Тарих және құқық факультетінің оқу әдістемелік кеңесімен құпталған
200__ ж. «___» «___________» хаттама №___
ОӘК төрайымы _____________ Н.И.Мошна
Оқытушылар жөнінде мәлімет
Авилхан Ақмамық - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы (дәріс, тәжірибелік сабақтар)
Кафедрада қабылдау уақыты (А-417) топтар бойынша құрастырылған кестелер негізінде
Пән бойынша ақпарат
Күндізгі жалпы орта білім беру 2009
Күндізгі кәсіби орта білім беру 2009 жылы оқуға түскен.
Пән 1 және 2 семестрде 15 апталық мерзімде оқытылады.
1- семестрде барлығы: 90 сағат оның: 15 дәріс, 15 сағат тәжірибе, 60 сағат СӨЖ бөлінген. 2-семестре барлығы 90 сағат оның: 15 дәріс, 15 сағат тәжірибе, 60 сағат СӨЖ бөлінген және де курстық жұмыс қорғайды.
Аудиториялық сабақтардың уақыттары күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген сабақ түрлерімен өтеді.
Пәннің қысқаша сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясы тәлімгерлердің дүниетанымын қалыптастыратын, құқық және мемлекет туралы негізгі түсініктер мен анықтамаларды беретін басты әдістемелік пән болып табылады.
050301 "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алатын тәлімгерлер Қазақстандық мемлекеттілік пен құқықтық жүйені жетілдіру және оның әрекет етуіне байланысты мемлекеттік - құқықтық мәселелерді қарастыруға тиісті.
Аталмыш оқу пәні мемлекеттік - биліктік қатынастарды жүзеге асыруда мемлекеттік, құқықтық, саяси тәжірибені кешенді және диалектикалық түсінуді қамтамасыз етеді. Мемлекет теориясы негіздері мемлекеттік билік органдарының пайда болу, даму және қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын, олардың қазіргі кезеңдегі ролі мен маңызын анықтайды. Құқық теориясы негіздері жалпыға міндетті тәртіп ережелерінің пайда болу, даму және жүзеге асырылуының барынша жалпы заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Оқытудың қазіргі жағдайында, білім берудің кредиттік технологиясы негізінде тәлімгерлердің міндетті компонент пәндерінің мазмұнын дербес, интерактивті игеру қажеттілігі туындайды.
Мемлекет және құқық теориясы заңдық ғылымдар және пәндер жүйесінде ерекше орынға ие. Аталмыш оқу пәні жалпы теоретикалық және әдістемелік қызмет атқара отырып, барлық заңдық ғылымдар мен оқу пәндерінің теоретикалық негізін құрайды. Мемлекеттік - құқықтық дамудың заңдылықтарын және бағыттарын, барлық заңдық құбылыстарды кешенді қарауға мүмкіндік береді. Барлық заңдық ғылымдар өздерінің зерттеу әрекетінде мемлекет және құқық теориясының ұғымдық және түсініктік аппаратын кеңінен қолданады, олар мемлекеттік - құқықтық аймақты қамтиды. Мемлекет және құқық теориясында дамытылатын түбегейлі түсініктер барлық заңды ғылымдар үшін негізгі болып табылады. Бұл құқықтық мәртебе, құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілік, мемлекет, құқық, құқықтық жүйе, егеменділік, қылмыс, жаза, құқықтық мәдениет, заңдылық және өзгелер, олар қазіргі кезеңде юриспруденцияның жалпы құндылығы болып табылады.
Юриспруденцияда мемлекет және құқық теориясы үйлестіруші ролін атқарады, оның барлық квинтэссенциясын жинақтайды. Мемлекет және құқық теориясын зерттеуге басты назар аудару қажеттілігін ерекше атап өткен жөн. Мемлекет және құқық теориясын нақты және жан - жақты зерттеу өзге құқық салаларының ұғымдық аппаратын түсінуге және олардың диалекетикалық өзара байланысын көруге мүмкіндік береді.
Мемлекет және құқық теориясының дамуы құқықтық мемлекеттілік және оны негіздейтін құқықтық құбылыстар туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыруға шақырады. Қазіргі кезде кеңестік мұрасын еңсеру және мемлекет және құқық теориясын қазіргі құқық пен мемлекеттің дамуын сипаттайтын ережелермен байыту қажеттілігі бар. Бұл ғылыми зерттеу мазмұнына, олардың әдістемесіне, методикасына, өмірлік қажеттіліктер мен мүддесіне, ғылыми - теоретикалық зерттеу нәтижелері мен қорытындыларына байланысты.
Мемлекет және құқық теориясының дамуы қазақстандық ғалымдардың, профессорлық - оқытушылық құрамның, практикалық қызметкерлердің және тәлімгерлердің зерттеулеріне негізделуге тиісті.
Мемлекет және құқық теориясын жаңарту мен сауықтыруда қолданылып жатқан шараларға тәлімгер қауымын кеңінен қатыстырған жөн, оларды жетістіктерге сыңи тұрғыдан қарауға жетелеу және дағдарысты жылдам жою жолдарын табуға бағыттау керек. Тәлімгерлерді заңдық білімге баулу процесінде белгілі.
Тәлімгерлерді заңдық білімге баулу барысында мемлкеттік стандартпен, типтік және жұмыстық оқу жоспарында анықталған кезектілікті сақтау қажет: бастапқы құқықтық ұғымдар мен түсініктерді меңгергеннен кейін, күрделі кешенді түсініктер мен ұғымдарды анықтау, кейін ғылым салалары бойынша концепциялар мен теорияларды зерттеуге көшкен жөн. Өзге заңдық және жалпы ғылымдық пәндерді қатар және кезектілікпен зерттеу де осы тәріздес болуы керек, ол студенттерде заңдық дүниетаным, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, азаматтылық және отансүйгіштік қалыптастыру күшейте түседі
Пәннің мақсаттары
Құқық және мемлекет теориясы барлық заңдық ғылымдардың әдістемелік және ғылыми теоретикалық негізі ретінде көрінеді. Ол құқық пен мемлекетті динамикалық және статистикалық көзқарас тұрғысынан, өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтай отырып ашады. Құқық және мемлекет теориясы негіздерін зерттеуге арналған оқу пәні мемлекет және құқықтың экономикалық, саяси, әлеуметтік, гуманитарлық білімдер мен заңдық пәндер жүйесіндегі ролі мен маңызын көрсетуге арналған.
Пәнді зерттеу барысында оқытудың кредиттік жүйесімен көрсетілген оқытудың және бақылаудың барлық нысандарын пайдалану қажет. Қарастырылатын тақырыптарға оқу - әдістемелік кешенді пайдалану, семинар және СОӨЖ сабақтарына баяндамалар бөлу, аралық бақылау жұмыстарын өткізу және оқытушылардың кеңес беруі, студенттер білімін тексеру үшін тестілеуді қолдану тәлімгерлерге құқық және мемлекет теориясының негізгі түсініктері мен категорияларын оқытуға, қазіргі жағдайда олардың ролі мен өзара әрекеттестігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет және құқық териясын оқытудың мақсаты және міндеті ретінде тәжірибелік дағды негізінде болуға тиісті кешенді теоретикалық білімдерді қалыптастыру қажеттілігін ажыратып көрсету керек.
Пәннің міндеттері
- тәлімгерлерде заңдық дүниетанымды, кәсіби құқықтық сананы дамыту, құқықтық психология және құқықтық идеологияның жоғары деңгейін қалыптастыру;
- тәлімгерлерде Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінің саяси және заңдық жағдайларында бағыт алу қабілетін қалптастыру;
- нормативті - құқықтық актілердің мазмұнын түсіну және түсіндіру, негізгі және туынды актілерді қажетті әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып талқылау дағдысын қалыптастыру;
- тәлімгерлерде мемлекеттің құқықтық актілеріне құрметпен қарау және оларды бұзуға жол бермеу, азаматтылық қағидалары, қоғамдық парызды сезіну және құқықтық мемлекет қағидалары мен құндылықтарын жүзеге асыруға сенімді тәрбиелеу.
Мемлекет және құқық теориясын оқып үйренген соң тәлімгерлердің алатын шамалы білімі, қабілеті және дағдысы.
Студент пәнді оқығаннан кейін студент білуге:
мемлекет, бұқаралық (жариялық) билік;
егемендік;
басқару нысаны;
мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары;
унитарлық және федералдық мемлекеттер;
мемлекет механизмі;
құқықтық мемлекет;
объективтік құқық және субъективтік құқық;
құқықтық норма;
құқықшығармашылық;
құқыққа сай мінез-құлық;
құқық бұзушылық;
құқықтық сана және құқықтық мәдениет, заңдылық және т.б.
Пәнді оқу барысында үйренуге:
- мемлекеттік-құқықтық оқиғаларға дұрыс бағдар беруді және оны бағалауды;
- заң нормаларын талқылауды;
- құқықтық ұйғарымға сәйкестік (сәйкес емес) тұрғысынан әрекеттер мен қимылдарын талдауды.
Пәнді оқығаннан кейін студент дағдылануға:
- мемлекеттің кейбір нормативтік актілерінің жобаларын жағымды жақтары мен жетіспеушіліктерін көрсете отырып, оны жою туралы ұсыныстарын енгізе отырып құру;
- студенттердің ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен баяндамалар әзірлеуді;
- курстық және бітірушілік жұмыстар жазып, оларды оқытушылар мен комиссия алдында жариялы түрде қорғай білу.
Пререквизиттер
Мемлекет және құқық теориясын оқып үйретуге дейін оқытылатын пәндер тізімі:
Жалпы тарих;
Қазақстан тарихы;
Қазақстан Республикасы мемлекеті мен құқығының тарихы;
Құқық негіздері;
Қоғамтану;
Философия;
Әлеуметтану;
Саясаттану.
Постреквизиттер
Аралас пәндер тізімі және олардың мемлекет және құқық теориясымен өзара байланысы:
Шетелдердің мемлекеті мен құқығының тарихы. Тақырыптары: "Мемлекет және құқықтың тарихи типтері және нысандары". "Тарихи құқықтық ескерткіштер"."Ежелгі дүние, орта ғасыр,жаңа және қазіргі заман мемлекеті және құқығы".
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы. Тақырыптары: "Қазақ мемлекеттілігінің пайда болуының тарихи алғы шарттары". "Егеменділіктің қалыптасу кезеңдері және қазақстандық мемлекеттіліктің даму болашағы". "Жеті Жарғы" және басқа да бұрынғы құқықтық ескерткіштер.
Конституциялық құқық. Тақырыптары: "Мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері". "Тікелей және өкілді демократия". "Адамның құқықтары мен бостандықтары". "Мемлекет, тұлға, қоғам. Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің ,Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың конституциялық мәртебесі".
Құқық негіздері. Тақырыптар: "Мемлекет және мемлекеттік құрылым туралы негізгі түсініктер", "Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсініктер".
Заңдық пәндерді оқыту үрдісінде тәлімгерлерді ғылыми - теоретикалық ұғымдарды дұрыс түсінуді негіздейтін түсініктер мазмұнымен таныстыру қажет. Ол философияның, саясаттанудың, әлеуметтанудың және өзге қоғамдық ғылымдардың тиісті бөлімдерінде берілетін мынандай түсініктер мен анықтамалар: ұлт, халық, қоғамдық пікір, саясат, мораль және адамгершілік, дін, партия,жеке тұлға, адам. Мемлекет және құқық теориясының негізгі және әдістемелік сипатын ескере отырып, пән бойынша білімдер барлық салалық заңдық пәндерді оқытуға қажет.
Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан көшірме
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.1/10
|
050301 «Құқықтану» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Мемлекет және құқық теориясы
Оқу формасы
|
Бақылау формасы
|
Білім алушылардың жұмыс көлемі, сағатпен
|
Курс және семестр (сағаттарды) бойынша сағаттарды бөлу
|
Емт
|
сын
|
КЖ
|
КЖ
|
ЕКЖ
|
Бақыл. жұмысы
|
Барлығы
|
Дәр
|
пр
|
Зер
|
СӨЖ
|
Дәр
|
пр
|
Зер
|
СӨЖ
|
жал
|
ауд
|
СӨЖ
|
Күндізгі жалпы орта білім беру 2009ж
|
1,2
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
1 семестр
|
2 семестр
|
180
|
60
|
120
|
15
|
15
|
|
60
|
15
|
15
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 семестр
|
2 семестр
|
Күндізгі кәсіби орта білім беру 2008
|
1,2
|
|
|
2
|
|
|
180
|
60
|
120
|
15
|
15
|
|
60
|
15
|
15
|
|
60
|
Пәннің тақырыптық жоспары
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
|
Достарыңызбен бөлісу: |