жұқа, әрі созылғыш келеді. Веналар саны артери-ялардан көбірек. Вена кеңейсе, оларда бар қанның 70—80%, сыйып, кетер еді. Сондықтан да бұл тамырлар көлемді, сыйымды тамыр-лар деп аталады. Жүрекке келіп құйылатын қан көлемі осы сый-ымды тамырлардың тонусына байланысты. Веналар жұқа болса да, ол жиырылғанда жүрекке құйылатын қан көлемі көп артады. Жүрек пен тамыр жүйесін Б. М. Ткаченко олардың орындайтын қызметіне орай 8 топқа жіктейді (1985 ж.):

1. Жүрек тамырлардағы қан қысымын кетеріп, қолқа мен екпе артерияларына қан айдайтын — генератор.

2. Қысымы жоғары не магистральды-даңғыл тамырлар. Бұлар қан қысымын жоғары деңгейде сақтайтын қолқа, оның бұтақ-тары (үлкен артериялар, өкпе артериялары), қарыншалардан систола уақытында ауық-ауық шығатын қанның үздіксіз ағысын қамтамасыз ететін майысқақ тамырлар.

3. Қан ағысына кедергі жасайтын резистивтік тамырлар. Бұ-лар екіге белінеді: а) қысым тұрақтылығын сақтайтын үсақ арте-риялар мен артериолалар. Бұлар жүректің систолалық қан мел-шеріне сәйкес қан ағысына кедергі жасау арқылы қан қысымы-ның оптимальдық деңгейін сақтайды; б) капиллярда қан ағысын реттеуші, яғни кан үлестіруші тамырлар. Бұлардың қатарына қа-бырғасында сақина тәрізді еттері бар ұсақ тамырлар пре — жә-не посткапиллярлар жатады. Сақина еттер жиырылғанда капил-лярларға қан өтпейді, ал сфинктерлер босағанда капиллярлардан-қан қайта аға бастайды. Осыған орай қан ағысына қатыспай-тын капиллярлар саны өзгеріп тұруы мүмкін.

4. Зат алмасу тамырлары. Бүған капиллярлар мен олардыц қосылуынан пайда болатын ең ұсақ венулалар жатады. Бұлардың. қабырғасынан тканьаралық сұйықтық пен қан ішіндегі заттар алмасады. Қейбір заттар ең ұсақ артериолаларда алмасуы мүм-кін.

5. Сыйымды не қан жинайтын (аккумуляциялайтын) тамыр-лар. Бұларға венулалар мен ұсақ веналар жатады, саңылауларьг кеңіген сәтте қанның көбі (70%) жиналады, ал тарылғанда жү-рекке қарай қанның жылжуы тездейді.

6. Қанды жүрекке әкелетін тамырлар. Бұған үлкен қуысты веналар жатады.

7. Артериола мен венуланы не артерия мен венаны қосатын көпірше — дәнекер тамыр анастомоз. Бұлар белгілі бір микро-тамырларда қанның ағуына оптималдық жағдай тудырады.

8. Сорып алатын — резорбция жасайтын тамырларға кан ай-налысы жүйесінің бір бөлігі •— лимфа капиллярлары мен лимфа тамырлары жатады. Бүлар тканьнен белок және суды сорып алыгг лимфа тамырлары арқылы венадағы қанға апарып құя-дң В. И. Ткаченко тамырларды жіктеу ілімінде олардың маңызьің толығынан қамти отырып, жүрек және лимфа тамырлары біп •функциялық жүйе ексніне аса көңіл аударудың қажеттігін көрсет-ті.

4 Қан айналысының реттелуі

Ағзаның қызметі нәтижелі болуы үшін, кан айналысы қыз-мет қарқынына сәйкес болуы қажет. Осыған орай ағзалар ара-сында қан мелшері үнемі қайтадан белініп отырады. Қан қысы-мы бір қалыпты сақталғанымен қанның ағу жылдамдығы өзгеріп тұрады. Осының бәрі қан тамырларының кеңейіп-тарылуына, яғни қабырғасындағы ет талқыштарының жиырылып қатаюына (тонусына) байланысты. Ал қан қысымынң түрақтылығыньщ өзі Де жүректің систола сайын шығаратын қан мелшері мен қан ағысына көрсететін тамырлар кедергісінің қатынасына байла-нысты. Қысқасы кан айналысы тамырлардың тонусын өзгерту арқылы реттеледі. Тамыр тонусы жоғарыласа, оның түтігі тары-лады, ал төмендесе, керісінше кеңейеді. Орташа және жіңішке артериялар мен артериолалар қабырғасында ет қабаттары қа-лың келеді. Прекапиллярларда бірыңғай салалы ет талшықтары түтікті айналдыра сақина тәрізді топталып сфинктер кұрады. Осы тамырлардың тонусы ағзалардың қанмен жабдықталуын реттеп отырады.




  1. Жүрек қызметтерін зерттеу салалары

1842 жылы Киев университетінің физиологі А. Вальтер вазо-констриктордың симпатикалық жүйке екенін бірінші болып топ-шылады. Ол көлбақаның шонданай жүйкесін кесіп, тәжірибе жү-зінде сирақтың ісініп, аумағы үлкейгенін, жуйкенің шеткі үшын тітіркендірген кезде ісігі тарылып сирақтың көлемі кішірейеті-нін байқады. Сирақ көлемінің өзгеруі қан -тамырларының кеңей-іп-тарылуына байланысты екені белгілі.

1851 жылы француз ғалымы Клод Бернер ете көрнекті тәжі-рибе жасап, симпатикалық жүйкенің (вазоконстриктор) қан та-мырларын тарылтатынын дәлелдеді. Ақ қоянның құлақ тамыр-ларындағы симпатикалық жүйкені мойын тұсынан кесіп тастаса (симпатэктомия) құлақтың қызарғанын және әр тамырдың ке-ңейгенін ешбір аспапсыз жай көзбен де керуге болады. Құлақ-тың қан тамырлары кеңейіп, қанға толып ысиды, қызуы 1—2° көтеріледі. Кесілген жүйкенің шеткі құлаққа баратын ұшын ті-тіркендірсе керісінше, құлақ тамырлары тарылады да, құлақ сұрғылт тартып, қызуы 1—2° төмендейді. Бұл тәжірибе симпати-калық жүйкенің кан тамырларын тарылтатынын, олардьщ тону-сын жоғарылататын керсетеді. Мұнымен бірге жүйке орталықта-рынан серпіністер қан тамырларын үнемі тітіркендіріп тұратынын дәлелдеді. Бұл серпіністер қан тамырларының тонусын бір дең-гейде ұстайды. Егер серпіністер жиілесе, қан тамырларының то-нусы жоғарылап, түтіктері тарылады, ал сиресе, керісінше, тону-сы төмендеп, түтіктері кеңейе бастайды. Бұл мәліметтер тәжіри-беде құрсақ ағзаларынын, симпатикалық жүйкелерін тітіркендіру, бұдан пайда болған серпіністерді жазып алу арқылы алын-ды. Сонымен құрсақ ағзаларыньщ қан тамырларының тарылуы мен кеңеюі симпатикалық жүйкелер серпінісінің жиілігіне тіке-лей байланысты екені анықталды. Мұнымен қатар тамырлардың тарылуы мен кеңеюі сол жүйкелердің ұшынан бөлініп шыққан медиаторлардың және оларды қабылдайтын тамыр қабырғасын-дағы ет талшықтары рецепторларының түріне байланысты бола-ды. Симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкенің ұшынан медиа-тор — норадреналин не адреналин бөлініп, ал ганглийге дейінгі үшынан ацетилхолин шығатыны жоғарыда айтылған. Осыған орай симпатикалық адренергиялық жүйке тамырды тарылтса, холинергиялық симпатикалық жүйкелер оны кеңейтеді. Біріңғай салалы ет мембранасында екі түрлі адренорецептор кездеседі: а — рецепторы қозсз қан тамыры тарылады, р — рецепторы қозса керісінше, қан тамыры кеңеюі мүмкін.

Адреналин көбінесе а — адренорецепторлармен әрекеттеседі де, қан тамырларын тарылтады. Адреналиннің қан тамырларына әсері қанда оның аз-көптігіне байланысты: тым көп болса, адре-налин р — рецепторлармен әрекеттесіп қан тамырларын тарылту-дың орнына кеңейтеді. Мәселен, шоктың соңғы кезеңінде адре-налиң |3 — адренорецепторлармен әрекеттесуі мүмкін. Осыған байланысты қан қысымы ете темендейді. Симпатикалық жүйке-нің қан тамырларына әсері, бір жағынан ,медиаторлардың түрі-не, олардың мөлшеріне, концентрациясына байланысты болса, екінші жарынан медиатормен әрекеттесіп қозатын адренорецепторлардың санына да байланысты. Қаңқа еттеріндегі кейбір та-мырлардың симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкелер ұшынан ацетилхолин бөлінеді. Ацетилхолин қан тамыры қарбырғаларын-дағы салалы еттердің тонусын төмендетіп, түтігін кеңейтеді. Үзақ уақыт каңқа еттері қызмет еткенде олардың қан тамырларының кеңеюі осы холинёргиялық талшықтардың әсерінен немесе р — адренорецепторлардың қозуынан болуы мүмкін. Қан тамырды ке-ңейтетін жүйке — вазодилататор парасимпатикалық жүйкелер ара-сында да кездеседі. Клод Бернер үш парасимпатикалық жүйке: п. реіуісиз сыртқы жыныс ағзаларының, п. Іігщиаііз — тілдің, п. іутрапі — сілекей бездерінің тамырларын кеңейтетінін байқады. Бұл жүйкелердін, ұшынан ацетилхолин медиаторы бөлініп шыға-ды. Терінің не ауыз қуысының кілегейлі қабығындағы рецептор-ларды тітіркендірсе, сол аумақтағы қан тамырлары кеңейеді. Бұл сомалық афференттік жүйкеніқ қатысуымен аксон-рефлекс арқылы кеңейеді деп жорамалдайды. Вейлисс пен А. А. Орбели жұлынның артқы түбірінде афференттік жүйкелермен қатар эф-ференттік жүйкелер, яғни қан тамырларын кеңейтетін жүйкелер бар екенін байқады. Жұлыннан шыққан тері қан тамырларын кеңейтетін серпіністерді жұлын түйіндеріне эфференттік, ал бұл түйіндерден шыққан серпіністерді теріге афференттік жүйкелер жеткізеді, бұл антидромдық ~ әдеттегіге қарсы өткізу деген пі-кір білдірді. Демек, афференттік сезімтал жүйкенщ бойымен ак-сон-рефлекстер де қан тамырын кеңейтуі мүмкін. Мысалы, сезгіш жүйкені немесе тері рецепторларын электр тогымен тітіркендір-се терінің қан тамыры кеңейеді. Ал, теріні афференттік жүйке азғындағаннан (дегенерациядан) кейін тітіркендірсе, ол жер қы-зармайды.

Қапиллярлардын. кеңейіп-тарылуы пассивті түрде етеді: ка-пиллярларды қан кеңейтеді, қан азайса, ол тарылады. Бірақ ка-пилляр қабырғасындағы эндотелийге жүйкенің әсері — трофика-лық әсер.

Қорыта келе, қан тамырьщ тарылтатын жүйкеге симпатика-лық адренергиялық жүйкелер жатады. Тамырдьщ кеңеюі тары-луы симпатикалық жүйкеден тамырға келетін серпіністер жиілі-гіне байланысты, серпіністер азайса, тамыр кеңейеді. Қан тамыр-ларын кеңейтетін жүйке қатарына холинергиялық симпатикалық жүйке, жоғарыда аталған үш парасимпатикалық жүйке және те-рінің, ауыз қуысы ағзалары тамырларын кеңейтетін сомалық жүйке жүйесінің сезгіш жүйкелерден келетін антидромдық сер-піністер.

Қан тамырларының тонусы плетизмография, реография, ре-зистография әдістерімен зерттеледі.



Резистография — резистивтік тамырлардың кедергісін жазып алу.

Реография — ағзалардьщ қанға толуын, олардың электр ке-дергісін тіркеу арқылы анықтау.

Плетизмография — ағзалардық не аяқ-қол көлеміндегі өзге-рістерді жазып алу.
Әдебиеттер:

/ Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы/ 161-189 беттер



Дәріс №10

Тақырыбы: Лимфа айналысы

Дәріс мазмұны:

1 Лифманың түзілуі мен ағзадағы орны

2 Лимфа жүйесінің эволюциясы мен морфологиясы

3 Лимфаның құрамы мен қасиеттері

4 Құрамында лимфа ткані бар ағзалар: тимус (айыршық без), көкбауыр.

5 Лимфа жүйесінің қызметі

6 Лимфаның ағысы

1 Лифманың түзілуі мен ағзадағы орны

Лимфа тамырлар жүйесі, қан тамырлар жүйесімен қатар,, адам мен жануарлар денесінде сан қилы заттар тасуға қатыса-тьің кең ауқымды күрделі қүрылым, оның қызметі де алуан түрлі.

Лимфа жүйесі — тканьаралық сұйықтық құрамындағы су, тұз белок липид, алмасуы кезінде пайда болған әртүрлі заттардың, микроб, денеге енген бояу т. б. қан арнасына, дәл айтсақ, вена жүйе-сіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни косымша дренаждық қызмет атқарады. Ол сондай-ақ, интерстициялық сұйықтықтан түзілгеіг лимфа ағысын қамтамасыз етеді. Лимфа — адам денесіндегі екінші сұйық орта. Сонымен, қан айналысы, әсіресе микроцирку-ляция, лимфа түзілуі, ағуы бір-бірімен тығыз байланысқан өте-кҮрделі процестер.

Лимфа жүйесіне қарағанда қан жүйесі, оның морфологиясы мең физиологиясы анағұрлым жақсы зерттелген. Сондықтан да болар қазіргі таңда тасымал жүйесі туралы әңгіме болғанда ал-Дьімен қан айналысы, оның реттелуі еске алынады. Дегенмен, соңғы 20 жылдың ішінде лимфа жүйесінің морфологиясы, физио-логиясы және патологиясы туралы ғылым, жаңа материалдар. мен, деректермен толықтырылды. Ғылыми-практикалық маңызьі бар сол деректер қәзіргі таңға сай жан-жақты зерттеу әдістерің қолдану нәтижесінде жиналды. Лимфа жүйесінің физиологиясы мен лимфология туралы түсінік тереңдеді. Қан айналысы мең .лимфа айналысының қызметі жағынан өзара байланысы, түрлі аурулар кезінде тасымал жүйесінің қызметі қаншалықты және қалай өзгеретіні анықталды. Ауруды анықтау оны емдеу мақсат-тарымен клиникада лимфа жүйесіне әсер ету әдістері кеңінен пайдаланыла бастады. Мәселен, тірі организмнің лимфография-сы, лимфаға әртүрлі дәрі-дәрмектер жіберу, көкірек лимфа тамы-рын сырттан дренаждау, эндо- және экзотоксикоз (іштей және сырттай улану) кездерінде улы заттардың уытын қайтару (деток-сикация) мақсатымен лимфосорбция жасау.



2 Лимфа жүйесінің эволюциясы мен морфологиясы

Эволюция (тарихи даму) барысында дене сыртына жақын және терең орналасқан торлы лимфа тамырлары алғаш сүйекті балықтардан табылды. Олар бір-бірімен қабырғалары эндоте-лиймен қапталған лимфа саңылаулары (синустар) арқылы бай-ланысқан. Мұндай тамырлар мен саңылауларда етті қабат бол-майды. Сондықтан, олар жиырыла алмайды, тек резервуар ролін атқарады. Балықта лимфа тыныс алған кезде ғана ағады.

Қосмекенділердің лимфа жүйесі жақсы зерттелген. Мәселен, келбақа терісінің астында белгілі бір ырғақпен жиырылатын 2 лимфалық жүрек (алдыңғы және артқы) болады. Олар ет ткані-«ен тұрады, ішкі жағынан эндотелиймен қапталған. Вена жүйесі ұласатын тесіктің тұсында айшықты қос қақпақша болады. Көл-•бақаның лимфалық жүрегінде өзіне лайық жүлын талшықтары тарамданған. Құста еқ алғаш лимфа түйнектері пайда болады да, лимфа жүректері жойылады (соңғылар тек эмбрионда бола-ды). Лимфа тамырының қабырғасы 3 қабықтан тұрады, қақпақ-шалары болады.

Сүтқоректілер мен адамның лимфа жүйелері құрылысы жағы-•нан өзара ұқсас. Оларда лимфа жүректері болмайды, бірақ лим-фа түйіндері ете кеп болады. Ағза ішіндегі, оның сыртындағы .лимфа тамырларының қақпақшалары болады.

Адамның лимфа жүйесі капиллярлардан басталады. Олар көкбауырда, ми мен жұлында, көз алмасының қапшығында, шы-рышты қабықтың эпителий қабатында, шеміршекте, тері эпидер-мисінде, қағанақта, көз бұршағында басқа да ағзаларда тарам-данбаған. Ол ілмекше не саусақтар тәрізді, не болмаса жабык, тор тәрізді болып басталады (37-сурет). Қан капиллярларынан кендеу, өте созылғыш келеді, диаметрі 10—100 мкм, орта есеп-пен (20—40 мкм). Ағза қызметіне қарай саңылау аумағы өзге-ріп отырады. Лимфа капилляр қабырғасы тек бір қабат эндоте-

тұрады, өзін сырттай қоршаған тканьдермен тығыз байла-яьіскан, тіпті бірігіп кеткендей. Лимфа капиллярының бір ерекше-|ГІ — оның арнайы микрожіпшелері болады. Сол жіпшелерімен капилляр керші тканьге «байланып» тұрғандай болып көрінеді. Кейбір болжамдарға қарағанда бұл микрожіпшелер тканьдегі ,,усым күшейген кезде лимфаның капиллярларда қысылып қал-^ауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ эндотелийлік аралық саңылау 'цакпақшаларының негізі болуы мүмкін. Лимфа капилляры қабыр-?асының қызметіндегі ерекшеліктер клеткааралық байланысқа ңегізделген және клеткааралық каналшалардын, саңылауына бай-данысты. Лимфа капиллярлары ағза ішінде тарамданып, одан да ұсак лимфаға айналады. Белгілі бір ағзадан не дененін, бір бөлігі-Нен шығарда экстра ағзалық (ағза сыртындағы) шығарушы тамыр ретінде міндетті түрде бір не бірнеше лимфа түйіндері арқылы

етеді.

Ересек адамда 450—700 лимфа түйіндері болады. Олардың жалпы салмағы дене салмағының 1%-іне тең. Лимфа түйінінің сырты дәнекер тканінен тұратын капсуламен (жұқа қаппен) қап-талған. Капсуладан түйінінің ішіне қарай көптеген перделер — трабекулалар шығып түйінді бірнеше бөлікке бөледі. Трабекула-лар арасында ұлпа және қыртысты құрылымнан тұратын лимфа лық ткань болады. Лимфа ткані мен трабекуланы саңылау бөл|п тұрады. Оны синус деп атайды. Лимфа синуске құйылып, лимфэ түйініне өтеді. Түйінде лимфа ағысы баяулайды да жол-жөнекеб іліккен лимфоциттерді қосып алып, сыртқа шығаратын лимфа тамырларымен ағып өтеді. Лимфа түйіндерінде кептеген қан та-мырлары, жүйкелер тарамданған (38-сурет).



Лимфа түйіндерімен салыстырғанда шырышты қабық пен ба-дамша бездерде лимфа әкелуші тамыры болмайды, тек лимфа әкетуші тамыры ғана болады.

Лимфа түйіндері белгілі бір тәртіппен орналасқан. Ішкі ағза-ларға кіретін жерде, яғни «қақпасында» топ-топ болып орна-ласқан. Бұндай түйіндер тізеасты, шап-қолтық, бел, мойың және т. б. жерлерде бар.



жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау