3 Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1 Савиных В. Л. Физические основы электроники. Методические указания и контрольные задания. СибГУТИ, 2002.
2 Гусев В. Г., Гусев Ю. М. Электроника. Учебное пособие для приборостроительных специальностей вузов. - 2-е изд. М.: Высшая школа, 1991. - 622 с.
3 Опадчий Ю.Ф. Аналоговая и цифровая электроника. - М.: Радио и связь, 1996. – 768 с.
4 Аринова Н.В. Основы электроники: Рабочая программа, задания и методические указания к контрольным работам для студентов специальности 050716 «Приборостроение» заочной формы обучения. ВКГТУ. - Усть-Каменогорск, 2007. – 51с.
5 Бочаров Л.Н. и др. Расчет электронных устройств на транзисторах / Бочаров Л.Н., Жебряков С.К., Колесников И.Ф. – М.: Энергия, 1978. – 208с., ил. – (Массовая радиобиблиотека; Вып. 963).
6 Забродин Ю.С. Промышленная электроника: Учебник для вузов. – М.: Высш. Школа, 1982. – 496 с., ил.
7 Герасимов В.Г., Князев О.М. и др. Основы промышленной электроники. – М.: Высшая школа, 1986.
8 Шадрин Г.К. Основы электроники: Курсовая работа, задания, методические указания для студентов специальности 050716 «Приборостроение» заочной формы обучения / Г.К. Шадрин, Н.В. Аринова / ВКГТУ.-Усть-Каменогорск, 2007. – 35 с.
3.2 Қосымша
9 Ефимов И.П. Источники питания РЭА: Учебное пособие. - 2-е изд., испр. Ульяновск: УлГТУ, 2002. - 136 с.
10 Жеребцов И.П. Основы электроники. – 5-е изд., перераб. и доп. – Л.: Энергоатомиздат, 1989.
11 Корнев В.А. Основы электроники/Методические указания к выполнению курсового проекта. – Усть-Каменогорск, 2009. – 31 с.
3.3 Справочная
12 Голомедов В.А. Полупроводниковые приборы: диоды выпрямители, стабилитроны, тиристоры. Справочник – М.: Связь, 1978.
13 Лавриненко В.Ю. Полупроводниковые приборы. Справочник. – Киев: Техника, 1984.
4 СТУДЕНТТІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ
4.1 Оқытушының талабы
Студенттің сабақта болуын сабақтың басында ғана тексеріледі. Кешіккен жағдайда тыныш кіріп, жұмысқа кірісу керек және қоңырау кезінде кешігу себебін оқытушыға түсіндіру қажет;
екі рет сабаққа кешігу бір рет сабақта болмағанға тең;
баллмен бағаланатын жұмыстарды уақытында тапсыру керек. Егер уақытында жұмысты тапсырмаса балл төмендетіледі. Жұмыстарын тапсырмаған студенттер экзаменге жіберілмейді;
Қайта рубеждік тестілеуден қанағаттандырылмаған баға алған жағдайда, экзаменге жіберілмейді;
Орта рейтинг Рср = (Р1 + Р2)/2 < 50%, жинаған студенттер экзаменге жіберілмейді;
Сабақ кезінде телефон өшірулі болу керек;
студент сабаққа классикалық киіммен келу қажет.
4.2 Баға критерийлері
100 баллдық система бойынша турлі тапсырмалар бағаланады.
Негізгі тексеру апта сайын лекция, практикалық жұмыс кезінде сабақта болу және өздік жұмыстың орындалуы тексеріледі.
Рубеждік білім тексеру семестрдің 7 және 15 аптасында тест түрінде алынады. Рейтинг осы тексеру түрлерінен жиналады:
Аттестациондық
Кезең
|
Бақылау түрі, удельный вес, %
|
|
|
Сабаққа қатысуы
|
Дәрістер конспектісі
|
Ауызша сұрақтарға жауап
|
Бақылау
|
Тестілік сұрақтарға жауап
|
Реферат
|
Рубеждік тестілеу
|
Барлығы
|
Рейтинг 1
|
5
|
5
|
10
|
10
|
15
|
5
|
50
|
100
|
Рейтинг 2
|
5
|
5
|
10
|
10
|
15
|
5
|
50
|
100
|
Пән бойынша экзамен экзаменационды сессия кезінде тест түрінде өтеді.
Студенттің дисциплина бойынша соңғы шыққан бағасының ішіне кіредіт:
- 40% , экзаменда жинаған;
- 60% негізгі жинаған баллы.
Формула:
, (1)
где Р1, Р2 – бірінші және екінші рейтингтің сандық мәні;
Э – сандық эквивалент экзаменда жинаған.
Әріптік жүйе бойынша бағалау және баллдың сандық баламасы
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдың сандық баламасы
|
Пайыздық мөлшер, %
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
А
|
4,0
|
95–100
|
Өте жаксы
|
А–
|
3,67
|
90–94
|
В+
|
3,33
|
85–89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80–84
|
В–
|
2,67
|
75–79
|
С+
|
2,33
|
70–74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65–69
|
С–
|
1,67
|
60–64
|
D+
|
1,33
|
55–59
|
D
|
1,0
|
50–54
|
F
|
0
|
0–49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
4.3 Қорытынды бақылауға арналған материалдар
1. Диодтың ВАС (Вольт-Амперлік сипаттама ) сал және мысал ретінде алып, р-п ауысу қасиетін түсіндір. Идеалды диодтың аналитикалық өрнегін жаз.
2. ВАС стабилитронның жұмыс учаскісін көрсет. Стабилитронның негізгі параметрлерін ата.
3. р-п ауысу жарықдиоды қосылған кезде қандай бағытта ығысады?
4. Биполярлық транзистордың конструкциясын және электродтардың тағайындалуын түсіндіріңіз.
5. Практикада биполярлы транзисторды қосу үшін қандай схемаларды қолданады?
6. Транзистордың кіру және шығу сипаттамалары деп нені айтады?
7. Транзистордың базалық, эмитер және коллектр токтарының арасындағы өзара байланыс қандай?
8. Транзистордың Һ - параметрі дегеніміз не?
9. Транзистордың алмастыру схемасы дегеніміз не және ол қандай мақсаттар үшін қолданады?
10. Транзистордың электродтарымен кернеу арасындағы өзара байланыс қандай?
11. Тәжірибелік графиктен эмиттерлік ауысудың ВАС-ын көрсет.
12. Тәжірибелік графиктен колекторлық ауысудың ВАС-ын көрсет
13. р-n ауысуымен басқарылатын полярлы транзистордың жұмыс ісеу принципін және құрылғысын түсіндір.
14. Полярлы транзистордың негізгі параметрлерін ата?
15. р-n ауысуымен басқарылатын полярлы транзистордың шығу және стокты-затворлы сипаттамасын бейнеле.
16. Күшейткіштегі элементтердің тағайындалуын түсіндір?
17. Транзистордың қандай параметрлері оның шығу сипаттамаларының жұмыс істеу аймағын шектейді?
18. Транзистордың тыныштық нүктесі қалай таңдалынады?
19. Жүктеменің кедергісі кернеу бойынша күшейткішт коэффициентіне қалай әсер етеді?
20. Күшейткіштің кіру кедергісі кернеу бойынша күшейту коэффициентіне қалай әсер етеді?
21. Сұлбаның қандай элементтері жоғарғы және төменгі жиіліктерді анықтайды?
22. Бірлік және екілік жартылайпериодты түзулеткіштегі жүктемелі резистордағы кернеудің осциллограммасын сал.
23. Жүктемеде алынатын қуаттың шамасын диодтың қандай параметрлері шектейді.
24. Бірдей түзуленген кернеуде үш түзулеткіштің қайсысында диодтағы максималды кері кернеуі көбірек?
25. Кернеудің пульсация коэффициенті қалай есептелінеді?
26. Түзуленген кернеудің пульсация коэффициентінің төмендеуі қандай тәсілдермен жүзеге асады.
27. RC-фильтрдің жұмыс істеу принципін түсіндір.
28. Тегістеу коэффициенті қалай есептелінеді.
29. С-фильтрдің сыйымдылықты кедергісі мен жүктеменің кернеуінің оптималды қатынасы қандай болуы керек?
30.Жүктемедегі токтың артуымен түзулеткіштің жүктемесіндегі кернеудің төмендеу принципін түсіндір.
31. Фильтрлі және фильтрсіз түзулеткіштің сыртқы сипаттамасының әр түрлі мінездемесін түсіндір.
32. Қай кезде түзулеткіштің диодтары арқылы өтетін максималды ток көбірек – сыйымдылықты фильтрмен және онсыз.
33.Мына түсініктемелердің айырмашылығы неде: «цифрлық элемент», «цифрлық құрылғы», «логикалық элемент», «аналогты элемент және құрылғы», «комбинациялық құрылығы» және «жүйеленген логикалық құрылғы (соңғы автомат)»? Осыларға және басқаларға мысал келтір.
34. Цифрлық құрылғылардың қолданылу аймағы (цифрлық техниканың құрылғысы)? Цифрлық құрылғылардың қолданылу жүйелерін ата. Микроэлектронды цифрлы элементтерде және құрылғыларда орнатылатын жүйелер қандай артықшылықтарға ие болады.
35. Техникалық құралдар қолданатын аналогтық және цифрлық микроэлектронды техникалық жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері.
36. Қандай электронды бұйымдар интегралды микросхема деп аталады? Түсініктеме бер және класиффикациялық белгілерін ата.
37. Қандай микросхемалар цифрлық деп аталады? Анологты? Түсініктеме бер.
38. Микросұлбалар дайындалу технологиясы бойынша қалай классификацияланады? Конструкциялық орындалуы бойынша?
39. Логикалық элементтердің «функционалды толық жиынының» мәні? Функционалды толық жиын ға мысал келтір. Логикалық функцияның «толық жүйесі» және элементтердің «функционалды толық жиыны» түсініктемелрінің арасындағы байланыс?
40. Комбинациялық логикалық құрылығылардың функционалды процесін сипаттауда қандай формальді әдіс қолданылады?
41. Жүйелі логикалық құрылығылардың функционалды процесін сипаттауда қандай формальді әдіс қолданылады?
42. Аз дәрежелі интеграциялау микрсұлбаларда комбинациялық құрылғылардың синтездеу міндеті. Синтездеу кезеңдері және олардың міндеттерін ата.
43. Қандай логикалық модульдер толық декодер деп аталады? Берілген модульді қамтитын және үшінші кезекті толық декодердің буль алгебрасы тіліндегі логика-математикалық моделден тұратын микросұлбаларға мысал келтір.
44. Қандай логикалық моульдер мультиплексорлар-селекторлар деп аталады? Аталған модульден тұратын микрсхемаға мысал келтір және оның логика-математикалық сипаттамасын бер.
45. Комбинациялық құрылғылардағы «критикалық жарыс» деген не? Критикалық жарыстың схемаларына мысал келтір. Неліктен оларды жою керек және цифрлық құрылғыларда оларды не үшін қолдануға болады? Критикалық жарыстармен күрес әдістерін түсіндір.
46. Мультиплексорлар-селекторлардағы типтік құрылым бойынша комбинациялық құрылғылардың синтезінің жүйесі қандай? Синтездің кезеңдерін ата және мысал келтір. Осы әдіспен синтезделген құрылғылардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
47. Программаланатын сақтағыш құрылғыны (ПСҚ) қандай логикалық құрылғыларға жатқызуға болады? Жүйеленгенге? Комбинациялыққа? Жауабыңды дәлелде.
48. Программаланатын логикалық матрицадағы (ПЛМ) комбинациялық құрылғыларды жүзеге асыру әдістерінің осы құрылғыларды программаланатын тұрақты есте сақтау құрылғыларында (ПТЕҚ) жүзеге асыру әдістерінен айырмашылығы?
49.Қандай функциялар автоматты деп аталады? Олардың Бульдік функциялардан елеулі айырмашылығы қандай? Элементарлы автоматты функцияға мысал келтір және осы функцияны сипаттауды «құрылғы» деп ата.
50. Неліктен триггерлерді комбинациялық логикалық құрылғыларға жатқызуға болмайды? Нақты бір триггердің логикалық сипаттамасы және функционалдау негізінде жауабыңды дәлелде.
51. Асинхронды RS-триггердің D-триггерден айырмашылығы қандай? Екеуіне де мысал келтір және олардың негізінде құрылатын микроэлектронды құрылғыларды (функционалды түйін) ата.
52. Қандай цифрлық құрылғылар регистрлерге жатады? Регимстрлердің клссификационды белгілерін ата және информацияны жазудың параллельді мүмкіндігі бар регистрге мысал келтір. Оның шартты графикалық белгілерін сал және кіру-шығудың мәнін түсіндір.
53.Қандайцифрлық құрылғылар импульсті есептеуіш деп аталады? Есептеуішке мысал келтір және кіру-шығу мәнін түсіндір. Есептеуіш құрылғылардың белгілерін атап көрсет.
54.Қандай логикалық құрылғылар арифметикалық қосынды деп аталады. Арифметикалық қосындының микросхемасына мысал келтір және кіру-шығу мәнін түсіндір.
55. түрдегі логикалық (Бульдік) өрекпен сипатталатын бір цифрлық құрылғының функционалды схемасын сыз. ИМС К155 сериясына кіретін функционалды элементтердің жиынын осы үшін қолдан.
56. Функционалдық схемамен берілген бір қщұрылғының логика-математикалық моделін (логикалық сипаттамасын) тап.
57. түрдегі автоматты функциямен сипатталатын бір логикалық құрылғының функционалды схемасын сыз. Осы құрылғының қолданылуын анықта.
58. Функционалды схемамен берілген құрылғының қолданылуы. Логика-математикалық сипаттамасын құр және әр түрлі жүйеленген а және b кіру сигналдарындағы жұмыс істеу анализін орында.
59. Хаффмен (жағдай және ауысым таблицасы бойынша) жүйеленген логикалық құрылғылардың синтездеу кезеңдерін ата. Бұл кезеңдердің мақсаттары мен мәні қандай?
60. Мурдың соңғы автоматтары мен Милидің соңғы автоматтарының айырмашылықтары неде? Олардың логика-математикалық сипаттамасын бер. Автоматтың осы түрінде жүзеге асатын цифрлық құрылғылардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |