Т. А. Ботагариев 200 ж



жүктеу 1,9 Mb.
бет4/23
Дата14.11.2018
өлшемі1,9 Mb.
#20015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Дәріс № 5

Тақырыбы: Ішкі секреция бездері

Дәріс мазмұны:

1. Эндокриндік бездер мен гормондар туралы үғымдар, зерттеу өдістері. Гормондардың маңызы, олардың структурасы, өрекет ету механизмі Ішкі секреция бездерінің өзара өрекеттесуі.

2 Гипофиз.

3 Калқанша без, калқансерік бездері.



4 Айыршық без жөне эпифиз.
1 Эндокриндік бездер мен гормондар туралы үғымдар, зерттеу өдістері. Гормондардың маңызы, олардың структурасы, өрекет ету механизмі Ішкі секреция бездерінің өзара өрекеттесуі.
Адам денесіндегі көптеген клеткалар (жалпы саны 100 трил-лионнан астам) арнаулы тканьдер, мүшелер және жүйелердің дағ-дылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте курдел; қарым-қатынасы жуйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.

Денедегі барлық қурылымдар арасында уздіксіз, уақыт және кеңістік тартібімен турлі жолдар мен механизмдер арқылы унемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бул мәліметтер гу-моральдық жолмен (қан, лимфа, тканьаралық суйықтык) журеді Оларға кодталган электрлік жуйке серпіністері немесе қарапайым және курделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолеку-лалар арқылы келеді.

Функциялардың (қызметтердің) гуморальды реттелуінде ма-ңызды ролді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқа-рады. Олар организм ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.

Эндокриндік бездердің (гректің епсіоп — ішкі, сгіпео — бөлемш немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без клеткалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол езек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мушеге шығарады.

Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан-серік бездері, айырша без, буйрекусті, уйқы және жыныс бездерГ жатады (20-сурет) Соңғы екеуі аралас секрециялы бездер.

Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму процестері реттеледі. Гор-мон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «һогтоп»—қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гормондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептеген. Бірақ кейінгі зерттеулерге қарағанда, олай бол-май шықты. Ағзалар қызметін бәсеңдетіп, тежейтін де гормондар-бар екені мәлім. Мысалы, адреналин ас қорыту аппаратының сек-торлық қозғалыс қызметін тежеп бәсеңдетеді. Сөйтсе де «гормон» деген атау ішкі селініс бездерінің атауы болып қалды.

Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ткань-дерге ағзаларға және букіл денеге әсер ете алады:

1) метоболикалық — зат алмасу процестерінің әртурлі жағдай-ларына, жиілігіне әсері;

2) морфогенетикалық — конформациялық құрылымдық процес-терде ажырату (диференциялық, тканьдердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері;

3) кинетикалық — қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігі-не және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;

4) корригиялық тканьдер мен ағзалар қызметінің қарқынын өз-гертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату тездету, бәсең-дету қозғалыстары).

Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, хи-миялық құрылым ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қа-сиеттерінің ортақтығын пегізге ала отырып, 3 класқа бөледі.

1. Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкогон, сома-тотропин т. б.);

2. Стереоидтар (бүйрекүсті безі қабығының және жыныс безде-рі гормондары);

3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламин-дер — адреналин, норадреналин).

2 Гипофиз

Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, Ісалмағы 0,5—0,6 г, алдьщғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы — аденогипофиз, ортаңғысы — меланогипофиз, артқыбөлігі — нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы және қызметі жа-ғынан олар әртүрлі, сондықтан олардың әр қайсысын бөлек без деуге де болар еді.

Адам жәнеіжануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы, бар екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастай-ды (экстирпация). Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмен-дейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без^ бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп белінуін-де тәуліктік диурез күшейіп, шыжыңдық белгілері пайда \ болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі ке-миді. Осы айтылғандарың бәрі гипофиздің гормон шығару қызме-тінің нашарлауының (гипосекреция) салдары. Ал гипофиздің қыз-меті күшейсе, (гиперсекреция) мұндай өзгерістердің сипаты қара-ма-қарсы.

Гипофиздіқ алдьщғы бөлігі аденогипофиз үш түрлі, атап айт-қанда, ацедофилдік, базофилдік және хромофобтық клеткалардак тұрады. Соңғылары — бас клеткалар осы бас клеткалардан дами-ды. Бастапқы аталған екі клетка бүйрек үстіндегі бездердің қызме-тін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Гипофизде сома-тотроптық СТГ (соматотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), аденокортикотроптық АҚТГ (адренокортикотропин), гонадотроп-тық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ, лютропин, пролактин гормондары түзіледі.

Гормондардың физиологиялық әсері. Соматотропин жәй белок ацидофилдік клеткаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, әсіресе белок түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан ткань клеткаларына өтуін, сіңуін тездетеді, сөйтіп клеткалар мен тканьдердің өсіп да-муың қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-теқдігін өз-гертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тканінің әсіп дамуын, қатаюын тез-детеді. Коллагендер түзілуін де (коллагенезді) үдетуі мүмкін.

Соматотропин гликогеннің ыдырауын гликогенолиз, глюконео-генез процестерін тездетеді. Сондықтан СТГ гормоны шектен тыс Қеп шығатын балса қа^нда глюкоза, қаңт деңгейіжоғарыл^йды (ги-пергликемия). Бұл көбінесе гипофиздік диабет ауруына тән. СТГ ли-поидтар мен май ыдырауын әсіресе бауырда бета — тотығуын1 күшейтеді, қанда кетоденелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді, сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіре-ді. Осы айтылған әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана-емес, басқа бездердің гормондары да әсіресе глюкокортикоидтар, тироксин және инсулин жеткілікті болуға тиіс. СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден ас-пауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. Ерге-жейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-қол~ дың, кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сәйкес бола-ды, жыныс мүшелері еспейді, жыныс белгілері айқын емес, жетіл-меген. Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере алмайды, көбінесе онын ғұмыры қысқа болады.

Гипофиздіц артк,ы бөлігі нейрогипофиз пирамида тәрізді үл-кен клеткалар —• питунциттерден және гипоталамустын, нейросек-реторлық клеткаларыньщ талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиз-Дін, екі гормоныньщ екеуі де (вазопрессин, окситоцит) гипоталамус-та түзіліп, нейросекреторлық І?леткалар аксондарыньщ бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин гипоталамус-тын, супраоптикалььқ, ал окситоцин паравентрикулярлық ядрола-Рында түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіндегі нейрофицин за-тымен әрекеттескеннен сон, қанға өтеді. Вазопрессин бүйректін, не-Сеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гор-мон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса,~несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын та-рылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырыл-тады, жатырдың жиырылуы әсіресе толғақ кезінде кушейе туседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сут түзілуін,. , оның шығуын удетеді.

Гшофиздщ ортақғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни ин-термедин гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі пигменттік клетка-ларда пигмент түйіршіктерін көбейтіп, клетка талшығын кеңейте-ді, пигмент түйіршіктерінің клеткада біркелкі орналасуын қамта-масыз етеді. Мүның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның күн-ге күйген кезде тотығуы осыған байланысты. Күн сәулесінің әсері-нен интермедин әсері күшейіп, теріде қара пигмент фусцин түзілуГ үдейді. Интермедин, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент клеткаларынан (псевдоподий) жалған бүтақ шығарьш олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің тор қабығындағы фоторецептор-ларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедин түзілуін де гипо-таламус реттейді.
3 Қалқанша без

Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан калқанша без (діапйиіа іһугоісіеа)—біршама ірі без. Үлкен адамдардың қал-қанша безінің салмағьІІ 20—30 гр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) — 1,5—2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі селініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без ткані дәнекер тканьнің жұқа кабаттарымен қоршалған көлемі 25—500 мкм болатын фол-ликулалардан тұрады. Олардың эпителий клеткалары құра-мында йод бар гормондарды түзеді. Бүлар трийодтиронин (Тз) және тетрайодтиронин (Т^) немесе тироксин. Олар белокпен қосы-лып, йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол заг фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек кезде коллоидты заттан гормондар бвілініп қанға өтеді. Эпителийлі клеткалардағы протоаздардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, активті гор-мондар босатыладьг. Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен қосылады, ал нысаналарда бүл комплекстер ыдырап,, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бүл гормондардың, жасалуына аминқышқылдар, тирозин және йод кажет.

Адам организмінің сұйықтық ортасындағы гормондардың 75%-ке жуығы белоктармен байланыскан калпында ағып жүреді. Бүл тиреоидты гормондардың бүйрек арқылы шығарылуына жол бер-мейді. Гормондар тек бос қалпында ғана әсер етеді. Трийодтиронин-нің белсенділігі тироксиннің белсенділігінен 6—10 есе жогары.

Гормондардың күйзелуі біршама ақырын жүреді (2—4 тәуліктен кейін). Артық гормондар бауырда ферменттік күйзеліске үшырай-ды. Бездің дәнекер тканьді стромасында «ақшыл» клетка немесе С — клеткалар деп аталатын ерекше клеткалар табылды (ағыл. саісііопіп), кейде оны орысша атына байланысты Қ — клетка деп 100 те атайды. Бұлар кальций және фосфор алмасуын реттеуге қаты-сатын құрамында йод жоқ — тирокальцитонин және өте белсенді катакальцин гормондарын бөліп шығарады.

Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Мүндағы қан ағысының минуттық мөлшері бездің ез келемінен 3—7 есе көп. Қанның мелшері жағынан ол организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі секреторлық кызметінщ белсенділігін көрсетеді. Қалқан-ша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оньщ жүйке қызме-тінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік жүй-келер арқылы жүзеге асырылады.

Фолликула эпителий клеткаларында йод бар тиреойодты гор-мондардың синтезі организмге бейорганикалық йодтың келуімен ты-ғыз байланысты. Адам және жануарлар оны йодты калий және йодты натрий түрінде тамақ пен су аркылы алады. Тамақтанудың тәуліктік рационында оның орташа мелшері 100—200 мг болады. Организмде 30—50 мг йод бар, оның 15 мг қалқанша безіңің қүра-мына енеді. Сөйтіп, адамның және жоғары сатыдағы омыртқа-лылардың қалқанша безі 4 түрлі гормон бөліп, шығарады — тирок-син (тетрайодтиронин), трийодтиронин және тирокаільцитонин, ка-"тркальцин. Қалқанша безінің гормондары организм қызметтеріне кең түрде әсер етеді.

Экспериментальдық зерттеулер кезінде де, ішкі селініс бездері-нің қызметі бұзылған ауруларды бақылағанда гормондардьщ жет-кіліксіз немесе шамадан тыс көп белінуі бұлардың қаншалықты ерекше әсер ететіндігін айқын керсетеді. Тиреоидты гормондар әсерінің негізгі эффектілері бүлардың турлі алмасу процестеріне өсу және дамуға ықпал етуінен, сонымен қатар көптеген бейімделу реакцияларға қатысуынан тұрады.

Тироксиннің және трийодтирониннің энергия алмасуына тигізе-тін эсері, олардың «калоригендік» ықпалынан өте жақсы көрінеді. Тиреоидты гормондар жоқ кезде алмасу процестерінің жылдамдығы Іемендейді, ал көп болғанда негізгі алмасу тыныштық қалпында да, қальіпты жағдайда 2 есе жоғарылауы мүмкін. Калоригендік эффект жоғары сатыдағы жануарлар мен адам организмдерінің барлық клеткаларында, әсіресе бауыр, бұлшықет және жүйке жү-йесі клеткаларында айқын байқалады.

Гормондар зат алмасудын, түрлі жақтарына барлық фермент-терді белсендіру және тотығу процестерін күшейту арқылы әсер етеді, әсіресе белоктың синтезделуін және майлар мен көмірсулар-дың ыдырауын күшейтетін митохондриялық процестерді тездетеді. Түрлі жануарлардың организмін зерттеу аркылы, оларда минерал алмасуды реттеудегі тиреоидты гормондардың ролі анық дәлелден-ген.

Сөйтіп тироксин клетка ішіндегі және сыртындағы орталардағы электролиттердін, мөлшер айырмасының сақталып тұруына көмек-теседі. Бұның биопотенциалдық генерациялану кезінде Үлкен мәні бар. Т3 және Т4 әсері сонымен қатар тканьдердің катехоламиндерге сезгіштігін жоғарылатуынан да тұрады; олар ад-реналин мен норадреналиннің гликогенолиздік және гиперглике-

миялық әсерін күшейтеді.

Қалқансерік бездер

Қалқансерік бездер аса улкен емес ителиалды қ^рылым, саны 2—6, салмағьг 20—50 мг. Әдетте, олар қалқанша безінің артқы жағында, жоғарғы және төменгі уштарын-да жуптап орналасқан. Бездер өте жақсы тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға симпатикалық және пара-симпатикалық жуйке талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гор-моны — паратгормон деп аталады. Паратиреоидзктомия — қалқан-серік бездерін альш тастаудың салдарынан пайда болған өзгерісті иттерден айқын көруге болады. Бездерді алып тастағаннан кейін, алғашқы кундері тәбеті төмендеп, қатты шөлдеу сезімі пайда бол-ғанын байқауға болады. Операциядан кейін 1—3 кун өткен соң, әуелі кейбір жеке булшықеттер тартылып, одан соң жалпы дене-нің барлық булшықеттерішң узақ уақыт тартылуьшың дайындығы басталады. Оны паратиреопривты тетания деп атайды.

Арка мен мойын еттері дененің алдыңғы жағындағы бұлшық-еттерге карағанда күштірек болғандықтан, жануарлар басын арт-ка қарай тартады (опистотонус).

Кейбір бірыңғай салалы және көлденең жолақты еттердің кер-неуі жоғарылап жиырылуы, тыныс алу бұлшықеттері, қарынның төменгі жағындағы 12 елі ішекпен жалғасқан бөліміндегі еттері (пилоростазм), жұтқыншақ (фарингостазм) және басқа да бұл-шықеттердің узақ уақыт күшті тартылуы пайда болады. Еттердін, осындай үзақ уақыт тартылып жиырылуы организмді өлімге әкелуі мүмкін. Қалкансерік бездерін алып тастағанда кальцийдің қанда-ғы деңгейі төмендеуі еттердің ұзақ уакыт қатты тартылуының (су-дорога) тууына себеп болады. Кальцийдің деңгейі 9—12 мг%-тен (2,25—2,80 ммоль/л), 4—7 мг%-ке (1,25—1,35 ммоль/л) темендей-ді. Егерде тартылу басталған кезінде жануарлардың қанына хлор-лы кальций ерітіндісін енгізсе, сіреспе өте тез тоқтайды

Қалқансерік бездерін алып тастағаннан кейін пайда болатын сіреспе қозғалыс орталықтарының — орта, сопақша ми және жү-лынның қозуымен байланысты болады, бұл жағдай орталық жүйке жүйесін әртүрлі деңгейде кесу әдісімен дәлелденген. Бұл адам-дарда да кездеседі, әдетте қалқансерік бездерінің ішкі сөлініс қызметінің тапшылығы кезінде пайда болады (гипопарати-реоз). Осы кезде адамның бет және қол бұлшықеттерінің жиырьі-луы байқалады. Қол «акушер қолы» қалпына келеді (шынтақ және білезік, басбармақ, сұқсаусақ және шынашақ буынынан бүгілген). Бет жүйкесін сәл басса, сол аймақтың бұлшықеттері тартыла бас-тайды. Бұл медицинада руссо симптомы деп аталады. Туа пайда болған қалқансерік бездері тапшылығынан балаларда қандағы кальцийдің деңгейі төмендеп сүйек, тіс өсуі баяулайды, тырнақта-ры мен шаштары морт сынғыш болады. Гиперпаратиреоз — қал-кансерік бездері қызметінің шамадан көп болуы сирек кездеседі. Бұл жагдайда кандағы кальцийдің мөлшері кебейіп, бейорганика-лық фосфат мөлшері азаяды. Остеопороз (сүйек ұлпасының бұзы-луы) дамиды, соның салдарынан организмде бұілшьгқеттер әлсіздігі, қол-аяқта ауыру сезімі пайда болады. Азот алмасуы өзгеріп, бауыр-Дың мочевина жасау қызметі баяулап арганизмнің ездігінен улануы басталады. Бұл тұңғыш рет И. П. Павлов лабораториясында анық-талған. Жануарды органикалық азот қосындылары көп ет тағам-дарымен тамақтандырғанда олардың қалыпты жағдайының тәмен-дейтінін түсіндірді. Қалқансерік бездерін алып тастау ми қырты-сының негізгі динамикалық процестері қозу мен тежелу сияқты шартты рефлекстік қызметінің бұзылуына әкелетіні анықталған. Атап айтқанда, жас адамдар, екіқабат және емізулі балалы әйел-Дер организмінің кальций және фосфорды қажетсінуі жоғарылай-ДьІ. Кальций өте қажетті, өйткені ол кез келген тірі құрылымның Күрамына кіретін негізгі қосылыс. Қальций қатыспайтын организм-НІҢ бірде-бір қызметі жоқ деуге болады.

4 Айыршық без жөне эпифиз.
1. Тәжірибе жүзінде алынған деректерге жүгінсек, айырша без жыныс бездерінің дамуын тежейді. Айырша безі алып тасталған не шала жетілген жас малдың жынысы тез, мерзімінен бұрын же-тіледі, ондай мал өспей қалады, өссе де баяу өседі. Жас мал (тор-пак, баспақ т. б.) піштірілсе, айырша безі, оның тканьдері ұлғайып, дамып кетеді, ал безде кері даму процесі тежеледі. Айырша безі инволюцияға (кері дамуға) ұшырамаған адамның жіліктері үзар-ып ұлғаяды, мундай адам әдетте кестірілген (ендері альшьш тас-талған) адамдарға ұқсайды.

2. Айырша без қызметі жыныс бездері қызметімен тығыз бай-ланысты екені жоғарыда айтылды. Мұнымен қатар ол қызметі жа-ғынан үдайы басқа да бездермен байланыста болады. Мәселен, бүйрекүсті безді алып тастаған жағдайда айырша безде инволюция болмайды (ол кері дамымайды), ал жіті ететін індет аурулар-дың, сондай-ақ кейбір төтенше факторлардьщ (жарақаттану, ауыр-сыну, суға шектен тыс хлор қосу, улану) әсерінен инволюция жіті өтеді. Демек, айырша без бен бүйрекүсті без де қызметі жағынан тығыз байланысты, байланыс сипаты көбінесе қарама-қарсы.

3. Айырша без денеде кальций алмасуын реттеуге катысады, жануар денесіне инемен айырша без сығындысы енгізілсе, сүйек тканінде көп мөлшерде кальций жинала бастайды, оның есесіне қанда кальций азая түседі. Айырша безді алып тастаса, кері әсер туады, яғни кальций сүйекте азаяды да қанда көбейеді.

4. Айырша без денеде стероидтар, нуклеин қышқылдары, С ви-тамині (аталған безде бул витамин өте көп, бұл жағынан ол бүй-рекүсті безден кейін екінші орын алады) алмасуын реттеуге қаты-сады.

5. Соңғы он жыл ішінде іске асырылған түбегейлі зерттеулерге қарағанда айырша без адам (жануар) денесінде жүріп жатқан иммундық, қорғаныс, бейімделу реакцияларына да қатысады. Мә-селен, жаңа туған қозының (бұзаудың, торайдың т. б.) айырша бе-зін алып тастаса (тимэктомия) ол еспейді және қатты арықтайды (рантинг не вастинг — синдром, ағыл. гипі — бойдың өспеуі, \уаз-іиз — арықтау, жүдеу).

Жынысы жетілген ересек жануардың айырша безін алып таста-108

са бұл оның өсіп-өнуіне айтарлықтай ықпал жасамайды, тіршілік І ету мерзімін қысқартпайды, бірақ қанда лимфоциттер саны азая-ды сәл бездері біршама семіп, иммундық реакция нашарлайды. Дйырша безде Т — лимфоциттер «пісіп» жетілетіні анықталған.

Айырша безін алып тастаған жануар лимфоциттерінде иммунды дене түзілу қабілеті төмендеп кетеді, мұның салдарынан орны ауыс-тырып салынған не басқа жануардан алып салынған тері кесінді-лері денеге жабысып түспей қояды. Безді алып тастау нәтижесінде қанда гамма-глобулин азаяды.


Әдебиеттер:

1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы”

2. Н.Н:Гуминский „Практикум по физиологии человека и животных”

3. П.Ф.Текутов „Практикум по физиологии человека и животных”

4. А.Н.Кабанов „Руководство к практичеким занятиям по физиологии
Дәріс №7

Тақырыбы: Қан физиологиясы

Дәріс мазмұны:

1 Қан мен лимфа органнзмнің ішкі ортасы екендігі.

2 Қанның физикалық және химиялық қасиеттері

3 Қанның құрамы. Плазма қасиеттері.

1 Қан мен лимфа органнзмнің ішкі ортасы екендігі.

Қан, лимфа және клеткааралық (интерстициялық) сұйықтык организмнің ішкі ортасьщ құрайды. Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаньщ оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы. тұрақты-лықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі езгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суығын-да да, оңтүстіктің шыжыған ыстығъшда да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса кажет шарт екеніне тұңғыш көңіл белген француз физиологі Клод Бернар еді. Организмнің ішкі сұйықтык, ортасының салыс-тырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет, деп мәлім-деді ол 1878 -жылы. 1929 ж. америка физиологі В. Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты-басты биологиялық керсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гоме-остаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан келемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қаси-•еттсрінің тұрақтылығы,. яғни барлық биологиялық константалар-ды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т. т.) айтады. Клеткалардың тіршілігіне байланысты және олардың айна-ладағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым-қатынас жа-сауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ буйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай-ақ денедегі арнайы меха-низмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Осыған

орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрак,тылықтан гөрі салыстыр-малы және динамикалық гомеостаз тән.

Қан — жан-жануарлардың тіршіліх етуіне аса қажет сұйық-тық. Жарақаттану салдарынан қаннын, 25—30% сыртқа ағыгс кетсе, тіршілікке қауіп тенеді, ал 50% ағып кетсе еледі. Қан та-мырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір клеткалар, әсіресе ми қыртысынын, нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5—6 минуттан кейін бұзыла бастайды.

Қанның негізгі функциялары:

1) Тіршілікке қажет заттарды клеткаларға, тканьдерге жет-кізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып оты-раДы (тасымалдау қызметі).

2) Оттегін өкпеден тканьдерге, клеткалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді (тыныс алу щызліеті).

3) Ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су меи тұздарды (минералдарды) тканьдерге жеткізеді (трофикалыщ, яғни қоректендіру қызметі).

4) Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен^ адам денесіндегі уытты заттар, азот ңалдықтарын тканьдерден бүйрекке, екпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп о-лардьв шығарып тастайды (экскреторльщ қызмет).

5) Қан клеткалары (лейкоциттер), плазмадағы антиденелер-денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғаты жат, улы зат-тарды бейтараптап, зиянсыздайды (қорраныс қызметі).

6) Адам денесіндегі көптеген функцияларды, процестерді рет-теуге қатысады (гуморальдық реттеу). Қандағы биологиялық. әсері күшті заттар — гормондар, медиатоірлар, метаболиттер ағзалар мен клеткаларға өтіп тікелей немесе қан тамырларының. ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқы-лы әсер етеді (рефлекстік реттеу).



7) Қан клеткалары (формалы элементтер) ткань клеткалары-мен креаторлық байланыста болады. Қреаторлық байланыс жа-ңарған клеткалардың және тканьдерд-ің табиғи құрылысы ме» кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа клеткалар құрылы-сы жағынан ескі клеткаларға ұқсас болу үшін клеткааралық ин-формациялардың маңызы өте зор. Қлеткаларға қажет мағлұмат-тарды макромолекулалар тасиды. Марлұматтар бір клеткадан екінші клеткаға клеткааралық .каналдар арқылы және пиноци-тоз жолымен жеткізіледі. Мұндай макромолекулаларды басқа клеткаларға қан клеткалары да жеткізіп отырады.

8) Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып клетка-лар мен тканьаралық сұйықтьііқтың коллоидтық, осмалық тұрақ-тылығын сақтайды. Осмалық тұрақтылық бұзылса клеткалар ісіп не бүрісіп қалады. РН тұрақтылығын сақтауда буферлік роль атқарады.

9) Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суыта-ДьІ, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқа-лыпта сақтауға қатысады.


жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау