УДК 613.644:629.114.5(1-21)
Я.Р. ИМАМНИЯЗОВ
Әуезов ауданы МСЭҚБ, Алматы қаласы
МЕГАПОЛИСТІК ҚАЛАЛАРДАҒЫ АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫН ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒАЛАУ
Экологиялық қолайсыз қаланың автобус жүргізушілерінің еңбек жағдайын зерттеу бойынша (ыстық климат, жоғары
газданушылық және ауаның шаңдануы), жұмысқа қабілеттілігі өндірістік ортаның (шу, діріл, ықшамклимат
микроклимат, азот оксиді және көміртек оксиді) жағдайына байланысты
Түйінді сөздер: автокөлік, жүргізуші,өндірістік фактор, токсикалық заттар, шу, температура
Қала жағдайында жүргізушінің қызметі ең ауыр және жауапты еңбек түріне жатады. Мұнда жүйкелік-эмоциалық жүктеме
ӛте зор және зейіннің үнемі тұрақтылығы мен жинақтылығын талап етеді. Жүргізүшілердің еңбек тәртібін тиімді
ұйымдастырудың негізгі міндеті жұмыс ауысымы бойы жүргізушінің денсаулығын сақтай отырып еңбектің жоғарғы
тиімділігіне қол жеткізу және қамтамасыз ету болып табылады. (1)
Автокӛлік мекемелерінде жұмыс уақытын нормалау және бӛлу мәселесі жүргізуші жұмысының сапасын белсенді әсер етуге
бағытталған маңызды фактор болып табылады.
Автокӛлік жүргізушілерінің еңбек жағдайын организмнің кейбір жүйелерінің жағдайына әсері туралы жекеленген
мәліметтер бар. Дегенмен бұл мәліметтер толық емес, жинақталмаған және қазіргі уақытта бұл мәселенің жағдайын толық
кӛрсете алмайды. Сонымен қатар қалалық автокӛлік жүргізушілердің ең алдымен аса жоғары жүйкелік-психикалық
жүктемемен бірге жүреді. Мұндағы негізгі рӛл қозғалысты басқаруға, атап айтқанда жүргізушінің ақпарат аймағының
параметрін басқаруға тиесілі. Жүргізушінің еңбек іс-әрекетін анықтайтын ақпарат оларға тек автобустың басқару пультінен
ғана емес, сондай-ақ қозғалу ортасынан да келіп түседі. Автобус жүргізушілерінің негізгі бақылау объектілеріне
автомобильдер, жол белгілері, жаяу жүргіншілер, жолдың жағдайы жатады. Тәуіліктің әр түрлі мерзімінде жекеленген
бақылау объектілерінің саны мен сипаты ӛзгереді, бұл олардың маңыздылығын анықтайды. Сонымен кептеліс кезінде
қалалық жағдайда автомобильдер мен жаяу жүргіншілер саны кӛбейеді, ал қалааралық тасмалдауда кей уақыттарда
ақпараттың жеткіліксіздігінен монотония пайда болады. Кабинадан тыс ақпарат аймағының ерекшеліктері объектілерді
қадағалау санының тұрақсыздығы олардың арасындағы әр түрлі байланыстылығы, ақпараттардың ретсіздігі болып
табылады. Кабинадан тыс ақпарат аймағының ерекшелігімен шақырылатын жүйкелік-психикалық жүктемемен бірге
автобус салонындағы жайттар, яғни жүргіншілерге билет сату, тарату т.с.с. жағдайлар жүргізушілерде жүйкелік-эмоциалық
жүктемені шақыруы мүмкін.
Жүргізушілердің физикалық жүктемесін автобус жүргізу кезінде аяқ-қол бұлшықеттерінің, сонымен қатар мойын және дене
бұлшықеттері жұмыс позасын қалыптастыруға және жолаушыларды отырғызу кезінде есіктердің ашылып, жабылуын
қадағалау үшін басты бұру бұлшықеттерінің жұмысымен анықталады.
Қалалық автокӛлік кабиналарының микроклиматының қалыпты жағдайда болуы автожол медицинасының ең күрделі
мәселелерінің бірі болып табылады,ол мынадай ӛзіндік ерекшеліктерге, жалпы алғанда, бірнеше факторлардың
организмге әсерлері (температура, ылғалдылық және ауаның қозғалыс жылдамдығы, қоршау температурасы және т.б.),
жылдың әр мезгіліндегі әртүрлі реакциялардың организмге әсері, киімдердің термиялық кедергілері, еңбектің ауырлығы
мен жүктемелері болып табылады.(1)
Кабиналардың желдетілу жүйесі, герметизациясы, жүргізушілерді шаңның әсерінен және концентрациясының құрамынан
сақтау керек. Сонымен қатар кабиналар, жолдардың сапасына, метеорологиялық факторларға, қозғалыстың
интенсивтілігіне тікелей байланысты.
Шамадан тыс жоғарғы немесе тӛменгі температуралар автобусты басқарудағы мүмкіндіктерді шектейді. Автокӛлік
кабинасындағы қолайсыз ауа температурасы кӛптеген қателіктерге және апаттарға әкеледі. Жүргізушіге ыстықтың әсері
зейіннің, нақтылықтың және реакция жылдамдығының тӛмендеуімен кӛрінеді. Температураның жоғарылауы ағзадағы
ылғалдылықтың кӛп мӛлшерде жоғалуына алып келеді, ол жұмыс қабілеттілігін тӛмендетеді. Суық температура ӛз
кезегімен, ауруға деген сезімталдықтың жоғарылауына әкеледі, ол автокӛлік жүргізушісінің ӛте сақ болуға, сонымен қатар,
қозғалыс жүктемесіне, шаршағыштыққа әкеледі. Тері сезімталдығының жоғарылауы қол білезігі бұлшықетінің жұмыс
қабілетінің 20 – 30% тӛмендеуімен кӛрінеді. (2)
Жүргізушінің жылу берілуінің тӛмендеуі және жылудың рационалды кӛлемінің ӛзгеруі, күнделікті жағдайда қоршалған
кабинада отырумен байланысты. Жүргізуші кабинадан шыққанда, температураның күрт тӛмендеуіне душар болады.
Кабина ішінің микроклиматы жылу жүйесінің ерекшелігіне, желдетуіне, сонымен қатар, автокӛліктің құрама ӛлшемдеріне
(кабинаның герметикасына, қозғалтқыштың орналасуына, оның жылу изоляциясына, жылу сыйымдылығына және
материалдың жылу ӛткізгіштігіне, кабинаның тереземен қамтамасыз етілуіне және т.б.) қатысты болып келеді. Автобус және
жеңіл автокӛліктердегі микроклиматтың қалыптасуына кӛлікпен тасымалдайтын жолаушылардың санына, аялдамаларда
есікті ашу жиілігі мен санына, қозғалтқыштың жұмыс тәртібіне және т.б. маңызды болып келеді.
Нормаланған факторлардың әсерінен, жүргізушінің қателік бағасы ӛте жоғары жұмыс қабілеттілігінің қажетті деңгейінің
кӛтеруіне тиісті жағдай жасау керек. Бұл жағдайда кабина микроклиматы үйлесімді, талапқа сай, соның ішінде жүргізуші
ағзасына әсері, тек денсаулық жағдайын бұзылыстарға әкелу ғана емес, жүргізушінің жеке сезімталдығы, сонымен қатар
жұмыс қабілеттілігін де кӛтеру керек.
Шынымен де, осындай микроклиматты тек ауаны кондиционерлеудің кӛмегімен дұрыстауға болады.
Автобустардың кабинасындағы микроклимат ауа ағымдарының бӛлінуі және ауа қозғалысының жылдамдығы жүргізушіге
маңызды әсер етеді. Автокӛлікте желдетілу жүйесін және жылу жүйесін жетілдіру, оларды конденционерлермен
микроклимат ӛлшемдерін үйлесімді қамтамасыз ету, сонымен қатар кабинадағы температураның күрт түсуін ескерту
(кӛлденеңнен, тігінен), микроклимат ӛлшемдерінің нормада болуын, автокӛліктің үзіліссіз қозғалуы басталар алдында, 20 –
30 мин ішінде тез арада қадағалау керек. Кабинаның ауа температурасы басқару мүшелері мен кабинаның ішкі беткейінің
температураларынан 3ºС жоғары айырмашылықта болмауы тиіс, жүргізушінің жылу шағылысуының қалдық деңгейі
қабырғадан және тӛбеден 35 Вт/м
2
жоғары, ал терезеден 100 Вт/м
2
– та жоғары болмауы керек. (2)
Қазіргі кездегі автокӛлік орындарындағы ең қолайсыз факторлардың бірі шу болып табылады. Шудың негізгі кӛзі болып
қозғалтқыш желдеткіштері, суыту жүйесі, қозғалтқыш бӛлім, кузовтар болып табылады.Жалпы шу денгейіне қосымша
тіркеме және қозғалыс ортаындағы шу қосылады. Қала автокӛлік жургізушілеріне шудың әсері екі есе жүктеме тигізеді. Шу
есту мүшесіне, орталық жүйке жүйесіне, жүрек-қантамыр жүйесіне және т.б организм функциялары мен жүйелеріне кері
әсер етеді.
Кӛптеген зерттеулердің нәтижесінде ӛндірістік және тұрмыстық шудың адам организміне кері әсерлерінің бар екені
анықталды.Олар жүрек-қантамыр,асқазан-ішек жолдары жүйке жүйесінің аурулары ұйқы бұзылыстары, еңбек қабілетігінің
тӛмендеуіне алып келеді.Шудың әсерлерінен еңбек жағдайы 40% дейін тӛмендегені анықталған. Шудың қолайсыз әсері
энергетикалық тығыздығына, дыбыс ақпаратының ерекшелігіне байланысты. Неғұрлым дыбыстың даусы қатты, тербеліс
жиілігі жоғары және ақпарат бірқалыпты болса, соғұрлым әсері жоғары болады. Жарты сағат бойы автокӛлік
қозғалтқышының бірқалыпты шуымен салыстырғанда терезенің жанынан ӛткен трамвай шуы жүйке жүйесіне әлде қайда аз
әсер етеді. 70% жүйке аурулары,невроздар шудан пайда болатыны дәлелденген.
Шудың жүйелі әсер етуінен нейроциркуляторлы синдром туындайды. Ол бас ауыруымен, тершеңдік, қозғыштық, жүрек
аймағындағы ауру сезімі және жағымсыз сезім, ұйқысыздықпен сиппаталады.
Зерттеулер нәтижесінде қазіргі заманғы автобустардағы шу деңгейі 71 ДБА, максималды энергиялық октавасы
ортагеометриялық жиілікпен 31.5-125Гц. Әдебиеттер кӛрсеткішінен шу автобус ішінде әртүрлі жағдайларда 49-дан 92 дБА
аралығында ӛзгереді(эквивалент деңгейі 72-77дБА. (3)
Біздің зерттеулер бойынша шудың деңгейі автобустардың ескіруінен және жылдамдық артқан сайын жоғарлайды.Сонымен
қатар жоғарда кӛрсетілген шу деңгейлері есту қаблетінің тӛмендеуіне,жүрек – қантамыр, эндокринді, орталық және
вегетативті жүйке жүйелеріне әсер етеді. Автобус жүргізушілерінің кӛбісінде ауысымнан кейін уақытша естудің
бұзылыстары байқалған және жасы 50 және 50-ден асқан кәсіптік ӛтілі ұзақ жүргізушілерде тұрақты ӛзгерістер байқалған.
100% табалдырықтың жоғарылауы сӛйлеу қабілетінің және дыбыс дифференсиалына әсерін тигізетіні анықталған. Шудың
ӛзі де жүргізуші денсаулығына және жұмыс қабілеттігінің тӛмендеуіне алып келетіні мәлім. 80 ДБА шу ми қыртысында
тежелу үрдістер дамиды, қыртыстың сенсомоторлық аймағында невротизация түріндегі әсерлер береді, ал 90 ДБА шуда
операторларда 2 сағ кейін кӛру-қимылдау реакцияларының күрт жоғарылауы, анықтап білу, есте Жүргізушінің организіміне
автокӛліктік инфрадыбыс деңгейі орталық жүйке жүйесіне, тыныс алу, эндокринді және басқа да жүйелерге әсерін тигізеді,
сондықтан инфрадыбыстың кӛлемін тӛмендету қазіргі кезде жүргізушілердің еңбек шартқа еңбек жағдайын жақсарту ең
ӛзекті мәселелердің бірі болып отыр. Инфрадыбыстың кез-келген тосқауылдардан ӛтуіне байланысты болғандықтан, қазіргі
кезде бұл акустикалық қауіптілікпен қалай күресу аспектігі мәлім болған жоқ.
Жүргізушілердің ӛндіріс ортасында ең қолайсыз физикалық факторлардың бірі- діріл болып табылады. Жергілікті және
жалпы дірілдің негізгі кӛзі- ол автокӛлік жүргізгендегі қозғалтқыш, карданды вал, сӛндіргіш, аспа, кузов осылар әсер етеді.
Діріл үдеуі- кӛлікті жоғары жылдамдықпен жүргізгенде, жол жағдайы нашар болғанда және керекті жүктеменің азаюынан
болады.
Дірілдің ұзақ уақыт әсері жүргізуші организіміне тұрақты бұзылыстарды, яғни “діріл ауруына” алып келеді. Шу мен
жергілікті жоғары жиілікті діріл ӛзара әсер еткенде перифериялық қан айналым бұзылысына, дененің тӛменгі бӛліктерінің
артерияларының спазымына (эндоартериит, гипертониялық аурулар) алып келеді. Жүргізуші жұмысында жергілікті (қол
саусақтарының және табан), жалпы діріл әсері барлық денеге толқынмен таралып әсер етеді.
Діріл ауруының дамуы бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін табылады. Осыған байланысты шағымдар: қол саусақтарының
ұюы, қол және аяқта ауру сезімі кӛбінесе түнгі уақытта мазалайды, жиі саусақтары тырысып, аяқ ұштарының тоңуы және қол
мен аяқтың ауру сезімін сезбейді. Аурудың айқын формасында жүйке жүйесінің және вестибулярлы аппараттың (бас
айналу, бастың үнемі ауруы) бұзылыстары болады. Зерттеулер бойынша жүргізушілердің жұмыс орнындағы діріл кең
жолақты кездейсоқ үрдіс. Діріл деңгейінің максималды кӛрсеткіші 1ден 125 жиіліктегі Гц, негізінен 2-8 Гц құрайды. Қалалық
автобустардағы дірілдің вертикалды деңгейі 135 дБ дейін барады.
Токсикалық заттардың аздаған концентрациясы, басқа да ӛндірістік факторларды қоса алғанда, жүргізуші организміне
теріс әсерін тигізеді және қозғалыс қауіпсіздігін тӛмендетеді. Атап айтқанда, жүргізушілердің кабинасын ластайтын басты
компоненттер кӛп ағымды,оларға қозғалтқыштан шығатын газдар олар әртүрлі заттардан құралады, сондықтан оларды
шартты түрде бірнеше топтарға бӛлуге болады. Біріншіден, кӛмірсу құрамды ӛнімдер-( кӛмірсу тотығы, кӛмірсутек, күйе)
жанармайдың толық жанбауынан пайда болады, нәтижесінде концентрацияның жоғарлауы болады. Екіншіден, азот
тотығы ӛнімдері,олардың пайда болуынан, қозғалтқыш цилиндріндегі жоғарғы қысым мен температураның
жоғарылауын туғызады. Үшіншіден, жанармайдың әртүрлі қоспалары мен қалдықтары – ( қорғасын тотығы, барий,
күкірт, меркаптан т.б.).Қалалық автокӛлік кабинасындағы токсикалық заттар зерттеу кезінде ШРЕК-тен жоғары екені
анықталды.
Атмосфералық ауаның кӛбінесе ластануы дизельді қозғалтқыштарды эксплуатациялау кезінде болады, олардың
шығарындылары негізінде құрымнан (сажа) және басқа да кӛміртек құрамды жоғары молекулалы байланыстардан тұрады.
Зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуінің нәтижесінде әртүрлі бӛліктердің үстіндегі полициклды ароматикалық
кӛмірсутектердің сорбциясы болып табылады.*2+ Қозғалтқыштардан шығатын шығарынды газдың құрамы мен кӛлемі оның
типіне, техникалық жағдайына, жұмыс тәртібіне, күш түсуіне, қоректік және оталу жүйесінің жӛнделгеніне, жанармайының
сапасына, сонымен қатар жүргізушінің квалификациясы мен тәжірибесіне байланысты. Ең негізгі мән қозғалтқыштың жұмыс
кестесіне беріледі. Негізінде тоқтағанда, қозғалу барысында кӛміртегі оксидінің шығарылуы 10% жоғарылайды.
Жүргізушунің кабинасының ауалы ортасын негізгі ластаушы кӛзі болып: қозғалтқыш, қозғалтқыштың картері, карбюратор,
бензобак, жол бойындағы ауа зонасы және жолаушылар. Осыған байланысты ластауға интенсивті түрде ең алдымен
қозғалтқыштың техкикалық жағдайы және оның жанармай жүйесі, жанармайдың сорты мен сапасы, автотранспорттың
пайдалану уақыты.
Үлкен қала жағдайында транспортты эксплуатациялау ерекшеліктері, соның ішінде Алматы қаласында мынаған
байланысты, жолдардағы транспорттың кӛптігі интенсивті кӛлік кӛп жағдайда жүру, оның ӛзі автобустардың ұзақ уақыт
кептелісте тұруына және де жиі тоқтауымен, жүруге алып келеді.
Басқа да әсер ретінде азот оксиді ол кӛздің, мұрынның, ауыз қуысының шырышты қабатына тітіркендіргіш әсер кӛрсетеді.
Азот оксидімен уланудың жасырын кезеңіне тән: адам қауіпті канцентрациямен жұмыс істегенде ӛзін
қанағаттандыратындай сезінеді, нәтижесінде ауыр түрде ауырады. Ӛңделген газдардағы альдегидтер негізгі түрде
формальдегид, акролеин, кӛмірсутек, құрым, күкітті газ және күкіртсутек түрінде шырышты қабаттарға күшті тітркендіргіш
әсер кӛрсетеді. Кӛмірсутек күн сәулесі әсерінен азот окисі мен байланысқа түсіп, озон және сутек тотығын түзеді, олар кӛзге
және жоғарғы тыныс жолдарына тітіркендіргіш әсер кӛрсетеді.
Қорғасын қосылыстары да у болып табылады, олар барлық ағзаға және тіндерге зақымдаушы әсер кӛрсетеді. Қорғасын
қосылыстарымен уланудың қауіптілігі, олардың да ағзада канцерогенді зат ретінде жинақталуы. Қалада және ӛндіріс
аймақтарында қоршаған ортаның қорғасынмен және оның қосылыстарымен ластануы антропогенді фактор және
автомагистральдің дамуымен байланысты.(1) Адам ағзасына бензиннің ӛзі де нақтырақ айтқанда оның буы токсикалық
әсер кӛрсетеді.
Тау жағдайындағы жұмыс істейтін жүргізушілер двигатель жұмысының режимін жиі ауыстырып отыру керек, ол
токсикалық тастандылардың жоғарлауына әсер етеді және автобус кабинасында ауа ортасы ластанады.
Шыққан газдар кабинаға түскенде олар жұмыс қабілеттілігіне теріс әсер беріп, кӛмірсу тотығының жүргізуші организіміне
тыныс жолдары арқылы түсуі- оттегі жетіспеушілігін шақырады. Азот тотығы- шырышты қабаттардың тітіркенуін, жӛтелді,
тамақтың созылмалы катарларын шақырады. Акролеин- кӛздегі ӛткір ауру сезімін, жас ағу, жӛтел, тыныс алудың және
жүрек жұмысын тӛмендетеді.
Бұл барлық кері әсерлер организмнің жұмысқа қабілеттілігін тӛмендетеді.
Кӛміртегі оксидінің әсерінің нәтижесінде негізінен эритроциттердің газ алмасу процесіне қатысу қабілеті жоғалады, осының
себебінен оттектік ашығу, ол біріншіден орталық жүйке жүйесінде кӛрініс береді. Ауадағы кӛміртек оксидінің 0.12%
канцентрациясын демалып жұтқанда 30 минуттан кейін жүректің жеңіл қағысын шақырады, 2 сағаттан кейін – бас ауру
және жүрек айну болады. Жүргізушінің жұмыс күні соңында қанындағы карбоксигемоглобиннің мӛлшері 10-12%
жоғарылайды, оның жұмыс күні барысындағы қанымен салыстырғанда, бұл адамға ӛте үлкен дәрежеде қауіп тӛндіреді,
ӛйткені қандағы жинақталған карбоксигемоглобин (2.5%) психофизиологиялық реакциялардың бұзылыстарын шақырады.
Негізінен қандағы карбоксигемоглобиннің мӛлшері 5% аспауы керек.
Жүргізуші организміне улы заттардың әсерін зерттеу, яғни кабинаның ішіндегі концентрацияның тӛмендеуіне қарсы
шараларды ұйымдастыру болып табылады.Осыған сәйкес шаралар 4 топқа бӛлінеді: шығарылған газдардың улылығын
тӛмендету; жол бойындағы зонасындағы улы заттармен ластануын тӛмендету; кабинаға улы заттардың түсуін барлық түсу
кӛздерінен алдын-алу; автокӛлік кабинасындағы улы заттарды жою.Үшінші және тӛртінші топтағы шаралар кабинадағы
ластану кӛздерін вентиляция және изоляция арқылы жою керек екені белгілі. Осыған орай токсикалық заттардың шығу
кӛзіне байланысты ауаны алу орны дұрыс таңдалуы тиіс.
Қазіргі кезде қозғалтқыштардың газ шығаруындағы улы заттарды тӛмендетуге кӛңіл бӛлінуде, яғни қозғалтқыштардың
конструкциясының жетілдіруне және жанармайдың жаңа түрін іздеп шығаруда. (1)
Қалалық автотранспорт жүргізушілеріне әсер ететін токсикалық заттар – кӛміртек оксидінен, кӛмірсутектен, құрымдардан,
азот оксидінен, қорғасыннан және т.б заттардан тұратын қозғалтқыштан ӛңделген газдар, жүргізушілердің ағзасына әсер
ететің осы заттардың мӛлшерін тӛмендету үшін бірқатар алдын алу шараларын дайындау қажеттігі туып отыр.
Осы мәселелерді қарастыра отырып, біз профилактикалық шараларды, яғни техникалық, санитарлық-гигиеналық және
медициналық-профилактикалық шараларды ұйымдастырып, ең алдымен жоғарыда айтылып кеткендей шу, діріл, ультра
және инфрадыбыс токсинддік заттар әсеріне қарсы жаңа нормативтік гигиеналық регламентациялар шығару керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 А.И. Вайсман Гигиена труда водителей автомобилей. – М.: 1988г. - 187с.
2 К.К. Тогузбаева, А.К. Сайлыбекова и др. – Гигиеническая оценка влияния некоторых производственных факторов на
состояние работоспособности водителей автотранспорта. – Алматы: Римини, 2010г. - В сборнике статей XIV
международной научной конференции «Здоровье семьи - XXI».
3 Близнюк В.Д. Корреляционные связи между городским шумом и неинфекционными заболеваниями населения //
Гигиена и санитария . -2001.-№ 6. - С. 20-22.
Я.Р.ИМАМНИЯЗОВ
ГИГИЕНИЧЕСКАЯ ОЦЕНКА УСЛОВИЯ ТРУДА ВОДИТЕЛЕЙ АВТОТРАНСПОРТА МЕГАПОЛИСНЫХ ГОРОДОВ
Резюме: Работоспособность водителя во многом определяется микроклиматом в кабине автобуса. Установлено, что
температура воздуха в кабине автомобиля влияет на количество ошибок, допускаемых водителем, а следовательно, и на
количество аварий. Поставлены задачи дальнейшего исследования данной проблемы – вопросы нормирования
внутренного шума пассажирского автотранспорта в условиях экологически неблагополучного города.
Ключевые слова: автотранспорт, водитель, производственные факторы, токсические вещества, шум, температура
YA.R. IMAMNIYAZOV
HYGIENIC ASSESSMENT OF A WORKING CONDITION OF DRIVERS OF MOTOR TRANSPORT OF THE METROPOLITAN CITIES
Resume: Efficiency of the driver in many respects is defined by a microclimate in a bus cabin. It is established that air
temperature in a cabin of the car influences quantity of the mistakes made by the driver, and consequently, and number of
accidents. Problems of further research of this problem – questions of rationing of vnutrenny noise of passenger motor transport
in the conditions of ecologically unsuccessful city are set.
Keywords: motor transport, driver, production factors, toxic substances, noise, temperature
Достарыңызбен бөлісу: |